Бөлім: пародонт аурулары

Лпаның қабынуы

1.Тісінде өз бетімен пайда болатын қайта-қайта қозбалы ауру сезімі 10-15 мин дейін созылып барып, біраз уақытқа /2-3сағ дейін/ толастайды. Ауру сезімі түнде жиі мазалайды, ал әртүрлі тітіркендіруші ықпалдар кезексіз және біраз уақытқа созылатын ауру сезімін туындатады. Келтірілген шағымдар ұлпа қабынуының қай түріне неғұрлым тән:

А. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

Б. Ұлпаның толық жедел қабынуы

В.Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

Г. Ұлпаның жарақаттана қабынуы

Д. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

2. Тісті өз бетімен пайда болатын, жан-жаққа таралатын, ұзаққа созылатын /1-2 сағ-қа/ қозбалы ауру сезімі аз уақытқа ғана /10-15 мин-ке/ саябырлайды. Сондықтан науқас сырқат тісін көрсете алмайды. Ауру сезімі түн кезінде қатты күшейеді, әртүрлі тітіркендіруші әсерлерден ауру сезімі күшейе түседі. Бұл шағымдар қандай ауруға неғұрлым тән:

А. Ұлпаның іріңді қабынуы

Б. Ұлпаның толық жедел қабынуы

В. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы

Г. Ұлпаның жарақаттан қабынуы

Д. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

3. Тісте өз бетімен толассыз солқылдап, толассыз мазалайтын және жан-жаққа таралатын суық су әсерінен ауру сезімі аздап басылғандай болады. Бұл субъективтік белгілер қандай ауруға неғұрлым тән:

А. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

Б. Ұлпаның толық жедел қабынуы

В. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы

Г. Ұлпаның жарақаттан қабынуы

Д. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

-4. Тісте терең тіс жегі қуысы анықталды, сауыт қуысымен байланыспайды. Сүңгілеп тексерген ұлпа мүйізшелері проекциясы аймағында ауру сезімі анықталды. Суық сумен әсер еткенде біраз уақытқа созылатын ауру сезімі пайда болады . Тістің электр қозғыштығы 30 мка тең. Төменде келтірілген аурулардың қайсысы аталған белгілерге неғұрлым сайкес келеді:

А. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

Б. Ұлпаның толық жедел қабынуы

В. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы

Г. Ұлпаның жарақаттан қабынуы

Д. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

-5. Сырқат тісте терең тісжегі қуысы анықталды, сауыт қуысымен байланыспаған. Сүңгілеп тексергенде қуыстың сезімі бар тістің электр қозғыштығы 40 мка, қағып тексергенде ауру сезімі жоқ. Келтірілген объективтік белгілер төменде аталған аурулар диагнозының қайсысына неғұрлым тән:

А. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

Б. Ұлпаның толық жедел қабынуы

В. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы

Г. Ұлпаның жарақаттан қабынуы

Д. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

-6. Сырқат тісте терең тісжегі қуысы бар.Сауыт қуысы ашылмаған. Қуыстың табанын сүңгілеп байқағанда онша ауырмайды, бірақ ұлпа мүйізшесі аймағында жұмсарған дентин оңай тесіліп , қанды-іріңді жалқық шықты. Және ауру сезімі басылғандай болады.Қағып тексергенде аздаған ауру сезімі бар. Тістің электр қозғыштығы 50-80мка. Суық су әсерінен ауру сезімі жеңілдегендей болады. Келтірілген клиникалық белгілер тқменде аталған аурулар диагнозының қайсысына НЕҒҰРЛЫМ САЙ КЕЛЕДІ:

А. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

Б. Ұлпаның толық жедел қабынуы

В. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы

Г. Ұлпаның жедел жарақаттан қабынуы

Д. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

7. Қатты соғып алу әсерінен тіс сауыты сынған, ашылған сауыт ұлпасы қызылтүсті, құрғақ мақта анжы жанасып кетіп еді, қатты ауру сезімі пайда болды. Қағып тексергенде аздаған ауру сезімі бар. Келтірілген объективтік белгілер төменде аталған аурулар диагнозының қайсысына неғұрлым тән:

А. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

Б. Ұлпаның толық жедел қабынуы

В. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы

Г. Ұлпаның жедел жарақаттан қабынуы

Д. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

8. Ұлпаның негізгі затында көптеген микроорганизмдер орын алған, клеткалар органойдтары еркін жатыр, нейтрофильдік лейкоциттер. Эритроциттер және макрофагтар аумақты аймаққа шоғырланған. Дентинобластар біраз жерде жойылған. Сақталғандары жасушаішілік дистрофиялануға ұшыраған. Сипатталған патогистологиялық өзгеріс ұлпа қабынуының қай түріне НЕҒҰРЛЫМ ТӘН:

А. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

Б. Ұлпаның толық жедел қабынуы

В. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы

Г. Ұлпаның жедел жарақаттан қабынуы

Д. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

9. Ұлпа тінінде талшықты құрылымдардың көбейіп клеткалық құрылымдардың , олардың ішінде дентинобластардың азайғаны орын алған: Қан тамырлары тарылып, ұлпа петрификаттануға ұшыраған, ұсақ микроабцестер төңірегінде грануляциялық жас дәнекер тін өсіп, фиброзды қабықпен қоршала бастаған. Сипатталған патогистологиялық өзгеріс ұлпа қабынуының қай түріне НЕҒҰРЛЫМ ТӘН:

А. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

Б. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

В. Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

Г. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

Д. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

10. Ұлпа тіні қызара /гипермиялана / домбыққан, лейкоциттердің жиектей орналасуы және ұсақ қан құйылу ошақтары байқалады. Қабыну ошағында лейкоциттер мен домалақ клеткалардың шағын шоғырлары орын алған. Дентиноблатар қабатында жасушааралық және жасушаішілік домбығу митохондриялардың ісінуі байқалады. Бұл өзгерістер сауыт қлпасы аймағында орналасқан. Сипатталған патогистологиялық өзгерістер ұлпа қабынуының қай түріне НЕҒҰРЛЫМ ТӘН:

А. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

Б. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

В. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы

Г. Ұлпаның жедел жарақаттан қабынуы

Д. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

11. Ұлпа тінінде микроорганизмдерге бай белгілі бір құрылымсыз аймақтар орын алған, май қышқылдары , кристалдары, қан пигменттері кездеседі. Құрылымы сақталған ұлпа тіні демаркациялық білікпен оқшауланған. Білік аймағында серрозды қабыну белгілері және грануляциялық тіннің өсуі байқалады. Сипатталған патогистологиялық өзгеріс ұлпа қабынуының қай түріне НЕҒҰРЛЫМ ТӘН:

А. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

Б. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

В. Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

Г. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

Д. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

12. Тіс ұлпасында жасушаларға дамып жетілмеген талшықты құрылымдарға бай жас грануляциялық тіннен тұратын өсікті құрылым байқалады. Біртіндеп оның бетін эпителилі құрылым жауып, белгілі бір пішінге ие болады. Сипатталған патогистологиялық өзгеріс ұлпа қабынуының қай түріне НЕҒҰРЛЫМ ТӘН:

А. Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

Б. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

В. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

Г. Ұлпаның жарақаттан қабынуы

Д. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

13. Ұлпаның жартылай жедел қабынуын қандай аурулардан ажырата білу керек:

А. Ұлпаның толық жедел қабынуы

Б. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

В. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

Г. Қарқынды дамыған терең тісжегі

Д. Үштік нерв невралгиясы

14. Ұлпаның толық жедел қабынуын қандай аурудан ажырата білу керек:

А. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

Б. Үшкіл нерв невралгиясы

В. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

Г. Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

Д. Қарқынды дамыған терең тісжегі

15. Ұлпа қабынуының қандай түрінде түбір ұшы периодонтында және оны қоршаған сүйек тінінде рентгендік зерттеу арқылы анықталуы мүмкін өзгерістер орын алуы мүмкін:

А. Ұлпаның толық жедел қабынуы

Б. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

В. Ұлпаның жартылай жедел қабынуы

Г. Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

Д. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

16. Сырқат тісте өз бетімен туындайтын толассыз сыздап мазалайтын және тістері

тістескенде, тағам шайнағанда күшейетін ауру сезімі бар. Бұл субъективтік белгілер төменде келтірілген аурулардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ ТӘН:

А. Периодонттың жедел қабынуы , уыттану сатысы

Б. Периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы

В. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

Г. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

Д. Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы

17.Сырқат тісте кейде ауырлық , ыңғайсыздық, кернеу сезімдері, қатты тағам шайнағанда аздап ауыру орын алған. Тісте тісжегі қуысы бар, қызылиекте жыланкөз немесе оның жабылуынан пайда болған тыртық анықталады. Аталған клиникалық белгілер периодонт қабынуының қай түріне НЕҒҰРЛЫМ ТӘН:

А.Периодонттың жедел қабынуы , уыттану сатысы

Б. Периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы

В. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

Г. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

Д. Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы

18. Тісте өз бетімен туындайтын қатты толассыз солқылдаған , тағам шайнағанда, тіске тіс тиіп кеткенде күшейе түсетін ауру сезімі бар. Тіс «ұзарып кеткен» сияқты. Тіс төңірегіндегі жұмсақ тіндер ісіне бастаған. Кейде дене қызуы көтеріліп, жалпылай жағдайы да өзгеруі мүмкін. Келтірілген клиникалық белгілер төмендегі аурулардың қайсысына НЕҒҰРЛЫМ ТӘН:

А.Периодонттың жедел қабынуы , уыттану сатысы

Б. Периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы

В. Периодонттың созылмалы қабынуы

Г. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

Д. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

19. Сырқат тіс толассыз қатты сыздап, солқылдап ауырады. Тағам шайнағанда, қарсы тістер тиіп кетсе, ауру сезімі күшейетүседі. Тіске жақын орналасқан жұмсақ тіндерде домбығу орын ала бастаған. Бойын дымкәстік билеген. Кейде тіс тұсындағы қызылиекте жыланкөз пайда болып тұрған. Келтірілген клиникалық белгілер төменде аталған аурулар диагнозының қайсысна НЕҒҰРЛЫМ ТӘН:

