Инфецирленген жараның емдеу принциптері.

Инфецирленген жара –қабыну клиникасы көрініс беретін , жарақатқа түскен микроб пен организмнің қорғаныш күшінің теңдігі бұзылысынан туындайтын инфекциялық процесстің дамуы. Мұнда микробтар тіршілік қабілеті бар тіндерге терең орналасып, лимфа және қан тамырлар жолымен көбейеді.

Инфецирлену деңгейіне байланысты жіктелуі:

1. Асептикалық жаралар.

2. Жаңадан инфекцияланған жаралар.

3. іріңдеген жара.

Асептикалық жара – микрибиологиялық қана емес клиникалық маңызы бар түсінік. Бұл жағдайларда хирургиялық инфекция даму қаупі төмен екенін білдіреді. Асептикалық жараларға іріңдікті ашумен байланысы жоқ операциялық жаралар жатады. Мұндай жараларда не микрофлора мүлдем болмайды, не аз мөлшерде патогенді емес микроорганизмдер болады. Жаңадан инфицирленген жаралар – бұл жараға микроорганзимдер түскен, бірақ жалпы және жергілікті қорғаныш механизмдері оларды инкубациялық процесс сатысында ұстап тұра алатын және жарада инфекциялық процесстің ешқандай клиникалық белгілері болмайтын жағдай. Жараның біріншілк және екіншілік микробты ластануын ажыратады. Біріншлік ластану зақымдану кезінде пайда болады және жарақаттық және оқтан пайда болған жараларға тән. Екіншілік ластану байлап-таңу кезінде асептика шаралары сақталмауымен байланысты және көбіне ауруханаішілк инфекция көрінісі болып табылады.

Клинкалық көрінісі

Жара іріңдеуінің клиникалық көрінісі қабынудың жергілікті және жалпы белгілерімен көрініс береді. Ағзаның жалпы реакциясы іріңді процесске және оның ауқымына тәуелді. Интоксикация жаралық процестің бірінші фазасында пайда болады. Бұл кезде жалпы әлсіздік, қалтырау, терлеу, тәбетінің нашарлауы, бас ауруы пайда болады. Жарадағы ауырсыну пульсацияланып күшейеді. Жарадағы ауырсынуға байланысты ұйқысызқдық пайда болуы жедел хирургиялық көмекке көрсеткіш болып табылады. Температура тұрақты түрде жоғары гектикалық (38-39°С). Температураның көтерілуі іріңдеудің белгісі.

Жергілікті инфекциялы асқынулар тіндердің зақымдалу ошақтарында немесе хирургиялық араласудан кейінгі болатын инфекциялық процесстер. Оларға жараның іріңдеуі және жаралық инфекция жатады. Жараның іріңдеуі жаралық процестің бірінші фазасының (қабыну фазасы) жараның екіншілік тазарту түрі ағымы нәтижесінде болады. Бұл іріңнің қалыптасуын тудыратын үлкен көлемді өлі тінді жараларға тән. Соңғысы жаралық қуыс тарапынан болатын жаралық микрофлора және сау тіндердің тарапынан (микро- және макрофагтар) болатын ағзаның жеке жасушаларынан қалыптасады. Клиникалық жоспарлану бойынша жараның іріңдеуі өлі тіндерде дамитын екі талаптың: біріншісі – жараланған ағзаның тірі және өлі тіндер шекарасында қорғаныш кедергісін туыдра алуы және екіншісі жарадан іріңнің ерікті шығу мүмкіндігі әсерінен болатын инфекциялық процесс болып табылады. Инфекциялық процесстегі іріңдеуде жараны қоршайтын тірі тіндер кірмейді. Осы талаптардың болмауынан ірің жабық кеңістіктерде жиналып, жара қуысының қабырғасын инфильтраттануды бастайды, яғни инфекциялық процесс өлі тіндер шекарасынан шығып, жаралық инфекция дамиды. Жаралық инфекция жараны қоршайтын тірі тіндерде дамитын инфекциялық процесс, жараның микрофлорасы және айналасындағы тіндерде активті инвазия тудыратын жаралану кезінде немесе одан кейін түскен патогенді микробтардың әсерінен болады. Жаралық инфекция жасуша құрамының өлуімен және ағзаның айқын жалпы клиникалық реакциялармен өтеді. Диагностика. Жаралы инфекцияның ерте дамуын келесі белгілер көрсетеді: травматикалық ісінудің тез дамуы, тіндердің ишемиясы мен тері түсінің өзгерісі, геморрагиялық құрамы бар эпидермальды көпіршіктердің пайда болуы; - жарадағы қатты, солқылдаған аурулар 1-2 күннің ішінде жараланғаннан кейін; - дене температурасының 38°С көтерілуі және лейкоциттер саны 12×109/л және одан да көп 1-2 тәулік ішінде жараланғаннан кейін. Дамыған инфекциялық асқынулар кезіндегі диагностикалық тактикалар жергілікті және жалпы симптомдарға негізделген. Динамикасы және пайда болуының реттілігі жараның іріңдегені немесе жаралық инфекция туралы хабарлайды: а) жергілікті симптомдарға ие болу және әлсіздіктің айқын болуы сақталған резистенттік факторлардың эффективтілігі және шектелген инфекционды процесс - жараның іріңдеуі; б) инфекционды процесстің клиникалық белгілері жалпы симптомдардан басталатын болса: өзін нашар сезінуі, дене температурасының көтерілуі, тахикардия, тәбетінің төмендеуі – диагнозы жаралық инфекция екендігіне күмән келтірмеу керек.

