Силлабус кафедра мәжілісінде қарастырылып және бекітілді

СИЛЛАБУС

ОН 3212 Жалпы хирургия пәні бойынша

Жалпы медицина мамандығы үшін

Оқу сағатының көлемі 108

Курс

V, VI семестр

Арағанды 2014 ж

Силлабус пән бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде «Жалпы хирургия» мамандығы үшін «051301 – жалпы медицинасы» 16.05.2009 ж. (бекітілген күні) құрастырылған.

Силлабус кафедра мәжілісінде қарастырылып және бекітілді

«28» тамыз 2013 ж. № 1 Хаттама

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Әбиев Т.М.

Силлабустың құрылымы:

· Оқытушылар туралы мәлімет: тізімі, дәрежесі және қызметі, өнертабыстық ғылыми қызығушылығы, жетістіктері және т.б.

· Кафедра меңгерушісі: Әбиев Тұяқ Момынұлы, доцент, медицина ғылымдарының кандидаты, мұғалімдік жұмысы - 36 жыл, дәрігерлік жұмысы - 43 жыл.

Телефон: 53-50-18. Ғылыми жұмысы: Политравма. Көптеген және бірлескен жарақаттар. Ғылыми мектебі:1975-1977 ж.- аспирантура ЦИТО. Мәскеу қаласында. 1977 г.- диссертация қорғады мамандық 040140 тақырыбы: «Жамбас артрозын оперативті емдеу I,II ст.». Мәскеу. Ғылыми жетекшісі - профессор В. В. Кузьменко. 14.00.22. Дәріс оқу және орыс, қазақ тілінде сабақ жүргізу.

· Сейсенбаев Мажит, мұғалімдік жұмысы – 8 жыл, дәрігерлік жұмысы – 40 жыл. Дәріс оқу және қазақ тілінде сабақ жүргізу.

· Тукпанова Турсун Батыржановна, мұғалімдік жұмысы – 1 жыл, дәрігерлік жұмысы – 4 жыл. Орыс және қазақ тілінде сабақ жүргізу. Ғылыми қызығушылықтары: Жедел мезентериальды тромбоздардың диагностикасы.

· Қошанова Амина Амантайқызы, мұғалімдік жұмысы – 1 жыл, дәрігерлік жұмысы – 3 жыл. Қазақ тілінде сабақ жүргізу. Ғылыми қызығушылықтары: Тоқпан жілік сынықтарының заманауи емі.

· Камбарханов Бахытжан Камбарханович, мұғалімдік жұмысы – 2 жылға дейін, дәрігерлік жұмысы – 2 жылға дейін. Қазақ тілінде сабақ жүргізу.

· Абенов Дастан Ерболович, мұғалімдік жұмысы – 1 жылға дейін, дәрігерлік жұмысы – 1 жылға дейін. Қазақ тілінде сабақ жүргізу.

· Байланыс ақпараты: Сабақтардың жоспарына сай «проф.Х.Ж.Мақажанов атындағы ОТОО», мекен жайы- С.Сефуллин көш. 13. Автобустар қатынасы 33, 34, 14­6, 121, 122, 165, 7; маршруттық такси 02, 28 Баня аялдамасы.

· Пәннің саясаты: Жалпы хирургия пәні бойынша күнделікті практикалық сабақтарға қосымша кітаптармен дайындалуы. Кафедрада ғылыми студенттік жұмыс жүргізіледі. Науқастар және коллегиялар мен хирургиялық этика мен деонтологиясының қарым қатынасын сақтау. Хирургиялық, операциялық, таңу бөлмесінде мейірбикенің және мұғалімнің басқаруымен өзіндік жұмыс істеу, хирургиялық бөлімшенің талабына сай киім кию және сыртқы көрінісін сақтау.

· Кіріспе. Хирургия – адам денесінің барлық ағзалары мен бөліктеренің сырқаттары мен жарақаттануын зерттейтін және оперативті емдеу әдістерін ұсынып қолданатын медицинаның саласы. Хирургия базалық пәндердің бірі ретінде қандай да мамандығы болмасын барлық клиницист дәрігерге қажетті хирургиялық қызметтің зерттеу негіздерін қалайды.

Хирургия ілімі үнемі дамып отыру үстінде, жаңалықтар үсті-үстіне жинақталуда және хирургияның асептика мен антисептика, қан мен қан алмастырғыштарды құю, хирургиялық инфекция, жарақаттарды емдеу, жансаыздандыру мен реанимацияның негіздері, пластикалық хирургия және басқалары сияқты негізгі ұғымдары туралы түсініктерге басқаша көзқарас қалыптастырады.

Бірінші және мамандырылған медициналық көмек көрсету үшін жалпы хирургияның негізгі тарауларын барлық дәрігер мамандары білуі қажет. Жалпы хирургия негізі жөнінен пропедевтикалық хирургиялық пән ретінде хирургиялық науқастарды клиникалық тексеру және емдеу жүргізуді оқытуды көздейді. ЖОО студенттері жалпы хирургияны оқып үйрену процесінде өздерінің кәсіптік қызметіне керекті және қажетті практикалық дағдыларды меңгереді.

