Интерн- хирургтарға арналған тесттер
Торакальді хирургия» модулі бойынша
Тәртіп: «Хирургиялық аурулар»
Мамандығы : 051301- «Жалпы медицина»
Курс: 7 курс
Семестр: 13-14
Оқу сағат көлемі – 90 сағат
Бақылау түрі: емтихан
№___ от «__»___ 20__ж кафедра отырысында талқыланып бекітілді.
Каф. меңгерушісі, профессор Дайырбеков О.Д.
«Торакальді хирургия»
$$$001
Науқас П, 29 жаста, қабылдау бөліміне кеуде торының оң жақ бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданып түсті. Анамнезінен 2 күн бұрын жұмысында баспалдақтан құлаған. Қарап тексергенде артқы қолтық сызығы бойымен 5,6 қабырғалар проекциясында қатты ауру сезімі, алдыңғы кеуде қабырғасына оң қабырға астына дейін таралатын тері асты крепитация анықталады.Осы жағдайға төмендегілердің қайсысы сәйкес келеді?
+A) 5-6 қабырғаның сынуы және теріасты эмфизема;
B) Кеуде торының соғылуы және теріасты эмфизема;
C) Кеуде торының соғылуы және қуысты мүшенің зақымы;
D) 5-6 қабырғаның сынуы және паренхиматозды мүшенің зақымы
E) Кеуде торының соғылуы және кернелген клапанды пневмоторакс;
$$$002
Науқас П, 29 жаста, қабылдау бөліміне кеуде торының оң жақ бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданып түсті. Анамнезінен 2 күн бұрын жұмысында баспалдақтан құлаған. Қарап тексергенде артқы қолтық сызығы бойымен 5,6 қабырғалар проекциясында қатты ауру сезімі, алдыңғы кеуде қабырғасына оң қабырға астына дейін таралатын тері асты крепитация анықталады. Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі бірінші кезекте жасалуы тиіс?
A) Кеуде торы мүшелерінің КТ;
B) Кеуде торы мүшелерінің УДЗ;
+C) Кеуде торы рентгенографиясы;
D) Құрсақ қуысы лапароскопиясы;
E) Плевра қуысының торакоскопиясы;
$$$003
Науқас И. 39 жаста, ауыр жағдайда жеткізілді, жауырын және артқы қолтық сызық бойымен екі жақты қабырға сынуы бар (оң жақтан 4 қабырға, сол жақтан – 3 қабырға), кеуде торының алдыңғы қабырғасында айқын теріасты эмфизема бар. Пневмоторакс пен гемоторакстың клиникалық және рентгенологиялық белгілері жоқ. Төмендегілердің қайсысы осы жағдайда анағұрлым дұрыс?
A) Науқасты динамикалық бақылау
B) Екі плевра қуысын дренаждау
C) Сол жақ плевра қуысын дренаждау
D) Кеуде торы мен мойын терісінде кең тіліктер жасау
+E) Кеуде торының теріасты шелмайына Дюфо инелерін енгізу
$$$004
Науқас әйел А. 34 жаста көлік апатына ұшырады. Ауыр жағдайда жеткізілді: қан түкіру, ентігу, кеуде торының оң бөлігінің парадоксальді қозғалысы. Рентгенологиялық зерттеуде оң жақтан бұғана ортаңғы және ортаңғы қолтық сызығы бойынша 4,5 6, 7 қабырғаның терезелі сынуы, 3 сызық бойымен сынған IV қабырғаның сынығының орнынан қозғалуы анықталды. Гемопневмоторакс, АҚ – 90/60 мм.рт.ст. Пульс 120 соғу минутына, толуы мен кернеулігі әлсіз. Плевра құысының пункциясы кезінде шприц ішінде ұйып қалатын қан алынды шприцке ауа еркін жиналады. Науқастың осындай ауыр жағдайы немен шақырылған?
+A) Аралас генезді шок, жалғасып жатқан плевра ішілік қан кету;
B) Геморрагиялық шок, тоқтаған плевра ішілік қан кету;
C) Жарақаттық шок, жалғасып жатқан плевра ішілік қан кету;
D) Көптеген қабырғалардың жабық сынуы оң жақтан, өкпенің зақымы;
E) Гемопневмоторакс оң жақтан және плевропульмональді шок
$$$005
Науқас М. 19 жаста, 3 сағат бұрын кеуде клеткасының сол бөлігінің пышақталған жарақатын алды. Жағдайы ауыр. Ес-түсі бұлыңғыр, тері жамылғысы боз, ерін цианозы, мойын веналары ісінген.. АҚ – 80/20 мм.рт.ст. Шеткі тамырларда пульс анықталмайды. Кеуде торының жарасының ұзындығы см, сол төс маңы сызық бойымен III-қабырғааралықта орналасқан. Сол өкпеде тыныс әлсіреген. Осы клиникалық көрініс төмендегілердің қайсысына тән?
A) Плевра қуысының пункциясы және оттегі ингаляциясы
B) Перикард пункциясы және динамикада бақылау
C) Қан және тұзды ерітінділерді құю
D) Көктамырішілік инфузионды терапия
+E) Сол жақты торакотомия жасау
$$$006
Науқас М. 19 жаста, 3 сағат бұрын кеуде клеткасының сол бөлігінің пышақталған жарақатын алды. Жағдайы ауыр. Ес-түсі бұлыңғыр, тері жамылғысы боз, ерін цианозы, мойын веналары ісінген.. АҚ – 80/20 мм.рт.ст. Шеткі тамырларда пульс анықталмайды. Кеуде торының жарасының ұзындығы см, сол төс маңы сызық бойымен III-қабырғааралықта орналасқан. Сол өкпеде тыныс әлсіреген. Осы клиникалық көрініс төмендегілердің қайсысына тән?
A) Өкпе зақымы және жарақаттық шок;
B) Бас миының соғылуы және кеуде торының кесілген жарасы;
+C) Кеуде торының енген жарақаты және жүрек жарақаты;
D) Кеуде торының енген жарақаты және гемопневмоторакс;
E) Бас миының соғылуы және кеуде торының енген жарақаты;
$$$007
Науқас А. 45 жаста 4 сағат бұрын оң жақ кеуде торының көптеген пышақталған жарақатын алған. Жедел жәрдем дәрігерінің айтуы бойынша оң жақ кеуде торынан жауырын сызығы бойынша 4 қабырғаралықтағы жарадан айқын қан кету болған. Пульс 92 соғу минутына, толуы мен кернеулігі қанағаттанарлық. АҚ – 100/70 мм.рт.ст. Кеуде торының рентгенографиясында гемопневмоторакс жоқ. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым бірінші кезекте орындалуы тиіс?
