Нәрестелердің гемолитикалық ауруы, АВ0 жүйесі бойынша, аралас формасы, ауыр дәрежесі
* Нәрестелердің гемолитикалық ауруы,АВ0 жүйесі бойынша, сарғаю формасы, ауыр дәрежесі
*+Rh бойынша нәрестелердің гемолитикалық ауруы,сарғаю формасы, ауыр дәрежесі
*Криглер-Найяр синдромы
159.!Мерзіміне жетіп туылған нәресте ұл балада өмірінің алғашқы сағатында резус-фактор бойынша нәрестелердің гемолитикалық ауруының сарғаю-анемиялық формасы, ауыр дәрежесі анықталды. Билирубиннің сағаттық өсуінің қандай деңгейі қан алмастырып құюға абсолюттік көрсеткіш болады:
*0,72 мкмоль/л
*3,9 мкмоль/л
*4,2мкмоль/л
*5,4мкмоль/л
*+6,8мкмоль/л және жоғары
160.!Туылғанына 1 тәулік болған нәресте. 4-ші жүктіліктен, мерзіміне жеткен 2-ші туыттан. Бұған дейінгі 2 жүктілік ерте мерзімдерде түсікпен аяқталған. Босану қалыпты өткен. Анасының қаны 0(1) топ, резус-теріс, баланың қаны 0(1) топ, резус-оң. Бірінші күннің жартысында баланың терісі мен склерасы сарғайды. Бауыры қабырға доғасынан 4 см, көкбауыры 1 см шығып тұр. Нәжісі меконий. Несебі ашық. Қанның жалпы талдауында - НЬ - 100 г/л. Эр – 3,0х1012/л, ТК - 0,99, ЭТЖ - 2 мм/сағ. Билирубин: тікелей емес - 180 мкмоль/л, тікелей - жоқ. АЛТ-0,2мкмоль/л. Билирубиннің сағаттық өсуі 9,6 мкмоль/л. Науқасқа қандай ем жүргізу керек:
*Инфузиялық ем
*Гормондық ем
*+Қан алмастырып құю
*Өт айдаушы препараттар
*Гепатопротекторлар
161.!Туылғанына 1 тәулік болған нәресте. 4-ші жүктіліктен, мерзіміне жеткен 2-ші туыттан. Бұған дейінгі 2 жүктілік ерте мерзімдерде түсікпен аяқталған. Босану қалыпты өткен. Анасының қаны 0(1) топ, резус-теріс, баланың қаны 0(1) топ, резус-оң. Бірінші күннің жартысында баланың терісі мен склерасы сарғайды. Бауыры қабырға доғасынан 4 см, көкбауыры 1 см шығып тұр. Нәжісі меконий. Несебі ашық. Қанның жалпы талдауында - НЬ - 100 г/л. Эр – 3,0х1012/л, ТК - 0,99, ЭТЖ - 2 мм/сағ. Билирубин: тікелей емес - 180 мкмоль/л, тікелей - жоқ. АЛТ-0,2мкмоль/л. Билирубиннің сағаттық өсуі 9,6 мкмоль/л. Осы жағдайда қандай асқынудан қауіптенген жөн:
*Ұзаққа созылған сарғаю
*+Билирубиндік энцефалопатия
*Идиопатиялық гепатит
*Порталды гипертензия
*Бауыр циррозы
162.!Бірінші рет цитомегалия вирусын жұқтырған жүкті әйелден вирустың ұрыққа берілуінің ықтималдығы құрайды:
*0,2-1,5%
*3-7%
*12-15%
*20-30%
*+40-50%
163.!Серопозитивті анадан туылған балада туа біткен цитомегаловирусты инфекцияның дамуының ықтималдығы құрайды:
*+0,2-1,5%
*3-7%
*12-15%
*20-30%
*40-50%
164.!Анада айқын герпестік инфекция болған жағдайда баланың туыт жолдары арқылы инфицирлену қаупі:
*0,2-1,5%
*3-7%
*12-15%
*+30 -50%
*70%-100%
165.!Плацента-ұрық-қоздырғыш жүйесінде қорғанысты қамтамасыз етпейтін механизмдерге жатады:
*Плацентарлық тосқауыл
*+Анасындағы М класының антиденелері
*Ұрықтық қабықша
*Анасындағы G класының антиденелері
*Ұрықтың өзіндік иммундық реакциялары
166.!Туа біткен қызамықтың классикалық үштігі болып табылады:
*Туа біткен жүрек ақауы+құрсақ ішілік дамудың кідіруі+тромбоцитопения
*Туа біткен жүрек ақауы+катаракта+құрсақ ішілік дамудың кідіруі
*Құрсақ ішілік дамудың кідіруі+тістердің дисплазиясы+естудің бұзылуы
*ОЖЖ зақымдалуы+естудің бұзылуы+туа біткен жүрек ақауы
*+Естудің бұзылуы+туа біткен жүрек ақауы+катаракта
167.!Типті ядроішілік құрылымдары бар алып жасушалардың түзілуі төменде көрсетілген құрсақ ішілік инфекциялардың қайсысына тән:
*Хламидиоз
*Микоплазмоз
*Токсоплазмоз
*Герпестік инфекция
*+Цитомегаловирусты инфекция
168.!Туа біткен цитомегаловирусты инфекцияға мейілінше тән клиникалық көрініс:
*+Сарғаю, анемия, тромбоцитопения, гепатоспленомегалия
*Ринит, алақаны мен табанындағы көпіршіктер, гепатоспленомегалия
*Саңыраулық, катаракта, туа біткен жүрек ақауы
*Тұрақты жөтелмен пневмония, конъюнктивит
*Тырысулар,бас миындағы кальцификаттар, гепатоспленомегалия
169.!Туылғанына 5 күн болған балада мұрынмен тыныс алуының қиындауы байқалды, терісі боз-сұрғылт түспен, көпіршік элементтерімен, алақаны мен табанында диффузды дақты-папулезды бөртпелер бар. Ішкі ағзалар өзгеріссіз. Мейілінше ықтимал диагноз:
*Туа біткен токсоплазмоз
*Туа біткен листериоз
*+Туа біткен мерез
*Туа біткен гепатит
*Туа біткен цитомегалия
170.!Бала М, мерзімінде туылды.Туылған кезде ісіңкі болды, 5-6 күні мұрнынан шырышты-қанды бөлініс пайда болды, тыныс алуы қиындады, аузы мен мұрнының айналасында мыс түстес дақты-папулезды бөртпелер бар. Гепатоспленомегалия, сарғыштық. Алақаны мен табанындағы өзгерістер төмендегі суретте көрсетілген. Мейілінше ықтимал диагноз:
*Туа біткен токсоплазмоз
*Туа біткен цитомегаловирусты инфекция
*Туа біткен листериоз
*+Туа біткенмерез
*Туа біткен хламидиоз
171.!1 жас 5 айлық балада осыдан бір апта бұрын дене қызуы 38,10С дейін жоғарылап, әлсіздік, жарықтан қорқу пайда болып, тәбеті төмендеді. 2-ші күні құрғақ жөтел пайда болды. Анамнезінен: үйінде тотықұс бар. Науқаста төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы мейілінше ықтимал:
*Микоплазмалық пневмония
*Аденовирусты пневмония
*+Орнитозды пневмония
*Хламидиозды пневмония
*Легионеллезді пневмония
172.!2,5 айлық қыз бала. Анасы баланың денесіндегі бөртпелерге шағымданып қабылдау бөлімшесіне келді. Қарағанда бала өз жасына сәйкес келеді, күтімі жақсы, алақаны мен табанында ғана дақты-папулезды бөртпелер бар. Таныстарының кеңесімен фенистил қабылдаған, бірақ әсері болмаған. Осы клиникалық белгілер төменде көрсетілген қандай патологияға сай келеді:
*Аллергиялық бөртпе
*Моллюск терілік формасы
*Қабыршақты теміреткі
*Қотыр
*+Мерез