· Пәннің мақсаты: студенттерге хирургиялық патология негіздері, хирургиялық аурулардың диагностика және емдеудің жалпы принциптері бойынша білімін және дағдыларын қалыптастыру.

· Оқытудың міндеттері:

· медициналық клиникалық және хирургиялық базалық түсініктемелерді түсіндіру;

· десмургия туралы білім негіздерін және дағдылардың үйрету;

· хирургиялық практикада қолданатын ауырсынуды басатын дәрілер мен әдістер туралы

білім беру;

· хирургиялық аурулардың симптомдарың ажырату және диагноз қоюды үйрету;

· науқастың өміріне қауіпті жағдай туындағанда бірінші медициналық жәрдем көрсету

және хирургиялық емдеуге көрсеткіші анықталғанда тасымалдау түрін ажыратуын үйрету.

· Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент

білуі керек:

· қазіргі асептика мен антисептиканың негізгі принциптері;

· хирургиялық науқастырдың клиникалық және аспаптар көмегімен тексерудің жалпы принциптерін;

· негізгі хирургиялық симптомдар мен синдромдарды;

· хирургиядағы анестезиология және трансфузиология негіздерін;

· жиі кездесетін хирургиялық ауруларды емдеуінің негізгі кезеңдерін;

· ургентті жағдайларға (қан кету, жарақаттар, ішкі ағзалардың және бастың жабық зақымдары, шок, коллапс, күйіктер, үсіктер, электр тоғымен жарақаттау) диагноз қоюды, бірінші медициналық және хирургиялық жедел жәрдем көрсету принциптерін және әдістерін;

· емханалық хирургиялық қызметті ұйымдастыруды.

үйреніп алуы қажет:

· хирургиялық науқасты тексеріп оның қал-жағдайының ауырлығын бағалауды және жергілікті патологиялық статусын (status localis) талдауды;

· көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштерін анықтауды, жараға бірінші хирургиялық өндеу жасауды;

· жергілікті анестезияны орындауды;

· әртүрлі таңбалар түрлерін жасауды; аяққа эластты таңба салуды;

· таза және іріңді жараға таңба салуды;

· жұмсақ тіндердің, жасушалық кеністіктер мен қуыстардың жііті іріңді ауруларға (фурункул, карбункул, абсцесс, флегмона, гидроаденит, тілме, мастит, парапроктит, паранефрит, медиастенит, артрит, бурсит, перитонит) диагноз қоюды;

· іріңді ошақты (абсцесс) ашу, тексеру және дренаж жасауды;

· аяқ-қолдың сынығында және шығып кетуінде қолда бар заттар мен тасымалдау аспаптармен (Крамер, Дитерихс және т.б. импровизацияланған стандартты типтік) иммобилизация жасауды;

· омыртқа және жаңбас сүйектері сынғанда иммобилизация жасауды;

· ургентті жағдайда (қан кету, шок, коллапс, естен тану, күйіктер, үсіктер, электр тоғынан жаралар және т.б.) бірінші медициналық жәрдем көрсетуді;

· сыртқа қан кетуді тамырды қолмен қысу арқылы, жгут және таңбалау арқылы тоқтату;

· шеткері қан тамырлардың венепункциясын және катетеризациясын жасауды;

· АВО жүйесі, резусі бойынша қан тобын анықтауды, топтық және жеке сыйымдылыққа сынама жасауды, құу хаттамасын толтыра отырып қан және оны алмастыратын заттарды науқасқа құуды;

· сіреспе және газды гангренаның алдын алуына бағытталған көрсеткіштерді анықтауды.

машықтануы қажет:

· операция және жараны таңбалау алдында залалсыздандыратын ерітінділермен қолды тазартуға;

· операциялық аймақты операцияға дайындауды;

· стерильді халаты, стерильді қолғапты өздігімен және мейірбіке көмегімен киюді және шешуді;

· жұмсак тіндердің бетіне жергілікті инфильтрациялық анестезия жасауды;

· ішті, сүт бездерін қарау және пальпация жасауды, қолмен ректальды зерттеулер жүргізуді;

· операция алдында газ шығараттын түбек, уретраға қоюды, назогастральды зонд жіберіп асқазанды шаюды;

· абсцесті ашу, жараға бірінші хирургиялық өндеу жасауды;

· жараны өндеу және хирургиялық инфекцияның алдын алу үшін негізгі антисептикалық заттар қолдануды;

· жараны тігу және оны алып тастауды;

· жүрек-өкпе реанимациясын жасауды;

· гипсті, таңбалы, орамалды таңбаны, тасымалдау қондырғыларды алып тастауды.

· Реквизитке дейінгі:анатомия-1, микробиология, коммуникативті дағдылар-1, коммуникативті дағдылар-2, клиникаға кіріспе-2.

· Реквизиттен кейінгі: хирургиялық аурулар, акушерия және гинекология, жедел шұғыл медициналық көмек, жалпы дәрігерлік практика.

· Пәннің қысқаша мазмұны.