A) Оңжақтық торакотомия
B) Оң плевра қуысының пункциясы
C) Диагностикалық торакоскопия
+D) Жараны біріншілік хирургиялық өндеу
E) Оң плевра қуысын дренаждау
$$$008
Науқас Т. 56 жаста сол жақ кеуде торының тесіп өткен оқ жарақатын (тапаншадан) алған. Жағдайы ауыр. Торакоабдоминальді жарақат алғаны анықталды. Плевра қуысының пункциясы кезінде 1,5 л сұйық қан алынды. Тексергенде асқазанның кардиальді бөлігінің және бауырдың сол бөлігінің тесіп өткен жарақаты анықталды. Асқазан мен бауыр жарақаттары тігілді. Осы жағдайда хирург бірінші кезекте қандай манипуляция орындау керек еді?
+А) Плевра қуысының дренаждауынан бастау
B) Торакотомиядан және диафрагманы тігуден бастау
C) Диагностикалық торакоскопиядан бастау
D) Диагностикалық торакоцентезден бастау
Е) Плевра қуысының пункциясынан бастау
$$$009
Ауыр жағдайда түскен 43 жасар Э. науқаста қабрығалардың сынуы (сол жақтан – 5, оң жақтан – 4), айқын теріасты эмфизема, екі жақты пневмоторакс анықталды. Осы жағдайда қандай емдік тактика бірінші кезекте орындалуы тиіс?
A) Үнемі оксигенация жасау және жансыздандыру
B) Теріасты шелмай қабатына Дюфо инелерін енгізу
+C) Екі плевра қуысын дренаждау
D) Трахеостома салу және пункция жасау
E) Екі жақтан торакоскопия жасау
$$$0010
Науқас құлап оң жақ кеуде торының дарақатын алған. 3 қабырғаның сынуы, оң жақты гемопневмоторакс анықталды. Бұғана ортаңғы сызық бойымен 2-қабырғааралықта плевра қуысын дренаждау жасалды. Бақылау барысында жағдайы біршама жақсарды. Бақылау рентгенографиясында оң оқпе толық жазылмаған, диафрагма үстінде кең горизонтальді сұйықтық деңгейі қалып тұр. Осы жағдайда қандай хирургиялық тактика анағұрлым дұрыс болып табылады?
A) Оң жақты торакотомия
B) Дренажға белсенді аспирацияны қосу
C) Қан мен ауаны сору үшін плевра қуысының пункциясы
+D) Плевра қуысын 7-қабырғааралықта дренаждау
E) Алдында қойылған дренажды ауыстыру
$$$0011
Науқас С. 31 жаста кеуде торының енген жарақатымен 8 күннен кейін түсті. Зерттеп тексергеннен кейін диагноз қойылды: Оң жақтан кеуде торының енген жарақаты, оң жақтық ұйып қалған гемоторакс. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым дұрыс болып табылады?
+A) Торакотомия
B) Плевра қуысының пункциясы
C) Плевра қуысын дренаждау
D) Қосарланған антибактериальді терапия
E) Ферменттерді плевра ішіне енгізу
$$$0012
Науқас И. 49 жаста 1 тәулік бұрын оң жақ кеуде торының пышақталған жарақатын алған. Түскен кезде жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Боз, АҚ – 110/70 мм.рт.ст., пульс – 88 соғу минутына, қасиеттері қанағаттанарлық. Оң өкпе үстінде тыныс әлсіреген. Кеуде торының рентгенограммасында 7 қабырғааралыққа жететін сұйықтық деңгейі анықталады. Бақылау пункциясы кезінде сұйық қан алынды. Рувиула-Грегуар сынамасы теріс. Бұл нені көрсетеді?
A) Ұйыған оң жақты гемоторакс;
B) Плевра қуысынң іріңдеуі;
C) Жалғасып жатқан қан кету;
+D) Тоқтаған қан кету;
E) Өқпе және бронхтар зақымы;
$$$0013
Науқас И. 49 жаста 1 тәулік бұрын оң жақ кеуде торының пышақталған жарақатын алған. Түскен кезде жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Боз, АҚ – 110/70 мм.рт.ст., пульс – 88 соғу минутына, қасиеттері қанағаттанарлық. Оң өкпе үстінде тыныс әлсіреген. Кеуде торының рентгенограммасында 7 қабырғааралыққа жететін сұйықтық деңгейі анықталады. Бақылау пункциясы кезінде сұйық қан алынды. Рувиула-Грегуар сынамасы теріс. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым дұрыс болып табылады?
A) Дереу торакотомия
B) Оң жақтан торакоцентез жасау
+C) Плевра қуысын оң жақтан дренаждау
D) Оң жақтан торакоскопия жасау
E) Қайталанбалы плевра қуысының пункциясы
$$$0014
Пневмотораксы бар 44 жасар науқасқа Бюлау бойынша дренаждау жасалған. Алдыңғы уақытта түтіктер бойынша ауа көпіршіктері молынан шыққан. 4-тәулікте түтік бойынша ауа шыққан жок, оның дистальді бөлігінде тыныс алу қозғалысына және жөтелге әсер етпейтін сұйықтық бағаны бар. Рентгенограммада өкпе жазылған. Осы жағдайда қандай шара анағұрлым тиімді?
+A) Дренажды алып тастау
B) Дренажды антисептикпен жуу
C) Герметикалық тігіс салу
D) Дренажды қайта қою
E) Плевра қуысының пункциясын жасау
$$$0015
Науқас үйдің 7-қабатынан құлаған, ауыр жағдайда жеткізілді. Сол басты бронхтың жыртылуы анықталды. Науқасқа операция жасап, бронхқа біріншілік тігіс салу керек деген шешім қабылданды. Қандай хирургиялық тілік анағұрлым оңтайлы?
A) Стернотомия
B) Медиастинотомия
C) Көлденең торакотомия
D) Алдыңғы торакотомия
+E) Бүйір торакотомия
$$$0016
Науқас 2 сағат бұрын оң жақ кеуде торының енген пышақталған жарақатын алған. Ауыр жағдайда түсті. Боз АҚ – 90/60 мм.рт.ст., пульс – 112 соғу минутына, толуы мен кернеулігі әлсіз, ритмді. Оң өкпе үстіндегі тыныс әлсіз. Кеуде торының рентгенографиясы кезінде жауырын бұрышына дейін жететін кең сұйықтық деңгейі анықталады. Пункция кезінде қан алынды. Рувиула-Грегуар сынамасы оң. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым дұрыс болып табылады?
A) Плевра қуысын дренаждау
+B) Дереу торакотомия
C) Қайталанбалы плевра қуысының пункциясы
D) Диагностикалық торакоскопия жасау
E) Диагностикалық бронхоскопия жасау
$$$0017
Науқас Ф., 17 жаста оң жақ кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып түсті. Бұл көрініс спорт жаттығуларынан кейін пайда болған. Объективті: ортопное байқалады, тері жамылғысының цианозы. Перкуссия кезінде оң жақ кеуде торында қорап тәрізді дыбыс, аускультация кезінде оң өкпе үстінде тыныс естілмейді. ТЖ 28 рет минутына. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?