А.Периодонттың жедел қабынуы , уыттану сатысы

Б. Периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы

В. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

Г. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы

Д. Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы

20. Тісте терең тісжегі қуысы бар, ауырып мазаламайды. Сауыт қуысы ашылған, сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Келтірілген клиникалық белгі төменде аталған аурулардың қайсысна НЕҒҰРЛЫМ ТӘН:

А. Жоғары тісжегі

Б. Орта тісжегі

В. Қарқынды дамыған терең тісжегі

Г. Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы

Д. Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

21. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуін, периодонттың жедел қабынуынан ажырату үшін қолданылатын қосалқы тексеру әдісі:

А. Тістің температуралық тітіркендіргіштерге жауабын анықтау /термотест/

Б. Рентгенографиялық әдіс

В. Электрқозғыштығын анықтау

Г. Кіреукені ауыз ішінде /тікелей бояу/

Д. Трансиллюминациялық әдіс

22. Жоғарғы кіші немесе үлкен азу тістер периодонтының жедел қабынуының жалқықтану сатысын төменде келтірілген аурулардың қайсысынан ажырата білу керек:

А. Орта тісжегі, жоғары тісжегі, терең тісжегі

Б. Ұлпаның жедел іріңдей қабынуы , периодонттың созылмалы қабынуының өршуі, гаймор қуысының іріңді қабынуы

В. Ұлпаның созылмалы жай қабынуы, ұлпаның созылмалы шіри қабынуы, ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі

Г. Терең тісжегі, ұлпаның созылмалы шіри қабынуы , орта тісжегі

Д. Ұлпаның жедел іріңді қабынуы , қарқанды дамыған терең тісжегі, ұлпаның толық жедел қабынуы

23. Периодонттың жедел қабынуын ұлпаның жедел қабынуынан ажырату үшін қолданылатын тиімді қосалқы зерттеу әдісі:

А. Температуралық тітіркендіргіштерге сырқат тістің жауабын анықтау /термотест/

Б. Қанның жалпы құрамын талдау

В. Рентгенографиялық әдіс

Г. Стоматоскопиялық әдіс

Д. Колорометриялық тест

24. Периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысының диагнозын дер кезінде немесе дұрыс қойылмаса, қандай асқыну орын алуы мүмкін :

А. Периостың жедел қабынуы

Б. Ұлпаның ретроградтық қабынуы

В. Гаймор қуысының қабынуы

Г. Альвеола сүйегінің сүйек майының қабынуы

Д. Флегмона

25. Периодонт қабынуының қандай түрінде «ұзарған тіс» симптомы («симптом выросщего зуба») анықталуы мүмкін:

A. Периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы;

B. Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі;

C. Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы;

D. Периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы;

E. Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы.

26. Периодонт қабынуының қандай түріне «вазопарез» симптомы неғұрлым тән:

A. Периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы;

B. Периодонттың жедел қабынуының өршуі;

C. Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы;

D. Периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы;

E. Периодонттың созылмалы гранулемаланып қабынуы.

27. Сыпқат тістің тұсындағы іркіле қызарған қызылиекке немесе ауыспалы қатпарға доғал аспаптың басын батыра қысым көрсеткенде анық пайда болады және орнына баяу қайта келеді. Бұл симптом қалай аталады:

A. «Вазопарез» симптомы;

B. Грейн симптомы;

C. Никольский симптомы;

D. «Ұзарып кеткен тіс симптомы»;

E. «Алма желесі» симптомы

-28. Қосалқы зерттеу әдісі төмендегі тәсілмен орындалады. Аппараттың енжар электроды (пассивный электрод) төменгі ерінге ілінеді, ал белсенді электроды (активный электрод) тіс сауыттарының қырларына немесе тістеу төмпешіктерінің біріне қойылған соң электр тогы жіберіледі және ток күші мка-мен өлшенеді. Бұл әдіс қалай аталады:

A. Электрофорездеу;

B. Депофорездеу;

C. Тістіңэлектр қозғыштығын анықтау (электроодонтометиярлық әдіс);

D. Апексометриялық әдіс;

E. Гальванизациялау.

-29. Механикалық жарақат әсерінен 11 тіс орнынан тайған. Дәрігер – стоматолог жедел жәрдем көрсетуі тиіс. Төменде көрсетілетін емдеу шараларының қайсысы тиімді?