173.!Бала М, мерзімінде туылды. Туылған кезде ісіңкі болды, 5-6 күні мұрнынан шырышты-қанды бөлініс пайда болды, тыныс алуы қиындады, аузы мен мұрнының айналасында мыс түстес дақты-папулезды бөртпелер бар. Алақаны мен табанында диффузды қызарған. Гепатоспленомегалия, сарғыштық бар. Дәрігер-неонатолог құрсақ ішілік инфекцияны болжады. Төменде көрсетілген қоздырғыштардың қайсысы осы аурудың себебі:
*Listeria monocytogenes
*Toxoplasma gondii
*Rubella
*Сytomegalovirus
*+Treponema pallidum
174.!Бала Т., жүктіліктің 36-шы аптасында туылды, Апгар шкаласы бойынша 4-6 балл. 2-ші күні жағдайы нашарлады, тыныс бұзылыстары синдромы күшейді, сарғайып, гепатоспленомегалия пайда болды. 3-ші күні бүкіл денесінде геморрагиялық сипаттағы бөртпе (суретте көрсетілген) пайда болды. Қанда – тромбоцитопения. Мейілінше ықтимал диагноз:
*Туа біткен токсоплазмоз
*Туа біткен листериоз
*+Туа біткен цитомегалия
*Туа біткен микоплазмалық инфекция
*Туа біткен хламидиоз
175.!Суретте көрсетілген бала 4 айлық, микроцефалия, олигофрения, эписиндром бойынша неврологта «Д» есепте тұрады. Анамнезінен белгілі, гестацияның 34 аптасында туылған, апгар шкаласы 4-6 балл, туылғаннан гепатоспленомегалия, сарғаю, тромбоцитопенияның көріністері болған. Мейілінше ықтимал диагнозды атаңыз:
*+Туа біткен цитомегалия
*Туа біткен токсоплазмоз
*Туа біткен мерез
*Туа біткен қызамық
*Туа біткен листериоз
176.!Бала гестацияның 34-ші аптасында асфиксиямен туылды, өкпесінде бронхопневмонияның көрінісі, тері жабындысы боз, лас-сұр түспен, бүкіл денесінде папулезды-геморрагиялық бөртпе бар, гепатоспленомегалия, қанда лейкоцитоз. Анасы –студент, босанардан аз уақыт бұрын гамбургерден уланғанын айтады, қызуы жоғарылап, тонзиллит белгілері болған. Дәрігер неонатолог құрсақ ішілік сепсис деген болжам диагноз қойған. Төменде келтірілген патологиялардың қайсысымен дифференциалды диагноз жүргізген жөн:
*Іріңді менингит
*+Туа біткен листериоз
*Жайылған вирусты инфекция
*Зат алмасудың тұқым қуалайтын патологиясы
*Нәрестенің некроздық энтероколиті
177.!3,5 айлық бала К., клиникаға келіп түсті. Қарағанда психо-моторлық дамуының күрт артта қалғандығы, 2 дәрежелі гипотрофия анықталды. Анасының айтуы бойынша неврологта тырысу бойынша, офтальмологта хориоретинит бойынша «Д» есепте тұрады. Компьютерлік томографияда бас миында кальцификаттар түрінде патологиялық өзгерістер табылды. Осы патологияның мейілінше ықтимал себебі болып табылады:
*Туа біткен хромосомдық аномалиялар
*Тұқым қуалайтын патология
*Ұрықтың құрсақ ішілік гипоксиясы
* +Ұрықтың құрсақ ішілік өткерген инфекциясы
*Туыт жарақаты
178.!10 күндік ұл бала Л. Туылғаннан бастап жұмсақ тіндердің ісінуі бар, өмірінің 4-ші күні мұрнынан қанды бөлініс пайда болды, мұрнымен тыныс алуы қиындады, аузы мен мұрнының айналасына мыс түстес папулезды бөртпелер шықты. Алақаны мен табаны – диффузды қызарған. Ерні құрғақ, қалыңдаған, жарылған. Гепатоспленомегалия, сарғыштық бар. Анасы әйелдер кеңесінде есепте тұрмаған. Бірінші кезекте қандай тексеру әдісін жүргізу керек:
*+Вассерман реакциясы
*Құрсақ ішілік инфекцияларға ПЦР
*Райт-Хедельсон реакциясы
*Қанды стерилдікке тексеру
*Коагулограмма
179.!Нәрестеде туыла салысымен сепсис тәріздес жағдай орын алған, гипертермия, бүкіл денесінде геморрагиялық бөртпе, мениногоэнцефалит белгілері бар, зертханалық талдауларда айқын лейкоцитоз, нейтрофилез, ликворда Listeria monocytogenes табылған. Қандай дәрілік препаратты тағайындау мейілінше дұрыс болып табылады:
*+Ампициллин
*Делагил
*Контрикал
*Метронидазол
*Суммамед
180.!6 күндік бала Д., 2950 г дене салмағымен туылды, сарғыштық 10-12 күні күшейді, гепатоспленомегалия, денесінде петехиалды бөртпе бар. Ұртынан алынған жағындыда ядролар мен цитоплазмада жасуша ішілік құрылымдары бар көп ядролы алып жасушалар табылды, гемограммада – тромбоцитопения. Қандай дәрілік препаратты тағайындау мейілінше дұрыс болып табылады:
*Иммунал
*+Цитотект
*Сумамед
*Интерферон
*Виферон
181.!Балада өмірінің 3-ші күні мұрнымен тыныс алуы қиындады, аузы мен мұрнының айналасына мыс түстес папулезды бөртпелер пайда болды. Алақаны мен табаны – диффузды қызарған. Ерні құрғақ, қалыңдаған, жарылған. Гепатоспленомегалия, сарғыштық бар. Анасында Вассерман реакциясы оң болды. Төменде көрсетілген емнің қайсысын қолданған жөн:
*+Пенициллин
*Реоферон
*Метронидазол
*Кортикостероидтар
*Сумамед
182.!Гестацияның 32 аптасында 2000 г дене салмағымен туылған балада сарғыштық, гепатоспленомегалия, денесінде петехиалды бөртпе бар. Ұртынан алынған жағындыда ядролар мен цитоплазмада жасуша ішілік құрылымдары бар көп ядролы алып жасушалар табылды, гемограммада – тромбоцитопения. Осы патологияны емдеуде қандай препарат мейілінше тиімді болып табылады:
*Иммунал
*+Цитотект
*Сумамед
*Интерферон
*Цефазолин
183.! Суретте көрсетілген бала 34-ші аптада туылды. 4-ші күні балада байқалды: гепатоспленомегалия бар, сарғыштық күшейіп жатыр, сондай-ақ мұрнынан көп бөліністің пайда болуына байланысты (суретте көрсетілгендей) тыныс алуы қиындады. Анасы тексерілмеген, себебі есепте тұрмаған. Дәрігер-неонатолог құрсақ ішілік инфекцияны болжады. Перзентхана жағдайында дұрыс таңдалынған тактиканы көрсетіңіз:
*Цефалоспориндер тобынан антибиотик тағайындау
*Макролидтер тобынан антибиотик тағайындау
*Карбопенемдер тобынан антибиотик тағайындау
*+Пенициллиндер тобынан антибиотик тағайындау
*Аминогликозидтер тобынан антибиотик тағайындау
184.!Нәрестеге туа біткен ерте мерез диагнозы қойылды. Пенициллиннің ең дұрыс таңдалған мөлшері:
*50 мг/кг/тәул.
