Баланың шат аралығын жуу

Әзірлеңіз:таза жөргек, баланың таза киімдері, қолғап, ағынды су жүйесі, лоток,

клеенка, алжапқыш, ҚЖЖК, зарарсыздандыру ерітіндісі құйылған ыдыс,

шүберек.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Баланың анасына процедура мақсатын және барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2. Крандағы суды ашып, 37° -38° С етіп реттеңіз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, құрғатып, қолғап киіңіз.

4. Халаттың сыртынан клеенка алжапқыш киіңіз.

5. Жөргектеу үстелінің үстін зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекпен сүртіп, таза жөргек төсеңіз.

6. Баланы жөргектеу үстеліне жатқызып, құндағын ашып, тері және тері қыртыстарын көріңіз.

7. Баланы төсектен алып, сол жақ білегіңізге салып, басын сол иығыңызға тіреп, сол алақаныңызбен сол санынан ұстаңыз.

8. Раковинаға жақындап, қыз баланың шат аралығын жоғарыдан төмен қарай (алдынан артына қарай), ер баланы – ыңғайына қарай, оң қолыңызбен ағынды жылы суда жуыңыз. Баланы жұмсақ жөргекке ораңыз.

9. Баланы жөргектеу үстеліне жатқызып, жөргекпен сорғытып, құрғатыңыз, әсіресе – тері қыртыстарына көңіл бөліңіз.

10. Қолғапты шешіп ҚЖЖК-не салыңыз, қолданған пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісі құйылған ыдысқа салыңыз.

11. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

12. Баланы киіндіріңіз.

Сапа менеджменті жүйесі Циклдік әдістемелік комиссия оқытушысының ашық тәжірибелік сабағының әзірлемесі

- Баланың бетін жуу

Әзірлеңіз: залалсыздандырылған: мақта домалақшалары, дәке салфеткалар; пинцет, қолғап,

қайнаған су құйылған лоток, ҚЖЖК, зарарсыздандыру ерітіндісі құйылған ыдыс,

шүберек, лоток.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Баланың анасына процедура мақсатын және барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, құрғатып, қолғап киіңіз.

3. Жөргектеу үстелінің үстін зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекпен сүртіп, таза жөргек төсеңіз.

4. Баланы жөргектеу үстеліне жатқызыңыз.

5. Пинцетпен мақта домалақшасын алып, қайнаған суға батырып алыңыз.

6. Мақта домалақшасын оң қолыңызға алып, баланың бетін сорғыту қимылдарымен жуыңыз.

7. Залалсыздандырылған дәке салфеткамен баланың бетін сорғытып құрғатыңыз.

8. Қолданылған мақта домалақшаларын және салфеткаларды ҚЖЖК-не тастаңыз, қолданған пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісі құйылған ыдысқа салыңыз.

9. Қолғапты шешіп, ҚЖЖК-не салыңыз.

10. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Сапа менеджменті жүйесі Циклдік әдістемелік комиссия оқытушысының ашық тәжірибелік сабағының әзірлемесі

- Баланың көзін тазалау

Әзірлеңіз: залалсыздандырылған дәке салфеткалар, пинцет, қайнаған су, қолғап,

зарарсыздандыру ерітіндісі құйылған ыдыс, шүберек, ҚЖЖК, лоток.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Баланың анасына процедура мақсатын және барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, құрғатып, қолғап киіңіз.

3. Жөргектеу үстелінің үстін зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекпен сүртіп, таза жөргек төсеңіз.

4. Баланы жөргектеу үстеліне жатқызыңыз.

5. Пинцетпен салфетканы алып, қайнаған суға батырып алыңыз.

6. Салфетканы оң қолыңызға алып, баланың бір көзін сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай сүртіңіз.

7. Баланың көзін құрғақ салфеткамен тазалағандағы бағытпен құрғатыңыз.

8. Екінші көзді де осы тәртіппен тазалаңыз.

9. Қолданған пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісі құйылған ыдысқа салыңыз, қолданған салфеткаларды ҚЖЖК-не салыңыз.

10. Қолғапты шешіп, ҚЖЖК-не салыңыз.

11. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Сапа менеджменті жүйесі Циклдік әдістемелік комиссия оқытушысының ашық тәжірибелік сабағының әзірлемесі

-Мұрын қуысын тазалау

Әзірлеңіз:залалсыздандырылған:мақта мақта шиыршықтары, пинцет, өсімдік майы,

мензурка, қолғап; ҚЖЖК, зарарсыздандыру ерітіндісі құйылған ыдыс, шүберек.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Баланың анасына процедура мақсатын және барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, құрғатып, қолғап киіңіз.

3. Жөргектеу үстелінің үстін зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекпен сүртіп, таза жөргек төсеңіз.

4. Баланы жөргектеу үстеліне жатқызыңыз.

5. Сол қолдың 4 саусағын баланың маңдайына қойып, үлкен саусақпен мұрынның ұшын сәл көтеріп, мұрын қуысының ішінде қабыршықтар бар-жоғын тексеріңіз.

6. Мензуркаға залалсыздандырылған өсімдік майын құйыңыз.

7. Залалсыздандырылған мақта шиыршығын пинцетпен алып, мензуркадағы майға батырып, мензурканың қабырғасына тигізіп, сығып, оң қолыңызға алыңыз.

8. Шиыршықты айналмалы қозғалыспен мұрын қуысына енгізіп, айналмалы қозғалыспен қайтадан шығарып алыңыз – қабыршықтар шығады.

9. Мұрынның екінші жағын да осы тәртіппен тазалаңыз.

10. Қолданылған мақта шиыршықтарын ҚЖЖК-не салыңыз, қолданған пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісі құйылған ыдысқа салыңыз.

11. Қолғапты шешіп, ҚЖЖК-не салыңыз.

12. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Сапа менеджменті жүйесі Циклдік әдістемелік комиссия оқытушысының ашық тәжірибелік сабағының әзірлемесі

Наши рекомендации