Емі. Жергілікті инфекциялық асқынулардың негізгі емдік бағыты: - жараны некротикалық және өмірге қабілетсіз тіндерден тазарту; - жарадан бөліндінің ағысын қамтамасыз ету; - ісінуден болған некроз аймағын қоршаған тіндердің өмірге қабілеттілігін қайта қалпына келтіру, микроциркуляцияны қалпына келтіру, биохимиялық процесстерді қалыпты жағдайға келтіру; - жаралық инфекция қоздырғышын жою (антимикробты профилактика және терапия). Олар жара және жаралық инфекцияның хирургиялық және консервативті ем түрлері арқылы іске асырылады.Хирургиялық түрі 3 маңызды құрамнан: екіншілік хирургиялық өңдеу, жараны жабу және дренаждаудан тұрады. Жараны екіншілік хирургиялық өңдеу келесі маңызды ерекшеліктері бар: а) жараны кең ажырату, соның ішінде, фасциальды футлярларды; б) жараның ошағын ғана емес, сонымен қатар, инфекционды процесспен зақымдалған, іріңмен сіңген және инфильтраттанған тіндерді алып тастау; в) атравматикалық операция; г) ішкі орта және инфекцияға әлсіз тіндердің,мысалы – сүйек сынықтары, сіңір, тамырлы-нервті түйін, ішек және т.б. арасындағы тіндік барьерлерді (терілік,бұлшықеттік) дамыту, гемостаз, микробтардың дамуына қолайлы орта болып табылатын гематомдардың, жабық кеңістіктердің пайда болуын тоқтату; е) хирургиялық өңдеуді жалпы жансыздандыру кезінде қолдану; ж) күнделікті жараны қайта хирургиялық өңдеуге жараны толық тазартуға дейін анықтайтын көрсеткіш. Жараны дренаждау: а) көп жағдайда, іріңді жараны емдеу кезінде екіншілік хирургиялық өңдеуден кейін жара тігілмейді, оны антисептикалық ерітінділерге немесе сіңіретін материалдармен немесе суда еритін негіздегі жақпамайларға малынған салфеткалармен толтырылады, бұл жараның жағдайына байланысты. Б) маманданған хирургиялық көмек деңгейінде екіөзекті немесе комбинирленген бірөзекті түтікті дренаждар арқылы приточно- отливным әдісімен ұзақ жуу түрінде активті дренаждау. Жараларды бітеу. Жараларды бітеуге міндетті көрсеткіш болып табылады: 1) жараны өлі және өмірге қабілетсіз тіндерден толық тазарту; 2) жара айналасындағы теріде қабынулық өзгерістердің болмауы; 3) жара шеттерінің созусыз ерікті теңестіре алу. Консервативті емдеу. Қабыну фазасында инфекционды асқынуларды сипатын анықтайтын тездетілген жараның тазартылуы және қабынудың жағымсыз факторларын бейтараптау қажет (ісіну, қанайналымның бұзылысы, протеолиздің шамадан тыс активтенуі). Оларға жататыны: антимикробты, қабынуға қарсы және жансыздандыру әрекеті бар көктамыр арқылы енгізілетін препараттармен сүйекішілік анестезия әдісімен сұйек-бұлшықеттік жараны хирургиялық өңдеу; - жараны тазартылғанға дейін жергілікті емдеу гидрофильділік қабілетіне ие препараттармен емдеу, жараға комплексті, көп бағытталған әсер – антимикробты, дегидратирленген, некролитикалық, қабынуға қарсы және жансыздандырғыш: натрий хлоридінің 10% гипертониялық ерітіндісі, фурациллин ерітіндісі (1:5000), 3% бор қышқылының ерітіндісі, полиэтиленгликол негізіндегі препараттар – левосин, левомеколь, диоксидинді жақпамай, 10% ацетат мафениді жақпамайы, «КФ» препараты; - қайталамалы кең спектрлі антибиотиктерді паравульнарлы енгізу; - ерте созылмалы артерияішілік инфузия новокин ерітіндісі, спазмолитик, антикоагулянттармен (гепарин 5000 ЕД), антибиотиктермен (1-2 ұрпақты цефалоспориндер және бірлік мөлшердегі аминогликозидтер) күніне 1 -2 рет; - жоғары дозалы глюкокортикостероидтар, протеаз ингибиторлары және антибактериальды препараттармен жарамаңылық блокада.

