Тақырыбы: Маңқа қоздырушысы және балау әдістері

Сабақтың мақсаты: Студенттерді маңқа қоздырушысыныңбиологиялық қасиеттері және аурудың балау әдістерімен таныстыру.

Негізгі сұрақтар:

1. Шошқа тілмесі ауруына сипаттама

2. Қоздырушының морфологиялық және биологиялық қасиеттері

3 Қоздырушысының патогенді факторлары және аурудың патогенезі (клиника, ағымы, эпизоотологиялық мәліметтер, патологиялық анатомиялық өзгерістері).

4. Шошқа тілмесінің зертханалық балау әдістері.

Маңқа (Malleus) – жылқының, есек пен қашырдың өкпесінде, ішкі мүшелерінде, танаудың кілегей қабықтарында және терісінің әр жерінде өзіндік (маңқалық) түйіндердің, іріңді күлдіреуіктін , абсцесстің шығуымен, олар ыдырағанда орындарында іріңді ойық жара пайда болумен сипатталатын созылмалы жұқпалы ауру. Кейде жіті түрде өтеді. Маңқа ауруы адамға да жұғады.

Қоздырушысы және оның морфологиясы:маңқаныңқоздырушысы Pseudomonas mallei патматериалдан дайындаған жұғындыда шеттері жұмыр, жіңішке таяқша сияқты, ұзындығы 2-5 мкм, жуандығы 0.5-0.8 мкм. Жеке-жеке орналасады, кейде жұп түрінде . Микроб спора және капсула түзбейді.

Анилин бояуларымен бояуға болады, сілті қосса жақсы нәтиже береді. Мысалы: бояу мына құрамада: метилен көгінің қаныққан спиртті ерітіндісінің 3 бөлігінің , күйдіргіш натрийдің 0,01% су ерітіндісінің 1 бөлігі. Дайын жұғынды 3 минут боялады. Осы әдіспен бояғанда маңқа таяқшаларының түйіршіктігі жақсы байқалады. Грам әдісімен боялмайды. Бөгде микроб жоқ, жарылмаған абсцесс, лимфа түйіндерінен және т.б. іріңді микроскопиялаудың балауда кейбір маңызы бар. Жарылған абсцессте және мұрын ағындысын микроскопиялау ештеңе бермейді.

Аурудың қоздырушысы 2-4% глицерин қосқан қарпайым қорекетік орталарда өседі, аэробты. Глицеринді ЕПА екінші тәулікте шырышты жабысқан ақ-сұр түсті болар-болмас қатпар пайда болады, бірте-бірте ол қоңырланады. Глицеринді ЕПС, тегіс бұлдырланады, қабырғаға жанас сақина және шырышты қабықша пайда, кейіннен ақ-сұр тұнба түседі.

Қоздырушының төзімділігі. Pseudomonas malleiсыртқы ортадатөзімсіз. 80ºС температурада қыздыру 5 минутта, күн сәулесі 24 сағ., қарын сөлі – 30 мин. Қоздырушыны жояды. Су ішінде және шіріп жатқан материалда микроб 10 тәуліктің ішінде өледі, кепкен танау бөліндісінде 7-15 күн, несепте 4 сағат тірі қалады. 1 % күйдіргіш натрий ерітіндісі, 2% фенол, 5% хлорлы әк, 3 % креолин 1 сағатта жояды, лизозолдың 5% ерітіндісі қырып тастайды.

Патогендігі. Мақаға сыңар тұяқтылар бейім:жылқы,есек,қашыр. Маңқамен жыртқыштарда (арыстан, жолбарыс, ілбісін, сілеусін, аю) ауырады.

ТМД елдерінде маңқа жойылған, бірақта көрші Азия елдерінде бұл ауру әліде орын алады, демек оның біздің территориямызға ену қауіпі бар. Аурудың негізгі көзі ауру малдар, әсіресе ауру белгісі білінбейтін созылмалы түрімен ауыратындары. Негізінен жұқпалысы тыныс жолдарынан бөлінгендер, мұрындарынан аққандар және жұлынын қалған терідегі ойық жаралар. Осы бөлінгендер мал азығын, суатты, мал күтіміне қажет құрал-саймандарды сау малдарды залалдайды. Ауру негізінен ас қорыту аппараттары, сиректеу терісі арқылы жұғады. Тікелей жанасу арқылы да (түшкіру, пысқыру, осқыру,ойықшы жараны жалау) жұғуы ықтимал, бірақ ол сирек, демек ауру малды бірден жояды. Ал созылмалы ауыратындары байқаусыз қалып, ауру таратушылар болмақ.