A) Буллезді эмфизема
B) Кеуде аралық эмфиземасы
C) Бронхоэктазды ауру
D) Оң жақтан кеуде торының соғылуы
+E) Оң жақтан спонтанды пенвмоторакс
$$$0018
Науқас Ф., 17 жаста оң жақ кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып түсті. Бұл көрініс спорт жаттығуларынан кейін пайда болған. Объективті: ортопное байқалады, тері жамылғысының цианозы. Перкуссия кезінде оң жақ кеуде торында қорап тәрізді дыбыс, аускультация кезінде оң өкпе үстінде тыныс естілмейді. ТЖ 28 рет минутына. Кеуде торының рентгенографиясында оң өкпе коллапсы. Осы жағдайда плевра қуысын дренаждаудың қай түрі көрсетілген?
A) Ортаңғы қолтық сызығы бойынша 6-қабырғааралықта
+B) Бұғана ортаңғы сызық бойынша 2-қабырғаралықта
C) Артқы қолтық сызығы бойынша 7-қабырғааралықта
D) Артқы қолтық сызығы бойынша 8-қабырғааралықта
E) Қолтық сызығы бойынша 2- және 8-қабырғааралықта
$$$0019
Науқас әйел А. 34 жаста көлік апатына ұшырады. Ауыр жағдайда жеткізілді: қан түкіру, ентігу, кеуде торының оң бөлігінің парадоксальді қозғалысы. Рентгенологиялық зерттеуде оң жақтан бұғана ортаңғы және ортаңғы қолтық сызығы бойынша 7 қабырғаның терезелі сынуы, 3 сызық бойымен сынған IV қабырғаның сынығының орнынан қозғалуы анықталды. Гемопневмоторакс, АҚ – 90/60 мм.рт.ст. Пульс 120 соғу минутына, толуы мен кернеулігі әлсіз. Плевра қуысының пункциясы кезінде шприц ішінде ұйып қалатын қан алынды шприцке ауа еркін жиналады. Қандай емдік тактика осы жағдайда анағұрлым бірінші кезекті?
A) Торакоцентез оң жақтан;
B) Торакоскопия оң жақтан;
+C) Торакотомия оң жақтан;
D) Дренаж қою;
E) Қайталамалы пункция;
$$$0020
Төмендегңлердің қайсысы жас адамдарда біріншілік идиопатиялық (спонтанды) пневмоторакс себебі бола алады?
A) Өкпе туберкулезі;
B) Жиі вирусты инфекция;
C) Спортпен белсенді шұғылдану;
D) Ерте жастан ұзақ шылым шегу;
+E) Тұқым қуалайтын аурулар;
$$$0021
Төмендегңлердің қайсысы жас адамдарда екіншілік идиопатиялық (спонтанды) пневмоторакс себебі бола алады?
+A) Өкпе туберкулезі;
B) Өкпенің біріншілік эмфиземасы;
C) Спортпен белсенді шұғылдану;
D) Ерте жастан ұзақ шылым шегу;
E) Жиі вирусты инфекция;
$$$0022
Екі немесе одан да көп анатомиялық зонаның зақымдануы қандай жарақат түріне жатады?
A) Үйлескен
+B) Қосарланған
C) Оқшауланған
D) Ашық
E) Жабық
$$$0023
Қосарланған жарақат кезінде жалған абдоминальді синдром себебі неде?
A) Жамбас-сан буынының шығуы
B) Ортан жіліктің ұршық арқылы сынуы
C) Омыртқа бағанасының мойын-кеуде бөлігін жаралау
D) Төс сүйегінің сынуы мен кеудеаралықтың жарақаты
+E) Орта-төменгі аймақта кеуде жарақаты қабырғалардың сынуымен
$$$0024
Диафрагма күмбезінің жыртылуының анық белгісі қандай?
A) Оң және сол қабырға астында ауру сезімі
B) Кеуде торында иыққа берілетін ауру сезімі
+C) Құрсақ қуысы мүшелерінің кеуде қуысына ығысуы
D) Жарақат жағында әлсіз тыныс
E) Диафрагма күмбезінің жоғары тұруы
$$$0025
Плевраішілік қан кетудің тоқтағанын немесе жалғасып жатқанын қандай сынама дәлелдейді?
A) Петров сынамасы
B) Эфендиев сынамасы
+C) Рувиула-Грегуар сынамасы
D) Зельдович сынамасы
E) Пратта II сынамасы
$$$0026
Науқас Д., 42 жаста, іштің жабық жарақатынан 12 сағаттан кейін хирургиялық бөлімшеге түсті. Науқас жедел операцияға алынды, онда құрсақ қуысында аздаған көлемде өт, көлденең тоқ ішек шажырқайының түбірінің, гепатодуоденальді байламның өтпен имбибициясы анықталды. Осы жағдайда қандай мүшенің зақыдануы анағұрлым ықтимал?
+A) 12 елі ішек зақымы
B) Бауырдың және өт жолдарының жыртылуы
C) Асқазан және ішектің зақымы
D) Ұйқы без зақымы
E) Көлденең тоқ ішек зақымы
$$$0027
Науқас С., 19 жаста жедел көмек көрсету ауруханасына іштің жабық жарақатынан 40 минуттан кейін түсті. Құрсақ қуысының УДЗ-де бос сұйықтық анықталды. Куленкампф симптомы оң. Осы жағдайда қандай диагностикалық шара анағұрлым дұрыс?
+A) Лапароскопия жасау
B) Компьютерлі томография
C) Эндоскопиялық зерттеу
D) Құрсақ қуысының рентгенографиясы
E) Құрсақ қуысының УДЗ бақылауында пункция жасау
$$$0028
Науқас К., 21 жаста, іштің жабық жарақатынан 2 сағаттан кейін жеткізілді. Түскен кезде жағдайы ауыр: АҚ – 100\70 мм рт.ст., пульс 90 рет 1 мин., боз, Щеткин-Блюмберг симптомы күмәнді. Құрсақ қуысының рентгенографиясында патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. Науқасқа қосымша қандай зерттеу әдісін өткізу керек?
A) Кеуде торының рентгенографиясы
B) Жедел компьютерлі томография
C) Асқазан-ішек жолының рентгеноскопиясы
+D) Құрсақ қуысының ультрадыбыстық зерттеуі
E) Құрсақ қуысының ядролы-магнит томографиясы
$$$0029
Науқас М., 38 жаста, қабылдау бөліміне іштің пышақталған жарақатымен түсті. Мезогастрий аймағында 3,5,0х2,0 см жара бар. Жарада үлкен шарбымай бөлігі бар. Жалпы жағдайы қанағатанарлықтай, Щёткин-Блюмберг симптомы теріс АҚ – 120\80 мм рт.ст., пульс – 80 рет минутына. Осы жағдайда төмендегілердің қайсысы анағұрлым дұрыс?