A. Тісті жұлып алу;

B. Уақытша шендеу;

C. Тіс сауытын тесіп (трепанациялап), ұлпаны алу;

D. Емдеу жүргізілмейді;

E. Тісті жұлып алып, орнына қайта отырғызу.

-30. Механикалық жарақат әсерінен 11 тіс орнынан тайған. Дәрігер – стоматолог емдеу шараларын жүргізер алдында қандай тіннің жағдайын анықтау және қандай қосалқы тексеру әдісін жүргізуі керек:

A. Рентгендік тексеру;

B. Қанның құрамын талдау;

C. Ұлпаның ЭҚ анықтау;

D. Қағып тексеру;

E. Температуралық тітіргендіргіштерге жауабын анықтау.

31.45 жастағы ер адам 26 тісіндегі самайына берілетін өздігінен пайда болатын, ұстама тәрізді ауыру сезіміне шағымданады, тітіркендіргіштердің барлық түрі ұзаққа созылатын ауыру сезімін тудырады. Тісі бұрын ауық-ауық ауырған. Қарап тексергенде: шайнау бетінде терең тісжегі қуысы сауыт қуысымен байланысқан, шұқып тексергенде ашық ұлпа мүйізшесінде қатты ауыру сезімі бар.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді:

А) Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

В) Ұлпаның жедел жалпы қабынуы

С) Ұлпаның жедел іріңдей қабынуы

Д) Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі

Е) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

45 жастағы ер адам 26 тісіндегі самайына берілетін өздігінен пайда болатын, ұстама тәрізді ауыру сезіміне шағымданады, тітіркендіргіштердің барлық түрі ұзаққа созылатын ауыру сезімін тудырады. Тісі бұрын ауық-ауық ауырған. Қарап тексергенде: шайнау бетінде сауыт қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді, шұқып тексергенде ашық ұлпа мүйізшесінде қатты ауыру сезімі бар.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек болады?

A) температуралық тітіркендіргіштер

B) Электроодонтометрия

C) трансиллюминация әдісі

D) Рентген

E) Перкуссия

45 жастағы ер адам 26 тісіндегі самайына берілетін өздігінен пайда болатын, ұстама тәрізді ауыру сезіміне шағымданады, тітіркендіргіштердің барлық түрі ұзаққа созылатын ауыру сезімін тудырады. Тісі бұрын ауық-ауық ауырған. Қарап тексергенде: шайнау бетінде сауыт қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді, шұқып тексергенде ашық ұлпа мүйізшесінде қатты ауыру сезімі бар.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д)Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативтік әдіс

46 жасар ер адам өздігінен пайда болатын, ұстама тәрізді, жақ сүйегінің бұрышына берілетін және түнде күшейетін ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 46тісінде сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді.

Төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысы диагноз қоюға НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек болады?

А) Рентгенография

В) Ауру тарихын жинау

С) Шұқып тексеру

Д) Қағып тексеру

Е) Электроодонтометрия

48 жасар ер адам өздігінен пайда болатын, ұстама (приступ) тәрізді, жақ сүйегінің бұрышына берілетін және түнде күшейетін ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тісінде сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталады. Шұқып тексерегенде тісжегі қуысының табаны түгел қатты ауырады.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

В) Ұлпаның жедел толық қабынуы

С) Ұлпаның жедел іріңдей қабынуы

Д) Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі

Е) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

49 жасар ер адам төменгі оң жағында ұзаққа созылатын ұстама тәрізді солқылдаған ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі суықтан басылады. Қарап тексергенде: 46 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді.

Төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысы диагноз қоюға НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек?

А) Рентгенография

В) Ауру тарихын жинау

С) Өмір тарихын жинау

Д) Қағып тексеру

Е) Электроодонтометрия

37.

50 жасар ер адам өздігінен пайда болатын, ұстама (приступ) тәрізді, жақ сүйегінің бұрышына берілетін және түнде күшейетін ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тісінің дистальді-шайнау бетінде сауыт қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталады, шұқып тексерегенде тісжегі қуысының табаны түгел қатты ауырады. ЭОМ -45мкА

Аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д)Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативтік әдіс

32 жастағы әйел 37 тісінің ас қабылдағанда қанайтындығына шағымданады. Қарап тексергенде : 37 тісінің шайнау бетінде терең тісжегі қуысы анықталды, іші өскен тіндермен толған, ауыру сезімі аз және шұқып тексергенде қанайды. Тіс сауытының жан-жағын шұқығышпен жүргізгенде қызылиек бүртігі тісжегі қуысыннан тыс жатыр.

Төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысы диагноз қоюға НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек?

А) Қағып тексеру

В) Рентгенография

С) Электроодонтометрия

Д) Ауыру тарихын жинау

Е) Трансиллюминация әдісі

33жасар әйел адам ас қабылдағаннан кейін ұзаққа созылатын сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде : 25 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тіс жегі қуысы анықталады, ашылған ұлпа мүйізшесін шұқып тексергенде қатты ауырады, ұлпа қанайды.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

В) Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

С) Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

Д) Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

Е) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

32 жасар әйел адам 36 тісінің ас қабылдағанда ауыратындығына шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тістің шайнау бетінде сауыт қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді, ашылған ұлпа мүйізшесі қатты ауырады, ұлпа қанайды.

Аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д)Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативтік әдіс

41.