Хирургиядағы асептика және антисептика туралы түсінік. Хирургиялық операция, жараны АХӨ жүргізу үшін аспаптар және құралдар. Хирургиялық науқасты зерттеу әдістемесі. Іріңді хирургиялық инфекция және жарақат туралы түсінік. Жалпы хирургиядағы қан құю және жансыздандырудың орны және ролі. Пәндік сабақтың мазмұны пән бойынша типтік және жұмыс бағдарламасында толық берілген (бағдарламамен кафедрада және әдістемелік бөлімшесінде танысуға болады.)

· Тақырыптық жоспары (дәрістердің, тәжірибелік, семинарлық, зертханалық, оқытушының жетекшілігімен өз бетінше атқаратын жұмысы*): тақырыптар, өткізу түрі және ұзақтығы, кеңес беру уақыты, аралық және қорытынды бақылаулар).

Дәрістердің тақырыптық жоспары:

Тақырыптың аты Өткізу нысаны Сағаттар Біліктіліктер
  Кредит 1      
Хирургия тарихы. Антисептиканың анықтамасы. Пастер, Листер, Пирогов жұмыстарының маңызы. Антисептиканың түрлері. Кіріспе дәріс 1,2,,4
Асептиканың анықтамасы, міндеттері. Қысқаша тарихи мағлуматтар. Бергман және Шиммельбуштің сіңірген енбектері. Хирург қолдын, жібек жіпті, кетгутты және аспаптарды, заласыздандыру әдістері. шолу-көрнекіліктермен 1,2,3,4,7
Жансыздандыру. Анықтамасы. Жансыздан-дырудың түрлері. Наркоз, анықтамасы, жіктелуі. Ингаляциялық наркоз. Ингаляциялық емес наркоз түрлері. шолу-көрнекіліктермен 1,2,3,4,7
Қан кету, анықтамасы, тарихы, жіктелуі. Қан кетудің себептері, патанатомиясы, патогенезі, клиникасы. Қан кетудің уақытша және біржола тоқтату әдістері. шолу-көрнекіліктермен 1,2,3,4,7
Қан топтары және резус-факторы, анықтау әдістері. Қан құю тарихы. Қан құюдың негізгі заңдары мен ережелері. Қан құюға көрсетілген және кері жағдайлары. Қан құю түрлері, әдістері, асқынулардың себептері, клиникасы, емі, алдын алуы. Қан препараттарың және бөлшектерін құю. Қаналмастырғыштарды құюдың үстем жактары мен кемшіліктері, жіктелуі. шолу-көрнекіліктермен 1,2,3,4,7
Жаралар. Жара мен жараланудың анықтамасы және жіктелуі. Жара патогенезі. Жаралардың жалпы мен жергілікті белгілері. Бірінші көмек, емі. Жаралардың алғашқы хирургиялық өңдеу, көрсетілген және кері жағдайлары. Инфекцияланған жаралардың емдеу принциптері. шолу-көрнекіліктермен 1,2,3,4,7
  Кредит 2      
Жарақаттар. Іш пен кеуде қуыстардың және мидың зақымданулар. жарақаттық токсикоз. шолу-көрнекіліктермен 1,2,3,4,7
Естен тану, талықсу (шок), коллапс. Буының шығуы. Сынықтар. шолу-көрнекіліктермен 1,2,3,4,7
Күйіктер. Үсiк. Электрозақымдар. шолу-көрнекіліктермен 1,2,3,4,7
Хирургиялық инфекцияның жалпы сұрақтары. Сепсис. Хирургиялық инфекциялардың жеке түрлері. шолу-көрнекіліктермен 1,2,3,4,7
  Кредит 3      
Ісіктер. Өспелер алды аурулар. шолу-көрнекіліктермен 1,2,3,4,7
Оталау, отаға дейiнгi және отадан кейінгі кезеңдер. шолу-көрнекіліктермен 1,2,3,4,7

