Такырыбы: Астық тұқымдаста - Gramineae.

Ияқ гүлділер тұқымдасы - Суреrасеае.

Сабақтың максаты: Астық тұқымдас өсімдіктердің түрлерімен

және вегетативтік, генеративтік мүшелеріндегі

ерекшеліктерімен танысу. Қияқ тұқымдас өсімдіктердің вегетативтік және генеративтік мүшелеріндегі ерекшеліктерімен танысу.

Кажетті материал: тірі өсімдіктер, астық және қияқ гүділер тұқымдас өсімдіктердің кеппешөп даналары, дәндері, бидайдың рельефті кестесі, анықтағыш кітап

Жалпы түсінік

Ауыл шаруашылығында мәні зор, даражарнақтылар класына жататық кең таралған тұқымдастың бірі - астық тұқымдастар. Астық тұқымдастар жер шарының барлық аймақтарында, шалғьшдықтарда, далалық жерлерде әседі. Кейбір түрлері космополит болып табылады. Барлық астық тұқымдастар-шөптесін көпжылдық және біржылдық өсімдіктер.

Осы тұқымдастын басқа өсімдіктерге қарағанда өздеріне тән бірқатар белгілері бар. Біріншіден, астық тұқымдастардың тамыр жүйесі шашақты болып келеді. Екіншіден, сабағы-іші қуыс буынаралықтардан және жуантықтау келген буыннан тұрады. Буындары ұлпаға толы болады. Мұңдай сабақты сабансабақ деп атайды. Мысалы, қара бидай, атқонак т.б. Ал кейбір астық тұқымдастарда буынаралықтары ұлпаға толы болады, мысалы, жүгері, қант құрағы.

Астық тұқымдастардың сабағы буындағы жасушалардың бөлінуі нәтижесіңде ұзарып өседі. Мұңдай өсуді қыстырма бой деп атайды. Үшіншіден, жапырақтары жапырақ қынабы және жапырақ алақаны болып екі бөлімнен құралады. Қынап -жапырақтын түтікше тәрізді кеңейген түп жағы. Ол сабақтын буынаралықтардың түп жағындағы бөлінетін нәзік жасушаларды қорғайды. Жапырақ тақтасының қынаптаң шығатын жеріңде үлпек өсінді-тілше болады. Ол сабақ пен қынаптың аралығына судың енуіне мүмкіндік бермейді.

Астық тұқымдастардын гүлшоғырлары екі түрлі: масақ (бидай - Triticum, қарабидай - Secale және арпа - Hordeum)және шашак басты (сұлы - Avenа, тары- Panicum, күріш - Oryza, құмай - Sorghum) болады. Астық тұқымдастардын масағы масақты сабақтан тұрады. Онда масақшалар орналасады. Әрбір масақша екі масақша қабыршағынан түзіледі. Бұлардың мөлшері мен пішіні әр түрлі болады. Осындай масақшалардан күрделі гүл шоғырлары: жай масақ, күрделі масақ, сыпыртқы бас болып түрленеді. Масақшадағы гүлдердің саны түрліше бір гүлден бірнеше гүлге дейін болады. Көптеген астық тұқымдастардың әрбір гүлінде екі гүл қабыршағы, 2 гүл үлпегі, 3 аталығы және түк басқан қондырмалы екі ауызды бір аналығы болады. Гүл қабыршағын лодикулдар деп атайды. Жемістері бір тұқымды - дәнек; жеміс қабы (қауызы) тұқымға жабысып, тұтасып біткен. Эндосперм ұрықты қоршамай, тұқым жарнаққа жанасып тұрады. Дәндердің жиынтығын астық деп атайды.

Мысал ретінде жұмсақ бидайды алыш қарастыратын болсак (1 сурет), 6ұл астық тұқымдастардың ішінде ең көп тараған түр. Масағы әртүрлі пішінді (пилиндрлі, түйреуіш тәрізді т.б.), кесіндісіңде дөнгелек, тікбұрышты. Масақ сабағы қатты. Масағында 3-5 гүлдері болады. Дәнегі қысқа, жуан. Бидайлардың ішіңдегі полиморфты түрі, түпкі солтүстік аудаңдарда да өсіріледі.

Такырыбы: Астық тұқымдаста - Gramineae. - student2.ru

1-сурет. Жұмсақ бидай: А - гүлшоғыр-күрделі масақ, 2 - масақша, (3 - аналық және лодикул, 4 - жеміс-дәнек, 5 - жапырақ (а - тілше, б - құлақша).

Аталық саны түрлеріне байланысты бір, екі, алтау болып өзгеріп отырады. Үстіңгі жатын, бір ғана тұқым бүрі болады. Гүл формуласы: ↑Р(2)+2 А3G (2)

Кияқгүлділер - көпжылдық шөптесін, сирек ұзын немесе қысқа тамырсабақты біржылдық өсімдіктер. Сабағы үш қырлы, сирек-цклиндрлі, іші паренхималы ұлпаға толы болады, буын және буынаралықтары нашар жетілген. Жапырақтары сабағының үш жағында да өседі, пішіні жідішке ланцет тәрізді болып, шеттері төмен қарай иілген болып келеді. Тілшесі болмайды, кейбір түрлеріңде қабыршақ түрінде кездеседі. Бұтақтануы бүйірлітүптенеді. Бүйірлі горизонталь өркендерінек тамыр сабақтары калыптасады.

