Рыцарь қолғабы» таңғышын салу техникасы

Стандарт

С – 4 (Первомур) ерітіндісімен қол өңдеу техникасы

Мақсаты: операция алдында қолды өңдеу. Ерітінді хирургтің қолын өңдеу үшін және операция алаңын залалсыздандыру үшін қолданылады.

Әзірле:2,4% первомур ерітіндісі, сабын, стерилді орамал, резеңкелі қақпақ.

Ескерту: С-4 ерітіндісі операция болатын күні дайындалынады, 24 сағат уақытқа дейін жарамды. С-4 ерітіндісін дайындау үшін 30 - 33% -тік 171 мл сутегі асқын тотығын 85% - тік 81мл құмырсқа қышқылына қосып, араластырып тоңазытқышқа қояды. 1-1,5 сағат уақыт өткеннен кейін ерітіндіні тоңазытқыштан алып 10 л дистилденген суы бар стерилді легенге араластырады.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолыңызды ағынды судың астында сабынмен саусақ ұшынан бастап шынтақ бөлігіне дейін 1 минут жуыныз.

2. Стерилді құрғақ орамалмен қолыңызды кептіріңіз.

3. 2,4% С-4 ерітіндісі бар легенге қолыңызды салыңыз.

4. 1 минут ішінде қолыңызды өңдеңіз (алғашқы 30 секундта шынтаққа дейін, қалған 30 секундта саусақтарды)

5. Ерітіндіден 1 резеңкелі қақпақты алып тастаңыз.

Көлемі 5 л дейінгі бір легенде ерітіндіні ауыстырмай 10 адамға дейін қолын өңдей алады.

СМЖ 05-

Астана қаласы әкімдігінің

«Медициналық колледж» МКҚК

№ 2 арнайы пәндер ЦК

қаралды және бекітілді

ЦК төрайымы: Ш.Д. Шубаткалиева

Хаттама «» 2015 ж.

Стандарт

Чепец» байламын салу техникасы

Мақсаты:бас жарақаттарында таңып-байлау.емдік - диагностикалық

Көрсеткіштері: бас сүйек күмбезінің шүйде, маңдай бөлігінің зақымдануларында.

Әзірле: ені 10 см-ге дейінгі ұзындығы стандарт стерилді дәкелер, қайшы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызып, жүргізілетін іс-шараны түсіндіріңіз.

2. Ұзындығы 80-90 см дәке тілшесін дайындаңыз.

3.Дәке тілшесінің ортаңғы бөлігін бас сүйегінің төбе бөліміне орналастырыңыз.

4.Дәке тілшесінің екі ұшын құлақтың алдыңғы бөлігінен өткізіп, жағдайына қарай науқастың өзіңе немесе көмекшіге ұстатыңыз.

5. Ені 10 см-ге дейінгі ұзындығы стандарт дәкені алып бастың маңдай және шүйде бөліктеріне бекітуші орам (1-ші орам) жүргізіңіз. Бекітуші тур 2 орамнан тұрады.

6.Дәкені дәке тілшесінен айқастырып өткізіп шүйде бөлігін 1/3 ережесімен ораңыз. (2-ші орам)

7.Қарама-қарсы жақтың дәке тілшесінен дәкені айқастырып өткізіп 1/3 ережесімен маңдай бөлікті ораңыз. (3-ші орам)

8. Төбе сүйегі жабылғанға дейін 2-ші және 3-ші орамды бірнеше рет қайталай отырып бас сүйегін толығымен ораңыз.

9.Төбе сүйегіне жеткенде 2 рет шеңберлеп таңу жүргізіңіз.

10.Дәкені дәке тілшесі ұштарының біреуіне айналдырып, бекітіңіз.

11.Дәке тілшесінің екі ұшын төменгі жаққа бекітіп байлаңыз.

СМЖ 05-

Астана қаласы әкімдігінің

«Медициналық колледж» МКҚК

№ 2 арнайы пәндер ЦК

қаралды және бекітілді

ЦК төрайымы: Ш.Д. Шубаткалиева

Хаттама «» 2015 ж.

Стандарт

Екі көзге таңғыш салу техникасы

Мақсаты::емдік-диагностикалық

Көрсеткіштері:көз аурулары мен зақымдануларында, операциядан ейінгі жараларда.

Әзірле:ені 10-12 см-ге дейінгі ұзындығы стандарт дәкелер, қайшы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты өзіңізге қарама-қарсы отырғызып, тыныштандырыңыз.

2. Жүргізілетін іс-шара мақсан түсіндіріңіз.

3. Ені 10-12 см-ге дейінгі ұзындығы стандарт дәкені алыңыз.

4. Дәкенің ұшын сол қолңызға, басын оң қолыңызға ұстаңыз.

5. Бастың маңдай және шүйде бөліміне бекітуші орам жүргізіңіз.

6. Дәкені құлақтың астыан сырғалық бөлімінен орап жарақаттанған көзді ораңыз.(1-ші орам)

7. Бас сүйек күмбезінің маңдай және шүйде бөліміне циркулярлы таңу жүргізе отырып 1-ші орамды 3-4 рет қайталаңыз.

8. Дәке орамын бас сүйек күмбезінің шүйде бөлігінен айналдырып әкеліп, маңдай арқыы төмен түсіп екінші көзді ораңыз. (2-ші орам)

9. Дәкені құлақтың төменгі бөлігімен орау арқылы шүйде мен маңдай сүйегіне циркулярлы таңу жүргізіңіз.

10. 2-ші орамды маңдай мен шүйде бөлігіне циркулярлы таңу жүргізе отырып 3-4 рет қайталаңыз.

11. Дәкені екі көзді толық орап болған соң маңдай және шүйде бөлігінде 1 рет циркулярлы таңу жүргізіп, бекітіңіз.

СМЖ 05-

Астана қаласы әкімдігінің

«Медициналық колледж» МКҚК

№ 2 арнайы пәндер ЦК

қаралды және бекітілді

ЦК төрайымы: Ш.Д. Шубаткалиева

Хаттама «» 2015 ж.

Стандарт

Рыцарь қолғабы» таңғышын салу техникасы

Мақсаты:емдік-диагностикалық

Көрсеткіштері:барлық саусақтың жарақаттарында, үсік, күйік.

Әзірле:ені 5 см бинт, қайшы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызыңыз, іс –шара барысын түсіндіріңіз.

2. Бинттің ұшын сол қолыңызға, басын оң қолыңызға ұстаңыз.

3. Білезік сүйегіне бекітуші орам жасаңыз.

4. Бинтті саусақтың үстінен қисайтып орап бармақтың ұшына апар. (1-ші орам)

Ескерту: оң қол саусақтары зақымданғанда таңуды бас бармақтан, сол қол саусақтарының зақымдануында таңуды шынашақ саусақтан бастап орайды.

5. Барлық бармақты негізіне дейін иректете шырмап ора (2-ші орам)

6. Бинтті саусақтың үстімен білезік сүйекке апарып, оны айналдырып ора.(3-ші орам)

7. 1,2,3- айналымдарды қайталап әрбір бармақты кезекпен ора.

8. Білезік сүйегіне бинтті айналдырып орап бекітіңіз.

СМЖ 05-

Астана қаласы әкімдігінің

«Медициналық колледж» МКҚК

№ 2 арнайы пәндер ЦК

қаралды және бекітілді

ЦК төрайымы: Ш.Д. Шубаткалиева

Хаттама «» 2015 ж.

Стандарт

Наши рекомендации