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

Тақырыптың аты Өткізу нысаны Сағаттар Біліктіліктер
  Кредит 1      
Десмургия. Байлам түрлері. Материалдар. муляждармен жұмыс істеу 1,2,3,4,7
Антисептика және асептика. Антисептиканың түрлері. Оталау бөлімінде және таңу бөлмеде қолданатын антисептиктермен танысу. Оларды қолдану тәсілдері. Хирургиялық бөлімі, оның құрылымы. Оталау таңғыш бөлімі. Танғыш матаны стерильдеу. Оталау алаңды және қолды оталауға дайындау. аузша сұрау 1,2,3,4,7
Жалпы жансыздандыру. Наркоз, анықтамасы, жіктелуі. Ингаляциялық наркоз: эфирлі, газды. Наркотикалық заттар және бұлшыкет релаксантар. Наркоз аппараттар. Ингаляциялық емес наркоз соғанарналған наркотикалық заттар. Жасанды гипотермия. Жергілікті жансыздандырудың тәсілдері. Қолдануға көрсетілген жағдайлары. Орындау әдістемесі жасау техникасы. Жансыздандыруға қолданатын заттар. аузша сұрау 1,2,3,4,7
Қан кету. Жіктелуі, патогенезі. Жалпы мен жергілікті белгілері. Уақытша және біржола қан тоқтату әдістері. Жағдайлық есептерді 1,2,3,4,7
  Кредит 2      
Жаралар. Жіктелуі, жара процесінің барысы, жаралардың жазылуы, түрлері. Жарадағы морфологиялық және биохимиялық өзгерістер. Жаңа жаралардың жалпы емдеу ережелері. Жаралардың алғашқы хирургиялық өңдеуі. Іріңді жаралардың емдеу ережелері. Жаралардың жергілікті және жалпы емдеу әдістері. моделирование ситуации 1,2,3,4,7
Қан құю. Қан топтарың, резус-факторды анықтау. Қан құю станциялардың жұмысы. Қан құю. Құйылған қанның әсер ету механизмі. Қан құюға көрсетілген және кері жағдайлары. Қан құю техникасы. Сәйкестіктің сынаулары. Асқынулары, олардың алдын алуы және емі. Қан бөлшектерін құю. Үстем жақтары мен кемшілігі. Қан бөлшектерін құюға көрсетілген және кері жағдайлары. Оларды құюға көрсетілген жағдайлары. моделирование ситуации 1,2,3,4,7
Жабық зақымдану. Бассүйек, кеуде клетканың, құрсақ қуысының және оларда орналасқан ағзалардың зақымдануы. Патогенезі, клиникасы. Бірінші көмек көрсету, емі. Пневмоторакс түрлері, Гемоторакс. клиническое случи (CBL) 1,2,3,4,6,7
Буыншығуы. Жіктелуі. Буыншығу механизмі клиникасы және емі. Сүйек сынуы. Жіктелуі. Клиникасы. Жабық сынық кезіндегі алғашқы көмек. Тасымалдау иммобилизациясы. Сынықтарды операция жолымен емдеуге көрсетілімдері мен кері көрсетілімдері. Сүйек сүйелінің түзілуі кезеңдері мен көздері. Сынықтарды емдеу принциптері. клиническое случи (CBL) 1,2,3,4,6,7
  Кредит 3      
Күйіктер. Жіктелуі. Клиникасы және емі. Электрозақым. Жалпы және жергілікті белгілері. Бірінші көмек. Емі. Үсiп қалу. Жіктелуі, патогенезі, клиникасы және емі. Бірінші көмек. науқастарды курация больных 1,2,3,4,7
Хирургиялық инфекцияның жалпы сұрақтары. Даму себептері. Организмнің инфекцияға жалпы реакциясы. Іріңді хирургиялық инфекция барысының қазіргі кездегі ерекшеліктері. Жіктелуі. Жалпы іріңді инфекция (сепсис). Жіктелуі. Патогенезі. Белгілері. Диагностикасы. Емі. Анаэробты инфекцияның жіктелуі, қоздырғыштары. Патологиялық анатомия-лық өзгерістері. Клиникасы, емі, алдын алуы. Шірітуші инфекция, себептері, клиникасы, емі. Сіреспе. Этиологиясы және патогенезі. Белгілері, емі мен алдын алуы. Остеомиелит. Жіктелуі (гематогенді және травматикалық, остеомиелиттің бірінші-лікті-созылмалы түрі, остеоартриттер). Емі. аузша сұрау 1,2,3,4,7
Өспелер. Жалпы мәселелері. Қатерлі және қатерсіз ісіктер. Клиникасы. Диагностика-сы. Қатерлі ісіктердің бастапқы кезіндегі диагностикасы. Обыр алды аурулар. Онкологиялық қадағалау. Ісіктердің ерекше түрлерінің клиникасы. Емдеу тактикасы: хирургиялық, сәулелік, химиотерапиялық, құрама емі. Даму барысындағы ақаулар. Түсініктемесі. Даму барысындағы ақаулардың хирургиялық емдеуінің принциптері. аузша сұрау 1,2,3,4,7
Оталауға дейінгі кезең. Оталаудан кейінгі кезең. Хирургиялық операция. Түрлері (лапароскопиялық, лазерлі хирургия). Оталаудың анатомиялық және физиологиялық негізделуі. решение ситуационных задач 1,2,3,4,7
Қан айналымының бұзылуы. Облитерациялық эндоартериит,атероскле-роз. Рейно ауруы. САЖ жіктелуі. Емі, оталау түрі. Диспансірде бақылау. работа в малых группах (TBL) 1,2,3,4,6,7