Аурудың белгілері. Жасырын кезеңі бірнеше күн(3күннен2-3жұмаға дейін). Қоздырушының вируленттілігі және организмнің төзімділігіне қарай аурудың барысы әр-түрлі болмақ.Соңғысы өз кезегінде малды азықтандыру, күшін және пайдалануымен байланысты.

Барлық факторладың қосылу қорытындысында ауру жіті немесе созылмалы (жиі) өтеді және бірнеше жұмадан бірнеше жылға дейін созылады.Көпшілік жағдайда ауру малдың арықтауы және өліммен аяқталады. Сиректеу маңқа ошағы қабықтанады және тас байланады, мал ауруынан айығады.

Патологиялық процестің шоғырланған жеріне қарай мұрын, өкпе және тері маңқасы деп ажыратады.

Жіті формасы дене қызуының көтерілуінен басталады, азықтан бас тартады.

Танаудың кілегей қабықтарында сарғыш түйіндер шығады, олар некрозданады, оның орындарында ойықты жара пайда болады. Кілегейлі қабықтың қабынуына орай мұрыннан шырышты-ірің аға бастайды және алқым лимфа түйіндері іседі. Бірте-бірте мұрынның кіленейлі қабықтары жайылады және қосылып, көлемді ойықты жараға айналып білік тәрізді шеттерімен сау ұлпалардан бөлінеді.Ауру мал жөтеледі, пысқырады, ірің сыртқы ортаға шашылады, мал жүдейді. Шамамен 10-15% терінің үстіне, көбіне артқы аяқтарына алдымен түйін пайда болып, кейіннен жуан қабырғалы ойықты жара айналады. Маңындағы лимфа тамырлары ісініп жуандайды, жуан бауға ұқсайды. Осындай өзгерген лимфа тамырларының бойымен абсцесс түзіліп, кейіннен ойықты жараға айналады.

Созылмалы маңқаның клиникалық белгілеріне бірте-бірте арықтау, жөтел,мұрынынан іріңді сора,мұрынының жазылған кілегей қабықтарының орындарында жұлдыз тәріздес дәнекер ұлпалы тыртықтар пайда болады. Алқым сөл түйіндері үлкейген, нығыз, ауырмайды, терімен бітіскен. Аяқтарының терісінің үстінде абсцесс, ойықты жара, тыртық, лимфа тамырларының жуандауы кездеседі. Осыларға дәнекер ұлпаларының қарқынды өсуі ілеседі («піл аяқ»). Бірақта созылмалы аурудың жасырын өтіп,клиникалық белгілерінің байқалмауы мүмкін, ондай жағдайда аллергиялық және серологиялық әдістері көмекке келеді (малеинизация; КБР).

Негізгі патанатомиялық белгілері. Өлексе әдетте арық
(көтерем). Маңқадағы өзгерістер негізінен жоғарыда
         


айтқанымыздай – терісінде, танаудың кілегей қабықтарында шоғырланады. Кейде ондай ойық жаралардың шеттері көтерілген « жанартау аузына» ұқсайды. Өкпеде түйінді маңқа немесе маңқа пневмониясы болады. Түйіннің мөлшері түйреуіш басынан орман жаңғағына дейін жетеді. Өкпенің кейбір бөліктері нығыздалған, түсі қызарған, жылтыр, ылғалды.

Бұндай түйіндердің ортасы некрозды немесе іріңді, соның әсерінен қуыс пайда болады.

Ажырататын балау. Маңқаға балауды эпизоотологиялық,клиникалық, патанатомиялық деректер бойынша, аллергиялық және серологиялық зерттеулермен кешенді қойылады.

Аллергиялық балауға маллеин сынамасын (көз,тері асты жәнетері ішіне) колданады.

Бұл ауруға балау қоярда сақ болу керек, эпизоотологиялық, клиникалық деректерді және биологиялық зерттеудің қорытындысын ескеру керек. Эпизоотологиялық маңызы, ауру импортталған жылқылармен шет мемлекеттерден енуі мүмкін. Клиникалық белгісінен созылмалы арықтаудың маңызы үлкен, жөтел, тану кілегей қабықтарында түйін, лимфа түйіндеріндегі өзгерістер, кейбір кезде терідегі ерекше өзгерістер.