+A) Шұғыл лапаротомия
B) Лапароцентез
C) Жараның хирургиялық өндеуін жасау
D) Шарбымайды орнына салу және дренаж қою
E) Шарбымайды орнына салу және жараға тігіс салу
$$$0030
Қабылдау бөліміне 27 жасар науқас А. ішіне пышақталған жарақат алғаннан 2 сағаттан кейін түсті. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Науқас белсенді, іші жұмсақ, кіндіктен солға қарай ауру сезімді, онда 1,0х0,5өлшемде тесіліп-кесілген жара бар. Осы жағдайда әрі қарайғы тактика қандай болуы тиіс?
A) Өндеу және таңғыш салу
B) Өңдеу және бір тігіс салу
C) Шұғыл лапаротомия
+D) Жараны хирургиялық өңдеу
E) Лапароскопия, дренаж қалдыру
$$$0031
Науқас С., 28 жаста, төбелес кезінде жарақат алғаннан 6 сағаттан кейін түсті. Сол жақтан кеуде торындағы және қабыр астындағы ауру сезіміне шағымданады. 3 сағаттан кейін жағдайы нашарлаған. Іштің сол жақ бөлігіндегі ауру сезімнің күшеюгенін, ентігу, қатты әлсіздік, бас айналу пайда болғанын айтады. Құрсақ қуысының УДЗ-де бос сұйықтық анықталады. Науқаста анағұрлым дұрыс емдік тактика қандай?
A) Шокқа қарсы терапия жүргізу
+B) Шұғыл лапаротомия жасау
C) Жансыздандыру және динамикада бақылау
D) Лапапроцентез жасау және дренаж қалдыру
E) Интенсивті терапия бөлімшесіне ауыстыру
$$$0032
Науқас С., 28 жаста, төбелес кезінде жарақат алғаннан 6 сағаттан кейін түсті. Сол жақтан кеуде торындағы және қабыр астындағы ауру сезіміне шағымданады. 3 сағаттан кейін жағдайы нашарлаған. Іштің сол жақ бөлігіндегі ауру сезімнің күшеюгенін, ентігу, қатты әлсіздік, бас айналу пайда болғанын айтады. Құрсақ қуысының УДЗ-де бос сұйықтық анықталады. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?
A) Сол жақтан диафрагманың жыртылуы
B) Өкпе, трахея және бронхтардың жыртылуы
C) Плевраның жыртылуы, плевропульмональді шок
+D) Көкбауырдың капсула асты гематомасының жыртылуы
E) Бүйректін жыртылуы, құрсақ арты гематома
$$$0033
Кеуде торының жарақаты бар науқасқа клиникалық зерттеу жүргізіп жатқанда бетіне, мойнына, кеуде торына кең таралған теріасты эмфизема, цианоз, даусының мыңғырлауы байқалды. Науқаста суреттелген көріністің анағұрлым ықтимал себебі қандай?
+A) Кеудеаралық эмфиземасы
B) Теріасты эмфизема
C) Гемоторакс
D) Пневмоторакс
E) Гемоперикард
$$$0034
Кеуде торының жарақаты бар науқаста қан түкіру байқалады, бұл ненің белгісі?
A) Гемопневмоторакс
B) Гемопневмомедиастинум
+C) Өкпенің зақымы
D) Трахея мен бронхтардың жарақаты
E) Диафрагманың жыртылуы
$$$0035
Кезекші аурухананың қабылдау бөліміне 35 жастағы ер адам қөлік апатынан кейін жеткізілді. Науқаста цианоз, ентігу, мойын веналарының ісінуі байқалады. Пульс жіп тәрізді, АҚ 80/40 мм.рт.ст. Аускультация кезінде кеуденің төменгі бөліктерінде тынсы біршама әлсіреген, жүрек тондары тұйық. Науқаста осы клиникалық көріністің анағұрлым ықтимал себебі қандай?
A) Гемоторакс
B) Пневмоторакс
C) Гемопневмоторакс
+D) Жүрек тампонадасы
E) Ұйыған гемоторакс
$$$036
Ер адам 40 жаста, кеуде торының сол бөлігінің пышақталған жарақатымен түсті. Жара алдыңғы қолтық сызығы бойымен 4-қабырғаралықта 1 см дейін, АҚ 90/70 мм.рт.ст., пульс 110 рет минутына, ТЖ 28 рет 1 мин. Инфузиялық терапиядан кейін жағдайы жақсарған жоқ, цианоз байқалады, гипотензия сақталып тұр. Тыныс естіледі. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?
+A) Жүрек жарақаты
B) Өкпе тесіп өткен жарақаты
C) Париетальді плевра жарақаты
D) Диафрагма күмебзінің жарақаты
E) Қабырғаралық артерия жарақаты
$$$0037
Науқас 1 апта бұрын жарақат алған. Медициналық көмекке жүгінбеген. 1 тәулік бұрын оң жақтан кеуде торындағы ауру сезімнің күшеюі, ентігу, температураның 38оС дейін жоғарлауы мазалай бастаған. Қарап тексергенде айқын ентігу, тахикардия, Тыныс алу төменгі бөліктерде қатты әлсіреген, қораптық дыбс қысқарған. Науқаста қандай асқыну анағұрлым ықтимал?
A) Гемоторакс
B) Пневмоторакс
C) Плевра эмпиемасы
+D) Ұйыған гемоторакс
E) Жарақаттан кейінгі пневмония
$$$0038
Науқас көлік-жол апат орнынан ауыр жағдайда жеткізілді. Зерттеп тексергенде жамбас сүйектері сынған. Айқын ентігу (ТЖ 28 рет 1 мин), тахикардия (ЖСЖ 100 рет 1 мин) байқалады. Перкуссиялағанда тимпанит, сол өкпе үстіндегі тыныс айқын әлсіреген, перистальтикалық шуылдар естіледі. Осы жағдайда төмендегілердің қайсысы анағұрлым ықтимал?
A) Өкпе зақымы
B) Плевра зақымы
+C) Диафрагма зақымы
D) Кеудеаралық зақымы
E) Трахея мен бронхтар зақымы
$$$0039
Науқас В. 28 жаста, қабылдау бөліміне іштің жабық жарақатынан 3 сағаттан кейін түсті. Қарап тексергенде келесі симптомдар анықталды: науқас мәжбүрлі қалыпта (тізесін ішіне қарай тартқан), іші кернелген, тыныс алуға қатыспайды, бауыр тұйықтығы анықталмайды. Осы клиникалық көрініс немен шақырылған?
A) Бауырдың жыртылуымен
B) Көкбауырдың жыртылуымен
+C) Қуысты мүшенің жыртылуымен
D) Диафрагманың жыртылуымен
E) Құрсақ қуысына қан кетумен
$$$0040
Қабылдау бөліміне шұғыл түрде 25 жасар науқас П. жарақат - ішіне соққы алғаннан 3 сағаттан кейін жеткізілді. Қарап тексергенде бауыр тұйықтығының жоғалуы анықталады. Бауыр тұйықтығының жоғалуы ненің белгісі болып табылады?