*+100 мг/кг/тәул.
*150 мг/кг/тәул.
*200 мг/кг/тәул.
*250 мг/кг/тәул.
185.!Нәрестеге туа біткен хламидиоз диагнозы қойылды. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы осы ауруды емдеуде мейілінше тиімді:
*Пенициллин
*Цефазолин
*Гентамицин
*+Сумамед
*Меронем
186.!Нәрестеге туа біткен цитомегаловирусты инфекция диагнозы қойылды. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы осы ауруды емдеуде мейілінше тиімді:
*+Неоцитотект
*Ацикловир
*Фоскавир
*Валтрекс
*Рибавирин
187.!Нәрестеге туа біткен герпестік инфекция диагнозы қойылды. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы осы ауруды емдеуде мейілінше тиімді:
*Неоцитотект
*+Ацикловир
*Фоскавир
*Валтрекс
*Рибавирин
188.!2 айлық бала ҚІИ-ға тексерілгеннен кейін жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Анамнезінен белгілі болғандай, гестацияның 34-ші аптасында Апгар шкаласы бойынша 4-6 баллмен туылған, туылғаннан бастап гепатоспленомегалия, сарғаю, тырысу бар, эхографияда әктену аймақтары табылған, Toxoplasma gondi бойынша серопозитивті. Осы науқасты емдеудің ең тиімді этиотропты кестесі:
*Виферон балауыздары + неоцитотект
*Виферон балауыздары + сумамед
*+Пириметамин +сульфадемезин
*Ампициллин + гентамицин
*Ацикловир + преднизолон
189.!Дәл анықталып қойылған туа біткен листериоздың емінің ең тиімді кестесі болып табылады:
*Пенициллин + цефтриаксон
*Тетрациклин + сумамед
*Пириметамин +сульфадемезин
*+Ампициллин + гентамицин
*Цефазолин + ванкомицин
190.!Перзентханада мерзіміне жетіліп туылған бала жатыр, балада тыныс бұзылыстары синдромы, жоғарғы жүйке-рефлекторлық қозғыштық бар, туылғаннан кейін 4 сағаттан соң емге қиыншылықпен көнетін тырысулар, қызба байқалды. Терісі мен ауыз қуысының шырышты қабығын қарағанда суретте көрсетілгендей өзіндік везикулезді элементтер табылды. Перинаталдық медицина мамандарының ұсыныстарына сай осы патологияны емдеудегі таңдау препараты болып табылады:
*Неоцитотект
*+Ацикловир
*Фоскавир
*Валтрекс
*Рибавирин
191.!Бронх-өкпелік дисплазияның ЕҢ ықтимал морфологиялық негізі болып табылады:
*+өкпенің альвеола ішілік және интерстициалды фиброзы
*газдардың альвеолярлық-капиллярлық мембранасы арқылы диффузиясы
*көмір қышқылының үлкен қан айналым шеңберінен өкпе капиллярларына перфузиясы
*өкпе тамырларының экссудатпен жаншылуы
*жүрек-өкпелік бейімделудің бұзылысы
192.!Бронх-өкпелік дисплазиямен туылған шала туылған балаларда өмірінің бірінші жылы мейілінше жиі күтілетін ауру қандай:
*+Қайталаушы пневмониялар
*Пневмоторакс
*Вильсон-Микити синдромы
*Химиялық пневмонит
*Хаммен-Рич синдромы
193.!Мына нәрестелерде бронх-өкпелік дисплазияның дамуы мейілінше ықтимал:
*+Туылғандағы салмағы 1500 г-нан төмен
*Туылғандағы салмағы 3000 г-нан төмен
*Туылғандағы салмағы 3500 г-нан төмен
*Туылғандағы салмағы 3000 г-нан жоғары
*Туылғандағы салмағы 4000 г-нан жоғары
194.!Бронх-өкпелік дисплазияның түзілуінің қауіп факторы болып табылады:
*Баланың туылғандағы салмағы 3000 г-нан төмен
*Баланың туылғандағы салмағы 4000 г-нан жоғары
*Анасының жүктілік барысындағы бронх-өкпелік аурулары
*Өкпенің жасанды вентиляциясы 4 күннен аз
*+Өкпенің ұзартылған жасанды вентиляциясы 6 күннен көп
195.!Төменде көрсетілген көрсеткіштердің қайсысы бронх-өкпелік дисплазиямен туылған нәрестелердің бронх-альвеолалық лаваждық сұйықтығындағы жоғарылауы мейілінше ықтимал:
*+Лейкотриендер
*Сурфактант
*Антипротеаза
*Белок деңгейі
*РаО2(оттегінің)
196.!Дамып жатқан фиброздың алғашқы белгілері балаларда қай жаста пайда болады:
*+Өмірінің 14-ші күні
*Туылған кезде
*Өмірінің 1-ші күні
*Өмірінің 3-ші күні
*Өмірінің 5-ші күні
197.!1айлық балада ЖРВИ фонында аурудың 6-шы күні жағдайы нашарлап, дене қызуы қайтадан 39,80С дейін жоғарылады, қырқылдаған жиі тыныс пайда болды. Аускультацияда – екі жағынан да ылғалды сырылдар. Қанда: Лейк – 16,8х109\л, э – 14%, т\я – 1%, с/я – 48%, л- 29%, м- 8%, ЭТЖ – 3 мм\сағ.Науқаста қандай диагноз мейілінше ықтимал:
*Бронхиолит
*Обструктивті бронхит
*Қайталаушы бронхит
*+Пневмония
*Плеврит
198.!Нәресте өмірінің 10-шы күні жедел ауырды. Дене қызуы 390С дейін жоғарылады. Жағдайы өте ауыр, айқын ТЖ, өкпеде деструктивті өзгерістер. Қанда лейкоцитоз, жылдамдаған ЭТЖ, анемия. R-граммада инфильтраттар, буллалар.
