Протонды помпа ингибиторлары. * Антихолинергиялық дәрілер

* Антихолинергиялық дәрілер

* Гистаминді рецепторлардың Н2 - ­бөгемелері

! 50 жасар әйел әлсіздікке, оң қабырға астында ауырлық сезіміне, қызыл иектің қанағыштығы, дененің қышуына шағымданады. 2 жыл бұрын гепатиттің сарғаю түрімен ауырған. Қарап тексергенде: тері жабындылары сарғыш, құрғақ. Бауыр қабырға доғасынан 2 см төмен шығып тұр, сипағанда сезімтал. Қанда шамалы анемия, түзу фракцияднан гипербилирубинемия, В және С вирусты гепатиттеріне ПЦР теріс, альфа-фетопротеин деңгейі 20Е/л.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі БАРЫНША ақпаратты:

* Гистологиялық

* Иммунологиялық

* Морфометриялық

* Морфофункциональді

* Иммуногистохимиялық

! 28 жасар, жас әйел эндокринологта аутоиммунды гепатитпен қаралады. Соңғы 2-3 айда оң қабырға астында кезеңді сыздап ауыратын ауыру сезімі, аз ғана әлсіздік пайда болды. Қарап тексергенде: сипағанда бауыр қабырға доғасында. Қанда: ТПОға қарсы антиденелердің, ТТГ жоғарылауы, вирусты гепатиттер маркерлары теріс.

Емдеуге қандай дәріні тағайындау БАРЫНША тиімді?

* Легалонды

Преднизолонды

* Кларитромицинді

* Альфа-токоферол ацетаты

* Аминокапрон қышқылын

! 53 жасар ер адам өңештің варикозды ұлғайған көк тамырларынан қан кетумен түсті. Бір апта бұрын оң қабырға астында ауыру сезімі, сарғаю пайда болды. Ішімдікпен әуестенген. Қарағанда: тері және көздің ақ қабығы сарғыш, телеангиэктазиялар. Іші кепкен. Бауыр қабырға доғасынан 3 см шығып тұр, тығыз, ауыру сезіміді. Спленомегалия. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ-36 мм/с. Жалпы билирубин 56 мкмоль/л, тура фракциясы салдарынан.

Қандай диагноздың болуы БАРЫНША мүмкін:

* Криптогенды бауыр циррозы

* Созылмалы алкогольді гепатит

* Созылмалы криптогенді гепатит

* Созылмалы дәрілік гепатит

* Алкогольдық этиологиялы бауыр циррозы

! Бауыр циррозы бар ер адамда ісіну – асциттік синдром пайда болды. 3 күндік төсектік режим, тұссыз диета және суды тәулігіне 1000мл дейін төмендету, ісінуді азайтпады.

Науқасты жүргізу тәсілінде БАРЫНША тиімді дәрі:

* Лазикс

* Урегит

* Триампур

* Гипотиазид

Верошпирон

! Ащы ішек ауруларында ауыру сезімі орналасуы:

* Оң мықын аймағында

* Сол мықын аймағында

* Іштің төменгі ортасында

Кіндік аймағында

* Эпигастрий аймағында

! 38 жастағы ер адам жатқанда, кеудені алдыға қарай еңкейткенде және тамақтан кейін күшейетін төс артындағы күйдіріп, ауыру сезіміне шағымданады.

Қандай зерттеу әдісі диагнозды нақтылауға БАРЫНША тиімді?

Эзофагоскопия

* Эзофагоманометрия

* Кеуде қуысының рентгенографиясы

* Күштеме сынамалаымен электрокардиография

* Құрсақ қуысының УДЗ

! 27 жастағы ер адам тағам қабылдағаннан 1,5-2сағаттан кейін пайда болатын эпигастридегі және түнгі ауыру сезіміне, ащымен кекіруге, лоқсуға шағымданады. Қарап тексергенде: тамақтануы төмен, тілі ылғалды, түбі ақ жабындымен қапталған, пальпация кезінде – эпигастриде ауыру сезімі.

