Емхана жағдайында тік ішек ауруларымен ауыратын науқастарды жүргізу тактикасы және диагностикасы, клиникасы: тік ішектің түсуі.

Тік ішектің негізгі рөлі – асқорыту жолдарындағы қалдық тағам мен токсинді заттарды: щығарады.

Клиникасы:артқы жол мен аралықта ауырсыну, қышыну, дискомфорт, анальды тесікте бөгде зат болу сезімі, анус пен перианальды зонада шырышты, ірің тәрізді бөліністер, нәжісте қан болуы, тұрақты іш қату, жиі іш өту, тенезмдер, еріксіз газ бен үлкен дәрет шығуы

Диагностикасы:анамнез жинау, ректальды қарау, ректороманоскопия, иррогоскопия, фиброколоноскопия

Жүргізу тактикасы:

· консервативті

· оперативті

Тік ішек түсуі –үдемелі ауру, артқы тесік арқылы тік ішек қабаттарының сыртқа шығуы.

Клиникасы:а уырсыну, басқа ағзалардың түсуі, нәжісті ұстай алмау, іш қату, жиі қансырау

Диагностика:

1. Ректороманоскопия / колоноскопия

2. Ирригоскопия

3. Видеодефектоскопия

4. Жамбас сүйектері мен сегізкөздің рентгенографиясы

5. Сфинктерометрия

6. МРТ

Жүргізу тактикасы:

1. консервативті

2. оперативті

Сұрақ.

Емхана жағдайында тік ішек ауруларымен ауыратын науқастарды жүргізу тактикасы және диагностикасы, клиникасы: анустың сызаты, қышуы.

Артқы өтіс сызаты – артқы өтіс өзегі қабырғасының әртүрлі көлемді және пішінді (саңылау тәрізді немесе сопақша) ақауы. 80% жағдайда анальды сызат шартты циферблаттың 6 сағатында (артқы анальды сызат), 7-9% - артқыөтіс өзегінің алдыңғы қабырғасында (12сағ) орналасады, сирек (0,5-1%) оның бүйір қабырғаларында кездеседі.

Клиника. Анальды сызат кез келген жаста кездеседі. Ерлерге қарағанда әйел адамдар жиі сырқаттанады. Науқас дефекация кезінде және одан кейін де бірнеше сағатқа созылатын азапты күйдіретін ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну әдетте өте қатты, кейде аралыққа, жыныс ағзаларына, зәршығару өзегіне, сегізкөзге таралады. Сыртқы қысқыштың тонусы жоғарылаған болады, соның салдарынан іш қату дамиды.

Артқы өтіс сызаты кезінде қанталау аз ғана болады. Қан нәжіспен араласпайды, ол бетінде жолақтар түрінде немесе дефекациядан кейін тамшы түрінде ғана болады.

Диагностика. Тік ішекті саусақпен тексеру қатты ауырсынумен өтеді. Сфинктердің спазмы салдарынан артқыөтіс тесігіне саусақ қиындықпен енгізіледі, ол созылмай тұрған қатты сақина түрінде сезіледі. Сондықтан саусақпен тексеру ауырсынуды басатын препараттарды қолдану арқылы жасалады, ал ректоскопия алдында сызат орнын 5мл 1% новокаин ерітіндісін айналасындағы тіндерге енгізу арқылы жансыздандыру қажет.

Емі консервативті және оперативті. Консервативті шаралар сфинктер спазмын және ауырсынуды басуға (калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен ванночкалар, анестетикпен балауыз және жақпамайлар), үлкен дәретті қалпына келтіруге (диета сақтау), жара жазылуына бағытталған. Консервативті ем нәтижесіз болған жағдайда хирургиялық араласулар көрсетілген (Габриэль отасы, сфинктеротомия).

Анальды қышу – бұл артқы өтіс аймағындағы тері жамылғысы қышуы және күйдіру сезімімен сипатталатын ауру. Бұл жағдай жеке ауру немесе басқа аурулардың симптомы ретінде болуы мүмкін, алайда бұл науқаста бірдей физикалық және психологиялық дискомфорт тудырады.