Осы аурудың мейілінше ықтимал себебі қандай қоздырғыш болып табылады:
*Микоплазма
*Саңырауқұлақтар
*Пневмококк
*Стрептококк
*+Стафилококк
199.!Туылғанына 29 күн болған нәресте айқын токсикозбен ауруханаға түсті. Бала ентігеді, дене қызуы 380С. Перкуссияда қораптық тыныс естіледі. Ауыскультацияда тұрақты ұсақ көпіршікті сырылдар. Диагнозды нақтылау үшін қандай тексеру әдісі мәліметті мейілінше көп береді:
*+Кеуде қуысы ағзаларыныңR-графиясы
*Несептің жалпы талдауы
*Қанның биохимиялық талдауы
*Қақырықты флораға себу
*Қанның жалпы талдауы
200.!5 күндік қыз бала. Мерзімінде туылған, босану патологиясыз. Өмірінің 3-ші күні ентігу пайда болды. Емшектен бас тартты. Температура субфебрилді. Анасында босанудың алдында пиелонефрит өршіген. Сусыз кезең 48 сағат. Науқаста қандай ауру мейілінше ықтимал:
*Гиалиндік мембраналар ауруы
*+Құрсақ ішілік пневмония
*Респираторлық-дистресс синдром, ісіну-геморрагиялық синдром
*Шашыранды ателектаздар
*Цитомегаловирусты инфекция
201.!3,5 айлық қыз бала А. Жүктіліктің 22-ші аптасында туылған. Туылғандағы салмағы 600 г. Туылғаннан бастап бөлімшеде жатыр, толқын тәрізді ағыммен өтіп жатқан пневмонияға байланысты ем алып жатыр. 2-ші аптасына дейін өкпенің жасанды вентиляциясында болды. 3-ші аптада бронхообструкция белгілері пайда болды. Рентгенограммада – өкпе алаңдарында мөлдірлігі жоғары аймақтармен алмасып отырған тығыз ошақтар (фиброздық аймақтар) («араның ұясы»). Бронх-өкпелік сурет күшейген. Жүректің контуры бұлыңғырланған. Бронх-өкпелік дисплазия кезінде қандай көрсеткіштің төмендеуі барынша күтіледі:
*+Қанның оттегімен қанығуы
*Қанның көмір қышқылымен қанығуы
*Сүт қышқылының деңгейі
*Пирожүзім қышқылының деңгейі
*Катехоламиндердің деңгейі
202.!14 күндік қыз бала Б. Жан сақтау бөлімшесінде жатыр. Құрсақ ішілік пневмонияға байланысты ем алып жатыр. Өкпенің жасанды вентиляциясы әдісімен туылғаннан бастап оксигенотерапияны жүргізіп жатыр. 14-ші күні тыныс жеткіліксіздігі күшейді. Оксигенацияны жүргізу барысында өкпенің жасанды вентиляциясының параметрлері жеткіліксіз болып шықты. Өкпеде ылғалды сырылдардың саны көбейді. Рентгенограммада өкпе алаңдарының мөлдірлігінің диффузды төмендеуі анықталды. Бұл балада 2-ші аптаның соңында қандай асқыну дамыды:
*+Бронх-өкпелік дисплазия
*Пневмоторакс
*«Ауа жылыстау» синдромы
*Пневмомедистинум
*Вильсон-Микити синдромы
203.!Бала 32-ші аптада туылды. Баланың жағдайы ауыр, улану айқын. Өкпесінде пневмония белгілері бар. Осы жағдайда емнің қандай кестесі мейілінше дұрыс болып табылады:
*Ампициллин+сульфаниламидтер
*Нистатин + цефалексин
*Викасол + дицинон
*+Гентамицин +ампициллин
*Интерферон + ацикловир
204.!Туылғанына 28 күн болған нәресте жедел ауырды. Дене қызуы 38,5 дейін жоғарылады, енжар, емшектен бас тартты. 2-ші күні ентігу пайда болды. Өкпесінде пневмонияның клиникалық көрінісі бар. Осы науқасты емдеу үшін қандай дәрілік препаратты тағайындау жөн болып табылады?
*Гормондар
*Ылғалдандырылған оттегі
*+Антибиотиктер
*Бронхомиметиктер
*Кеуде торының вибрациялық массажы
205.!Бала гестацияның 34-ші аптасында 4-ші жүктіліктен, 2-ші туыттан туылды. Жүктіліктің 2-ші жартысында токсикоз, орта дәрежедегі анемия. Туылғандағы салмағы 2150 г, бойы 42 см. Туылғанда: «Респираторлық-дистресс синдром, II дәрежесі» диагнозы қойылды. 16-шы күні үйінде жағдайы нашарлады: енжарлық, бұлшық ет гипотониясы пайда болды, рефлекстері тежелді, лоқсыды, дене қызуы 38.40 С дейін жоғарылады. Өкпесінде тыныс барлық аймақтарда әлсіреген, бірен-саран ұсақ көпіршікті сырылдар бар. Тахикардияға бейімділік бар, ырғағы дұрыс. Іші жұмсақ, перистальтикасы белсенді. Сіздің болжам диагнозыңыз:
*Бейімделу кезеңі. Шалу туылу, 34 апта
*Респираторлық дистресс-синдром. Шалу туылу, 34 апта
*Неонаталдық сарғаю. Шалу туылу, 34 апта
*+Екі жақты пневмония. Шала туылу
*ОНЖ перинаталдық зақымдалуы, шала туылу
206.!Бала гестацияның 28-ші аптасында туылды. Жүктілік 2-ші жартысында токсикозбен, ұрықтық-плацентарлық жеткіліксіздікпен, орта дәрежедегі анемиямен өткен. Туылғандағы салмағы 1280 г, бойы 34 см. Туылғанда: «Респираторлық-дистресс синдром, II дәрежесі» диагнозы қойылды. Өмірінің 5-ші күні енжарлық, бұлшық ет гипотониясы пайда болды, рефлекстері тежелді, лоқсыды. Тері жабындысы аздап сарғыш. Өкпесінде тыныс барлық аймақтарда әлсіреген, сырылдар жоқ. Тахикардияға бейімділік бар, ырғағы дұрыс. Іші жұмсақ, аздап кепкен, перистальтикасы белсенді. Сіздің болжам диагнозыңыз:
*Бейімделу кезеңі. ОНЖ перинаталдық зақымдалуы. Шалу туылу, 27 апта
*Респираторлық дистресс-синдром. Шалу туылу, 27 апта
*Неонаталдық сарғаю. Шалу туылу, 27 апта
*+Құрсақ ішілік пневмония. ОНЖ перинаталдық зақымдалуы. Неонаталдық сарғаю
*Туа біткен сепсис. Неонатальды сарғыштық
207.!3,5 айлық қыз бала А. Жүктіліктің 22-ші аптасында туылған. Туылғандағы салмағы 600 г. Туылғаннан бастап бөлімшеде жатыр, толқын тәрізді ағыммен өтіп жатқан пневмонияға байланысты ем алып жатыр. 2-ші аптасына дейін өкпенің жасанды вентиляциясында болды. 3-ші аптада бронхообструкция белгілері пайда болды. Рентгенограммада – өкпе алаңдарында мөлдірлігі жоғары аймақтармен алмасып отырған тығыз ошақтар (фиброздық аймақтар) («араның ұясы»). Бронх-өкпелік сурет күшейген. Жүректің контуры бұлыңғырланған. Қандай диагноз мейілінше ықтимал?
*Өкпелік веналық ағыстың аномалдық дренажы
*Химиялық пневмонит
*Вильсон-Микити синдромы
*Хаммен-Рич синдромы
*+Бронх-өкпелік дисплазия
208.!3,5 айлық қыз бала А. Жүктіліктің 22-ші аптасында туылған. Туылғандағы салмағы 600 гр. Туылғаннан бастап бөлімшеде жатыр, толқын тәрізді ағыммен өтіп жатқан пневмонияға байланысты ем алып жатыр. 2-ші аптасына дейін өкпенің жасанды вентиляциясында болды. 3-ші аптада бронхообструкция белгілері пайда болды. Рентгенограммада – өкпе алаңдарында мөлдірлігі жоғары аймақтармен алмасып отырған тығыз ошақтар (фиброздық аймақтар) («араның ұясы»). Бронх-өкпелік сурет күшейген. Жүректің контуры бұлыңғырланған. Обструктивті синдромды емдеу үшін қандай препаратты қолданған ең тиімді болып табылады?
