Наркоманиялар мен токсикоманияр кезіндегі ремиссиялар типтері

(Шабанов П.Д., 2002)

Ремиссия типі Негізгі көріністері
Депрессия белгілерімен ремиссияның дисфориялық типі Әлсіздіктің басымдылығымен, жалпы белсенділіктің әлсіреуімен, астениялық немесе апатиялық депрессиямен, психопат тәрізді бұзылыстармен сипатталады.
Ремиссияның органикалық типі Психоорганикалық және неврологиялық бұзылыстардың басымдылығымен, және де тұлға дәрежесінің төмендеуі және адаптация бұзылысымен интеллектуальді-мнестикалық бұзылыстармен сипатталады.

Апиындық наркомания кезіндегі ремиссия варианттары

(Субханбердина А.С., 2004)

Ремиссия варианттары Негізгі көріністері
    Ремиссияның аффективті варианты 1.Апатиялық вариант астениялық, психастениялық, шизоидты сипаттағы адамдарға тән. Жеңіл шаршағыштық, ұзақ уақыт зейіннің шашырандылығы, бас ауыруы, әлсіздік, кейде шаршағыштық, барлығына немқұрайдылықпен көңіл-күй фонының төмендігімен, кешірек ПАЗ қолданумен сипатталады. 2. Үрейлі вариант дистимиялық сипаттағы адамдарда ішкі мазасыздықпен, жағымсыз жағдайларды күтумен, кез-келген ситуацияның сәтсіз аяқталатыны жөніндегі ойлардан құтылу мүмкінсіздігімен сипатталады. Науқас өз денсаулығы жайына уайымдауға айқын фиксациямен, үнемі денсаулығының нашарлауына мазасыздану, өзінде бар соматовегетативті көріністерді нақтылап айту мен ауырлатуға тырысумен жиі парестезиялар байқалады. 3. Дисфориялық вариант истероидты қозғыш сипаттағы мінез-құлықпен бмж болған адамдарда бақыланады. Тітіркенгіштік, ашушаңдық, ызалылық, наризалылық, тискіш, төмен көңіл-күй фонында айналадағылармен және туыстарымен қақтығыстар жеңіл пайда болуының басымдылығымен сипатталады.

Ремиссияның психопаттәрізді типі Мінездің эксплозивті сипатымен адамдарға тән. Наркотиктерді қолдануды ерте бастау. Науқастардың кейбіреулерінің анамнезінде бмж бар. Патологиялық әуестік (компульсивті, импульсивті) аутохтонды пайда болады. Абстинентті синдром опиоидтарды шектен тыс қолдану басталғаннан бастап қысқа уақыттың ішінде түзіледі. Жоғары толеранттылықпен опиоидтарды ұзақ уақыт қолдану. Тұлға өзгерісі жылдам үдейді, әлеуметтік дезадаптация басталады. Ауруына критика болмайды. Ағымы ремиссиясыз. Спонтанды ремиссиялар болмайды немесе опиоидтарды шектен тыс қолдануды тоқтату өте қысқа уақытқа созылады (2-3 күннен жоғары емес). Терапиялық ремиссиялар 1-3 айдан аспайды, көп реттік ем кезінде ремиссия ұзақтығы қысқаруға бейім.

ӨЛІМ СЕБЕПТЕРІ:

- шамадан тыс қабылдау - 67%

- Сепсис – 10%

- Наркотизацияға байланысты аурулар (ЖИТС, гепатит және т.б.) – 13%

- Суицидтер – 2%

- Зорлық – 8%

Қайтыс болды:

- Үйінде - 48%

- Подъездінде – 21%

- Стационарда – 14%

- Подвалда немесе басқа жерлерде – 17%

ОПИОИДТАРДЫ ҚОЛДАНУ НӘТИЖЕСІНДЕГІ ПСИХИКЛЫҚ ЖӘНЕ ЖҮРІС-ТҰРЫСТЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР (F 11)

Наркотикті бір реттік қабылдау тәуелділік түзілуін шақырмайды. Наркотикті үемі қайталамалы қабылдау (героиннің 3 тен -5 инъекциясына дейін, морфиннің 10 нан -15 инъекциясына, кодеиннің 30 қабылдауына дейін) наркотикке патологиялық әуестік түзілуіне жағдай тудырады. Ауру ағымы үдемелі.

Опиаттармен мастанудың белгілері

(героинмен, апиынмен, кодеинмен)

(В.Д.Менделевич)

Наши рекомендации