Жаңа туылған бала кезеңдерінің жалпы сипаттамасы.

Физиологическая желтуха

С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті

Неонатология бойынша ақпараттық блок

 
 
Дайындаған: 09-032-02 топ Факультет: Жалпы Медицина Қабылдаған: Байгазиева Г.Ж.

Алматы, 2012- 2013 оқу жылы

Терминология

Неонатология –жаңа туылған нәрестелерді күту туралы ғылым, нақты айтқанда балалар өмірінің алғашқы 4 аптасындағы олардың ауруларын анықтау мен емдеудің қолайлы әдістерін іздестіруге, осы неонатальдық кезеңде адамның алдағы өмірінде денсаулығын қалыптастыруға қажетті жағдайларды тудыруға бағытталған педиатрияның басты бір саласы.

Жаңа туылғандық немесе неонатальды кезең – туылғаннан кейінгі нәресте өмірінің алғашқы туылғаннан кейінгі нәресте өмірінің алғашқы 28 күнгі аралықты айтады.

Бала өлім көрсеткіші – 1000 тірі туылғандардың ішіндегі 5 жасқа дейінгі өлген балалардың саны.

Нәрестелік өлім көрсеткіші – 1000 тірі туылғандардың ішінде 1 жасқа дейінгі өлгендердің саны, басқаша айтқанда нақты есеп беру жылындағы 1 жасқа дейінгі өлгендердің саны.

Неонатальды өлім көрсеткіші –толық 28 күн толып туылғандар ішінде өлгендер санын 1000 тірі туылғандарға шаққандағы саны.

Перинатальды өлім көрсеткіші –өлі туылғандар саны ( жүктіліктің 22 аптасынан кейін өлі туғандар ) +өмірінің алғашқы аптасында өлгендер санын ( 6 күн 23 сағат 59 мину ) 1000 тірі және өлі туығандарға шаққанда.

Ұрықтың ерте өлуі – жүктіліктің толық 20 апталығына дейінгі өлім.

Ұрықтың аралық өлімі – жүктіліктің 20 аптасынан кейін бірақ 28 аптасына дейінгі өлімді айтады.

Ұрықтың кеш феталды өлімі –жүктіліктің 28 апталығынан кейінгі өлімді айтады.

Күні жетіп туылған нәресте – жүктіліктің 37 мен 42 апталықтар арасыда туылған нәресте.

Шала туылған нәресте – жүктіліктің 37 аптасына дейін туылған нәресте.

Күні асып туылған нәресте – жүктіліктің 42 аптасында және одан асып туылған нәресте.

Аз салмақпен туылғандар – кез келген гестациялық мерзімде салмағы 2,5 килограммнан аз салмақпен туылғандар.

Өте аз салмақпен туылғандар – кез келген гестациялық мерзімде салмағы 1,5 килограммнан аз салмақпен туылғандар.

Экстремалды аз салмақпен туылғандар – кез келген гестациялық мерзімде салмағы 1,0 килограммнан аз салмақпен туылғандар.

Гестациялық жасынан кіші –құрсақішілік даму мен өсудің тежелуі, салмағының туылу кезінде гестациялық жасына қарағанда төмен болу, яғни жүктіліктің мерзіміне сәйкес салмағы 10% центилден төмен болып туылғандар.

Гестациялық жасынан үлкен нәресте – гестациялық жасынан салмағы 90 % центилден жоғары болып туылады.

Ұрықтың жетілгендігі – оның ішкі ағзалары мен жүйелері құрсақтан тыс өмірге дайындығын сипаттайтын жағдай.

Жаңа туылған бала кезеңдерінің жалпы сипаттамасы.

Құрсақішілік және неонатальды дамудың кезеңдері.

Ұрықтың даму кезеңдері:

Біріншілік құрсақішілік кезең - бластогенез кезеңі – зигота қалыптасқаннан бастап алғашқы 15 тәулік.

Екіншілік құрсақішілік кезең - эмбриогенез кезеңі– 15-ші күннен 75-ші күнге дейінгі кез. Бұның ішінде 15-45-ші күндері ең маңызды.

Үшінші құрсақішілік кезең - фетогенез кезеңі–жүктіліктің 76 күннен 280 күніне дейінгі уақытша диапазоны. Бұл кезеңде бала жолдасының дамуы жүреді, бала жолдасы тіннің қалыптасып бірігуі. Бұл кезең екіге бөлінеді:

- ерте фетальды кезең ( 76 күннен 180 күнге дейін);

- кеш фетальды кезең (181 күннен 280 күнге дейін). Ұрықтың дамуы мен бала жолдасының қатайуы бірге жүреді.

Төртінші пренатальды даму кезеңі - ұрықтың дене салмағы ұлғаятын соңғы триместрі.

Гестационды жас – соңғы етеккірдің бірінші күннен туылатын күн аралығындағы толық апта саны. Жүктіліктік немен ( өлі және тірі ) аяқталғанына байланыссыз.

Жаңа туылу - бұл құрсақішілік өмірге бейімделетін кезең. ДДҰ бойынша туылғаннан кейінгі алғашқы төрт апта неонатальды кезең болып есептеледі. Неонатальды кезең 2 кезеңге бөлінеді:

Ерте неонатальды - 7 тәулік.

Кеш неонатальды - 8-28 күн.

Ерте неонатальды кезеңде мына фазалар анықталады:

1. Өмірінің алғашқы 30 минуты ( жедел респираторлы гемодинамикалық адаптация)

2. Алғашқы 6 сағат ( аутостабилизация кезеңі)

3. 4-5 тәулік ( метаболикалық адаптация).

ДДҰ ұсынысы бойынша тірі туылуға жатады- анасының ағзасынан толық шыққан және онда төрт белгі көріну керек: тыныс алады немесе жүрек соғады, кіндік тамырының пульсациясы немесе бұлшықеттің спонтанды қозғалысы.

Өлі туылу- жүктіліктің жалғастыруға қатысынсыз ана ағасынан толық шыққанға дейінгі өлімі.

Апгар шкаласы бойынша бағалау - жаңа туылған нәрестенің жалпы жағдайын және реанимациялық шаралардың нәтижелігін көрсетеді. Оны бала туылғаннан кейін бірінші жәнебесінші минуттан кейін жасайды. Егер бес минуттан кейін жалпы баға 7 балға жетпесе оны әр бес минут сайын қалыпқа келгенше 20 мин жасайды.

Апгар шкаласы

Наши рекомендации