20 жасар жігіт төменгі оң жағындағы тісінің өздігінен қысқа уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Температуралық тітіркендіргіштерден ауыру сезімі ұлғаяды. Тісі таңертеңнен бері ауырып тұр. Науқастың дені сау. Аллергоанамнезі –асқынбаған. Қарап тексергенде: 46 тісінің шайнау бетінде тіс сауытымен байланыспаған, терең тісжегі қуысы көрінеді. Қуыстың табанын шұқып тексергенде ұлпаның бір мүйізше тұсында ауыру сезімі бар. ЭОД -24мкА.

Аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д)Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативтік әдіс

18 жасар қыз төменгі сол жағындағы тісінің температуралық тітіркендіргіштерден ауыратындығына шағымданады. Денсаулығы жақсы, аллергоанамнезі-жоқ. Қарап тексергенде: 36 тістің мойын бөлігінде сауыт қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде қатты ауыру сезімі бар. ЭОМ-35 мкА.

Аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д)Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативтік әдіс

30 жастағы ер адам жоғарғы сол жағындағы тісіндегі ұстама тәрізді аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 26 тісінің медиальді –шайнау бетінде жұмсарған, пигменттелген дентинге толы терең тісжегі қуысы көрінеді. Суыққа ұзаққа созылатын ауыру сезімі бар.

Төменде аталған тексеру әдістерінің қайсысы диагноз қоюға НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек?

А) Рентгенография

В) Трансиллюминация әдісі

С) Электроодонтометрия

Д) Ауыру тарихын жинау

Е) Қағып тексеру

32 жастағы ер адам жоғарғы сол жағындағы тісіндегі ұстама тәрізді аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 26 тісінің медиальді –шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде ұлпаның медиальді-ұрт мүйізше тұсы ауырады. Суыққа ұзаққа созылатын ауыру сезімі бар.

Аталған алдын ала қойылған диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

В) Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

С) Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

Д) Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

Е) ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

45.

30 жастағы ер адам жоғарғы сол жағындағы тісіндегі ұстама тәрізді аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 26 тісінің медиальді –шайнау бетінде жұмсарған, пигменттелген дентинге толы терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде ұлпаның медиальді-ұрт мүйізше тұсы ауырады.

Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын, жылдам дамитын терең тісжегімен салыстырмалы диагностика жүргізу үшін таңдау НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Рентгенография

В) Трансиллюминация әдісі

С) Температуралық тітіркендіргіштерге реакция

Д) Ауру тарихын жинау

Е) Қағып тексеру

19 жасар жігіт жоғарғы оң жағындағы тісінің қысқа уақытқа созылатын, ұстама тәрізді ауыру сезіміне шағымданады. Дені сау, аллергоанамнезі –жоқ.

Қарап тексергенде: 17 тістің шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде ұлпаның дистальді-ұрт мүйізше тұсында ауыру сезімі бар, тіс сауыты ашылмаған. Суыққа ұзаққа созылатын ауыру сезімі бар. ЭОМ-25мкА. Қағып тексрегенде тіс ауырмайды.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д)Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативтік әдіс

47.

32 жасар ер адам жоғарғы сол жақ құлағы мен самайына берілетін, ұзаққа созылатын, ұстама тәрізді, солқылдаған ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 24 тісінің шайнау бетінде жұмсарған, ашық түсті дентинге толы терең тісжегі қуысы анықталды.

Диагноз қою үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Шұқып тексеру

В) Қағып тексеру

С) Ауыру тарихын жинау

Д) Рентгенография

Е) Температуралық тітіркендіргіштерге реакция

48.

32 жасар ер адам жоғарғы сол жақ құлағы мен самайына берілетін, ұзаққа созылатын, ұстама тәрізді, солқылдаған ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі суықтан басылады. Қарап тексергенде: 24 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды,тісжегі қуысының табанын шұқып тексергенде қатты ауырады, перкуссияда жеңіл ауыру сезімі бар. ЭОМ- 65 мкА

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

В) Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

С) Ұлпаның жедел іріңдей қабынуы

Д) Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

Е) ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

49.

Ұлпаның жедел іріңдей қабынуын периодонттың жедел қабынуының жалқықтану сатысымен салыстырмалы диагностика жүргізу үшін, төменде берілген зерттеу әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Рентгенография

В) Трансиллюминация әдісі

С) Температуралық тітіркендіргіштерге реакция

Д) Ауру тарихын жинау

Е) Қағып тексеру

35 жасар ер адам жоғарғы сол жақ құлағы мен самайына берілетін, ұзаққа созылатын, ұстама тәрізді, солқылдаған ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі суықтан басылады, ыстықтан күшейеді. Қарап тексергенде: 24 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы анықталды, тісжегі қуысының табанын шұқып тексергенде қатты ауырады, перкуссияда жеңіл ауыру сезімі бар.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д)Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативтік әдіс

51.

44 жастағы ер адам төменгі оң жағындағы тісінің ыстық тамақ жегенде ұзаққа созылатын, сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тісінің түсі өзгерген, күңгірттенген, медиальді-шайнау бетінде терең тісжегі қуысы көрінеді, іші ас қалдықтары мен жұмсарған дентинге толы. Шұқып (сүңгілеп) тексергенде тіс сауытымен байланысқан, терең шұқып тексергенде ауырады, шұқығыш ұшында кір-сұр түсті некроздалған масса көрінеді.

