Кенелерді жою шаралары және жинау әдістері.

Кенелермен күресу шаралары 4 бағытта жасалады:

1.Көп жылдық егістік жерлерді дамыту.

2.Кеміргіштерді жою-дератизация

3.Жануарларды акрацидтік препараттармен өңдеу-дезинцекция

4.Адам тұратын жерлерді өңдеу.

Адамдар арасында кене шағуымен байланысты аурулар тіркелсе,ол аймақтарды гексахлоран,карбофос,трихлофос дустымен немесе суспензия,эмульсиясымен немесе аэрозольдармен залалсыздайды.Өңдеу ерте кқктемде жүргізіледі.Өңдеуден соң 20-25 күнге дейін мал жаюға болмайды.Жергілікті жер қолайлы болса өртеуге де болады.Үлкен аймақтарды ұшақпен өңдейді.Жануарлардағы кенелерді жою үшін 6 % гексохлоран дусты,1% карбофос немесе хлорофос эмульсиясын қолданады.

Кенелерден сақтану шаралары:

1.Арнайы сақтандыру киімін кию қажет.Киім кең болмауы,балағы байланатын болу керек. Қара түсті киім болмайды,себебі кенелер көрінбей қалуы мүмкін.

2.Репеленттерді киімге,теріге жағу,акрацидтік препарпттар қолдану.

3.Әр 10-15 мин. сайын кенеге өз-өзін тексеру.

4.Жұмыстан соң киімдерді мұқият тексеру

5.Дем алыс орындарын,лагерлерді кенеге тексеру және мал жайылымдарынан қашықта орналастыру.

6.Жиналған кенелерді керосин құйылған банкаға салып,өртеу.Қатты жабысқан кенелерді май немесе вазелин жағып алу және орнын йод немесе спиртпен өңдеу.

Кенелерді жинау әдістері:

· Жалау әдісі

· Сүйрету әдісі

· Жіп немесе ұршық әдісі

· Ерлеу әдісі

1.Жалау әдісі ақ түті матадан 80х40см жалау жасалады.Жалауды ұзын таяққа байлайды да шуақты күндері кенелерді жинау басталады.Жалаумен шөптердің,өсімдіктердің үстінен оңға солға сипап жиналады.Әр 7-10 қадамнан соң жалау тексеріледі.

2.Сүйрету әдісі сүйрегіш ретінде 50х100см жұмсақ мата қолданылады,матаның екі шетінен жіп байлайды.Сүйрегішпен шөптің үстінен сүйреп өтеді және әр 20-25 қадамнан соң тексеріледі.

3.Кеміргіштердің індерінен кенелер қалың жіп,арқан қою арқылы жиналады.

4.Елеу әдісінде жиналған топырақ,құмды електеп,жиналған кенелерді тексереді.

Жәндіктер топтамасы

Жәндіктер, немесе бұнақденелер немесе шыбын-шіркейлер (лат. Insecta) – буынаяқтылар типіне жататын омыртқасыз жануарлар класы. Жер шарында кең тараған 1 млн-дай түрі анықталған (барлығы 1,5 – 2 млн. түрі болуы мүмкін). Жәндіктердің ең басты ерекшелігі – денесі бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Денесін тығыз кутикула (эпителий клеткаларынан бөлінетін тығыз қабықша) жапқан. Басында екі күрделі фасеттік көздері, қарапайым майда көзшелері, екі мұртшасы болады. Ауыз құрылысы қоректену әдісіне қарай: инеліктер, тарақандар, дәуіттер, қоңыздардың аузы кеміруге; көбелектер, шыбындардың аузы сұйық қоректі соруға; өсімдіктердің шырынымен және адамның, жануарлардың қанымен қоректенетін маса, бит, қандала, цикада, т.б. аузы шаншып-соруға бейімделген. Жәндіктердің кейбір түрінде аузы болмайды (бөгелек, біркүндіктер).

Медициналық маңызды жәндіктер 4 топқа бөлінеді:

1.Паразиттік емес синантропты түрлері

2.Уақытша қан соратын экзопаразиттер

3.Тұрақты қан соратын паразиттер

4.Тіндік және іш қуысындағы паразиттер

Адам денсаулығына зиян келтіретін жәндіктер экзопаразиттер деп аталады. Оларға:бит,бүрге,қандала,тарақандар жатады.

Паразитті емес синантропты жәндіктер түрлері адамдар мекендейтін орталарда маусымдық табиғат өзгерісіне өзгеріссіз мекендейді.

Тарақандар отряды (Blattodea)

Тарақан. Үйлерде тарақанның 2 түрі кездеседі: жирен (қызыл түсті) және қара. Тарақан негізінен түнде шығады, ал күндіз еден мен қабырғалардың саңылауларына, ас үйдегі стол маңына, еденнің ернеу ағашқа ры на, плйталарға, жылу және су өтетін қүбырларға, т. б. қуыстарға жасырынады. Азық-түлік және әртүрлі мата, жібек, жүн, қағаз қалдықтарымен қоректенеді. Тарақан азықты былғайды және сонымен бірге ішек құртының жұмыртқалары мен әр түрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын (дизентерия, іш сүзек, полиомиелит және т. б.) тасуы мүмкін. Ішкі мүшелердің жалпы орналасу тәртібі өзен шаянына ұқсас, бірақ өзіне тән ерекшеліктері бар. Тарақандар-дара жынысты бунақденелі жәндік. Аталығының көбею мүшесі- қосалқы бездері бар екі кішкене аталықбез, ал аналығында жұмыртқа қалыптасып, пісіп жетілетін екі аналықбез болады

Кенелерді жою шаралары және жинау әдістері. - student2.ru Кенелерді жою шаралары және жинау әдістері. - student2.ru