Диагностика. Артқы өтісте қышудың пайда болу себебін колопроктолог-дәрігер ғана қараудан және науқаспен әңгімелесуден кейін анықтай алады. ҚД, глист инвазияларын, саңырауқұлақты инфекцияны жоққа шығару үшін лабораторлы зерттеулер жүргізу қажет; ал әйел адамдарға гинеколог кеңесіне жолдама берілуі мүмкін. Тері ауруларына күмән болса, дерматолог кеңесі қажет.

Тоқ ішек ауруларын диагностикалау үшін колоноскопия жүргізіледі. Колоноскопия геморройдың бастапқы сатыларын, анальды сызаттарды, тік ішектің түсуін тез және нақты диагностикалауға, ішектің кілегей қабығының полипын, сондай-ақ қатерлі ісіктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Емі. Анальды қышу себебін анықтау және қышуды тудырған ауруды емдеу. Ем өмір сүру салтын және гигиенаны сақтаумен қатар жүргізілуі тиіс.

Сұрақ.

Амбулоторлы хирургия ұғымына анықтама беру. Хирургиялық потологиялардың диагностика әдісі. Хирургиялық потологиялардың операциялық емдеу принциптері.

1. Кіші хирургия түсінігіне анықтама беру, хирургиялық патологиялардың диагностикалық әдістері. Хирургиялық патологияларды оперативті емдеу принциптері.

Амбулаторлы хирургия(кіші хирургия)– бұл медициналық мекемелерде немесе үйде науқастың стационарға баруынсыз қиын емес операцияларды және хирургиялық процедураларды өткізу арқылы дәрігерлік көмек көрсету. Амбулаторлы хирургия қызмет көрсетуі кең.оны екі топқа бөлуге болады: медициналық манипуляциялар, хирургиялық операциялар.
Медициналық манипуляциялар:

· Жарақатты, тілу,күйік, үсікті және т.б.антисептикалық өңдеу.

· Зәр шығару жолдарына және т.б. эндоскопиялық араласулар;

· Биопсия;

· Байлап-таңу;

· Блокада;

· Пункция;

Хирургиялық операциялар:

· Варикозды веналар және түйіндерді, тамырлар торларын алып тастау;

· Геморрой, парапроктит, анальды сызаттарды емдеу әдістері.

· Фимоз, варикоцелені емдеу;

· Фурункул, карбункул, абцессті емдеу;

· Паронихии, панарицииді емдеу;

· Гематоманы емдеу;

· Липоманы алып тастау;

· Атероманы емдеу;

· Фиброманы емдеу.

Диагностикасы. Лабароториялық зерттеулер болжам диагнозға және хирургиялық араласуларға байланысты жүзеге асырылады. Рентгенологиялық әдістерді шартты түрде екіге бөлуге болады: міндетті және арнайы. Барлық науқастар кеуде клеткасы рентгеноскопиясынан өтуі керек(флюорография).болжам патологияға байланысты іш қуысы мүшелерін зерттеу жоспарланады: В зависимости от предполагаемой патологии планируется исследование органов брюшной полости: обзорная рентгеноскопия (ішек түйілуінде), асқазан рентгеноскопиясы (асқазан жарасы және қатерлі ісігінде), зәр шығару жолдарын контрастты зерттеу(бүйректік патологияда), өт жолдарын контрастты зерттеу (созылмалы холецистит кезінде). Оптикалық құралдар(эндоскоп) көмегімен мүшені және қуыстарды қарау диагноз қоюда маңызды мәлімет береді. Диагностикалық пункция буындардағы, плевральды,іш қуысы құрамы сипатын анықтау үшін қолданылады. Сұйықтықтағы белок санына қарап транссудат не экссудат екенін ажыратуға болады. Зондтау ірің құрамы бөлінетін жара өзектерінің жолдары, жыланкөз жолдарын нақтылау үшін жүргізіледі. Зондтау метал зонд көмегімен жүзеге асады. Жыланкөз жолын нақты анықтау үшін фистулография қолданылады – рентгеноконтрастты заттармен жолды толтыру(йодолипол, кардиотраст). Сондай ақ хиругиялық науқастарды зерттеу пульс жиілігін, тыныс жиілігін, АҚҚ өлшеу, температурасын өлшеумен толықтырылады.

Сұрақ.

Наши рекомендации