Диагноз қою үшін аталған тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ тиімдірек?

А) Сипап тексеру әдісі

В) Қағып тексеру әдісі

С) Рентгенография

Д)Электроодонтометрия

Е)Ауыру тарихын жинау

52.

44 жастағы ер адам төменгі оң жағындағы тісінің ыстық тамақ жегенде ұзаққа созылатын, сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тісінің түсі өзгерген, күңгірттенген, медиальді-шайнау бетінде терең тісжегі қуысы көрінеді, іші ас қалдықтары мен жұмсарған дентинге толы. Шұқып тексергенде тіс сауытымен байланысқан, терең шұқып тексергенде ауырады, шұқығыш ұшында кір-сұр түсті некроздалған масса көрінеді.

Төменде көрінген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

В) Периодонттың созылмалы қбынуы

С) Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

Д) Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

Е) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

53.

Ұлпаның созылмалы шіри қабынуын периодонттың созылмалы қабынуымен салыстырмалы диагностика жүргізу үшін, төменде берілген зерттеу әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Рентгенография

В) Трансиллюминация әдісі

С) Температуралық тітіркендіргіштерге реакция

Д) Ауру тарихын жинау

Е) Қағып тексеру

44 жастағы ер адам төменгі оң жағындағы тісінің ыстық тамақ жегенде ұзаққа созылатын, сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 46 тісінің түсі өзгерген, күңгірттенген, медиальді-шайнау бетінде терең тісжегі қуысы көрінеді, іші ас қалдықтары мен жұмсарған дентинге толы. Шұқып тексергенде тіс сауытымен байланысқан, терең шұқып тексергенде ауырады, шұқығыш ұшында кір-сұр түсті некроздалған масса көрінеді.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д)Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативтік әдіс

55.

18 жасар жігіт жоғарғы оң жақ аймағында өздігінен пайда болатын, ұзаққа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 14 тістің медиальді бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде тісжегі қуысының табаны түгел ауырады.

Диагноз қою үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А)Ауыру тарихын жинау

В) Сипап тексеру

С) Қағып тексеру

Д) Рентгенография

Е) Температуралық тітіркендіргіштерге реакция

18 жасар жігіт жоғарғы оң жақ аймағында өздігінен пайда болатын, ұзаққа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 14тістің медиальді бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде тісжегі қуысының табаны түгел ауырады, суыққа ұзаққа созылатын реакциясы бар.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Ұлпаның жедел толық қабынуы

В) Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

С) Периодонттың жедел қабынуының уыттану сатысы

Д) Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

Е) Жедел дамыған терең тісжегі

16 жасар жігіт жоғарғы оң жақ аймағында өздігінен пайда болатын, ұзаққа созылатын ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: 14тістің медиальді бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде тісжегі қуысының табаны ауырады, өтпелі қатпардағы кілегей қабық өзгермеген, сипап тексерегенде ауырмайды.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д) Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативтік әдіс

58.

45 жасар әйел жоғарғы оң жағындағы тісінде өздігінен пайда болып, аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады, ауыру сезімі температуралық тітіркендіргіштерден күшейеді.

Тісі таң ертеңнен бері ауырады, бұрын ауырмаған. Қарап тексергенде:16 тісінің дистальді –шайнау бетінде сауыт қуысымен байланыспаған, ұлпа маңындағы дентин аймағында жатқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде тісжегі қуысының табанындағы ұлпаның дистальді-ұрт мүйізше тұсы ауырады.

Диагноз қою үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А)Ауыру тарихын жинау

В) электроодонтометрия

С) Қағып тексеру

Д) Рентгенография

Е) Сипап тексеру

45 жасар әйел жоғарғы оң жағындағы тісінде өздігінен пайда болып, аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады, ауыру сезімі температуралық тітіркендіргіштерден күшейеді.

Тісі таң ертеңнен бері ауырады, бұрын ауырмаған. Қарап тексергенде:16 тісінің дистальді –шайнау бетінде сауыт қуысымен байланыспаған, ұлпа маңындағы дентин аймағында жатқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде тісжегі қуысының табанындағы ұлпаның дистальді-ұрт мүйізше тұсы ауырады.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

В) Ұлпаның жедел толықтай қабынуын

С) Жылдам дамитын терең тісжегі

Д) Ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуі

Е) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

60.

45 жасар әйел жоғарғы оң жағындағы тісінде өздігінен пайда болып, аз уақытқа созылатын ауыру сезіміне шағымданады, ауыру сезімі температуралық тітіркендіргіштерден күшейеді.

Тісі таң ертеңнен бері ауырады, бұрын ауырмаған. Аллергоанамнезі –жоқ. Қарап тексергенде:16 тісінің дистальді –шайнау бетінде сауыт қуысымен байланыспаған, ұлпа маңындағы дентин аймағында жатқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде тісжегі қуысының табанындағы ұлпаның дистальді-ұрт мүйізше тұсы ауырады. ЭОД-22мкА.