Қандай зерттеу әдісі БАРЫНША тиімді?

Гастроскопия

* Ирригоскопия

* Эзофагоманометрия

* Асқазаннің рентгенографиясы

* Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ

! Ер адам 47 жаста эпигастридегі тұрақты сыздап ауыратын ауыру сезімі, ауырлық және кернеу сезіміне шағымданады, соңғы жарты жылда салмағының 15 кг төмендеуіне шағымданады. Объективті: тамақтануы төмен, тері жабындылары боз, аяқтарында ісінулер; пальпацияда эпигастриде ауыру сезім. Қан анализінде – эритроциттер 3,2 млн., Нв 112 г/л, ЭТЖ 10мм/с; жалпы белок 49 г/л. ЭФГДС – асқазан шырышты қабатының қатпарлары «ми иілімдер» тәрізді айқын қалындаған, майда нүктелі эрозиялар анықталады.

Көрсетілгендердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

* Санаторлы – курорттық ем

* Симптоматикалық ем

* Орын басушы терапия

Хирургиялық ем

* Диетотерапия

! 52 жастағы әйел тағам қабылдағаннан кейін пайда болатын оң қабырға астындағы ауырлық және дискомфорт сезіміне, ауыздағы ащы дәмге, мезгіл –мезгіл құсуға шағымданады. Объективті – толық, тері жабындылары қалыпты түсте, пальпация кезінде өт қабы тұсындағы нүктесінде сезімталдық анықталады.

Қандай зерттеу әдісі БАРЫНША тиімді?

* Гастроскопия

* Ирригоскопия

* Дуоденальді зондтау

* Бауырдың пункциянальді биопсиясы

* Құрсақ қусының УДЗ

! 48 жастағы әйел тамақтанудан, әсіресе көп мөлшерде және майлы тағам қабылдағаннан 40—90 мин кейін, сонымен қатар ауыр жүк көтергеннен және селкілдеп, жүргеннен кейін пайда болатын оң қабырғадағы ауыру сезіміне шағымданады. Кейде ауыру сезім ұзақ уақыт отырғанда пайда болады және күшееді. Өте жиі ауыру сезім қыжылдау, жүрек айну, тағам және ауамен кекірумен байланысты Қанда – лейкоциттер 10,2 мың., ЭТЖ 22 мм/с. Көрсетілген антибактериальді дәрілердің қайсысы БАРЫНША тиімді?

Ампиокс

* Пенициллин

* Фуразолидон

* Левомицетин

* Метронидазол

! 29 жастағы ер адам қан және шырыш аралас, күніне 5-6 рет болатын жиі нәжіске, салмағының төмендеуіне шағымданады. Объективті: тамақтануы төмендеген, тері жабындылары бозғылт, пальпаторлы – төмендеуші ішектің сол жартысының проекциясында айқын ауыру сезім анықталады. Қанда лейкоциттер 9 мың., ЭТЖ 28 мм/с.

Емдеу жоспарында тағайындау БАРЫНША тиімді?

* Бифидумбактерин

* Карбонат кальция

* Солкосерил

Салофальк

*Энтерол

! Ер адам, 50 жаста, көп темекі шегеді, тұншығу ұстамасына, төс сүйегінің төменгі үштен бірінде күйдіріп ауырсынуға, қышқыл дәммен кекіруге шағымданады. Теофиллин тобының дәрілерін қолданғанда жағдайы нашарлайды. ЭКГ: ишемиялық өзгерістер тіркелмеді. Төменде көрсетілгендердің қайсысы диагностикадағы келесі қадам болады?

* ЭхоКС

ЭФГДС

* Асқазан рентгенографиясы

* Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы

* Спирография

! Әйел адам, 65 жаста, остеоартрозбен ауырады, ұзақ уақыт селективсіз стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (СЕҚҚП) қолданады. Төмендегі көрсетілгендердің қайсысы СЕҚҚП кері әсерін алдын-алуға және тежеуге мүмкіндік береді?

Наши рекомендации