№5 сұрақ

Жарақат себептері. Емхана жағдайында көмекті ұйымдастыру. Госпитализацияға көрсеткіш. Жарақаттан кейінгі реабилитация. Жарақат сипатына және жасына байланысты зақымданудың ақырғы болжамы.

Жарақат-кез келген сыртқы орта факторларымен шақырылатын адамның дене мүшелері мен тіндерінің анатомиялық бүтіндігінің және физиологиялық қызметінің бұзылысы.

Оқшауланған жарақат-бір мүшенің немесе тірек-қимыл жүйесінің бір сегментініңзақымдануы(мысалы,бауыр жыртылуы,жамбас сүйектерінің сынуы,иық сүйектерінің сынуы).

Көптеген жарақат-бастың,дененің,аяқ-қолдардың біртипті жарақаттануы.(бір уақытта тірек-қимыл жүйесінің екі не одан да көп сегментінің немесе бөлімінің сынығы.Аралас және көптеген жарақаттар ішінде айқын жарақат ерекшеленеді,бұл жедел жағдайда дәрігер тактикасын анықтауда маңызды рөл атқарады.

Аралас жарақат-тірек-қимыл жүйесінің және бір немесе бірнеше ішкі мүшелердің бас миының зақымдалуы(жамбас сүйегінің сынығы және бауыр жыртылуы,жамбас сынығы және бас миының соғылуы)

Комбинирленген жарақат-механикалық және бірнеше механикалық емес факторлардың(термиялық,химиялық,радиациялық)әсерінен дамитын зақымданулар(сүйек сынығы күюмен бірге,жарақаттар,күйіктер және радиоактивті зақымданулар)

Берілген терминологияға байланысты сүйек сынуымен қатар сол сегменттің қан тамырларының,нервтерінің зақымдалуын оқшаулаған жарақаттарға жатқызамыз.(мысалы,иық сүйектерінің сынуы,иық артериясының асқынған зақымдалуымен)Табанның,білезіктің бірнеше сүйектерінің сынуы,бір сүйектің бірнеше деңгейде сынуын көптеген жарақат ретінде қарастырылмайды,оны оқшауланған жарақаттың бірнеше түрінде қарастырады.

Механикалық факторлардың әсерінен пайда болатын жарақаттарды ашық және жабық деп бөлеміз.

Сонымен қатар жарақаттар термиялық,химиялық,электрожарақат,психикалық жарақат,барожарақат,жарылыстан кейінгі жарақат. Жарақаттар тұрмыстық және өндірістік болып бөлінеді.Өндірістік жарақаттарға өз жұмысын орындау кезінде әртүрлі химиялық,механикалық, радиациялық, термиялық зақымдалуларды жатқызамыз.