Төменде аталған емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д) Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативтік әдіс

35 жасар ер адам төменгі сол жағындағы тісінің ас қабылдағанда ұзақ сыздап ауыратындығана шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің шайнау бетінде тіс қуысымен баланысқан тісжегі қуысы көрінеді. Ашық ұлпа мүйізшесін шұқып тексергенде қатты ауырады, қанайды. Қағып тексергенде ауырмайды, өтпелі қатпардағы кілегей қабық өзгермеген, сипап тексергенде ауырмайды.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

В) Ұлпаның созылмалы жай қабынуы

С) Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

Д) Жедел дамыған терең тісжегі

Е) Периодонттың созылмалы қабынуы

62.

40 жастағы әйел төменгі сол жағындағы тісінің ауыратындығына, температуралық тітіркендіргіштерден және түнгі уақытта ауыру сезімінің ұлғаятындығына шағымданады. Қарап тексергенде: 37 тісінің медиальді-шайнау бетінде салбыраған қырлары бар, іші ас қалдықтарына толы терең тісжегі қуысы көрінеді. Шұқып тексергенде сауыт қуысымен байланысқандығы анықталды. Ашық ұлпа мүйізшесін шұқып тексергенде қатты ауырады, қанайды.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Ұлпаның жедел жалпылай қабынуы

В) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

С) Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі

Д) Ұлпаның жедел шіри қабынуы

Е) Ұлпаның жедел жартылай қабынуы

50жасар ер адам төменгі оң жағындағы тісінің өздігінен ұзақ уақыт ауыратындығына, ауыру сезімінің түнгі уақытта күшейетіндігіне шағымданады. Тісі бұрын ауырған. Қарап тексергенде: 47 тісінің медиальді –шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Терең сүңгілеп тексергенде ауырады, ұштықтың ұшында кір –сұр түсті некроздалған масса көрінеді. Түбір ұшы проекциясы маңындағы кілегей қабық өзгеріссіз.

Диагноз қою үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Ауру тарихын жинау

В) Сипап тексеру

С) Қағып тексеру

Д) Рентгенография

Е) Электроодонтометрия

64.

50жасар ер адам төменгі оң жағындағы тісінің өздігінен ұзақ уақыт ауыратындығына, ауыру сезімінің түнгі уақытта күшейетіндігіне шағымданады. Тісі бұрын ауырған. Қарап тексергенде: 47 тісінің медиальді –шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Терең сүңгілеп тексергенде ауырады, ұштықтың ұшында кір –сұр түсті некроздалған масса көрінеді. Тісті қағып тексергенде ауырмайды. Ауызішілік нысанды рентгенограммада- тістің дистальді түбір ұшы маңындағы периодонтальді саңылау бірқалыпты кеңейген.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

В) Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы

С) Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі

Д) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

Е) Периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

50жасар ер адам төменгі оң жағындағы тісінің өздігінен ұзақ уақыт ауыратындығына, ауыру сезімінің түнгі уақытта күшейетіндігіне шағымданады. Тісі бұрын ауырған. Аллергоанамнезі-жоқ. Қарап тексергенде: 47 тісінің медиальді –шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы көрінеді. Терең сүңгілеп тексергенде ауырады, ұштықтың ұшында кір –сұр түсті некроздалған масса көрінеді. Қағып тексергенде ауырмайды. Түбір ұшы проекциясы маңындағы кілегей қабық өзгеріссіз. Ауызішілік нысанды рентгенограммада- тістің дистальді түбір ұшы маңындағы периодонтальді саңылау бірқалыпты кеңейген.

Төменде аталған емдеу шараларының қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д)Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативтік әдіс

42 жасар әйел төменгі сол жақ тісінің тамақ жегенде қанағыштығына шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің медиальді шайнау бетінде салбыраған, өткір қырлары бар, іші өскен тіндермен толы үлкен тісжегі қуысы көрінеді.

Диагноз қою үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Электроодонтометрия

В) Зондпен тексеру

С) Перкуссия

Д) Рентгенография

Е) Термометрия

45 жастағы әйел төменгі сол жақ тісінің тамақ жегенде қанағыштығына шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің медиальді шайнау бетінде салбыраған, өткір қырлары бар, іші өскен тіндермен толы, зондпен тексергенде аз ауыратын және қанағыш үлкен тісжегі қуысы анықталады. Тіс сауытының шетін зондпен жүргізгенде қызылиек бүртігі тісжегі қуысынан тыс жатыр. Ренгтгенограммада түбір бифуркациясында өзгерістер жоқ.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Қызылиек полипі

В) Тіс сауытының табанының перфорациясы

С) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

Д) Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

Е) Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы

Ұлпаның созылмалы өсе қабынуын тіс сауытының табанының перифорациясымен салыстырмалы диагностика жүргізу үшін, төменде берілген зерттеу әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Рентгенография

В) Сипап тексеру

С) Температуралық тітіркендіргіштерге реакция

Д) Ауру тарихын жинау

Е) Қағып тексеру

69.