Гүлшоғыры - жай масақ немесе күрделі, көптеген гүлдерден тұрады, сирек, масағында бір гүлі болады. Жай және күрделі масақтары сыпыртқы, шатырша, жұмыргүл гүл шоғрыына топтанады.

Гүлдері ұсак, түссіз. Гүл серігі болмайды, олардың орнына ұлпектері немесе түктері болады. Андроцейі бір шеңберлі, үш аталықтан тұрады. Гинецейі екі немесе үш жеміс жапырақшасынан тұрады. Үстіңгі жатын, бір ұялы, бір тұқым бүрі болады. Аналық мойнында екі немесе үш жіп тәрізді ұзын аналық мойны болады.

Гүлдері қос жынысты немесе дара жынысты болып келеді. Дара жынысты түрлерінде (кияқөленде) көбіне бір үйлі болады да, сирек екі үйлі болады. Бір үйлі түрлерінде гүл шоғырлары қос жынысты себебі гүл шоғырының бір бөлігінде аналық гүлдер, екінші бөлігіңде аталық гүлдер өседі. Қияқөлеңнің аналық гүлдерінде гүл кабыршақтарынан басқа гүл қапшықтары болады, олар екі гүлжапырақтарының бірігіп өсуінен түзіледі. Бұлардың жемістері осы қапшықтың ішіңде болады. Қияқгүлділер түқымдас өсімдіктердің жемісі - үшбұрышты, шар тәрізді немесе қабысқан жаңғак. Тұқымы эңдоспермді, ұрықты қоршап жатады.

Мысал ретіңде қынапты ұлпабасты – Eriophorum vaginatum(пушица влагалищная) алып қарастырамыз. (1 сурет). Көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағыньң биіктігі 30-100 см, көп, тік, аз ұшқырлы, түбіңде қынапты қоңыр түсті жіңішке жапырақтары өсіп тұрады. Сабақ жапырақтары екі-үш, олар редукцияланған ұлпа түрінде болады.

Такырыбы: Астық тұқымдаста - Gramineae. - student2.ru Гүлшоғыры - масақ, жеміс пайда болғаңда шар пішінді болады. Гүлдері ақ ұлла түрінде өседі. Аталығы үшеу, ұзын тозаңқабы болады. Аналығы біреу, бір ұялы, үстіңгі жатын, аналығының мойыны ұзын, аналық аузы жіп тәрзіді келеді. Гүл формуласы: *РрарА3G(3)

Жемісі - үшбұрышты жаңғақ.

1-сурет. Кынапты ұлпабас:

А - жалпы көрінісі;

Б - гүл шоғыры;

В -гүлі;

Г - жапырақ қолтығындағы қабыршақ;

Д - айдаршалы жемісі.

Тапсырма

1. Астық тұқымдас өсімдіктердің тірі немесе кеппешөп даналарынан қынапты жанырақтарын, тілшелерін тауып көрсету.

2. Өсімдік сабақтарынан буын буынаралықтарды тауып, ішкі құрылыстарындағы ерекшеліктерді анықтау.

3. Тамырларынын қандай тамырлар жүйесі екендігін анықтау.

4. Гүлшоғырының түрлерін анықтап, гүлінен лодикулдарын тауып, аталықтарын санап, аналық аузының ерекшеліктерін зерттеу.

5. Жұмсақ бидайдың күрделі масағының, аналық және лодикуласының, дәнегінің, жапырағының және тілшесінің суреттерін салу.

6. Бидай дәнінің рельефті кестесінен ұрықтың, эңдоспермнің орналасуын байқап суретін салу.

7. Өсімдіктердің түрлерін анықтап, гүл формулаларын құрастыру.

8. Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

9. Тірі өсімдіктерден немесе кеппешөптерден қияқ тұқымдастардың тамырын, сабағын, жапырақтарын қарап, ерекшеліктерін анықтау.

10. Өсімдіктерден бір немесе екі үйлі өсімдіктерін анықтау.

11. Гүл шоғырларының түрлерін анықтап, гүлдеріндегі аталық, аналық гүлдерді табу.

12. Жемістеріндегі ерекшеліктерді бақылау.

13. Кітаптан немесе кестеден кынапты ұлпабастың жалпы көрінісінің, гүлінің, жемісінің суреттерін салу.

14. Қияқгүлділер тұқымдас өсімдіктерді анықтап, гүл формулаларын құрастыру.

15. Қайталау сұрақтарына жауап бере отырьп, салған суреттеріне талдау жасау.

Наши рекомендации