Емхана деңгейінде көмек көрсету

Көмек көрсету көлемі медициналық сақтандырудың міндетті аймақтық бағдарламасымен реттеледі. Бұл жұмысты атқару үшін медициналық мекеменің травматологиялық көмек көрсетуге лицензиясы болуы қажет. Амбулаторлы травматологияның бөлінуі көмек көрсетілген науқастар тобына,емдік-диагностикалық көмек көлеміне, мекеменің емдік-профилактикалық,материалдық базасына байланысты екінші,бірінші немесе жоғары категорияларға біріктірілген.

Көмекті аурухананың қабылдау бөлімінде,басқа емхананың травмпунктінде алған науқастарға,стационардан шыққан немесе жарақаттанушының емге дейінгі күтіміне көрсетеді.Жедел(алғашқы) көмекті жеңіл жарақаттанған науқастарға,жұмсақ тіндердің соғылуы,байламдардың тартылуы,үлкен емес жарақаттарға,күйіктің I-дәрежесіне көрсетеді.Хирургиялық көмек көлемі жараларды бірінші хирургиялық өңдеу,жеңіл алынатын бөгде денелерді алып тастау,гипстік таңуларды салу немесе ауыстыру,таңғыш салумен шектеледі.Травматологиялық кабинеттің дәрігерлері уақытша еңбекке жарамсыздық зерттеуін жүргізіп,уақытша еңбекке жарамсыздық қағазын береді және созады,жарақат алған науқастар диспансеризациясын және сіреспеге қарсы профилактика жүргізеді.Біліктілік міндеттемесі:травматологиядан біріншілік маманданудан өткен дәрігерлер жұмыс жасай алады.Жұмысты қамтамасыз ету үшін емханада рентген кабинеті,физиотерапиялық және функционалды ем жүргізетін кабинеттер болуы қажет.Міндетті бөлмелер:дәрігер бөлмесі,байлам таңу бөлмесі(операциялық),гипстік бөлмелер.Ауру тарихы жалпы тіркеу бөлімінде сақталады.

Бірінші категориялы травматологиялық кабинет 2ауысымда,травмпункті тәулік бойы,әрбір ауысымда қосарлама екі немесе одан да көп дәрігерлер қарауы болады.Жедел көмекті науқастардың барлығына ұсынады,стационардан шыққан және көмек сұраған науқастарға ем жүргізу,уақытша еңбекке жарамсыздық зерттеуін жүргізіп,сіреспеге және құтыруға қарсы профилактика,жарақаттарды сот-медициналық зерттеу жүргізу және науқастардың диспансеризация жүргізуімен айналысады.

Госпитализацияға көрсеткіштер:

а)Ашық зақымданулар: тізе немесе шынтақ буындарына жақын орналасқан.

б)Жабық зақымданулар:кеуде клеткасының шытынаған сынығы-алдыңғы құрсақ қуысы қабырғасының бұлшық етінің кернеуі-жамбас сүйектерінің сынығы-салдану-ұзын сүйектердің көптеген сынықтары.

в)Травматикалық жұлыну:білезік,табан-тілерсек буындары аймағында.

г)Жедел көмек көрсету инструкциясы бойынша ауыр күйік кезінде басқа жарақаттарға қарағанда тыныс жүйесінің патологиясы және өміріне қауіп жоғары болғандықтан жақын жердегі мамандандырылған бөлімшеге жеткізіледі.

д)ілеспе жабық және тау-кен жарылыс зақымданулар.

Жарақаттан және операциядан кейінгі реабилитация-қалып қойған жарақат немесе ауруларда,сонымен қатар қолданылған емнен кейін жүзеге асырылады.Бұл оңай көрінгенмен ауыр жұмыс болып табылады,себебі науқастарға реабилитацияның маңыздылығын түсіндіру,міндетті дайындықтар және дәрігерлердің арнайы тәжірибесі,біліктілігі талап етіледі.

Жарақаттан және операциядан кейінгі реабилитация курстарын өту көрсеткіштері көп,соның ішінде ең жақсы танылғандары:

*бұлшықет атрофиясының регенерациясы және тонусы мен күшін қайта қалпына келтіру.

*буындардың қимыл белсенділігін қалпына келтіру.

*тіндердің регенерациясын күшейту,соның ішінде сіңірлік тіндерді

*мүше тіндерінің және сүйек тіндерінің тіршілігін жақсарту.

*ісінулер мен ауырсынулардан құтылу.