Маңқадағы тері зақымдауын эпизоотологиялық және ойықжаралық мандамнан ажырату керек- бұл ауруда ойық жара сәнді түйіршікті ұлпамен жабылған, іріңді криптококктер (микроскопия) болады.

Мандамда ойықты жара тез жазылады, грануляция жақсы өтеді. Маңқаның клиникалық белгілері, демалыс органдары зақымданғанда сақауға ұқсас, соңғысында көбіне құлындар ауырады, алқым сөл түйіндері іріңдейді, кеңсірік кіленей

қабықтарында түйін және ойықты жаралар болмайды.

Жұқпалы емес риниттерде, созылмалы, шырышты қабынуда - танауының кілегей қабықтарында түйін және ойықша жаралар болмайды, алқым сөл түйіні ыстық, аурушаң.

Бірақта маңқаны дұрыс анықтауда клиникалық белгілері жеткіліксіз, маллеин пробасын жасау керек немесе қанның сарысуын КБР-мен зерттеу керек.

Аллергиялық балауға маллеинді қолданады, ол үшін арасында 6 күн сайын екі дүркін көзіне тамызады.



Жылқы ауру болса конъюктивасы қызарады және іседі, сондай шырышты- ірің ағады. Жылқы ауру болса екінші маллеинге реакция өте күшті болады.

КБР маллеин қолдануды ауыстыра алмайды, қосымша ретінде қолданылады.

Тері астында маллеин егін тексеруге болады, бірақта дәріні конъютиваға тамызып зерттеумен теңесе алмайды.

Негізгі емдік және дауалау шаралары. Ауру жылқыны емдеугетиым салынған, оларды жояды.

Негізгі шара маңқаны - шет елден, еліміздің территориясына енгізбеу.

Тест сұраұтары:

1.Маңқаның қоздырушысы?

А) Streptococcus egui

B) Diplococcus lanceolatus

C) Pasteurella multocida

D) Pseudomonos mallei

E) Escherichia coli

2. Қоздырушының морфологиясы қандай? А) шеттері жұмыр жіңішке таяқша В) тізбектелген коккалар С) ұршық тәрізді қысқа таяқшалар Д) қысқа қалың таяқша Е) полиморфты таяқшалар

3. Маңқа қоздырушысының тыныс алу типі? А) Анаэроб В) Қатаң анаэроб С) Аэроб

Д) Факультативті анаэроб Е) Факультативті аэроб

4. Спора және капсула түзуі?

А) спора түзеді В) капсула түзеді

С) спора и капсула түзеді



Д) спора және капсула түзбейді Е) спора түзбейді

5. Маңқа ауруына қандай жануарлар беим? А) ірі қара, қой В) жылқы, шошқа

С) жылқы, есек, қашыр Д) Ауылшарушылық малдың төлі Е) Буйвол, бұғы

6. Жануарларға аурудың жұғу жолдары? А) Аэрогенді В) Алиментарлы

С) жыныс-несеп жолдары Д) жынысты

Е) терінің зақымдарған жерлері арқылы

7. Маңқа қоздырушысын өсіру үшін қолданатын орталар? А) Эндо ортасы В) ЕПА, ЕПС глицерин қосылған

С) Плоскерев ортасы Д) Терских ортасы

Е) Китт-Тароцци ортасы

8. Маңқаны негізгі балау әдісі?

А) Серологиялық В) Патологиялық-анатомиялық С) Биохимиялық

Д) Бактериологиялық Е) Аллергиялық

9. Маңқа ауруына қарсы жасалған вакцина А) СТИ штаммынан вакцина В) ВР -2 штаммынан вакцина С) анатоксинвакцина Д) вакцина жасалмаған

Е) 82 штаммынан вакцина



Тақырыбы: Маңқа қоздырушысы және балау әдістері - student2.ru

105 сурет. Мұрыннан бөлінген сұйықтан жасалған жағындыдағы маңқа қоздырушысы

Тақырыбы: Маңқа қоздырушысы және балау әдістері - student2.ru

106 сурет. Мұрынның кілегейлі қабығында ойық жаралар

Тақырыбы: Маңқа қоздырушысы және балау әдістері - student2.ru

107 сурет. Алқым лимфатүйіннің ұлғаюы

Қолданған әдебиет тізімі:

1. Аврех В.В., Биргер М.О. и др. Справочник по микробиологическим и вирусологическим методам исследования,

М., «Медицина», 1967, 463 с.