1.7.4.Оқытушы бақылауымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары

Тақырыптың аты Өткізу нысаны Сағаттар Біліктіліктер
  Кредит 1      
Клиника және кафедрамен танысу. Хирургияның тарихы. Н.И.Пироговтың еңбектері. Хирургияның даму негізгі. 1) Тақырып бойынша презентация дайындау. 2) Тақырып бойынша тесттер дайындау. 4,5,6
Десмургия. Байламдар түрі. Байламдарда қолданатын материалдар. Байламдарды таңу түрлері. Сегментерге байланысты байлам түрлері. ТДО-да жұмыс. 4,5,6
Антисептика және асептика. Оталайтын алаңды және қолды оталауға дайындау. Оталау алаңын Гроссих – Филончиков бойынша дайындау. ТДО-да жұмыс. 4,5,6
Жалпы жансыздандыру. ЖИА-ның өткізгіш жансыздандырудан айырмашылығы. Өткізгіш жансыздандырудың түрлері. Ингаляциялық наркоз: эфирлі, газды. Ингаляциялық емес наркоз. Жансыздандыруға қолданатын заттар. 1) Тақырып бойынша презентация дайындау. 2) Тақырып бойынша тесттер дайындау. 4,5,6
Қан кету. Түсінік. Жіктелуі. Қан кетудің зертханалық әдісі. Әсер ету механизмі. Оларды құюға көрсетілген жағдайлары. Қан тоқтатуға арналған жгуты дұрыс қолдану. 1) Тақырып бойынша презентация дайындау. 2) Тақырып бойынша тесттер дайындау 4,5,6
  Кредит 2      
Жаралар. Жаңа жаралардың жалпы емдеу ережелері. Жаралардың алғашқы хирургиялық өңдеуі. Тігістердің түрлері (біріншілікті, біріншілікті кейінгі не қалдырылған тігіс, екіншілікті). Тігістерді салу, шешу. ТДО-да жұмыс. 4,5,6
Қан құю. Қан топтарың, резус-факторды анықтау. Қан құю станциялардың жұмысы. Донорлығы. Қан бөлшектерін құю. Қан алмастырғыштар. ОҚО-да жұмыс. 4,5,6
Жарақатану. Жабық зақымдану. Жұмсақ ұлпаның зақымдануы: соғылу, созылу, жыртылу. ҰЖС жарақатық токсикоз. Тасымалдау барысында алғашқы көмек көрсету. ОТОО –да науқастарды қарауына қатысу. 4,5,6
Жарақатану. Жарақаттың организмге жалпы әсері: естен тану, шок, коллапс. Жарақаттану талықсы (шоғы) патогенезі, клиникасы, алдын алуы, емі. Сынықтарды оталау жолымен емдеуге көрсетілімдері мен кері көрсетілімдері. Оталау түрі. ОТОО –да науқастарды қарауына қатысу. 4,5,6
  Кредит 3      
Күйіктер. Электрозақым. Жалпы және жергілікті белгілері. Бірінші көмек. Емі. Үсiп қалу. Жіктелуі, патогенезі, клиникасы және емі. Бірінші көмек. Оталауға көрсеткіш. Күйік бөлімінде науқастарды қарауға қатысу таңу бөлімінде жұмыс істеу. 4,5,6
Аралық бақылау. Жағдайлық есептер және тесттер.  
Хирургиялық инфекцияның жалпы сұрақтары. Хирургиялық паразитарлық аурулар. Эхинококкоз. Альвеококкоз. Түсініктеме. Патологиялық анатомиясы және клиникасы. Эхинококкозды және оның асқынуларын хирургиялық емдеудің принциптері. Описторхоз. Аскаридоз және онымен шақырылатын хирургиялық аурулар. Остеомиелиттің түрлері. Созылмалы хирургиялық инфекция. Сүйек-буын туберкулезі. 1) Тақырып бойынша презентация дайындау. 2) Тақырып бойынша тесттер дайындау 4,5,6
Өспелер. Жалпы мәселелері. Қатерлі және қатерсіз ісіктер. Клиникасы. Диагностика-сы. Қатерлі ісіктердің бастапқы кезіндегі диагностикасы. Қазақстанда онкологиялық көмекті ұйымдастыруы. 1) Тақырып бойынша презентация дайындау. 2) Тақырып бойынша тесттер дайындау 4,5,6
Хирургиялық оталау түрлері (лапароскопиялық, лазерлі хирургия). Оталауға дейінгі және оталаудан кейінгі кезең. Хирургиялық науқасты оталауға дейін зерттеу. Ағзалар мен жүйелерді оталауға дайындау. Жедел оталауға дайындау. Науқасты оталау кезінде бақылау және оның күйін тексеру әдістері.   1) Тақырып бойынша презентация дайындау. 2) Тақырып бойынша тесттер дайындау 4,5,6
Қанқаның туа бұзылуы. Фильмдер және слайдтар қөрсету. 1) Тақырып бойынша презентация дайындау. 2) Тақырып бойынша тесттер дайындау 4,5,6
Трансплантология. Трансплантологияның тарихи және заманауй түрлері. Мүшелерді донорлау. 1) Тақырып бойынша презентация дайындау. 2) Тақырып бойынша тесттер дайындау 4,5,6
Аралық бақылау. Жағдайлық есептер және тесттер.  