*зақымданған аяқ-қолдармен буындарда қан айналымын жақсарту.

Сонымен қатар,реабилитация науқастың жалпы тонусына,психологиялық және эмоциялық күйіне жақсы әсер етеді.Науқастар уақытында реабилитация курсынан өтпесе аурудың асқынулары,қайталануы немесе бұлшықет күшінің қайта қалпына келмеуі мүмкін.Жарақаттан және операциядан кейінгі реабилитация өзіне толық комплексті шараларды қамтиды және науқастың толық жазылуына,басынан өткерген ауруды есіне түсірмеуге бірден бір мүмкіндік болып табылады.

Сұрақ.

Клиникалық хаттамаға сәйкес жұмсақ тіндердегі іріңді қабыну ауруларының диагностикасы және жалпы тәжірибелік дәрігердің тактикасы. Клиникасы. Мүмкін болатын асқынулар: фурункул, карбункул, гидраденит, абсцесс, флегмона.

Фурункул-шаш фолликулы,май бездері және тері асты май клечаткасының жедел іріңді некротикалық қабынуы.

Клиникасы:көлемі үлкен емес фурункулдардың алғашқы пайда болуы кезінде ауырсыну,қызару,қышыну,ісіну байқалады.Шаш түбінде инфильтрат,ортасында болар болмас іріңдік,айналасында гиперемия

Асқынуы:лимфаденит,лимфангенит,буындардың қабынуы,менингит,энцефалит,фурункулдың бөгде дене мүшелеріне таралуы

Ақыры:біріншілік фурункул кезінде қолайлы,созылмалы фурункул кезінде,әсіресе егде жастағы адамдарда,қант диабетімен ауыратын науқастарда қауіптілігі жоғары

Карбункул-тамырлар тромбозы нәтижесінде тері және тері асты май клечаткасының некрозымен,ортақ инфильтрат түзілуімен сипатталатын бірнеше шаш фолликулдарының және май бездерінің жедел жайылған іріңді некротикалық қабынуы

Клиникасы:науқастың жалпы жағдайы ауыр,әлсіздік,дене темперетурасының көтерілуі,тәбетінің төмендеуі,жүрек қағу,қалтырау.Қабынған ошақта ауқымды қызарған,ісінген,тығыз инфильтрат анықталады.

Асқынуы:лимфангенит,лимфаденит,тромбофлебит,іріңді менингит,сепсис

Ақыры:емді уақытында қабылдаған жағдайда көбіне қолайлы,бет карбункулы кезінде,қант диабетімен ауыратын науқастарда қауіптілігі жоғары

Гидраденит-тері бездерінің іріңді қабынуы.Негізінен қолтық ойығы және кейде шап аймағында кездеседі.

Клиникасы:қолтық ойығында әр жерден түйін пайда болады,оны қолмен басқанда ауырсынып білінеді.Біраз уақыт өткен соң түйіннің ортасы босап,сол жерге ірің жиналады.кей жағдайда осы ірің өздігінен жарылып,қабынған жерден қанды-іріңді сұйықтық шығып,науқас біраз жеңілденіп қалады.Бұл бірақ уақытша құбылыс,одан әрі түйіннің көлемі ұлғайып,тері қызарып,адамны, дене температурасы көтеріледі,қалтырайдв.Бұл организімнің улануына әкелуі мүмкін.

Асқынуы:абсцесс,лимфаденит,сепсис,флегмона

Ақыры:Уақытылы емделген жағдайда науқас 10-15 күнде жазылады.Аурудың қайталануы мүмкін.

Абсцесс-жіті және созылмалы ошақты иефекцияларда пайда болатын және сол ошақта тіндердің қалыпты құрылымының бұзылуына әкелетін,қапшықпен шектелген іріңдік.

Клиникасы:жергілікті және жалпы симптомдармен көрініс береді.Жергілікті симптомдар:ауырсыну,тері аймағының қызарып,ісінуі.Жалпы симптомдар:әлсіздік,бас ауыруы,ұйқысының бұзылуы

Асқынуы:сепсис,флегмонаневрит,остеомиелит

Ақыры:қолайлы,қолайсыз

Флегмона-айқын шекаралары жоқ май клечаткасының жедел іріңді түрде қабынуы. Клиникасы:қабыну аймағының қызаруы,тығыздалуы,ісінуііауырсыну.Басқа тіндерге тез таралады.Дене температурасының 39 градусқа дейін жоғарылауы.