*+Сальбутамол
*Амброксол
*Е дәрумені
*Фуросемид
*Ванкомицин
209.!Нәрестелер сепсисіне тән:
*Лейкоцитоз лимфоцитозбен
*Лейкопения моноцитозбен
*+Лейкоцитоз нейтрофилезбен
*Лейкопения нейтрофилезбен
*Лейкопенияретикулоцитозбен
210.!Сепсиспен антенаталды инфицирленудің себептері:
*Кесар тілігі арқылы босану
*+Сусыз кезең
*Туыт кезіндегі көпсулылық
*Анасындағы нефропатия
*Плацентаның жатуы
211.!Нәрестелердегі сепсисте өлім қай ағымында жиі болады:
*+Найзағай тәрізіді ағымында
*Созылмалы ағымында
*Жеделдеу ағымында
*Ауыр ағымында
*Ауырлығы орта дәрежелі ағымында
212.!Нәрестелердегі жүйелі қабынулық жауап синдромының клиникалық критерийінің бірі болып табылады:
*Асқорытудың бұзылысы
*Салмағын нашар қосу
*+Байланысқа бейімділікті (коммуникабельность) жоғалту
*Биоценоздың бұзылысы
*Сарғаю синдромы
213.!Нәрестелердегі «жүйелі қабынулық жауап синдромы» түсінігіне келесі ауру жатады:
*+Сепсис
*Тұқым қуалайтын ауру
*Эндокринопатия
*Геморрагиялық ауру
*Гемофилия
214.!Нәрестедегі сепсистің дамуына әкелетін фактор:
*+Хорионамнионит
*Ота арқылы жүзеге асырылған босану
*Жылдам босану
*Мерзімінде босану
*Плацентаның жатуы
215.!Нәрестедегі сепсистің ерте клиникалық белгісі:
*Септикопиемия
*+Байланысқа бейімділікті (коммуникабельность) жоғалту
*Инфекциялық-токсикалық шок
*Дене салмағын жеткілікті қосу
*Кома
216.!Криптогенді сепсисте кіру қақпасы:
*Тері
*Ішек
*Кіндік жарасы
*Шырышты қабықтар
*+Белгісіз
217.!Егер сепсиспен науқастың қаны бактериялардың тасымалдаушысы болып қана қоймай, микробтарды жою қабілетінен де айырылса, бұл:
*+Септицемия
*Бактериемия
*Септикопиемия
*Токсинемия
*Анемия
218.!Интранаталды инфицирленудегі сепсистің берілу жолы:
*+Анасының туыт жолдары
*Қызметкерлердің қолы
*Күтім заттары
*Науқас адамдар
*«Терімен тері» анасымен арқылы жанасқанда
219.!Сепсистің басты симптомы болып табылады:
*+Интоксикация
*Сарғаю
*Ісіну
*Бөртпе
*Тәбеттің төмендеуі
220.!Нәресте А., туылғанына 29 күн болды. Жүктілік кезінде анасында кольпит пен пиелонефриттің өршуі орын алған. 34-ші аптада ауыр асфиксиямен туылды. Жағдайы аса ауыр, ентігеді, лоқсиды, салмағын жоғалтып жатыр. Терісі сұр түстес. Аяғында склерема. Жауырынның бұрышынан төмен жерде перкуторлық дыбыс қысқарған. Тынысы әлсіреген, сықырлаушы сырылдар. Кіндік сақинасы қызарған, кіндіктен іріңді бөлініс бар. Мейілінше шынайы негізгі диагноз қандай?
*Іріңді омфалит
*Құрсақ ішілік пневмония
*Сепсис, септицемия
*+Сепсис, септикопиемия
*Шала туылған нәресте склеремасы
221.!Туылғанына 9 күн болған нәресте құрсақ ішілік кіндіктік сепсис, септикопиемияға байланысты ауруханада жатыр. 9-шы күні жағдайы күрт нашарлаған. Есі тежелген. Гипертермия. Бірнеше рет құсты, құсығы «кофе қоюы» түстес. Инъекцияның орны қанайды, денесінде экхимоздар. Бауыры 3,5 см қабырға доғасынан шығып тұр. Қан талдауында: Нв-110 г/л, Эр.-4,5 х 1012/л, Л-25х109/л. Несебінде көп мөлшерде эритроциттер, бірен-саран эпителий. Сепсистің қандай асқынуы орын алып отыр?
*Инфекциялық-токсикалық шок
*Коматоздық жағдай
*Ісіну синдромы
*+ТШҚҰ-синдромы
*Токсикалық гепатит
222.!12 күндік нәресте Ф. Шағымдары: дене қызуы 390С дейін жоғарылады. Қарау барысында бала токсикалық-септикалық күйде. ТЖ ІІ көріністері, өкпеде деструктивті пневмония. R-граммада инфильтраттар, буллалар. Қанда лейкоцитоз, жылдамдаған ЭТЖ, анемия. Осы аурудың мейілінше ықтимал себебі қандай қоздырғыш болып табылады?
*Микоплазма
*+Стафилококк
*Пневмококк
*Саңырауқұлақтар
*Стрептококк
223.!Нәресте А., туылғанына 24 күн болды. 4-ші жүктіліктен туылды. Жүктілік кезінде анасында кольпит пен пиелонефриттің өршуі орын алған. Туыт 3-ші, 35-ші аптада. Туылғандағы салмағы 2000 г. ІІ дәрежелі асфиксияға байланысты туылған кездегі жағдайы ауыр. Туылғаннан бастап ентігу, лоқсу, бұлшық ет гипотониясы. Салмағын нашар қосып жатыр. Терісі сарғыш-сұр. Аяғында склерема. Жауырын сызығы бойынша екі жақта да перкуторлық дыбыс қысқарған. Тынысы әлсіреген, сырылдар жоқ. Жүрек үндері кереңделген. Кіндік сақинасы суланып тұр, кіндіктен іріңді бөлініс бар. Сіздің болжам диагнозыңыз?
*Іріңді омфалит
*Құрсақ ішілік пневмония
*Сепсис, септицемия
*+Сепсис, септикопиемия
*Шала туылған нәресте склеремасы
224.!Облыстық клиникалық балалар ауруханасында құрсақ ішілік кіндіктік сепсис, септикопиемияның ауыр дәрежесі диагнозымен байланысты ауруханада ем алып жатқан нәрестенің өмірінің 8-ші күні жағдайы күрт нашарлады: есі тежелген, гипертермия, «кофе қоюы» түстес құсу пайда болды. Инъекцияның орны қанайды, денесінде экхимоздар. Бауыры 3,5 см қабырға доғасынан шығып тұр. Қан талдауында: Нв-110 г/л, Эр.-4,5 х 1012/л, Л-25х109/л. Несебінде көп мөлшерде эритроциттер, бірен-саран эпителий.
Копрограмма:шырыш +++, л-20-25 к/а, бірен-саран эритроциттер. Нәрестедегі осы геморрагиялық синдром немен байланысты:
*Нәрестенің геморрагиялық ауруымен
*Изоиммундық тромбоцитопениямен
*Тұқым қуалайтын коагулопатиямен
*+ТШҚҰ-синдромымен
*Феталді гепатитпен
225.!Нәресте жедел ауырды: дене қызуы 390С дейін жоғарылады токсикалық-септикалық күйге түсті, айқын ТЖ, өкпеде деструктивті өзгерістер. R-граммада инфильтраттар, буллалар. Қанда лейкоцитоз, жылдамдаған ЭТЖ, анемия. Осы аурудың мейілінше ықтимал себебі қандай қоздырғыш болып табылады?
