Нефритикалық синдром» клиникалық жағдай бойынша жауаптар эталоны

1. Шағымдарын және анамнезін жинау Жүйелі және кезеңді орындалды
2. Салыстырмалы диагностика үшін қосымша сұрақтардың көмегімен ауру симптомдарын нақтылау Анамнезді нақтылауда барлық сұрақтар қойылды, соның ішінде жанұялық, аллергологиялық
Нефритикалық синдром дамуына алып келетін қауіп қатер факторлары бойынша сұрастыру Нефритикалық синдром дамуына алып келетін қауіп қатер факторлар анықталды – бұрынырықта өткерген вирусты, бактериальды инфекциялар
4. Физикальді қарауды жүргізу – жалпы қарау Кезеңді және дұрыс орындалды. Бетінің, тобық-балтырларының ісінуі (ісіктері жұмсақ консистенциялы), ережелерді сақтап АҚ өлшеді
5. Зәр шығару жүйесін зерттеу Бүйрек пальпациясы жүргізілді (ауыру сезімді), ұрғылау симптомы екі жақтан оң
Алдын ала қойылған диагнозды құру және негіздеу Бетінде кейін тобық-балтырларында пайда болған екі жақты симметриялы ісінулерді; АҚ 170/100 мм сб.б.; 3,5 г/л дейін протеинурияны, микрогематурияны ескеріп алдын ала мынадай болжама диагнозы қойылды; жедел гломерулонефрит.
Нефритикалық синдромды зерттеуді негіздеу Вирусты инфекциямен байланысы (бірақ стрептококкты инфекциямен емес), екіншілік нефритке алып келетін факторлар мен аурулардың анықталмауын; пальпация кезінде бүйректегі ауыру сезімі, ұрғылау симптомының оң болуын ескеріп мына диагноз қойылды:Нефритикалық синдром. Бүйрек қызметі тексеруді қажет етеді.
8. Лабораторлы зерттеу жоспарын тағайындау Жалпы қан анализі; Зәрде белоктың тәуіліктік экскрециясы. Коагулограмма; БХҚА: мочевина, креатинин, жалпы белок, альбуминдер, глобулиндер, глюкоза, АЛТ, АСТ; Зимницкий сынамасы, ШФЖ есептеу және бүйрек қызметін анықтау. Комплемент жүйесін, сарысу иммуноглобулиндерін, АНА, РФ, АНЦА Вирусты В С гепатиттерінің маркерлері
9. Құралдық зерттеу жоспарын тағайындау Бүйректің УДЗ; ЭКГ Морфологиялық вариантын анықтау мақсатымен бүйрек биопсиясы
10. Жалпы қан анализін интерпретациялау 1. Гипохромды анемия, лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы Фибриноген деңгейінің жоғарлауы 2. Креатинин жоғарлаған
ЖЗА интерпретациялау Протеинурия –3,5 г/л дейін Микрогематурия Ісінулер және АГ – нефритикалық синдром
12. Зимницкий сынамасын интерпретациялау Тәулікті диурез 600 мл. бүйректің концентрациялық қызметі сақталған
13. Иммунологиялық анализдерді интерпретациялау С3 деңгейі төмендеген – ЦИК пайда болуына қолдануының есебінен (за счет потребления на образование ЦИК). IgA деңгейі жоғарлаған АутоАт – теріс HCV антиденелер оң және оң РФ – мүмкін криоглобулинемия – криоглобулиндер деңгейін міндетті түрде анықтау – анализ алып тексеру –криоглобулин деңгейі жоғарлаған
14. Кокрофт-Голт формуласы бойынша шұмақтар фильтрациясының жылдамдығын есептеу және интерпретациялау ШФЖ 72 мл/мин, бүйректің фильтрациялық қызметі төмендеген
15. Бүйректің УДЗ және биопсиясын интерпретациялау Бүйрек өлшемдері ұлғайған (паренхима ісінген) Биопсиясы – мембранозды-пролиферативті гломерулонефрит
Салыстырмалы диагностика жүргізу үшін классикалық тән белгілерін анықтау Нефритикалық синдромның классикалық белгілерін анықтау- микрогематурия, протеинурия, ісінулер және АГ. Барынша мүмкін байланыс ол вирусты инфекцияны басынан өткеру (бірақ стрептококкты инфекция емес), екіншілік нефрит дамуына алып келетін қауіп қатер факторлардың және аурулардың болмауы
17. Қорытынды диагнозды тұжырымдау және оны негіздеу Нефритикалық синдромның болуы, биопсия мәліметтерінің - мембранозды-пролиферативті гломерулонефритке сәйкес келуі, РФ, С гепатитінің маркерлерінің, криоглобулиндердің анықталуы, ШФЖ төмендеуі негізінде: Диагноз:Нефритикалық синдром.Криоглобулинемиялық мембранозды-пролиферативті гломерулонефрит. Бүйрек қызметі төмендеген.
18. Емдеу тәсілін анықтау 1. Тұзды тәулігіне 2 г дейін шектеу емдәмі. Сұйықтық режимі: диурез көлемі + 500 мл 2. Диуретиктер 3. Иммуносупрессивті терапия – ГКС 4. Гипотензивті терапия 5. Фракционирленген гепарин
Науқастың келешек емдеу тәсілін анықтау Нефритикалық синдромды жойғаннан кейін (ісінулер, АГ, протеинурия және бүйрек қызметі) – СВГ С бағдарламасы бойынша келесі зерттеулерді жүргізу (ПЦР, вирус генотипі және вирусты жүктеменің деңгейі), вирусқа қарсы терапияны жүргізу сұрақтарын шешу үшін гепатолог кеңесі ВҚТ жүргізу үшін гепатит С жүйелік белгілері болуы керек – бүйрек зақымдалуымен бірге аралас криоглобулинемиялық синдром
20. Науқаспен оптимальді қатынасты орнату және қобалжуды басу Коммуникация эффективті. Науқас сеніммен қарайды, барлық сұрақтарға жауап алынған

Әзірлеуші : кафедра ассистенті Кедельбаева К.М.

Рецензент: м.ғ.д., Кабулбаев К.А, нефрология модулінің меңгерушісі

№1 терапия бойынша Иж/еР кафедрасында талқыланған және бекітілген (27 қаңтар 2015, №7 хаттама)

Ішкі аурулар бойынша ББК мәжілісінде талқыланған және бекітілген (29 қаңтар 2015, №5 хаттама)

Наши рекомендации