A) Асқазандағы газ көпіршігінің болмауының
B) Құрсақ қуысында сұйықтықтың
C) Ішектің айқынауаға толуының
D) Диафрагма күмбезінің жоғары тұруының
+E) Диафрагма күмбезі астында бос газ болуының
$$$0041
Ер адам М. 29 жаста қабылдау бөліміне пышақталған жарақат алғаннан 1 сағаттан кейін жетңізілді. Қарап тексергенде: алдыңғы құрсақ қабырғасында 1,0х1,5 см өлшемде кесілген жара бар, жара айналасы ауру сезімді. Санның жоғарғы 1/3 диаметрі 0,3 см болатын оқтың күру тесігі бар. Осы жағдайда жарақат сипаты қандай?
A) Іштің және аяқтың пышақталған жарақаты;
B) Іш пен аяқтың аралас жарақаты;
C) Іш пен аяқтың қосарланған жарақаты;
D) Аяқ пен іштің оқ жарақаты;
+E) Іш пен аяқтың үйлескен жарақаты;
$$$0042
Ер адам М., 29 жаста хирургке мойынның сол жақтан жаншылып-кесілген жарақатымен жара аймағындағы жұтқанда болатын ауру сезіміне және дисфагияға шағымданып келді. Жарадан қан ағу белгілері жоқ. Қарап тексергенде теріасты әмфизема анықталды. Осы жағдайда қай мүшенің зақымы анағұрлым ықтимал?
A) Өкпе;
B) Трахея;
C) Көмей;
+D) Өңеш;
E) Қалқанша без;
$$$0043
Төмендегілердің қайсысы құрсақ қуысының енген жарақатының абсолютті белгісіне жатады?
A) Науқастың мазасыз болуы
B) Жара шеттерінен белсенді қан кету
C) Жара аймағында айқын ауру сезімі
+D) Жарадан шарбымайдың немесе ішек ілмегінің түсуі
E) Алдыңғы құрсақ қабырғасында жараның үлкен өлшемдері
$$$0044
Іштегі жараны біріншілік хирургиялық өңдегенде оның құрсақ қуысына енетіні анықталды. Осы жағдайда араласудың қай түрі анағұрлым дұрыс болады?
A) Шұғыл лапароскопия жасау
B) Бар жараны кеңйту және ревизия жасау
C) Жараны тігу және динамикалық бақылау
+D) Шұғыл лапаротомия және мүшелерді ревизиялау
E) Жара арқылы құрсақ қуысына дренажды түтік орнату
$$$0045
Ер адам 29 жаста хирургияның қабылдау бөліміне сол жақтан кеуде торының пышақталған жарақатымен жеткізілді. Қарап тексергенде: жара төс маңы сызығының бойымен 3-қабырғааралықта, өлшемдері 1,0х1,0 см, шеттері қанамайды. Өкпе үстінде тыныс әлсіреген, жүрек тондары тұйық, АҚ 90/60, пульс 100 соғу минутына. Қай мүшенің зақымдалуы анағұрлым ықтимал бұл науқаста?
A) Трахея
B) Бронхтар
C) Өңеш
+D) Жүрек
E) Өкпе
$$$0046
Ер адам 37 жаста, қабылдау бөліміне пышақталған жарақатынан 1 сағаттан кейін жеткізілді. Анамнезінен ес-түсін жоғалтқан. Қарап тексергенде: жара кеуде торында сол жақтан бұғана ортаңғы сызық бойымен 3-қабырғааралықта, өлшемдері 1,5х1,0 см. Науқас мазасыз, тері жамылғылары боз. Тынысы сол жақтан әлсіреген, жүрек тондары тұйық, АҚ 80/40, пульс 110 соғу минутына. Науқаста бұл клиникалық көрініс немен шақырылған?
A) Кеуде торының енген жарақатымен;
B) Плевропульмональді шокпен;
C) Плевраішілік қан кетумен;
+D) Жүрек тампонадасымен;
E) Ми гипоксиясымен;
$$$0047
Ер адам 37 жаста, қабылдау бөліміне пышақталған жарақатынан 1 сағаттан кейін жеткізілді. Анамнезінен ес-түсін жоғалтқан. Қарап тексергенде: жара кеуде торында сол жақтан бұғана ортаңғы сызық бойымен 3-қабырғааралықта, өлшемдері 1,5х1,0 см. Науқас мазасыз, тері жамылғылары боз. Тынысы сол жақтан әлсіреген, жүрек тондары тұйық, АҚ 80/40, пульс 110 соғу минутына. Осы жағдайда қандай тактика анағұрлым орынды?
A) Науқасты реанимация бөліміне ауыстыру
B) Кеуде торының рентгенографиясын жасау
C) Шокқа қарсы ем бастау
+D) Шұғыл сол жақтық торакотомия
E) Шұғыл торакоскопия
$$$0048
Ер адам 27 жаста, спорт жаттығуы кезінде оң жақтан кеуде торына соққы алған. Шағымдары: қозғалғанда қатты ауру сезімі, қиындаған тыныс алу, ентігу. Қарап тексергенде: 3-4 қабырғалар проекциясында ауру сезімі, жұмсақ тіндердің теріасты крепитациясы. Оң жақтан тыныс әлсіреген. Қан анализінде: эритроциттер 4,5х1012, гемоглобин 120 г/л. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?
A) Кеуде торының соғылуы
B) Теріасты эмфизема
+C) Қабырғалардың сынуы, пневмоторакс
D) Гемоторакс оң жақтан
E) Ұйыған гемоторакс
$$$0049
Науқас 25 жаста, құрсақ қуысының шаншылып-кесілген жарақатымен түсті. Операция кезінде диафрагманың 4х0,5 см өлшемде ақауы анықталды. Диафрагма ақауын қандай тігістермен тіккен орынды?
A) Кузнецов-Пенский тігісімен
B) Үзіліссіз қаптап тігу
+C) П-тәрізді тігістермен
D) Z-тәрізді тігістермен
E) Шмиден тігісімен
$$$0050
Ер адам 46 жаста тыныс алғанда кеуде торындаға ауру сезіміне шағымданып қабылдау бөліміне түсті. Анамнезінде жұмыста биіктіктен құлаған. Қарап тексергенде: оң жақтан кеуде торында сызаттар, гематомалар бар, 5,6- қабырғалар проекциясында алдыңғы қолтық сызығы бойымен айқын ауру сезімі анықталады. Кеуде торының рентгенографиясында 3 қабырғаның сынуы анықталды. Осы жағдайда қандай жансыздандыру әдісі анағұрлым орынды?