Асқынуы:тромбофлебит,лимфанегеит,лимфаденит,іріңді артрит,іріңді плеврит

Диагностика

· Анамнез жинау

· Жалпы қарау

· Жалпы Қан анализі

· Антибиотикке сезімталдығын тексеру

· Бактерологиялық тексеру

Емі:*Консервативті

* Оперативті

Сұрақ.

Клиникалық хаттамаға сәйкес саусақтың іріңді қабыну ауруларының диагностикасы және жалпы тәжірибелік дәрігердің тактикасы. Клиникасы. Мүмкін болатын асқынулар: панариции, қол басы флегмонасы.

Панариции – қол саусақтары тінінің және сирек аяқ башпайлары тінінің жедел іріңді қабынуы. Саусақтардың сыртқы бетінде пайда болатын іріңдік(тырнақ аймағынан басқа) күбірткеге жатпайды. Күбірткенің бірнеше түрін ажыратады: тері күбірткесі, тырнақ күбірткесі, сіңір күбірткесі, сүйек күбірткесі,буын күбірткесі, пандактилит. Клиника. Жалпы симптомдар: ауырсыну(өте әлсізден өте күшті ауырсынуға дейін, солқылдаған ауырсыну), ісіну(жиі зақымданған ошақта), қызару, бас ауруы, қызудың жоғарылауы, қалтырау. Асқынуы. Көптеген асқынулар болуы мүмкін: лимфа түйіндерінің және тамырларының қабынуы(лимфангит, лимфаденит), миозит, тромбофлебит, сепсис, қол басы флегмонасы(терең тіндер қабынуы), остеомиелит, қанның жалпы зақымдалуы және т.б. Диагностика. Науқастың шағымдары және клиникалық сиптомдарына қарап диагноз қойылады. Күбірткенің формасын және іріңдіктің локализациясын анықтау үшін басы түйіршікті зондпен пальпация жүргізеді. Сүйек және буын күбірткесін ажырату үшін рентгенография жасайды. Буын күбірткесінде өзгерістер бірден анықталмайды және әлсіз көрінеді. Сондықтан диагнозды нақтылау үшін екінші қолдың аттас сау саусағын салыстырмалы рентгенографияға түсіреді. Тактика. Консервативті терапия:дарсонваль, УЖЖ, жылу процедуралары. Хирургиялық жүргізу тактикасы.

Ақыры. Бұл ауру кезінде медициналық көмекке ерте жүгінгенде ғана ақыры қолайлы. Қол басы флегмонасы – қол басы клеткалық кеңістігінің диффузды іріңді зақымдалуы. Клиникасы. Флегмона симптомдары жұмсақ тіндердің зақымдалу тереңдігіне байланысты. Адамда үнемі айқын ауырсыну сезімі, әсіресе қолды бүгіп жазғанда күшейеді. Беткей флегмоналар беткей симптомдармен көрінеді, жалпы жағдайының нашарлауы болмайды. Сондай ақ қол басы ісінуі тән. Барлық саусақтар мөлшері ұлғаяды. Егер алақандық терең флегмона болса, қол басы сыртқы бетінің реактивті ісінуі болады, бұны қол басы сыртқы флегмонасымен шатастырады. Бірақ реактивті ісінуде ауырсыну симптомы айқын емес, бұл аймақты басып қарағанда тін қатты қамыр тәрізді. Алақан ісінген және жазық, көтеріңкісіз және ойықтарсыз. Саусақтар жұмсақ тіндер ісінуінен алшақтаған. Қозғалыс ауырсынумен, сондықтан олар аздап бүгілген. Алақан ашық-қызыл түсті. Бұдан басқа, организмнің жалпы интоксикация белгілері дамиды. . Диагностикасы. Қабынудың басты белгілері – температураның жоғарылауы, ісіну, қызару және ауырсыну. Лабораториялық зерттеулер. Лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. . Рентгенограммада сүйектің зақымдалу белгілері 2-апта соңы мен 3-апта басында анықталады.
Асқынуы. Қабыну жоғары бөлікке тарап, білек флегмонасы дамиды. Қол басының білекке өтетін аймақта алақандық бетінде жиі ісінулер мен іріңді қабынулар таралатын ерекше клеткалық кеңістік орналасқан . Кез келген іріңді процесстің ауыр асқынуы сепсис болып табылады. Сондай ақ асқынуларға қабыну процесінен кейінгі тыртықтану нәтижесінде дамыған сіңір, бұлшықет функциясының бұзылуы жатады. Емдеу тактикасы: тек оперативті ем. Ауырсынуды басу жалпы және жергілікті. Медикаментозды емес терапия: трипсин, химотрипсин элетрофорезі, антибиотикотерапия, бұл жағдайдаантибиотиктерді көктамыр ішіне енгізеді, УЖЖ-терапия. Медикаментозды ем: операциядан кейінгі кезеңде микрофлора сезімталдығын есепке ала отырып, антибиотикотерапия, антисептиктер, сульфаниламидтер, протеолитикалық ферменттер, физио- және рентгенотерапия.

