Инфекциялық бақылаудың бағдарламасын ұйымдастыру

Инфекционды бақылаудың бағдарламасы нормативі – құқыққа негізделеді.

Ауруханалық эпидемиологтың инфекциялық бақылаудағы рөлі. Госпиталды эпидемиологтың міндетіне кіреді:

Эпидемиологиялық анализ бен диагностика жүргізу;

АІИ шығуын және тіркелуі.

Ауруханаішілік және Инфекциялық ауруладың төмендеуі және оларды профилактикадан өткізу;

Топпен аруды ескерту;

Антибиотиктерді, дезинфектанттарды және антисептиктарды стационарда қолдануды анықтау;

Профилакти бойынша мед персоналдарды оқыту;

Эпидемиологтың анықтама базасы келесі ақпараттардан тұруы қажет.

Әртүрлі науқастардың белгілі бір факторлармен қосылуы;

Емдік – профиактикалық ұйымның мінездемесі: хирургиялық және басқа да агрессивті және инвазивті манипуляцияр жөнінде ақпарат.

АІИ тіркелуі жөнінде және оның шығуы жөнінде ақпарат.

Микробиологиялық диагностиканың нәтижелері.

Инфекциялық бақылаудың структурасы мен жүйелік тапсырмасы.

Инфекиялық бақылау профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың әсерлі жүйесі ретінде анықталады. Олар госпитальді инфекцияның пайда болуымен таралуының алдын алуға бағытталған. ИБ мақсаты ауруды азайту госпитальды инфекцияға зақым келтірмеу.

Инфекциялық бақылау - аурухана ішілік инфекциялардың алдын-алу және таралуын болдырмау мақсатында ұйымдастырылатын, санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар.

Аурухана ішілік инфекциялардың жоғары деңгейін сақтайтын құрылғылар:

- жоғары контагиозды

- жылдың мезгіліне қарамастан өршу сипатының мүмкіндігі

- пациенттердің жоғары қауіпті болуы

- рецидивтің мүмкіндігі

- қоздырғыштардың жан-жақты спектрі.

Стационарда микробиологиялық зерттеулерді толыққанды және сапалы түрде орындай алатын кез келген бағыттағы бактериологиялық (микробиологиялық) зертхана болуы қажет.

Инфекциялық бақылау нәтижелілігін қамтамасыз ету және зерттеудің көлемі мен сапасы осы стационардың микробиологиялық жағдайына лайықты болуы керек.

Зертхана госпиталды инфекциялар қоздырғыштарының бөлінуін және түрінің сәйкестенуін (идентификациясын) жүргізуі тиіс, анықталған микроорганизмдер штаммдарының антибиотиктерге және басқа да микробтарға қарсы пайдаланатын дәрілерге сезімталдығын жүргізілуін қамтамасыз етуі керек.

Сол себепті, әр стационардың бактериологиялық (микробиологиялық) зертханасы бөлінуінен және түрінің сәйкестендіруінен басқа антибиотиктерге дисктік диффузды әдіспен сезімталдығын анықтау үшін антибиотиктердің жеткілікті жиынтығы болуы шарт.

Патогенді, шартты патогенді микрофлораға шайындылар санитарлық жағдайының бақылауына, дезинфекция сапасына және толыққанды баға беруінде ең тәжірибелі болып табылады.

Дегенмен, кез келген стационарда инфекция көздерінің бар болуы: манифестті формаларымен аурулар, шартты патогенді микробтардың тасымалдаушылары аурухана ішілік инфекцияларының құруына маңызды рөлін атқаруын белгілеп кету қажет.

Дисбактериозға тексерілгенде жедел ішек инфекциялар, пневмония, урология ауруларында Pseudomonas aeruginosa егіледі, этиологиялық фактор болып табылады.

Стационарда микробиологиялық зерттеулердің көрсету тізімін және көлемін инфекциялық бақылау жөнінде комиссия белгілейді.

Инфекциялық бақылау ұйымдастыру нәтижесінде емдеу мекемелерінің санитарлық жағдай көрсеткіштері жақсарады.

Медициналық ұйымдарды инфекциялық бақылау комиссиясы туралы

үлгілік ереже

1. Инфекциялық бақылау жөніндегі комиссияның қызметі әзірленген және медициналық ұйымның басшысы бекіткен Бағдарламаға сәйкес жүргізіледі.

2. Медициналық ұйым басшысының бұйрығымен стационардың барлық бөлімшелерінде инфекциялық бақылауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар бекітіледі.

3. Комиссия медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылауды қамтамасыз ету бойынша жұмысқа тартылған мамандардың өзара іс-әрекетін үйлестіреді.

4. Инфекциялық бақылау жөніндегі іс-шаралар сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық талдау нәтижелері негізінде әзірленеді және ағымдық жағдайға сәйкес тұрақты түзетіледі.

5. Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ айына 1 реттен сиретпей жұмыс қорытындысын тыңдау арқылы өткізіледі.

6. Комиссия шешімдерін медициналық ұйымдардың барлық қызметкерлері орындауға міндетті.

7. Медициналық манипуляциялардың эпидемиологиялық маңыздылығын, оқшаулау-шектеу іс-шараларының тиімділігін, стерильдеу және дезинфекциялау әдістерін бағалау тұрақты жүргізіледі.