45 жастағы әйел төменгі сол жақ тісінің тамақ жегенде қанағыштығына шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің медиальді шайнау бетінде салбыраған, өткір қырлары бар,іші өскен тіндермен толы, зондпен тексергенде аз ауыратын және қанағыш үлкен тісжегі қуысы анықталады. Тіс сауытының шетін зондпен жүргізгенде қызылиек бүртігі тісжегі қуысынан тыс жатыр. Ренгтгенограммада түбір бифуркациясында өзгерістер жоқ.

Төменде аталған емдеу шараларының қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д) Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативтік әдіс

70.

25 жасар қыз жоғарғы сол жақ тісінде өздігінен пайда болатын, тұрақты түрде сыздаған ауыру сезіміне шағымданады.Ұлпа қабынуы диагнозымен эндодонттық емдеу сатысында емделіп жүр. Тісіне мышьяк пастасының қойылғанына 4 күн болған. Қарап тексергенде: 26 тісі уақытша пломбы астында, түбір ұшы проекциясындағы кілегей қабық өзгеріссіз.

Диагноз қою үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Электроодонтометрия

В) Зондпен тексеру

С) Перкуссия

Д) Рентгенография

Е) Температуралық тітіркендіргішке реакция

71.

22 жасар қыз жоғарғы сол жақ тісінде өздігінен пайда болатын, тұрақты түрде сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Ұлпа қабынуы диагнозымен эндодонттық емдеу сатысында емделіп жүр. Тісіне мышьяк пастасының қойылғанына 4 күн болған. Қарап тексергенде: 26 тісі уақытша пломбы астында, перкуссияда-ауырады, түбір ұшы проекциясындағы кілегей қабық өзгеріссіз, сипап тексергенде ауырмайды.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

А) Периодонттің жедел қабынуы, жалқықтану сатысы

В) Периодонттің жедел қабынуы, уыттану сатысы

С) Периодонттің созылмалы қабынуының өршуі

Д) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

Е) Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі

72.

Ұлпаның жедел жартылай қабынуының клиникалық белгілеріне жатады:

А) Ауырмайтын уақыт аралығы ұзақ, ұстама тәрізді ауыру

В) Ауырмайтын уақыт аралығы қысқа, ұстама тәрізді ауыру

С) Температуралық тітіркендіргіш әсерінен аз уақыттағы ауыру сезімі

Д) Тіске тістегенде күшейетін, тұрақты ауыру сезімі

Е) Химиялық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақытқа созылатын ауыру

73.

Ұлпаның жедел іріңдей қабынуының клиникалық белгілеріне жатады:

А) Ауырмайтын уақыт аралығы ұзақ, ұстама тәрізді ауыру

В) Ауырмайтын уақыт аралығы қысқа, ұстама тәрізді ауыру

С) Температуралық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақыттағы ауыру сезімі

Д) Тіске тістегенде күшейетін, тұрақты ауыру сезімі

Е) Химиялық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақытқа созылатын ауыру

74.

Ұлпаның жедел жалпы қабынуының клиникалық белгілеріне жатады:

А) Ауырмайтын уақыт аралығы ұзақ, ұстама тәрізді ауыру

В) Ауырмайтын уақыт аралығы қысқа, ұстама тәрізді ауыру ыстыктан удейд1

С) Температуралық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақыттағы ауыру сезімі

Д) Тіске тістегенде күшейетін, тұрақты ауыру

Е) Химиялық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақытқа созылатын ауыру

75.

Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының клиникалық белгілеріне жатады:

А) Ауырмайтын уақытаралығы ұзақ, ұстама тәрізді ауыру

В) Ауырмайтын уақыт аралығы қысқа, ұстама тәрізді ауыру

С) Температуралық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақыттағы ауыру сезімі

Д) Тіске тістегенде күшейетін, тұрақты ауыру

Е) Химиялық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақытқа созылатын ауыру

76.

Төменде берілген аурулардың қайсысымен НЕҒҰРЛЫМ ұлпаның созылмалы жәй қабынуын салыстыруға болады?

А) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуымен

В) Баяу дамыған терең тісжегімен

С) Жедел дамыған терең тісжегімен

Д) Периодонттың созылмалы қабынуымен

Е) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуімен

77.

Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының клиникалық белгілеріне аталғандардың барлығы жатады, ТЕК мынадан басқасы:

А) Сауыттың түсінің өзгеруі

В) Тіс қуысы мен тісжегі қуысының байланысы

С) Терең сүңгілеп тексергенде ауырады

Д) Сауыт ұшы проекциясында жыланкөз бар

Е) Беткей сүңгілеп тексергенде ауыру сезімі жоқ

78.

Ұлпаның созылмалы шіри қабыну кезінде ұлпаның электр қозғыштығының орташа көрсеткіші:

А) 2-6мкА

В) 10-15 мкА

С) 20-30мкА

Д) 60-90мкА

Е) 100-110мкА

79.

Төменде берілген аурулардың қайсысымен НЕҒҰРЛЫМ ұлпаның созылмалы шіри қабынуын салыстыруға болады?

А) Периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысымен

В) Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуімен

С) Периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысымен

Д) Периодонттың созылмалы қабын

Наши рекомендации