Кеңес беру уақыты:

Апта сайын кеңес беру жүргізіледі сенбі күні сағат 09.00 ден 12.00-ге дейін

Аралық бақылау уақыты: күнтізбелік тақырыптық жоспар бойынша

Специальность Курс/поток/группа Дисциплина Неделя/дата Время
051301 – жалпы медицина 3 курс, 1 поток 3001а, 3001к, 3009к, 3036к, 3037к, 3045к, 3049р, 3057р, 3065р, 3073р, 3083р, 3091а, 3092р. ОН 3218 Жалпы хирургия 24.11.2014 13.40-15.25
01.01.2015 13.40-17.40
051301 - жалпы медицина 3 курс, 2 поток 3002а, 3002к, 3010к, 3016а, 3020к, 3026к, 3028к, 3038к, 3050р, 3058р, 3066р, 3074р, 3084р, 3097р. ОН 3218 Жалпы хирургия 25.11.2014 13.40-15.25
02.01.2015 13.40-17.40
051301 - жалпы медицина 3 курс, 5 поток 3005а, 3005к, 3013к, 3023к, 3033к, 3041к, 3053р, 3064а, 3069р, 3077р, 3081р, 3087р, 3096р ОН 3218 Жалпы хирургия 25.11.2014 13.40-15.25
02.01.2015 13.40-17.40
051301 - жалпы медицина 3 курс, 6 поток 3006а, 3006к, 3014к, 3024к, 3030к, 3042к, 3047к, 3054р, 3061р, 3070р, 3078р, 3088р, 3093р. ОН 3218 Жалпы хирургия 25.11.2014 11.10-12.55
31.12.2014 09.00-12.55

Қорытынды бақылау уақыты: пәннің соңында

· Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған тапсырмалар:

СӨЖ тақырыбының жоспары:

