Тақырып №3. Жедел коронарлы синдром.

Науқас П. «Жедел жәрдемге» физикалық жүктемеден кейінгі 20 минутқа созылатын төс артында күйдіріп ауырсыну, сол жақ қолға ауырсынудың берілуі, сол жақ жаурын астына берілу шағымдарымен көмек сұраған. 2 ай бұрын ишемиялық инсульт алған. Қарау кезінде: тағамды шамадан тыс қабылдайды, тері жабындылары бозғылт. Жүрек тондары ырғақты, тұйықталған. АД 150/80 мм.с.б. Пульс 90 рет минутына. ЭКГ – ST сегментінің көтерілуі. Осы науқасқа қандай препаратты тағайындауға қарсы көрсеткіш болып табылады?

1. Милдронат

2. Конкор

3. Верапамил

4. Энам

5. Стрептокиназа

Науқас В. «Жедел жәрдемге» стресстік жағдайдан кейінгі 20 минутқа созылатын төс артында күйдіріп ауырсыну, сол жақ қолға ауырсынудың берілуі, сол жақ жаурын астына берілу және нитраттарды қабылдағанда басылмайтынына шағымдарымен көмек сұраған. Қарау кезінде: тағамды шамадан тыс қабылдайды, тері жабындылары бозғылт. Жүрек тондары ырғақты, тұйықталған. АД 130/80 мм.с.б. Пульс 96 рет минутына. ЭКГ – ST сегментінің көтерілуі. Осы науқасқа аспириннің бастапқы дозысын көрсет:

1.160 – 325 мг

2. 150 – 300 мг

3. 250 – 300 мг

4. 125 – 325 мг

5. 225 – 300 мг

Науқас Л. «Жедел жәрдемге» стресстік жағдайдан кейінгі 20 минутқа созылатын төс артында күйдіріп ауырсыну, сол жақ қолға ауырсынудың берілуі, сол жақ жаурын астына берілу және нитраттарды қабылдағанда басылмайтынына шағымдарымен көмек сұраған. Бірінші рет ауырсыну 2 апта бұрын пайда болған. Қарау кезінде: тағамды шамадан тыс қабылдайды, тері жабындылары бозғылт. Жүрек тондары ырғақты, тұйықталған. АД 140/80 мм.с.б. Пульс 86 рет минутына. ЭКГ – ST сегментінің көтерілуі. Сіздің тактикаңыз:

1. екі мг морфин ауырсынуды басу және ұйде қалдыру

2. екі мг морфин ауырсынуды және кардиологиялық бөлімге госпитализация жасау

3. Алгоритм бойынша көмек көрсету және жоспарлы түрде кардиологиялық бөлімге госпитализация жасау

4. Алгоритм бойынша көмек көрсету және экстренді түрде реанимациялық бөлімге госпитализация жасау

5. Алгоритм бойынша көмек көрсету және экстренді түрде кардиологиялық бөлімге госпитализация жасау

Науқас С. 50 жаста, соңғы бір жыл бойы (800 м артық) жүрген кезде сол жақ бұғанаға берілетін және 1-2 минут тыныштықтан кейін жоғалатын төс артында ауырсынуға шағымданады. Дәрігерге бірінші рет келген. Күніне 12-15 темекі шегеді. Қарау кезінде: жүрек шекарасы қалыпты, тондары тұйықталған, ырғақты қолқада ІІ тон акценті естіледі. АҚҚ 130/80 мм с.б. Пульс—75 рет минутына. ЭКГ ұстамадан тыс кезінде түсірілген. Ауырсыну себебі неде?

1. кардиалгия

2. ЖИА: бірінші ретті пайда болған стенокардия

3. ЖИА: өрістеуші стенокардия

4. ЖИА: тұрақты стенокардия

5. ЖИА: миокард инфаркты

 
  Тақырып №3. Жедел коронарлы синдром. - student2.ru

ЭКГ-да көрсетілген белгілер қай бұзылысқа жатады?

1. Сол жақ қарыншаның бүйір қабырғасының миокард инфаркты

2. Төменгі миокард инфаркты.

3. Алдыңғы-аралық миокард инфаркты

4. Артқы миокард инфаркты

5. Сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының миокард инфаркты

«Жедел жәрдем» станциясына науқас М, 45 жаста төс артындағы күйдіретін ауырсыну сезіміне, алғаш пайда болған, қысқа уақытты, физикалық жүктемелердегі кейін пайда болады. Объективті: жүрек тондары ырғақты, әлсіріген, АҚҚ-120/80мм.сн.бағ., пульсі-76рет/мин. ЭКГ-да ST депрессиясы. Сіздің іс әрекетіңіз.

