П.Сафардың үш есе әдісі
1. Дем жолдарының өткізгіштігін жақсарту үшін басын шалқайту: - реаниматор бір қолын зардап шегушінің маңдайына қойып неғурлым басын шалқайтады, екінші қолымен мойынын ртынғы жағын көтереді.
2. Тілің жұтып алмау үшін, төменгі жақты алдына қарай итереді:
- жоғарғы және төменгі тістері бірдей болуына келтіру үшін, саусақтың үштерімен төменгі жағын көтеру. Бірінші саусақпен алдыңғы тістерінің түбінен үстап, екінші саусақпен төменгі жақты үстап, қалған үш саусақпен төменгі жақты бекітіңдер. Төменгі жақты төмен және алдына қарай тартыңыз. Басқа қолдың алақаны зардап шегушінің маңдайына.
3.Демді зардап шегушіге жіберу үшін ауызын ашу:
Осы әдістер ауыз қуысының бұлшық еттерін созып тілді жұтып алмау үшін бекітеді.
В ережесі. Өкпенің жасанды желдетуі (ӨЖЖ).
ӨЖЖ жасаған кезінде келесі ережелерді сақтау:
1. Реаниматормен зардап шегушінің өкпелері ауа кірместей жабылатын жүйе тәрізді болу керек «зардап шегушінің өкпесі және реаниматордың өкпесі».
2. Желдетудің тиымдылығын үнемі тексеріп отыру; кеуде қуысының демін алғанда көтерілуін, демін шығарғанда төмен түсуін бақылап отыру.
3. Желдетудің тиымдылығы дем жолдарының өткізгіштігінен байланысты екенің еске алу.
Ауыздан ауызға» әдісімен ӨЖЖ жасау
Мақсаты:реаниматордың демін шығару арқылы зардап шегушінің өкпесіне ауа жіберу.
Көрсеткіші:клиникалық өлім.
- Сафардың үш есе әдісін қараңыз.
Іс әрекет алгоритмі:
-зардап шегушінің басын шалқайтып үстаңыз ;
- зардап шегушінің үлкен және екінші саусағынызбен мұрының қысыңыз;
- екінші қолыңызбен зардап шегушінің ауызын ашу үшін төменгі жағын тартып, ауызына орамал немесе дәке салыңыз;
- терең демді алып, дәке арқылы ерніңізді зардап шегушінің ауызына тығыз салып, демінізді жіберіңіз, содан кейін басынызды басқа жаққа бұрыңыз, себебі зардап шегушінің ауызынан әлсіз дем шығады. Осындай жағдайда зардап шегушінің кеудесі көтеріледі. Келесі демді кеудесі төмендеп қалпына келгенде жібереді.
Ауыздан мұрынға». әдісімен ӨЖЖ жасау
- басын шалқайтып бір қолын зардап шегушінің маңдайына , екінші қолыменен төменгі жақты төмен және алға тарту. Осылайша ауызы жабылады;
- терең демді алып зардап шегушінің мұрнына ерніңізбен терен түрде ауаны жіберіңіз.
ӨЖЖ минутына 12 дем жиілігімен жіберіледі, себебі зардап шегушінің өкпесін өз бетінше демалу үшін және жедел жәрдем келгенше әрбір 5 сек сайын үрлеу керек.
С ережесі. Жүрекке тікелей емес массаж жасау.
Жүрекке тікелей емес массаж жасауы әлсіз жүректін қан айналымының жақсартуына бағытталған. Кеудемен омыртқаның дұрыс басылуы арқылы қуыстағы қан қан тамырларына итеріледі. Кеудеге қысым беруін тоқтатқанда кеуде торшасы өзінің созылғыштық күшімен ашылып, жүрекке қанды толтырады.
Мақсаты:Жүректің жүмысын жақсарту, қан айналымын қалпына келтіру.
Көрсеткіші:клиникалық өлім.
Іс әрекет алгоритмі:
1. Зардап шегушіні қатты жерге жатқызу.
2. Қысып тұрған киімдерін шешу, жүрек аймағын босату.
3. Реаниматор зардап шегушінің бір жақ қырында болады.
4. Зардап шегушінің бір жақ қырына тізенізді бұгіп отырып, қолыңызды тік үстап төстің төменгі жағына қойыңыз.
5. Иығынызды төсіңізбен қатарластырып (параллельно) үстаңыз.
6. Алақаңызды төстің төменгі жағына саусақтарыңызды сәл көтеріп салыңыз. Саусақтарыңыз кеудеге тимеу керек, қолыңыз «ұшып жатқан құстың қанаттары» тәрізді .
7. Қолыңызды тік ұстаңыз.
8. Тиімді түрткі ретінде 0,5сек үзіліспен терендігі 5-6см кеудесінің төменгі жағын қысу.
9. Үзіліс кезінде қолды алмайсыз, тік ұстайсыз, саусақтары жоғары қарап түрады.
Ескерту!Кеуде қуысына қысым жасағанда оны тоқтатумен кезектестіру керек, себебі жүрек қанға толу үшін, қысысымның жиелігі минутына 60-80 рет болуы тиіс. Ауаны қысымнан кейін жіберу.
Реанимацияны жүргізгенде 2 рет дем жібереді 30 компрессия жасауды.
Алғашқы реанимациялық шаралар
Алгоритмы
2010 жылы Халықаралық реанимация комитетімен, американдық кардиологиялық ассоциациясымен дайындалған. (Литвадағы денсаулық ғылыми университеті)
Бес кезен:
1. Жағдайына баға беру.
2. Алғашқы реанимация 30/2.
3. Демнің тоқтауын емдеу.
4. Дефибрилляторды қолдану.
5. Әрі қарай көмек көрсету.