Ақыры. Бұл ауру кезінде медициналық көмекке ерте жүгінгенде ғана ақыры қолайлы.

Сұрақ.

Клиникалық хаттамаға сәйкес тілме, іріңді лактационды мастит ауруларының диагностикасы және жалпы тәжірибелік дәрігердің тактикасы. Клиникасы. Мүмкін болатын асқынулар

Тілме – терінің ошақты серозды немесе серозды-геморрагиялық қабынуымен қатар қызба және интоксикациямен көрінетін стрептококкты инфекция түрі.

Клиникасы және диагностикасы.

Тілменің эритематозды түрітеріде зигзагтәрізді тісше, доға, тіл түрінде бейнеленген шектелген гиперемиямен көрініс табады. Зақымдалған ошақта науқас күйдіру, тырысу, ауырсынуды сезеді. Регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған, пальпацияда ауырсынады.

Тілменің эритематозды-буллезді түрінде гиперемия және ісіну фонында құрамында мөлдір сұйықтығы бар буллезді элементтер түзіледі.

Эритематозды-геморрагиялық түрінде қабыну аймағында гиперемия және ісіну фонында петехиядан бастап көлемді экхимоздарға дейінгі қанталаулар пайда болады.

Буллезді-геморрагиялық түрінде құрамындағы қанмен сіңбеленген көпіршіктер түзіледі.

Әдетте дене температурасының 38-40ºС жоғарылауымен жедел түрде басталады, қалтырау, жүрек айну, құсу, бас ауруы, сандырақтау, менингизм белгілері де байқалуы мүмкін.

Перифериялық қанда лейкоцитоз нейтрофильді ығысумен, нейтрофильдердің токсикалық түйіршіктілігі, эозинофилия, ЭТЖ жоғарылауы анықталады. Қанның биохимиялық анализінде С-реактивті белоктың көбеюі байқалады.

Лабораторлы нақтылау үшін зақымданған аймақтан алынған материалдың себіндісін жасайды, сондай-ақ стрептококкты антигендерге антиденелерді анықтайды.

Анағұрлым ақпаратты әдістер қатарына ПТР-диагностика және ИФА жатады.

Емі. Тілмені хирург және терапевт мамандарының көмегімен емделеді. Жоғары температура кезінде қызуды түсіретін препараттармен қатар көп мөлшерде сұйықтық қабылдау тағайындалады. Сонымен қатар төсек режимі және диетаға кеңес береді. Басты ем антибиотик және қабынуға қарсы ем жүргізу болып табылады. Жергілікті ем буллезді түрінде жүргізіледі. Сонымен қатар ултракүлгін сәулесімен емдеу тиімді..

Тілме асқынулары, басым көпшілігі жергілікті сипатта. Жергілікті асқынуларға абсцесс, флегмона, тері некрозы, флебит, тромбофлебит, лимфангит, периаденит жатады. Тромбофлебит кезінде жиі балтырдың тері асты және сирек терең веналары зақымданады.

Жалпы асқынулар сирек дамиды, оған жатады: сепсис, токсикоинфекциялық шок, жіті жүрек-тамыр жетіспеушілігі, өкпе артериясы тромбоэмболиясы және т.б.

Тілменің ақыры – тұрақты лимфостаз (лимфедема) және екіншілік шораяқ (фибредема).

Наши рекомендации