1.Ауырсынуды басу, шақыртуды жанұялық дәрігерге беру

2.Аспирин беру, ауырсынуды басу, гепарин енгізу және үйдегі төсектік тәртіпті тағайындау

3.Аспирин беру, ауырсынуды басу, ЭКГ түсіру стационардың қабылдау бөліміне жеткізу

4. ауырсынуды басу және стационардың қабылдау бөліміне жеткізу

5.Аспирин беру, жансыздандыру, ЭКГ түсіру, гепарин енгізу, госпитализациялау үшін стационардың қабылдау бөліміне жеткізу

Науқас П, 52 жаста жұмыста 30 минуттан асатын төс артындағы күйдіретін ауырсыну сезімінің пайда болғанына шағымданады. «Жедел жәрдем» дәрігерімен түсірілген ЭКГ-да, II, Ш, аVT тіркемелерінде ST сегментінің жоғарлауы. Сіздің болжам диагнозыңыз.

1.ЖИА алғаш пайда болған стенокардия HI

2.Спонтанды пневмоторакс

3.Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

4.ЖИА ірі ошақты төменгі диафрагмальды миокард инфарктысы, жіті кезеңі HO

5.Жедел коронарлық синдром ST сегментінің жоғарлауы

ЖКС-пен науқасты анықтаған кезде, «Жедел жәрдем» дәрігерінің дұрыс іс-әрекетін көрсетіңіз.

1.Ауырсынуын басып, жанұялық дәрігерді шақырту жасау

2. Аспирин беру, ауырсынуын басып, үйде төсектік режим тағайындау

3.Аспирин беру, ауырсынуын басып, ЭКГ-ға түсіріп, стационарлық қабылдау бөліміне жеткізу

4.Ауырсынуын басып стационарлық қабылдау бөліміне жеткізу

5. Аспирин беру, жансыздандыру, ЭКГ-ға түсіріп, госпитализациялау үшін стационардың қабылдау бөліміне жеткізу.

Науқас А, 54 жаста, ЖИА, күш түсі стенокардиясы ФК II бойынша есепте тұрады. «Жедел жәрдем» дәрігеріне жалпы жағдайының нашарлауына шағымданады: ұстамалар саны тәулігіне 5-6 ретке дейін жоғарлады, 200м қашықтықты ұстамасыз өте алмайды, нитроглицериннің бұрынғы дозасы ангинозды ауырсыну ұстамасын баспайды. ЭКГ динамикасында өзгерістер жоқ. Сіздің диагнозыңыз?

1.ЖИА күш түсу стенокардиясы ФК II

2. ЖИА күш түсу стенокардиясы ФК III

3. ЖИА күш түсу стенокардиясы ФК IV

4. ЖИА тұрақсыз стенокардия IIА класс, жоғарғы қауып

5.ЖИА тұрақсыз стенокардия IIБ класс, жоғарғы қауып

Науқас Т, 38 жаста, таңертеңгілік сағат 5 00 пайда болды төс артындағы ауырсыну, интенсивті ұстамасымен жедел жәрдеммен жеткізілді. 3 ай бойы жүрек аймағындағы интенсивті ауырсыну мазалайды, жиі таңғы уақытта 15-20 минутқа созылады, күндіз ауырсыну мазаламайды. Ұстама уақытында ЭКГ түсірілді. II, III, AVF тіркемелерінде ST сегментінің 2мм-ге дейін жоғарлауы. АҚҚ-120/70мм.сн.бағ. ЖСЖ-60рет/минутына. Қайталама ЭКГ –ға түсірген кезде, өзгерістер жоқ. Сіздің болжамалы диагнозыңыз

1.ЖИА алғаш пайда болу стенокардия

2.ЖИА жедел миокард инфарктысы

3.ЖИА үдемелі стенокардия

4.ЖИА күштемелі стенокардия ФК IV

5.ЖИА спонтанды стенокардия

Науқас Ю. 42 жаста 20 минутқа созылған төс артында күшті ауырсынуда сезінген. Анамнезінде стенокардия бірақ науқас жүйелі түрде қаралған, жағдайының нашарлауын стрестік жағдаймен байланыстырады. Жедел жәрдем дәрігерімен жазылған ЭКГ – да ST сегментінің депрессиясы. Сіздің болжам диагнозыңыз?

1. ЖИА алғаш пайда болған стенокардия H 1

2. ЖИА спонтанды стенокардия H2

3. ST сегментінің көтерілусіз жедел коронарлы синдром

4. ЖИА ұсақ ошақты миокарды инфаркты, жедел кезеңі HO

5. ST сегменті көтерілуімен жедел коронарлы синдром

Науқас С. 58 жас, көп жылдар бойы ЖИА-мен ауырады. Бүгін 30 минуттан асатын төс артындағы батып ауырсыну пайда болған, нитроглицеринмен басылмаған. «Жедел жәрдем» дәрігерімен ЭКГ-да сол жақ Гис аяқшасының блокадасы «жаңа» блокадасы жазылған. Сіздің болжам диагнозыңыз?

1. Жедел коронарлы синдром, ST сегментінің көтерілуінсіз

2. ЖИА. Өткізгіштік және ырғақ бұзылыстары. Ж I

3. ЖИА. Спонтанды стенокардия. Ж I

4. ЖИА. Ұсақ ошақты инфаркт миокардасы, жедел саты. ЖО.

5. ЖИА. Коронарлы синдром, ST сегментінің жоғарлауымен

Наши рекомендации