A) Мойындағы жұлдызша тәрізді түйіннің новокаинді блокадасы
+B) Зақымдану жағында вагосимпатикалық новокаинді блокада
C) Сынықтар аймағында новокаинмен блокада
D) Тек наркотиктермен жансыздандыру
E) Плевральді новокаинді блокада
$$$0051
Ер адам 29 жаста, жедел түрде кеуде торындағы ауру сезіміне, әлсіздікке, ентігуге, 37,50С дейін температураның жоғарлауына шағымданып түсті. Анамнезінен: 1 апта бұрын төбелес кезінде кеуде торы аймағына соққы алған. Ауырсыздандырғыштар қабылдаған. Қан анализінде эритроциттер 2,9х1012, гемоглобин 90 г/л, гематокрит 28%, лейкоциттер 9,8х109. Рентгенограммада оң жақтан ұйыған гемоторакс анықталды. Осы жағдайда анағұрлым тиімді тактика қандай?
A) Плевра қуысының пункциясы
B) Плевра қуысын дренаждау
C) Плевраішілік ферменттерді енгізу
+D) Торакоскопия санация және дренаждаумен бірге
E) Қосарланған антибиотикотерапия жүргізу
$$$0052
Ер адам 37 жаста, қабылдау бөліміне кеуде торының жабық жарақатын алғаннан кейін қабылдау бөліміне жеткізілді. Ауру сезімі, әлсіздік, ентігу мазалайды. Қан анализінде эритроциттер 3,0х1012, гемоглобин 95 г/л. Рентгенограммада сол жақтан 7-қабырғааралыққа дейін сұйықтық деңгейі бар. Дәрігер плевра қуысына дренаж орнатты. 1 сағат ішінде дренаждан 400 мл дейін қан бөлінді. Рувилуа-Грегуар сынамасы оң. Осы жағдайда әрі қарайғы анағұрлым орынды тактика қандай?
A) Дренажды II қабырғаралыққа орнату
B) Дренажды жуу және бақылау
C) Плевра қуысын ағынды жуу
D) Орын басушы ем тағайындау
+E) Торакотомия жасау
$$$0053
Әйел 65 жаста қабылдау бөліміне іштегі ауру сезіміне, бас айналуға, әлсіздікке шағымданып түсті. Бір тәулік бұрын автобустан құлап, сол бүйірімен соғылған. Қарап тексергенде: боз, мазасыз, АҚ 100/60, пульс 92 рет 1 мин., қан анализінде эритроциттер 3,0х1012, гемоглобин 97 г/л, гематокрит 28%. Осы науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?
A) Іштің жабық жарақаты
B) Бауырдың соғылуы
+C) Көкбауыр жыртылуы
D) Бүйректің соғылуы
E Құрсақ арты гематома
$$$0054
Ер адам 69 жаста, жедел түрде бел аймағындағы ауру сезіміне, әлсіздікке, шөлдеуге, ішінің кебуіне шағымданы түсті. 2 күн бұрын өз үйінің алдында ұрып кеткен. Көмекке жүгіньеген. Қарап тексергенде: оң жақ бел аймағында, оң бүйір өзегінің бойымен ауру сезімді, іші орташа кепкен, перистальтика әлсіз. Осы жағдайда төмендегідегілердің қайсысы анағұрлым ықтимал?
A) Омыртқаның соғылуы
+B) Құрсақ арты гематома
C) Іштің жабық жарақаты
D) Құрсақішілік қан кету
E) Алдыңғы құрсақ қабырғасының соғылуы
$$$0055
Әйел 49 жаста, жедел түрде іштегі ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданып түсті. 1 сағат бұрын ұрып кеткен. Ішіне соққы алған. Объективті: іші ауру сезімді, кернелген. Дәрігер ішектің жыртылуына күмәнданып, құрсақ қуысының рентгенографиясын тағайындады. Осы жағдайдада қандай симптом анағұрлым сенімді болып табылады?
A) Іштің жатық аймақтарында тұйықталу
B) Құрсақ қуысында сұйықтықтың болуы
C) Ішек перистальтикасының әлсіреуі
D) Ішекте сұйықтық деңгейлерінің болуы
+E) Құрсақ қуысында бос газдың болуы
$$$056
Науқас А. 31 жаста, ауруханаға түсер алдында жарақат – ішіне соққы алған. Қарап тексергенде «ванька-встанька» симптомы анықалды. Қандай ағзаланың зақымы кезінде бұл симптом анықталады?
А) Бүйрек
В) Асқазан
+С) Көкбауыр
D) Қуық
Е) Ұйқы безі
$$$0057
Хирургке 34 жасар ер адам 5 күн бұрын тұрмыстық ұрыс кезінде пышақпен мойын аймағына алған жарақатымен келіп түсті. Мойын қозғалысының қиындауына және температураның 38,60С дейін жоғарлауына шағымданады. Рентгенографияда мойынның жұмсақ тіндеріндегі газ қабаты, омыртқа алды кеңістіктің ұлғаюы және трахеяның алдыға қарай ығысуы анықталады. Осы жағдайда қандай мүше зақымдалған?
A) Омыртқа;
B) Көмей;
+C) Өңеш;
D) Өкпе;
E) Мойын бұлшықеттері;
$$$0058
Хирургке 34 жасар ер адам 5 күн бұрын тұрмыстық ұрыс кезінде пышақпен мойын аймағына алған жарақатымен келіп түсті. Мойын қозғалысының қиындауына және температураның 38,60С дейін жоғарлауына шағымданады. Рентгенографияда мойынның жұмсақ тіндеріндегі газ қабаты, омыртқа алды кеңістіктің ұлғаюы және трахеяның алдыға қарай ығысуы анықталады. Осы жағдайда науқасқа қандай қосымша зерттеу әдісі көрсетілген?
A) Кеуде торының КТ;
B) Өңештің эзофагометриясы;
C) Мойын және кеуде торыныңЯМРТ;
+D) Өңештің контрастты зерттеуі;
E) Позитронлы-эмиссионды томография;
$$$0059
Хирургке 34 жасар ер адам 5 күн бұрын тұрмыстық ұрыс кезінде пышақпен мойын аймағына алған жарақатымен келіп түсті. Мойын қозғалысының қиындауына және температураның 38,60С дейін жоғарлауына шағымданады. Рентгенографияда мойынның жұмсақ тіндеріндегі газ қабаты, омыртқа алды кеңістіктің ұлғаюы және трахеяның алдыға қарай ығысуы анықталады. Дәрігер өңештің мойын бөлігінің жарақаты деп шешті. Осы жағдайда әрі қарайғы анағұрлым орынды тактика қандай?