2. Атлас по микробиологии, вирусологии и иммунологии. Жалпы редакциясын басқарған Быков А.С., Воробьев А.А., Зверев В.В. М.: «Медицинское информационное агенство», 2008, - 272 б.

3. Геведзе В.И. Пастереллез крупного рогатого скота. -Минск. «Урожай», 1989, с.134.

4. Голиков А.В. Вибриоз животных и птицы.- Москва, 1978, 111 с.

5. Зыков М.П., Степанова Э.А. и др. Руководство к практическим занятиям по микробиологии, иммунологии и вирусологии. – М., «Медицина», 1977, 286 с.

6. Қашағанов Х.Е. Жылқы және түйе аурулары. Алматы, «Қайнар», 1978, - 246 б.

7. Козловский Е.В., Емельяненко П.А. Ветеринарная микробиология. – М.: «Колос», 1982, 285 с.

8. Коляков Я.Е. Ветеринарная иммунология. - М.: Агропромиздат, 1986, 270 с.

9. Конопаткин А.А. Бакулов И.А., Нурейкин Я.В. и др. Эпизоотология и инфекционные болезни сельскохозяйственных животных. – М., Колос, 1984, 544 с.

10. Костенко Т.С., Скаршевская Е.И., Гительсон С.С. Практикум по ветеринарной микробиологии и иммунологии. – М.: Агропромиздат, 1989, 272 с.

11. Костенко Е.И. Руководство к практическим занятиям по микробиологии. -М., «Сельхозгаз», 1989, 163 с.

12. Мишанин Ю.Ф. Справочник по инфекционным болезням животных. Ростов-на-Дону, Изд. «МарТ», 2002, 574 с.



13. Радчук Н.А. и др. Ветеринарная микробиология и иммунология.- М.: Агропромиздат, 1991, 383 с.

14. Руководство по зоонозам /Под ред. В.И.Покровского/, Л.:

Медицина, 1983, 320 с.

15. Руководство по микробиологической диагностике инфекционных заболеваний /Под ред. К.И.Матвеева/, Москва

«Медицина», 1973, 623 с.

16. Сайдулдин Т.С. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. - Алматы, «Полиграфия-сервис и Кº», 2009, 516 б.

17. Смирнова Н.И. Руководство к практическим занятиям по ветеринарной микробиологии. – Минск, 1977, 187 с.

18. Стоянова Н.А., Дайтер А.Б. Лептоспироз в вопросах и ответах.- Санкт-Петербург, 1991, 34 с.

19. Тимаков В.Д. и др. Микробиология.– М., «Медицина», 1980, 351 с.

20. Томеску В., Гаврилэ И., Гаврилэ Д. Зоонозы. Болезни животных, передающиеся человеку /перевод с рум. Л.Х.Левенгуля/

- М.: Колос, 1982, 319 б.

21. Толысбаев Б.Т., Бияшев К.Б. Микробиология және иммунология. Алматы, Нур-принт, 2008,- 493 б.

22. Чепуров К.П., Черкасова А.В. Диплококковые и стрептококковые заболевания животных, Колос, 1963, с 38-43.

23. Шатров А.П., Кирпичев А.Ф. Лептоспироз сельскохозяйственных животных, Кайнар, 1977, 90 с.

24. Ярцев М.Я., Белоусов В.И. и др. Пастереллезы животных и птиц: специфическая профилактика, лечение и методы борьбы. -М. 1989. С. 57.



Тест-сұрақтардың дұрыс жауаптары

Топалаң Туберк Лепто Пастерел Листери Эмкар Некробак Сіреспе Ботулизм Шошқа Маңқа
    улез спироз лез оз   териоз     тілмесі  
С А А Д В Д Е Е В А Д
А Д В В А А Е Д В Д А
Д В Е Е Е С И В С Е С
С В Д С В С Е Е Е С Д
С А Д Д В В Е А С В С
В Д В С С Е А Д Д В В
С Е Д С С С Е С С Е В
Д Е С Е С С Д С В В Е
С С Д Е А Д С Е С Д Д
С С С Д Д Д Д А Д В  
В С Е     Е С А С    
А Д С     С Е Е Е    
В В А     С С        
Д   С                
Е                    
С                    
С                    
Е                    
С                    
Д                    


Наши рекомендации