*Микоплазма
*Саңырауқұлақтар
*Пневмококк
*+Стафилококк
*Стрептококк
226.!7 күндік нәресте. «Сепсис, септикопиемия» диагнозымен перзентханадан нәрестелер патологиясы бөлімшесіне ауыстырылды. Баланың жағдайы нашарлады. Мазасызданды, гипертермия 390С. Басын артқа шалқайтады, шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі бар. Грефе симптомы оң. Гиперестезия. Диагнозды нақтылау үшін қандай тексеру жүргізу керек?
*+Люмбалді пункция
*Көз түбін тексеру
*Қан тобын және резус-тиістілікті анықтау
*ЭхоЭГ
*Нейросонография
227.!10 күндік нәресте. «Сепсис, септикопиемия» диагнозымен нәрестелер патологиясы бөлімшесінде жатыр. Баланың жағдайы күрт нашарлады. Басын артқа шалқайтады, Грефе симптомы оң, гиперестезия, шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі, өте мазасыз, гипертермия 390С. Диагнозды нақтылау үшін қандай тексеру жүргізу керек?
*ЭхоЭГ
*Көз түбін тексеру
*Қан тобын және резус-тиістілікті анықтау
*+Люмбалді пункция
*Нейросонография
228.!Сепсистің дифференциалды диагностикасы үшін ең ықтимал критерий?
*+Жайылған қабыну реакциясының болуы
*Айқын ішектік синдром
*Бірінің артына бірі дамитын инфекция ошақтары
*Жергілікті ошақ фонында және/немесе қоздырғыштың қаннан себілуі
*ОЖЖ-ң ауыр зақымдалуы
229.!Сепсиспен ауырып кеткен нәрестелердің диспансерлік бақылауын жүргізеді: *1 айға дейін *3 айға дейін *1 жасқа дейін *+3 жасқа дейін *6 жасқа дейін
230.!Шала туылған балаға кіндік тамырының катетеризациясы жасалды, кіндік қалдығы кеш түскен, регенерациясы баяу, кіндігі суланып тұр, сондай-ақ тері жабындысы сұрғылт, енжар емеді, салмағын нашар қосып жатыр, ОЖЖ тежелу симптомдары. Сіздің диагноз:
*Суланған кіндік
*Омфалит
*Кіндік тамырының флебиті
*+Кіндік сепсисі
*Кіндік сақинасының жыланкөзі
231.!Нәресте сепсисінің патогенезінде маңызды рөлге ие:
*+Бактериалдық диссеминация
*Метаболизм бұзылысы
*Микроциркуляция бұзылысы
*Эндокриндік патология
*Ішек биоценозының бұзылысы
232.!Нәрестеге менингит диагнозын қоюда шешуші мәнге ие менингитке тән белгі:
*Ликвордың қысымы
*Ликвордағы эритроциттер
*Ликворда белоктардың көбеюі
*Ликворда хлоридтердің көбеюі
*+Ликворда нейтрофилдердің көбеюі
233.!3 күндік бала. IV жүктіліктен туылды, бұған дейінгі 3 жүктілік ерте мерзімдерде түсіктермен аяқталған. Босануға 2 апта қалғанда анасында дене қызуы 390С дейін жоғарылап, цистит белгілері пайда болды, белі ауырды. Баланы қарағанда: дене қызуы 38,50С, тері жабындылары боз, денесінде папулезды-розеолезды бөртпе, өкпесінде әлсіз тыныс, сықырлаушы сырылдар. Мойын лимфа түйіндері пальпацияланады, бауыры +2 см. Анасы ауылдық жерде тұрады. Баланы толық тексергенге дейін ем тағайындаңыз:
*Эритромицин
*+Ампициллин+гентамицин
*Цефазолин + амикацин
*Азитромицин
*Линкомицин
234.!Шала туылған бала, жағдайы ауыр, улану белгілері бар, пневмония, гепатоспленомегалия, арқаның, іштің терісінде, шырышты қабықтарда гранулематозды бөртпелер бар. Осы жағдайда емнің қандай кестесі мейілінше дұрыс болып табылады?
*Ампициллин+ сульфаниламидтер
*Нистатин + цефалексин
*Викасол + дицинон
*Интерферон + ацикловир
*+Гентамицин + ампициллин
235.!Сепсис кезіндегі антибактериалдық емнің негізі мынадай:
*+Синергизмге қабілетті препараттардың комбинациясы
*Антибиотиктерді жиі ауыстыру
*Антагонизмге қабілетті препараттардың комбинациясы
*1 антибиотик тағайындау
*Антибиотиктерді энтералды енгізу
236.!Нәрестелердегі сепсис кезіндегі токсикозбен күресудің ең тиімді әдісі:
*Дәрумендер тағайындау
*+Плазмаферез
*Антибиотиктер тағайындау
*Гормондар тағайындау
*Ксенобиотиктер тағайындау
237.!Нәрестелердегі сепсисті емдеу кезінде антибактериалды препараттарды алып тастаудың критерийлері:
* ТШҚҰ-синдромының жойылуы
*+Жүйелі қабынулық реакция синдромының жойылуы
*Билирубин деңгейінің төмендеуі
* Инфекциялық-токсикалық шоктың жойылуы
*Ішек биоценозының қалпына келуі
238.!Сепсиске күдік туғанда бірінші кезекте келесі тексеру әдісін жүргізу керек:
*+Қанды бактериологиялық тексеру
*Несепті бактериологиялық тексеру
*Нәжісті бактериологиялық тексеру
*Қақырықты бактериологиялық тексеру
*Көзден микрофлораға жағынды алу
239.!Селективті бактериалды деконтаминация жүргізіледі:
*+Бактериофагтармен
*Иммуноглобулиндермен
*Эубиотиктермен
*Гормондармен
*Пробиотиктармен
240.!Сепсистің этиотропты емі мынаған бағытталған:
*+Инфекциялық факторға
*Несептің пассажын жақсартуға
*Зат алмасуды жақсартуға
*Иммундық жүйені қалпына келтіруге
*Гормон алмастыруға (актрапид, тироксин)
241.!Сепсис кезінде нәрестелерде ең көп қолданылатын бактерицидтік антибиотиктер: *Макролидтер *Линкомицин
*Микосист *+Цефалоспориндер
*Умколор
242.!Нәрестелердегі сепсис кезінде иммунитетті қалпына келтіру үшін қолданады:
*+Иммуноглобулин
*Бактериофаг
*Аминовез
*Неотон
*Реополиглюкин
243.!Нәрестелердегі сепсисті мына аурудан мақсатты түрде ажырату керек:
*+Туа біткен лейкоздан
*Эмбриофетопатиядан
*Туа біткен микоплазмоздан
*Диабеттік фетопатиядан
*Артрогриппоздан
244!Нәрестеге менингит диагнозын қоюда ,шешуші мәнге ие менингитке ең тән белгі:
*Жұлын сұйықтығының қысымы
*Жұлын сұйықтығындағы эритроциттер
*Жұлын сұйықтығында белоктардың көбеюі
*Жұлын сұйықтығында хлоридтердің көбеюі
*+Жұлын сұйықтығында нейтрофилдердің көбеюі
245.!Жетіліп туылған нәрестелерде зәр шығару жүйесінің инфекциясы кезінде ең ықтимал патогені:
*+Ішек таяқшасы
*Клебсиеллар
*Протейлер
*Энтерококктар
*Стафилококктар
246.!Төменде көрсетілген қай заттар жетіліп туылған нәрестелердің бүйрек астаушаларында толық реабсорбцияланады?
