Холедохолитиаз, холангит, механикалыҚ сарҒаю

#326

*!Қандай клиникалық белгілер топтамасы механикалық сарғаюға БАРЫНША тән?

*+нәжістің түссізденуі, қою қоңыр түсті зәр, терінің қышуы, тікелей фракция есебінен болған билирубинемия

*қара түсті нәжіс, қою қоңыр түсті зәр, тікелей емес фракция есебінен болған билирубинемия

*ақшыл түсті нәжіс, қою қоңыр түсті зәр, екі фазалық реакция есебінен болған билирубинемия

*көкбауырдың ұлғаюы, тері қышынуының болмауы, терінің лимон түсі секілді сарғыштануы

* бауырдың ұлғаюы, терінің шафран түстес болуы, аминотрансферазалар белсенділігінің артуы

#327

*!Қандай белгі қатерсіз себептерден болған механикалық сарғаюға НЕҒҰРЛЫМ тән?

*сарғаюдың прогрессивті сипат алуы

*+қайталамалы (ауыспалы) сарғаю

* ауырсыну ұстамасынсыз сарғаюдың пайда болуы

* Курвуазье симптомының оң болуы

*спленомегалия

#328

*!Холедохтағы резидуалды тастарды емдеудің қандай тәсілі ЕҢ таңдамалы болып табылады?

*+эндоскопиялық папилосфинктеротомия, литэкстракциямен бірге

* холелитолитиктерді жергілікті қолдану

*симптоматикалық емдеу

*экстракорпоралдық литотрипсия

*хирургиялық емдеу - лапаротомия және холедохолитотомия

#329

*!Қандай этиологиялық фактор іріңді холангит дамуының ЕҢ жиі себебі табылады?

*дуоденостаз

*гепатохоледохтың ісігі

*+холедохолитиаз

*перихоледохеалды лимфаденит

*гепатохоледохтың жарақаттан кейінгі стриктурасы

#330

*!Төмендегілердің қайсысы механикалық сарғаюдың ЕҢ жиі кездесетін себебі?

*папиллит

*үлкен дуоденалды емізікшенің стенозы

*панкреатит

*холангит

*+холедохолитиаз

#331

*!Төменде берілгендердің қайсысы холедохолитиаздың ЕҢ жиі ұшырасатын асқынуы болып табылады?

*папиллит

*үлкен дуоденалды емізікшенің стенозы

*панкреатит

*+холангит

*екіншілік билиарлы цирроз

#332

*!Холедохолитиаздың ЕҢ жиі ұшырасатын клиникалық белгісі болып табылады?

*+оң жақ қабырға асты аймағындағы ұстама тәрізді ауру сезімі

*сарғаюдың прогрессивті сипат алуы

*дене қызуының қалтыраумен көтерілуі

*терінің қышынуы

*гепатомегалия

#333

*!Қандай белгілер топтамасы жедел холангит кезіндегі Шарко үштігін сипаттайды?

*+дене қызуының қалтыраумен көтерілуі, сарғаю, оң жақ қабырғаасты аймағындағы ауырсыну

*сарғаю, анемия, кахексия

*гепатомегалия, спленомегалия, асцит

* дене қызуының көтерілуі, қалтырау, терінің қышынуы, лейкоцитоз

* сарғаю, ауру сезімінсіз ұлғайған өт қуығы, ахолия

#334

*!Сарғаюдың қайталамалы сипат алуы неге байланысты болуы мүмкін?

*холедохтың терминалды бөлігіне тастың сына секілді тығындалумен

*холедохтың ісігімен

*өт қуығы өзегіндегі таспен

*+холедохтағы вентиль тәрізді таспен

* холедохтың стриктурасымен

#335

*!Төменде көрсетілген механикалық сарғаю асқынуларының қайсысы ЕҢ қауіпті болып табылады?

*терісінің қышынуы

*+бауыр-бүйрек жеткіліксіздігі

*панкреатит

* холедохтың дилатациясы

*екіншілік билиарлы цирроз

#336

*!Қандай жағдай интраоперациялық холангиографияға қарсы көрсеткіш болып табылады?

*+өт қуығындағы көлемі үлкен дара тас және жіңішке холедох

*ұйқы безі басының қатерлі ісігі

*анамнезінде сарғаюдың болуы

*холедохтың 1,5 см-ден артық кеңеюі

*операция алдындағы сарғаю

#337

*!Холедохолитиаз салдарынан туындаған механикалық сарғаюға ұшыраған науқасқа көрсетілетін ЕҢ тиімді көмек?

*шұғыл операциялық араласу

*консервативті холелитолитикалық ем

*+операция алдындағы дайындықтан кейінгі жедел хирургиялық операция

*холелитотрипсия

*плазмаферез

#338

*!Бауырдан тыс жатқан өт өзектерін операция үстінде зерттеудің ақпараттылығы ЕҢ жоғары зерттеу әдісін таңдаңыз?

*холедохты пальпациялау

*холагиоманометрия

*+интраоперациялық холангиография

*холедохқа сүңгіме зонд салу

*трансиллюминация

#339

*!Терінің қандай түсі механикалық сарғаюға НЕҒҰРЛЫМ тән болып табылады?

*мрамор тәрізді

*сұрғылт-топырақ тәрізді

*+жасыл-сарғыш

*қызғылт өңді сарғыш

*лимондық-сары

#340

*!Билирубин деңгейі 30 мкмоль/л-ден жоғары болғанда қандай зерттеу әдісі қолданылмайды?

*компьютерлік томография

*+көктамыр арқылы жасалатын холангиография

*эндоскопиялық ретроградты холангиография

*интраоперациялық холангиография

*тері-бауыр арқылы холецистохолангиография

#341

*!Ұзаққа созылған интенсивті сарғаю кезінде операция алдындағы зерттеулердің қайсысының ақпараттылығы ЕҢ жоғары және қауіпсіз болып табылады?

*көктамырлық инфузионды холангиография

*+өт жолдарына жасалынған МРТ (MRCP)

*тері-бауыр арқылы жасалатын холангиография

*УДЗ

*пероралды холецистохолангиография.

#342

*!Жедел флегмонозды калькулезді холециститке жасалып жатқан операция барысында холедохтың 15 мм дейін кеңейгені анықталған. Холедохотомия жасағаннан кейін қарқынды түрде іртік араласқан, қою өт бөліне бастады.

Холециститтің қандай асқынуы болуы мүмкін?

*холедохолитиаз

*панкреатит

*+холангит

*бауыр абсцессі

*өт қуығының рагі

#343

*!Науқасқа екі жыл бұрын өттас ауруы, калькулезді холециститке байланысты холецистэктомия операциясы жасалынған. Алты айдан кейін оң жақ қабырға асты аймағының ауырсынуы, зәрдің қара қоңыр түске өзгеруі байқалған. Қанның биохимиялық анализінде – жалпы билирубин 120 мкмоль/л, тікелей 87 мкмоль/л.

Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысының осы жағдайда ақпараттылығы ЕҢ жоғары?

*УДЗ

*бауыр сцинтиграфиясы

*көктамырлық холангиография

*+эндоскопиялық ретроградты панкреатохолангиография

*лапароскопия.

Наши рекомендации