A) Антибиотиктер тағайындау;
B) Асқазанға зонд қою;
C) Мойынға компресс қою;
+D) Операция тағайындау;
E) Динамикада бақылау;
$$$0060
Дәрігердің қабылдауына науқас жұтудың қиындауына, жоғары температураға шағымданып келді. Анамнезінен: 3 күн бұрын ұсақ балық сүйегімен қақалған. Қарап тексергенде: пульс 92 рет 1 мин., температура 380С. Рентгенографияда кеуде аралықта газ анықталады. Осы жағдайда әрі қарайғы анағұрлым орынды тактика қандай?
+A) Эзофагоскопия тағайындау;
B) Консервативті ем жүргізу;
C) Госпитализациялау және бақылау
D) Лабораторлы зерттеулер тағайындау
E) Өңеш пен асқазан рентгеноскопиясы
$$$0061
69 жастағы ер кісі жедел жағдайда бел аймағындағы ауру сезіміне, шөлдеу, ішінің кебуіне, 400С дейін температураның жоғарлауына шағымданып түсті. Анамнезінде жарақат алған. Науқасты қарап тексергеннен кейін құрсақ арты гематома анықталды. Төмендегілердің қайсысы осы науқаста анағұрлым ықтимал?
А) Бүйрек карбункулы
В) Жедел іріңді паранефрит
+С) Гематоманың іріңдеуі
D) Гематоманың жарылуы
Е) Гематоманың инкапсуляциясы
$$$0062
Науқас 19 жаста жедел жәрдем ауруханасына жарақат алғаннан соң 40 минуттан соң жеткізілді. Куленкамф симптомы оң. Науқастың диагнозын нақтылау үшін қандай инвазивті емес зерттеу әдісін жасау керек?
А) Ангиография
В) Лапароцентез
+С) Ультрадыбыстық зерттеу
D) Компьтерлі томография
Е) Іш қуысының рентгенографиясы
$$$063
Көптеген және қосарланған жарақаттар ішінде қандай жарақат басым болады?
А) Кеуде торы мен оның мүшелерінің жарақаты
В) Аяқ-қолдың басылып қалуы мен іш жарақаты
+С) Бассүйек-ми жарақаты мен аяқ-қолдың сынуы
D) Іш пен жамбас сүйектері жарақаты
Е) Аяқ-қолдың көптеген жарақаты
$$$064
Көптеген және қосарланған жарақаттар кезінде қай фактор ерте летальділікке әсері жоқ?
А) Қан кету
В) Жарақаттық шок
+С) Қанқа зақымы
D) Бассүйек жарақаты
Е) Ішкі мүшелердің жарақаты
$$$065
Көптеген және қосарланған жарақаттар кезінде қай фактор жарақаттан кейінгі бірінші сағаттарда летальділікке әсері жоқ?
А) Майлы эмболия
В) Шок және қан кету
С) Ауыр бассүйек-ми жарақаты
D) Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
+Е) Іріңді-қабыну асқынулары
$$$066
Көптеген және қосарланған жарақаттар кезінде жарақаттан ұзақ уақыттан өткеннен кейінгі летальділік немен байланысты?
A) Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
B) Тамақтанудың ауыр бұзылыстары
C) Ауыр бассүйек-ми жарақаты
+D) Іріңді асқынулар
E) Майлы эмболия
$$$067
Төмендгілердің қайсысының аяқ-қолдың көптеген ашық сынығы кезінде іріңді асқынулардың алдын-алуда негізгі мәні бар?
А) Ашық сынықтар аймағына антибиотиктер енгізу
+В) Біріншілік хирургиялық өндеу
С) Сүйекішілік ұзартылған блокадалар антибиотиктермен бірге
D) Футлярлы новокаинді блокадалар антибиотиктермен бірге
E) Полимерлі таңғыштарды антибиотиктермен бірге қолдану
$$$0068
Науқас С., 34 жаста, дәрігерге әлсіздікке, жоғары температураға, қалтырау мен оң қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Жағдайының нашарлағанына 10 тәулік болған. Анамнезінен 1 бұрын іштің жабық жарақаты себебінен емделген. Қарап тексергенде тері жамылғыларының сарғыштығы, дене температурасы - 390С анықталады. Қан талдауында: эритроциттер 3,0х1012, гемоглобин – 90 г/л, лейкоциттер – 16,0х109. Науқасқа қандай зерттеу әдісі көрсетілген?
А) Лапароскопия
+В) Құрсақ қуысының УДЗ
С) Кеуде торының ренгенографиясы
D) Ретроградты холангиопанкреатография
E) Құрсақ қуысының шолу ренгенографиясы
$$$0069
Науқас С., 34 жаста, дәрігерге әлсіздікке, жоғары температураға, қалтырау мен оң қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Ауырғанына 10 тәулік болған. Анамнезінен 1 бұрын кеуде торының сол жақтан соғылуын емдеген. Қарап тексергенде тері жамылғыларының сарғыштығы, дене температурасы - 390С анықталады. Қан талдауында: эритроциттер 3,0х1012, гемоглобин – 90 г/л, лейкоциттер – 16,0х109. Құрсақ қуысының УДЗ бауырдың оң бөлігінің 6 сегментінде ішінде сұйықтығы бар өлшемдері 6,0х7,0 см болатын түзіліс анықталады. Осы науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?
+А) Бауырдың іріңдеген гематомасы
В) Бауырдың эхинококкты торсылдағы
С) Бауырдың ретенционды торсылдағы
D) Бауырдың біріншілік рагі
E) Бауырдың гемангиомасы
$$$0070
Қабылдау бөліміне апат орынан кеуде торында, ішінде мен аяқтарында көптеген соғылған жарақаты,сызаттары бар науқас жеткізілді. Оң санның төменгі 1/3-дегі жара шамалы қанап тұр. Науқас оң жақ кеуде торының қатты ауру сезіміне шағымданып мазасыз болып тұр. Кеуде торының рентгенограммасында оң жақтан 5, 6, 7, 8 қабырғалардың сынуы анықталады. Гемопневмоторакс жоқ. Қан талдауында: эритроциттер 2,0х1012, Hb – 88 г/л, Ht – 26%. АҚ 100/60, пульс 100 рет 1 мин. Қан талдауындағы осындай өзгерістер немен байланысты?
А) Жаралардан сыртқа қан кетумен
В) Жарақаттық шоктың болуымен
С) Плевропульмональді шокпен
+D) Құрсақішілік қан кетумен
E) Ауру синдромымен
$$$0071
Қабылдау бөліміне апат орынан кеуде торында, ішінде мен аяқтарында көптеген соғылған жарақаты,сызаттары бар науқас жеткізілді. Оң санның төменгі 1/3-дегі жара шамалы қанап тұр. Науқас оң жақ кеуде торының қатты ауру сезіміне шағымданып мазасыз болып тұр. Кеуде торының рентгенограммасында оң жақтан 5, 6, 7, 8 қабырғалардың сынуы анықталады. Гемопневмоторакс жоқ. Қан талдауында: эритроциттер 2,0х1012, Hb – 88 г/л, Ht – 26%. АҚ 100/60, пульс 100 рет 1 мин. Анағұрлым орынды әрі қарайғы тактика қандай?