8. Комиссия төрағасы (бас дәрігердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары) мынадай міндеттерді орындайды:

1) инфекциялық бақылаудың басымды мәселелерін айқындайды;

2) комитет қызметіне басшылық ету мен үйлестіруді жүзеге асырады;

3) комиссия отырыстарын уақтылы өткізуді қамтамасыз етеді;

4) инфекциялық бақылау жоспарына сәйкес инфекциялық бақылаудың жекелеген іс-шараларын өткізуге жауапты адамдарды анықтайды;

5) басшылықтың араласуын талап ететін проблемалы мәселелер туралы, отырыстарда қабылданған жоспар мен шешімдердің орындалуы туралы конференцияда баяндайды;

6) ғылыми - практикалық конференция өткізуді ұйымдастырады;

7) инфекциялық бақылау бойынша алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені енгізеді;

8) комиссия қызметіне және өткізілетін іс-шаралардың тиімділігіне талдау жүргізеді.

9. Комиссия төрағасының орынбасары (госпитальдық эпидемиолог) мыналарды жүргізеді:

1) отырысқа материалдарды дайындауды, жоспарлауды;

2) инфекциялық бақылау бойынша медицина кадрларын даярлауды;

3) нысаналы бағдарламаларды, ұсынымдарды әзірлеуді.

10. Комиссия хатшысы (эпидемиолог) мыналарды қамтамасыз етеді:

1) іс қағаздарын жүргізуді;

2) деректер базасын жасауды және толықтыруды;

3) материалды дайындауға қатысуды.

11. Клиникалық мамандар (хирург, педиатр, акушер-гинеколог және басқа да клиницистер) мыналарды жүргізеді:

1) медициналық көмек сапасын бағалауды;

2) операциядан кейінгі асқынулар мен олардың алдын алуды бағалау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуді;

3) оқыту бағдарламасын әзірлеуді және тиісті бейіндегі медицина персоналын даярлауды;

4) инфекциялық бақылау мәселелері бойынша медициналық қызметкерлер құрамын оқыту бағдарламаларын әзірлеуді;

5) бөлімшеде инфекциялық бақылауды ұйымдастыру принциптерін әзірлеуді: бөлімде есепке алуға және тіркеуге жататын жұқпалы аурулардың тізбесін айқындайды, эпидемиологиялық қадағалау бағдарламасына сәйкес ақпаратты беруді жинау мен ұйымдастырады, барабар эпидемияға қарсы режимді, ауруды талдауды қамтамасыз етеді.

12. Экономист госпиталдық жұқпалы аурулар кезінде экономикалық залал есебін жасауға және өткізілетін инфекциялық бақылау бағдарламасының экономикалық тиімділігін талдауды жүргізу тиіс.

13. Микробиолог мыналарды жүргізеді:

1) жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы мүдделі адамдарға уақтылы ақпарат беруді;

2) науқаспен және сыртқы орта объектілерінен сынама алу алгоритмдерін әзірлеуді, зерттеулер көлемін айқындауды;

3) микробактериологиялық зерттеу үшін сынама алу, сақтау және жеткізу, микробиологиялық зерттеулердің алынған нәтижелерін дұрыс түсіндіру бойынша мамандарды оқытуды;

4) микробиологиялық зертханаларды материалдық-техникалық жабдықтаудың перспективалық дамуын жоспарлауды, микробиологиялық зерттеулердің көлемі жөнінде ұсынымдар әзірлеуді;

5) базалар деректерін қамтамасыз етуді: деректерді және бөлінген өсінділерді сақтауды, микробактериологиялық зерттеулердің сапасын бақылауды.

14. Бас мейірбике мыналарды жүргізеді:

1) жасалған және бекітілген оқыту бағдарламасына сәйкес орта буынды медицина персоналын манипуляциялар мен емшараларды жүргізу ережесіне оқытуды, білімді бақылауды (жұмыс орнында немесе тестілеуде) жүргізуді;

2) эпидемиологтың басшылығымен эпидемиологиялық қадағалауды;

3) шығыс материалдарына қажеттілікті бағалауды;

4) санитариялық-гигиеналық және дезинфекциялық-стерильдеу режимінің сақталуын, медицина персоналы асептика және антисептика қағидаларын сақтауын ұйымдастыруды.

15. Дәріхана меңгерушісі мыналарды жүзеге асырады:

1) микробқа қарсы препараттардың қажеттілігін бағалауды және оларды кәдеге жаратуды;

2) дәрілік заттардың сапасы мен стерильдігін бақылауды;

3) бөлімшелердің стерильді дәрілік нысандарға қажеттілігін бағалауды және олармен үздіксіз қамтамасыз етуді.

Әдебиет:

1.Внутрибольничная инфекция: учебное пособие/ под ред. В.Л.Осиповой. – М., 2009.

2. Шкатова Е.Ю., Морозкова О.А. Инфекционная безопасность в ЛПУ. Феникс, 2008.

Бақылау:

1. «Эпидемияға», «Эндемияға,», «Пандемияға» анықтама бер.

2. ЕпҰ инфекционды бақылаудың негізгі структуралық- функционалдық компоненті.

3. Ауруханалық эпиемиологтың инфекциялық бақылаудағы рөлі.

4. Эпидемиологтың мәлімет базасына не жатады?

5. Инфекциялық бақылаудың структурасы мен жүйелік тапсырмасы.

Дәріс

Наши рекомендации