Тақырыптың аты Өткізу нысаны Сағаттар Біліктіліктер
  Кредит 1      
Хирургиядағы деонтология. Қарым-қатынас мәселесі: - дәрігер – ұжым; - дәрігер – АМП; - дәрігер – КМП; - дәрігер – науқас; - дәрігер – науқас туыстары Реферат дайындау 4,5,6,7
Асептика және антисептика. Антисептиктардың әсер ету механизмі. Ұтымды антибиотикотерапия, асқынуы, алдын-алу. Инфекция көзі, ену жолы, алдын-алу. Оперблок құрылымы . оперблокты тазалау түрлері. Қатынастық инфекцияның алдын алу. Инструменттерді, таңғыш материалдарын, операциялық жапқыштарды стерилизациялау. Стерилизацияға дайындау. Автоклав. Стерильдігін бақылау. Қолған, дренаж стерилизациясы. Имплантационды инфекцияның алдын алу (тігіс материалы, протездер). ЖИТС және т.б. вирусты инфекцияның алдын-алу. Эндовидеохирургиялық инструменттердің стерилизациясы. 1) Тақырып бойынша презентация дайындау. 2) Тақырып бойынша тесттер дайындау 4,5,6,7
Жансыздандыру. ЖИА қолданылатын дәрілік препараттар. Асқынуы. Хирургия және травматологиядағы новокаинды бөгеттер. Миорелаксанттар, классификациясы, асқынуы. Наркоз беру уақытында және ерте операциядан кейінгі кезеңде асқынуы, алдын-алу және емдеуі. Жасанды гипотермия, гипотония, гибернация. 1) Тақырып бойынша презентация дайындау. 2) Тақырып бойынша тесттер дайындау 4,5,6,7
Қан кету. Диагностикасы, қан кету кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетудің ұстанымыжәне әдісі және хирургиялық көмек. (сыртқы және ішкі). Қан кетуді уақытша тоқтату әдістері. Қан кетуді толықтай тоқтату әдістері (физикалық, механикалық, химиялық, биологиялық). Заманауи биологиялық гемостатиктер. Тамырлық тігіс. Көрсеткіштер. Қолдану ережесі. 1) Тақырып бойынша презентация дайындау. 2) Тақырып бойынша тесттер дайындау 4,5,6,7
  Кредит 2    
Жаралар. Жіктелуі. Таза және инфицирленген жарадағы өтетін үдерістер. Қабыну белгілері іріңді жара кезеңінің ағымы. Жаралық үдеріс кезеңіне байланысты емдеу тактикасы. АХӨ өткізілу мерзімі. Іріңді жараны емдеуде антисептикалық заттар. Организмге жалпы әсер ету әдістері. Іріңді жараны емдеудің заманауи әдістері. Іріңді-қабынулық аурулардағы энзимотерапия, биотерапия. 1) Тақырып бойынша презентация дайындау. 2) Тақырып бойынша тесттер дайындау 4,5,6,7
Қан құю. Көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер. Қан тобын анықтауда қателіктер және қауіптілігі. Резус фактор, оның акушерстводағы маңызы. Қан құюдың қателігі қаупі және асқыныстары, оның емі және алдын алу. Қан құю алмасуы, қанды реинфузиялау, аутоқанды және консервативті қанды құю. Тікелей қан құю. Хирургиядағы қанның препараттары және компаненттері. Қан алмастырғыштар, жіктелуі. Асқынуы және олардың алдын алу. 1) Тақырып бойынша презентация дайындау. 2) Тақырып бойынша тесттер дайындау 4,5,6,7
Травматология.Өндірістік, ауылшаруашылық, тұрмыстық, көшелік, спорттық, әскери жарақат туралы түсінік. Алғашқы көмекті ұйымдастыру. Травматикалық токсикоз (ҰЖС). Өмірлік маңызды мүшелердің өзгерістері. Ағым сатылары. ҰЖС сатыларына қарай көмек көрсету. Гемодиализ туралы түсінік. Бас ми шайқалуы. Бас миының жаншылуы,түрлері. Емдеу принциптері. 1) Тақырып бойынша презентация дайындау. 2) Тақырып бойынша тесттер дайындау 4,5,6,7
Терминальді жағдай. Естен тану, коллапс, шок. Жүрек- өкпе реанимациясының принциптары. Шығулар емінің заманауи принциптері. Сынықтар. Тасымалдау иммобилизациясы үшін шиналар. Оперативті емі. Опреация түрлері. Сынықтарды емдеудің функционалды әдісі. Сүйек мүйізгегі түзілуінің кезеңдері және түзілу көзі. Сынудан кейінгі әртүрлі мерзімдегі морфологиялық өзгерістер. Баяу бітетін сүйектердің сынықтарын емдеудің принципі. Остеопороз. Диагностикасы. Емдеу принципі. 1) Тақырып бойынша презентация дайындау. 2) Тақырып бойынша тесттер дайындау 4,5,6,7
Хирургиялық инфекция. Ену жолы. Даму себебі. Қабыну белгілері. Организмнің жалпы, жергілікті жауабы. Іріңді хирургиялық инфекциялар ағымының заманауи ерекшеліктері. Жіктелуі. Жалпы және жергілікті емінің принципі. Антибиотиктерді қолданудың маңызы. АІИ туралы түсінік. Жедел іріңді аурулардың жекеленген түрлері. (фурункул, карбункул, гидраденит, флегмона, абсцесс, тілме, эризипелоид, тромбофлебит, мастит, парапроктит, паранефрит, медиастинит және т.б.). 1) Тақырып бойынша презентация дайындау. 2) Тақырып бойынша тесттер дайындау 4,5,6,7
  Кредит 3    
Күйік, үсік, электротравма. Жарақаттық шоктың күйіктік шоктың айырмашылығы. Күйіктік шок кезіндегі қан құрамының өзгерісі. Күйікті емдеудің белсенді әдістері. Күйік кезіндегі пластикалық операциялар. Жалпы салқындық. Тоңу . Алғашқы көмек. Емі . Электротравма кезінде жалпы және жергілікті белгілері. Дефибрилляция. . Электротравма кезінде жүрек-өкпе реанимациясының принциптері. 1) Тақырып бойынша презентация дайындау. 2) Тақырып бойынша тесттер дайындау 4,5,6,7
Онкология. Қатерлі ісіктердің ерте диагностикасы. Анамнездің маңызы. Онкоаурулардың «кіші» белгілері. Дәнекер тіннің ісігі: қатерсіз(фиброма, липома, хондрома, остеома), қатерлі(саркома). Бұлшықет, тамыр және нерв тіндерінің ісіктері. Эпителиальды текті ісіктер: қатерсіз (папиллома, аденома және т.б.), қатерлі (рак).онкологиядағы операциялардың түрлері (радикальды және паллиативті). «Абластика» принциптері 1) Тақырып бойынша презентация дайындау. 2) Тақырып бойынша тесттер дайындау 4,5,6,7
Операция. Дейінгі және операциядан кейінгі кезең. Хирургиядағы заманауи технологиялар. (кішіинвазивные технологиялар, эндовидеохирургия, операции с применением ЭОП қолданатын операциялар) .Операциядан кейінгі кезең. Науқастарға күтім. Сыртқы келбетіне, температурасына, жүйке жүйесіне, жүрек-өкпе қызметіне, асқорыту және зәр шығару мүшелеріне бақылау. Хирургиялық науқастардың диетасы. Таңғыштарға бақылау. Операциядан кейінгі кезеңдегі ерте және кеш асқынулар, жалпы және жергілікті. 1) Тақырып бойынша презентация дайындау. 2) Тақырып бойынша тесттер дайындау 4,5,6,7
Қанайналым бұзылысы. Некроз. Ауру туралы жалпы түсінік, себептері, жағдайы. Некроздың түрлері. Құрғақ және ылғалды гангрена. Емдеудің жалпы принциптері. Хирургиялық емге көрсеткіштер. СВЖ. Трофикалық жаралар, варикоздық, жарақаттан кейінгі, тыртықтық, күйіктен кейінгі және т.б. Ойықтар, Жыланкөздер. Жіктелуі. Диагностикасы. Емі. 1) Тақырып бойынша презентация дайындау. 2) Тақырып бойынша тесттер дайындау 4,5,6,7
Ақаулардың дамуы. Түсінік. Аса жиі кездесетін туа пайда болған аурулар: бас сүйегі, бас миы және жұлын (бас ми және жұлындық жарықтар, бас миының шемені); мойын (қисық мойын, қосалқы қабырға, мойынның орталық және бүйірлік жылауығы ); асқорыту трактысы (қоян жырық, қасқыр аран, пилороспазм, пилоростеноз және т.б.). Ақаулар дамуы хирургиялық емінің принципі. Пластикалық хирургия. Дермоидты жылауық. 1) Тақырып бойынша презентация дайындау. 2) Тақырып бойынша тесттер дайындау 4,5,6,7
Трансплантология. Мүше және тін алмастырудың заманауи принципі, тарихы. Мүше донорының физиологиялық және моральды мәселелері. 1) Тақырып бойынша презентация дайындау. 2) Тақырып бойынша тесттер дайындау 4,5,6,7

· Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі (пән бойынша соңғы сабаққа, әр сабаққа,ОЖСӨЖ арнайы тақырыбына, аралық бақылау өткізгенде немесе т.б.)

Апта
СӨЖ бойынша тақырып №     1,2 3,4 5,6 7,8 9,10 11,                    

Ескерту: СӨЖ бойынша тапсырмаларды студент пән бойынша сабақ беретін оқытушыға кафедраның «Кеңес беру кестесімен» қарастырылған күндері мен сағатында тапсырылады.

Әдебиеттер:

Негізгі

1. Петров С.В. Общая хирургия:Учебник для вузов с компакт- диском.-3-е изд.,перераб.и

доп.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2005.-768 с.

2. Нартайлаков М.А. Общая хирургия:Учеб. пособие для медвузов.- Ростов-на-Дону:

Феникс, 2006.-256 с.

Осымша

1. Абаев Ю.К. Справочник хирурга. Раны и раневая инфекция.-Ростов-на-Дону.:Феникс,

2006.-428 с.

2. Барыкина Н.В. Неоперативная хирургическая техника:[Учеб. пособие, повязки].-

Ростов/Д:Феникс,2006.-192с

3. Гостищев В.К. Инфекции в хирургии. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 768 с

4. Горшков С.З. Закрытые повреждения органов брюшной полости и забрюшинного

пространства.-М.:Медицина,2005.-223 с.

5. Кукес В.Г., Маринин В.Ф., Реуцкий И.А., Сивков С. И. Врачебные методы

диагностики (осмотр, пальпация, перкуссия, аускультация ): -М.:ГЭОТАР-Медиа,2006.-720с.

6. Мусин Н.О. Септический шок. Синдром токсического шока:Учеб.метод. пос.-

Караганда,2007.-44 с.

7. Седов А.П., Судакова Н.М., Парфенов И.П. Переливание крови и кровезаменителей в

хирургии и педиатрии : Учеб. пос.для вузов.- М.: Дашков и К, 2007. - 128 с

8. Тусупбекова М.М. Опухоли. Органонеспецифические и органо-специфические

эпителиальные опухоли: Учеб.-метод. Пособия.-Караганда,2007.-56с.

9. Мадыкенов О.М. Хирургические инфекционно-гнойные заболевания : Учеб.-метод.пособие. - Караганда, 2008. - 179 с

10. Тургунов Е.М. Составление и ведение истории болезни в хирургическом стационаре : учебно-методическое пособие. - Караганда, 2009. - 48 с

11. Тургунов Е.М., Бегежанов Б.А. Техника выполнения хирургических манипуляций: Учеб.наглядное пособие. - Караганда, 2007. - 55 с

12. Чернов В.Н. Уход за хирургическими больными : Учеб. пособие. - Ростов н/Д: Феникс, 2006. - 224 с.

Қазақ тілінде:

Негізгі.

1. Әбдiрахманов Е. Жалпы хирургия: Оқулық.-Астана:Фолиант,2008.-296 б.

2. Дұрманов Қ.Д. Жалпы хирургия : Оқұлық , 2006. - 548 б

· Оқу және оқыту әдістері:

· Дәрістер- Шолу, шешілмеген, тақырыптық

· Тәжірибелік сабақ - тәжірибелік сабақтардың жеке сұрақтарын тереңдетіп оқыту, студенттердің ойлау қабілетін дамыту үшін жағдайлық есептерді шешу, жедел хирургиялық патологиялар, жарақаттар, термиялық жағдайлар, және де ақырғы жағдайлар кезіндегі алғашқы хирургиялық көмек көрсету.

Негіздерін бөлу, өз ойларын анық тұжырымдау, дұрыс сөйлеу дағдыларды студенттер

үшін ұсыныстарын презентациялау дайындалады.

· Білім бағасының ережесі және критериі: әрбір деңгейге білім бағасының шкаласы және критериі (ағымдық, аралық, қорытынды бақылау), барлық сабақтардың түрлеріне баға ережесі (аудиториялық, СӨЖ, ОЖСӨЖ*)

Баға шкаласы

Таңбалау жүйесі бойынша бағалау Бағаның сандық баламасы Бағаның пайыздық мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100 өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74     қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
Д+ 1,33 55-59
Д 1,0 50-54
F 0-49 қанағаттанарлықсыз

Наши рекомендации