А) Сан жарасына тігіс салу
В) Реанимация бөлімшесіне ауыстыру
+С) Диагностикалық лапароскопия орындау
D) Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясын орындау
E) Наркотиктермен жансыздандыру, динамикалық бақылау
$$$0072
Емханадағы хирургке тамағындағы ауруы сезіміне, жұтынудың қиындауына, температураның жоғарлауына, әлсіздікке және қара нәжіске шағымданып науқас келді. Анамнезінен 3 күн бұрын абайсызда аз мөлшерде сірке қышқылының ерітіндісін ішіп қойған. Анализдерінде: лейкоциттер 9,7х109, эритроциттер 3,2х1012, температура 37,80С. Per rectum: нәжісі қара түсті. Кеуде торының рентгенографиясында патология жоқ. Науқаста өңеш қүюдің қандай асқынуы анағұрлым ықтимал?
+A) Асқазан-ішек жолынан қан кету;
B) Өңеш-трахеальді жыланкөз;
C) Іріңді медиастинит;
D) Өкпе абсцессі;
E) Плеврит;
$$$0073
Емханадағы хирургке тамағындағы ауруы сезіміне, жұтынудың қиындауына, температураның жоғарлауына, әлсіздікке және қара нәжіске шағымданып науқас келді. Анамнезінен 3 күн бұрын мастықтан кейінгі күйінде абайсызда аз мөлшердеақ сұйықтық ішіп қойған, содан кейін тамағында ауру, күйдіру сезімдері пайда болған. Анализдерінде: лейкоциттер 9,7х109, эритроциттер 3,2х1012, температура 37,80С. Per rectum: нәжісі қара түсті. Науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?
A) Алкогольсуррогаттарымен улану;
B) Жедел токсикалық гепатит;
+C) Өңештің химиядлық күйігі;
D) Маллори-Вейсс синдромы;
E) Абстинентті синдром;
$$$0074
Емханадғы хирургке науқас аз мөлшерде аккумулятор сұйықтығын ішкеннен 10 күн өткен соң толық қанды тамақтана алмайтынына, төс артындағы және эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, температура 37,60С, пульс 90 рет 1 мин., АҚ 110/70 мм с.б.б., кеуде торының рентгенографиясында патология жоқ. Осы жағдайда дәрігердің анағұрлым орынды тактикасы қандай болуы тиіс?
A) Сұйық тамақ ішу;
+B) Стационарлық емге жіберу;
C) Өңешті буждауға тырысу;
D) Амбулаторлы ем тағайындау
E) Эзофагоскопияға жіберу
$$$0075
Жарақатпунктына науқас тыныс алғанда болатын кеуде торындағы ауру сезіміне шағымданып келді, анамнезінде көлік апаты. Қарап тексергенде және кеуде торының рентгенографиясында оң жақтан қабырғалардың көптеген сынуы анықталды. Осы жағдайда қандай ауырсыздандыру әдісі анағұрлым орынды?
A) Мойындағы жұлдыз түйіннің новокаинді блокадасы;
B) Паравертебральді новокаинді блокада;
C) Ретроплевральді новокаинді блокада;
+D) Мойын вагосимпатикалық блокада;
E) Қабырғаладың сыну орнының блокадасы;
$$$0076
Төмендегілердің қайсысы жедел фазадағы химиялық өңеш күйігі бар науқасқа аурухана алды кезеңде көрсетілмеген?
A) Сүт ішу;
+B) Асқазан зондын енгізу;
C) Науқасты стационарға жіберу;
D) Наркотикалық препараттарды енгізу
E) Ауыз қуысын және өңешті сумен шаю;
$$$0077
Қабылдау бөліміне жол-өлік апатынан кейін науқас жеткізілді. Қарап тексергенде гемотораксқа күмән туды. Төмендегілердің қайсысы диагнозды нақтылау үшін анағұрлым мәліметті?
А) Өкпе перкуссиясы;
В) Өкпе аускультациясы;
С) КТІҚ, АҚ, пульс өлшеу;
+D) Плевра қуысының пункциясы
Е) Дауыс дірілін анықтау;
$$$0078
Науқасқа вагосимптакиалық блокада жасалды. Оны дұрыс орындаудың критерийі қандай?
A) Бек синдром;
+B) Горнер триадасы;
C) Жөтелдің қоюы;
D) Үзілген тыныс алу симптомының болуы;
E) Блокада жасалған жақта мойын мен бет терісінің боз болуы;
$$$0079
Науқас 28 жаста төс артындағы ауру сезіміне шағымданып түсті: бұғана ортаңғы сызық бойынша сол қабырға астында жаншылған жара бар. Кеуде торының рентгенограммасында – жүрек көлеңкесінің үлкеюі және сол синуста аз мөлшерде сұйықтық.. Лапароскопия кезінде зақым анықталған жоқ. Науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?
A) Гемоторакс сол жақтан;
+B) Жүрек жарақаты;
C) Экссудативті перикардит;
D) Іштің енбеген жарақаты;
E) Кеуде торының енген жарақаты;
$$$0080
Науқас М., 33 жаста жедел түрде кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, қақықырықты жөтелген, температураға, әлсіздікке шағымданып түсті. Ананмнезінде 10 күн бұрын жоғарыдан құлап кеуде торымен соғылған. Медициналық көмекке жүгінбеген. Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі бірінші кезекте жасалуы тиіс?
A) Плевра қуысының торакоскопиясы;
+B) Кеуде торының рентгенографиясы;
C) Плевра қуысының пункциясы;
D) Компьютерлі томография;
E) Плевра қуысының УДЗ;
$$$0081
Науқас М., 33 жаста жедел түрде кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, қақықырықты жөтелген, температураға, әлсіздікке шағымданып түсті. Ананмнезінде 10 күн бұрын жоғарыдан құлап кеуде торымен соғылған. Медициналық көмекке жүгінбеген. Науқаста қандай асқыну анағұрлым ықтимал?
A) Плевра эмпиемасы;
B) Іріңді плеврит;
C) Ұйыған гемоторакс;
+D) Жарақаттан кейінгі пневмония;
E) Жабық клапанды пневмоторакс;
$$$0082
Науқас П., 22 жаста стационарға кеуде торының сол жағындағы ауру сезіміне, ентігуге, құрғақ жөтелге шағымданып түсті. Сорт жаттығулары кезінде осы шағымдар мазалай бастаған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, ортопное. Кеуде торының сол жағын перкуссиялағанда қорап тәрізді дыбыс естіледі, аускультация кезінде сол жақтан тыныс алу жоқ. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?
A) Гемопневмоторакс;
B) Жедел пневмония;
C) Кеуде тоырың соғылуы;
D) Жарақаттан кейінгі миозит;
+E) Спонтанды пневмоторакс;
$$$0083