Күресу әдістері. Тарақанмен күресу үшін олар жұмыртқа салатын барлық саңылаулар мен тесіктерді мұқият бекітіл, күн сайын тамақ қалдықтарын жинап, азық-түліктің бетін жауып, бекітіл қою керек. Тарақанды жою үшін химиялық препараттардан мыналар қолданылады: хлорофостың ұнтағы және спирт қосылған 30 процентті ерітіндісін «Фосфолан», «Боракс», «Неопинат», «Сульфолан», «Хлорак», «Хлоропин», «Неопин», Тальфон» дусттары, «Хло-рак», «Хлорофос» таблеткалары, сұйық дәрілер «Дибром», «Метасил», «Хлороль», сондай-ақ аэрозольды препараттар «Неофос», «Прима— 71». Тұрғын, қызмет ететін қоғамдық және қосалқы үйлердегі тарақандарды жою үшін арнайы тұтқыштар шығарылады. Қорапқа 5 картон «үйшіктер», жабысқақ масса жағылған туба және қалақша орнатылады. «Үйшіктің» ішіне шақыртқы жем тастайды. Сондай-ақ бормен немесе бор қышқылымен уландырылған шақыртқы жем тастау да кең таралған. Бураны бірдей мөлшерде ұнмен және құмшекермен араластырған жөн (Бурамақаласын қараңыз). Бор қышқылынан да қоспа дайындауға болады: 1 бөлігі бор қышқылы және 7 бөлігі су. Шақыртқы жемді раковина астына, қалдықтар салатын шелек маңына, ас үйдің бұрыштарына шашып тастайды, үш күннен соң оны жинап алып тастау керек.

Дезинсекциялау

Инсектицидтермен жұмыс істеген кезде сақ болып, тиісті нұсқауларды қатаң басшылыққа алып отыру қажет. Дезинсекциялау алдында бөлмедегі азық-түлікті, ыдыс-аяқты, балығы бар аквариумды, құстар мен үй хайуайдарын шығара тұру керек. Мұрын мен ауызға дәкеден жасалған таңғыш немесе 4 қабатталған дәке байлап алады. Дәріні насекомдар көп жүретін немесе ұя салған жерлерге себеді (плинтустар, қуыстар, мебель, қабырғалар-дағы саңлау, су құбырларының жолдары, батареялардың арты, суға баратын барлық жолдар және т. б.). Дустты резеңке шашқыштың немесе арнайы жасалған сауыттың көмегімен бүрку керек, сұйық дәріні щеткамен, бояу бүріккішпен және т. б. шашады. Тазарту жұмысы аяқталған соң, беті-қ мұқият сабындан жуады, бөлмені желдетіп алады. Препараттарды тағамдардан алыс, балалар мен үй хайуанаттарынан аулақ сақтау керек.

Қандалалар топтамасы (Heteroptero)

Қандала(Hemіptera) – жәндіктер класының бір отряды. Ауыз аппараты шаншып-соратын тұмсыққа айналған. 40 мыңнан аса түрі бар. Қазақстанда 32 тұқымдасы, 370 туысы, 1,5 мыңдай түрі белгілі. Негізгі тұқымдастары: су қандалалары, ескекшілер, төсек қандалалары, т.б.

Кенелерді жою шаралары және жинау әдістері. - student2.ru

Суаршын қандалалар (лат. Gerridae) - қандалардың бірнеше тұқымдастары. Дене ұзындығы 1-34 мм. 700-дей түрлері белгілі - ТМД-да 40 астам түрі бар. Су бетінде-ылғалды мүкте - су жағалауларында мекендейді; Halobates туысының түрлері жиектен бірнеше шақырым қашыкгыкта - тропикалық және субтропикалық теңіздер мен мүхиттардың су бетінде тіршілік етеді.

Кенелерді жою шаралары және жинау әдістері. - student2.ru

Төсек қандаласы .Қандаланың бұл түрі қанмен қоректенеді. Бұлар жарты жылдан астам уақыт қорексіз тіршілік етуге төзетіндіктен, үй-жайды мекендеп, адамның қанын сорады. Бұл қандалалардың басқа сүтқоректілерде паразиттікпен тіршілік ететін түрлері бар. Олар жарқанаттың, шақшылдақтың, құстардың денесінде паразиттікпен тіршілік етеді.

Қандаланы жою үшін әуелі олардың көп шоғырланған жерін анықтап алу қажет. Үйдегі мебельдердің қуыс-қуыстарын, кабырғаны, еденге төселген линолеумнің тігістері мен шет-шетін, плинтустарды т. б. жерлерді мұқият қарап шығу керек. Егер үйге жөндеу жүргізілетін болса, алдын ала дезинсекция жасаған жөн. Қандаланы жою үшін түрлі ұнтақтар мен 30 процентті спирт ерітіндісін және хлорофос қорытпасын; «Фосфолан», «Неопин», «Хлорак», дусттарын; «Дифос», «Метасил», «Тролен» сияқты сұйық препараттарды; сондай-ақ «Прима—71» және «Неофос» аэрозольды препараттарын қолданады. Бұларды алма-кезек ауыстырыл пайдаланған жөн, себебі қандаланың химиялық заттарға бойы үйренгеннен кейін препараттар әсер етпейтін болады. Улы препараттармен жұмыс істегенде сақ болып, көрсетілген нұсқауларды бұлжытпай орындау керек. Бөлме ішін улаған кезде темекі шегуге болмайды, себебі улы химикаттар тез жанғыш келеді. Жұмысты аяқтаған соң беті-қолды сабындан жуып, бөлмені желдетіп алған дұрыс. Улы препараттарды азық-түліктен бөлек, балалардың қолы жетпейтін, үй хайуанаттары бара алмайтын жерлерде сақтау қажет.

Наши рекомендации