*Аминқышқылдар
*Төмен малекулалы ақуыздар
*+Глюкозалар
*Натрий иондары
*Калий иондары
247.!Дені сау балардағы креатинин сары суының қалыпты мөлшері тәуелді ең мүмкін болатын көрсеткіш:
*Бойы
*Жасы
*Дене салмағы
*+Бұлшық ет массасы
*Кеуде клеткасының колемы
248.!Төмендегі көрсетілген зәр шығару жүйесінің аурыларының ішінде нәрестелік кезеңде ең жиі кездесетін ауру:
*Жедел бүйрек бұзылысы
*Гипоксиялық нефропатия
*+Зәр шығару жүйесінің инфекциясы
*Метаболикалық нефропатия
*Туа пайда болған бүйрек ақауы
249.!Нефротикалық синдромның ең басты физикалық белгісі:
*+Ісіктер
*Гипертензия
*Макрогематурия
*Перифериялық нейропатия
*Тері түсінің және клегей қабатының бозғылттығы
250.!Нәрестелердегі зәрдегі бірлік эпителиальды жасушалардың болуы нені көрсетеді?
*+Қалыпты
*Циститте
*Пиелонефритте
*Зәр шығару жүйесінің инфекциясы
*Тубулоинтерстициалды нефрите
251.!Геморрагиялық циститтәі ең мүмкін болатын қоздырғышы?
*Стрептококктар, стафилококктар
*Вирус, бактериялвр
*+Вирус, саңырауқұлақтар
*Микоплазма, хламидиялар
*Гельминттер, саңырауқұлақтар
252.!Нәресте балада бүйрек тінінің және тостағаншаларының ылғалды қабатының каналшықтардың бұзылысымен жүретін бактериалды қабыну анықталды.Қай диагноз ең болжамдысы?
*Гломерулонефрит
*Цистит
*+Пиелонефрит
*Нефроптоз
*Нефролитиаз
253.!Нәрестелерде қай белгі пиелонефрит кезінде ең басым белгісі болып табылады?
*Диурездің бұзылуы
*+Интоксикация белгісі
*Ісіктер
*Неврологиялық симптоматика
*Ұйқысының бұзылуы
254.!Дисхрония кезінде жаңа туылған нәрестелерде бүйректің қандай патологиясы кездеседі?
*Тамыр аяқшалары бола тура бүйректің болмауы
*Бүйрек салмағының төмен болуы
*Бүйректің дұрыс емес орналасуы
*+Бүйректің даму қарқынының бұзылысы
*Бүйрек санының көбеюі
255.!Баланың өмірінің бірінші айында ең тән зәрдің салыстырмалы тығыздығы?
*1008-1018
*+1002-1004
*1010-1017
*1012-1020
*1011-1025
256.!Қыз бала А.,жасы 25 күн.Шағымы құсуға ,дене температурасының 38ºС қа дейін көтерілуіне.Қыз бала мазасыз,жылауық.Диурез төмендеген.Жалпы зәр анализінде : аздаған ақуыз,эритроциттер 10 көру алаңында,лейкоциттер 80-ге дейін көру алаңында.Ең мүмкін болатын диагноз:
*+Жедел пиелонефрит
*Жедел нефрит
*Жедел цистит
*Нефротикалық синдром
*Жедел бүйрек жетіспеушілігі
257.!Нәрестеде гематурия және гипертензиямен қатар ісік пайда болды.Төменде көрсетілген диагноздардың ең болжамдысы:
*+Гломерулонефрит
*Цистит
*Пиелонефрит
*Нефроптоз
*Бүйректің поликистозы
258.!Балалардағы зәрлік белгісінің протейндік көрінісі кезіндегі қандай көрсеткіштің жоғарлауы ең тән болып табылады?
*Лейкоциттердің
*Эритроциттердің
*Қант
*+Ақуыз
*Лимфоциттер
259.!Төменде көрсетілгендердің қайсысы жедел бүйрек жетіспеушілігі кезінде нәрестелердегі өкпенің ісінуіне алып келетін ең мүмкін болатын себепке жатады?
*нефронның дисталды сегменттерінде сұйықтықтың критикалық төмен түсуі
*кардиомиоциттердің трансмембрана патенциалының патологиялық өзгерісі
*+ағзада натрийдің кідіруі,жасушадан тыс сұйықтықтың көлемінің патологиялық өсуі
*тубулярлық эпителиоциттердің жоғалуы, сөл шығаратын протондар, аммиак және бикарбонаттық анион өндіруші
*уремия кезінде бүйректің экскреторлық функциясының тез төмендеуі
260.!Зәр талдауында қандай көрсеткіш бүйрек зақымдалуын көресететін ең ерте индикаторы болып табылады?
*Эритроциттер 5-ке дейінк/а
*Лейкоциттер 4-6 –ға дейінк/а
*Протеинурия
*+Микроальбуминурия
*Зәрдің креатининіне 0,2 ақуыздың қатынасы
261.!Дені сау жаңа туылған балаларда гематурияның қандай кезеңі болады?
*1 эритроциттер 1 мл зәрде
*10 эритроциттер 1 мл зәрде
*100 эритроциттер 1 мл зәрде
*+1000 эритроциттер 1 мл зәрде
*10 000 эритроциттер 1 мл зәрде
262.!Туа пайда болған нефротикалық синдромына ең тән белгі?
*Макрогематурия
*УДЗ кезіндегі кішкентай бүйрек
*+1 жасқа дейінгі балалардағы дебют
*Нейросенсорлықкереңдік
*Туа пайда болған жүрек ақауымен бірге жүру
263.!Протеинурияны сандық анықтауға арналған ең заманауи әдіс болып табылады (мг/дл):
*Ақуыздың зәрдегі калийге қатынасы
*Ақуыздың зәрдегі натрийге қатынасы
*Ақуыздың зәрдегі кальцийге қатынасы
*Ақуыздың зәрдегі фосфатқа қатынасы
*+Ақуыздың зәрдегі креатининге қатынасы
264.!Нәрестелердегі гипернатриемия қандай қауіп тудырады?
*+ОНЖ бұзылысы
*ЖТЖ бұзылысы
*АІЖ бұзылысы
*Бауырдың бұзылысы
*Өкпенің бұзылысы
265.!Нәрестелік кезеңде АҚҚ –ның жоғарлауының ең мүмкін болатын себебі?
*Эссенциалдік
*Катехоламиндік криз
*Туа пайда болған бүйрек анамалиясы
*Туа пайда болған бауыр анамалиясы
*+Туа пайда болған тамырлар анамалиясы
266.! Нәрестелердің жедел пиелонефриті кезінде төменде берілгендердің ішінде ең тиімді этиотропты емі болып табылады?
*+Антибактериалды терапия
*Фитотерапия
*Физиотерапия
*Витаминотерапия
*Дезинтоксикациялық терапия
267.!Нәресте 15 күндік бала. Пневмониясына байланысты интенсивті терапия бөлімшесінде жатыр.5-ші күні жағдайы нашарлады: улану көбейді,температурасы жоғарлады.Зәрі лайланды.Зәр талдауында-біріңғай лейкоциттер.Үлкен дәреті ботқа тәрізі күніне 5-6 рет патологиялық қоспасыз.Қандай диагноз ең дұрыс?
*Жедел бүйрек жетіспеушілігі
*Нефроптоз
*Гломерулонефрит
*+Зәр шығару жүйесінің инфекциясы
*Тубулоинтерстициалды нефрит
268.!3 күнге дейінгі нәрестелерде қандай белгі функционалды бүйрек жетіспеушілігіне ең тән?
*+Диурез 0,5 – 2,5 мл/кг/сағ төмен
*Зәрдің 400 мОсм/л осмолярлығы
*Зәрдің осмолярлығының плазма осмолярлығының 1,3 –тен көпке қатынасы
*Концентрациялық мочевинаның коэффициенті 30-дан көп
*Сұйықтық енгізгенге жауап+фурасемид жоқ
269.!Жаңа туылған балалардың бүйрек ауруларының арасындағы ағымы және аяқталуы жағынан ауыр түрде жүретіні?
*+Дисметаболикалық нефропатия
*Жедел пиелонефрит
*Гломерулонефрит
*Нефроптоз
*Цистит
270.!Қандай топ препараттары жедел бүйрек жетіспеушілігін тудыруға ең бейім болып табылады?
*Макролидтер
*Пенициллиндер
*Цефалоспориндер
*Сульфаниламидтер
*+Аминогликозидтер
271.!Бала 1 айлық.Жоғары қызба белгіленді.Анализдерін тексергенде : С-реактивті ақуыз, лейкоцитурия, бактериурия.Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы осы жағдайда ең қолайлы болады?
*Бисептол
*Гентамицин
*Фурагин
*Офлоксацин
*+Амоксициллин
272.!1 айлық балада диареядан,құсудан кейін 4 күн арасында олигурия пайда болды.Қанында азотемия,ацидоз анықталды.Қандай жағдай болжамды болып табылады?
*инфекциалық-токсикалық шок
*жедел пиелонефрит
*+жедел бүйрек жетіспеушілігі
*жедел нефротикалық синдром
*созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
273.! 1 айлық балада диареядан,құсудан кейін 4 күн арасында олигурия пайда болды.Қанында азотемия,ацидоз анықталды.Жаңа туылған балада олигурияның пайда болу себебінің ең болжамдысы?
*Туа пайда болған тубулопатия
*Бүйрек шумақтарының иммундық потологиясы
*Зәр шығару жолдарының жедел инфекциясы
*Респираторлық жүйенің жедел инфекциясы
*+Диареялық синдромның нәтижесіндегі дегидратация
274.!1 айлық балада диареядан,құсудан кейін 4 күн арасында олигурия пайда болды.Қанында азотемия,ацидоз анықталды. Қандай тәсіл олигурияның ерте этаптарында дамуының алдын ала ескертуінің ең маңыздысы болып табылады?
*Шектелген сұйықтық
*Парентералдық тамақтану
*Бикарбонаттарды тез енгізу
*+Регидрон және су ішкізу
*12 сағаттық аштық диета
275.!Нәрестелерде жаралы-некротикалық колиттің летальділігі қанша пайызды құрайды?
*3 % дейін
*13 % дейін
*+ 30% дейін
*80 % дейін
*100 % дейін
276.!Төменде көрсетілгендердің қайсысы жаңа туылған нәрістеде ахалазия механизмінің
ең болжамдысы болып табылады?
*Тамақтандыру кезінде көп мөлшерде ауа жұту
*+Иннервацияның бұзылысы нәтижесінде кардиалды бөлімнің тұрақты тарылуы
*Төменгі өңештің сфинктерінің жетіспеушілігі
*Привратник мускулатурасының спазмы
*Асқазандағы заттың еріксіз ауыз арқылы сыртқа шығуы
277.!Пилоростеноздың қандай клиникалық белгісі ең мағлұматты болып келеді?
*Өмірінің 2-3 күнінен аурудың басталуы
*Өт қоспасынсыз құсу
*+Қышқыл иіспен құсық массасы
*Әр күнде құсудың көлемі мен жиілігі әр қалай
*Дене салмағын жақсы қосу
278.!Жаңа туылған нәрестеде туылғаннан бастап дұрыс тамақтандыру кезінде сүзбеленген
сүтпен кекіру, сұйық нәжіс, іш қату жоқ, гипотрафия. Төменде көрсетілгендердің қайсысы
ең болжамды диагноз болып табылады?
*Асыра тамақ беру
*+Пилороспазм
*Пилоростеноз
*Өңештің атрезиясы
*Меконилық илеус
279.!Жаңа туылған балада ішек өтімсіздігіне күмән туды. Қандай белгі ішек өтімсіздігінің орналасуын анықтауда ең мағлұматты болып табылады?
*+Құсық массасында қоспаның табылуы
*Құсық массасының көлемі
*Құсықтың пайда болу уақыты
*Құсықтың жиілілігі
*Құсық массасында сүзбеленген емшек сүтінің кезеңі
280.!Жаңа туылған нәрестеде өмірінің бірінші күнінен бастап шырыш қоспасымен, өтпен құсу, сусыздану, салмағының төмен түсуі. Ең мүмкін болатын диагноз?
*+Ішек өтімсіздігі
*Пилороспазм
*Көмейөңештік жыланкөз
*Пилоростеноз
*Аэрофагия
281.!Жаңа туылған нәрестеде өмірінің бірінші күнінен бастап шырыш қоспасымен, өтпен құсу. Тамақтандырудан кейін эпигастрий аймағында аздаған кебу байқалады. Құсыдан кейін іші төмен түседі «мұздалғандай». Айқын сусыздану, салмағын жоғалту. Қандай диагноз ең мүмкін?
*Өңеш атрезиясы
*+Жоғарғы ішек өтімсіздігі
*Пилоростеноз
*Төменгі ішек өтімсіздігі
*Пилороспазм
282.!Жаңа туылған нәресте, асфикциямен туылған, емшекпен тамақтандырылады. Анасының айтуынша, балада диспепциялық көріністер болады. Іші көлемі жағынан үлкейген, перистальтикасы әлсіз. Төменде көрсетілген АІЖ-ның патологиялар арасында қайсысы мына балада ең мүмкіні?
*Пилороспазм
*Өңештің атрезиясы
*Өңештің ахалазиясы
*+Некроздаушы энтероколит
*Жоғарғы ішек өтімсіздігі
283.!Қыз бала М., жасы 27 күн, дене салмағы 4700,0. Өмірінің 3 күні 3500,0 салмақпен үйіне шыгарылды. Балада күніне 3-4 рет құсу болып тұрады. Үлкен дәреті іш қатуға бейім. 2 күнге дейін үлкен дәретке отырмау. Анасының сүті жеткілікті, омырауын жақсы емеді, емген соң мазасызданады. Құсудан кейін, үнемі ұйықтап қалады. Болжама диагноз?
*Пилоростеноз
*+Пилороспазм
*Жай диспепсия
*Ішектік токсикоз
*Парентеральды диспепсия
284.!Нәрестелердің аорта коартация кезінде некротикалық энтероколиттің даму қаупінің
себебі?
*Ішектің патогенді штаммымен колоны
*жергілікті қорғаныштың төменгі кезеңі
*ішек тамырының спазмы
*қан айналымының орталықтануы
*+құрсақ қуысы тамырларындағы қан айналымының төмендуі
285.!Нәрестелердегі аэрофагияның алдын алуында жүргізілетін қандай тәсіл мақсатты
болып табылады?
*+Тамақтандырудан кейін баланы вертикальді бағытта 30 минут ұстап тұру
*Тамақтандырудан кейін баланы вертикальді бағытта 80 минут ұстап тұру
*Баланы горизонтальды бағытта ұстап тұру
*Баланы аралас тамақтандыруға көшу
*Спазмалитиктерді тағайындау