Есекжем, Квинке ісігі, анафилаксиялық шок).

Жіті және сүлелі есекжем және Квинке ісігі. Есекжем дегеніміз терідегі волдырьге ұқсас жіті немесе баяу дамитын реакция (экссудациялық, қуыссыз); аллергиялық Е дәрілердің, тағамдардың, инсектицидтердің, өсімдік тозаңдарының, гельминттердің (аскаридоз, трихоцефалез, энтеробиоз, трихинеллез, токсокароз, стронгилоидоз) әсерлерінен дамиды; Ал жалған аллергиялық Е холинергиялық өзгерістерде пайда болады немесе криоглобулиндердің суықтың әсерінен артуларында байқалады.

Есекжем ағымына және көріністеріне байланысты жіктеледі:

1. жіті;

2. шектелген жіті немесе гигантты (Квинке ісігі);

3. сүлелі рецидивті;

4. күннің әсерінен немесе ультрафиолетті;

5. суықтық немесе криоглобулиндік;

6. контактты (фитодерматит, шынжыр табанды дерматит)

7. пигментті;

8. балалардағы Е.

Клиникалық көрінісі: Волдырлердің пайда болуынан терінің қатты қышынуы мен ашып ауырсынуы байқалады. Бөртпелер тиынның көлемінен әртүрлі пішіндегі бір-біріне қосылған үлкен ошақтар түрінде кездеседі. Егер Е 3 айдан асса - оны сүлелі деп атайды. Квинке ісігінде терінің терең қабаттарымен қатар тері асты шелі майы да ісінеді. Ангионевроздық Квинке ісігі шырышты қабаттарда бастала отырып, әртүрлі ағзалар мен жүйелердің функцияларын қиындайды да асфиксияға да жетуі мүмкін. Басқа ағзалардың шырышты қабаттары бұзуы ықтимал. Кеңірдектің ісінуі кезінде адамның тыныс алуы зақымданған кезде дизуриялық көріністер, жіті гастроэнтерит белгілері, ішектің бітелуі байқалулары да мүмкін. Квинке ісігі бірнеше сағаттан бірнеше күндерге дейін созылуы мүмкін және қайтқанда ешқандай із қалдырмайды. Тағамдық аллергиядажәне глисттік инвазияда Есекжемрецидивті ағым алуы мүмкін. Контактты Есекжем амбриозбен, примуламен, улы плющпен (фитодерматит), құрттардың бездік сұйықтықтарымен, косметикалық заттармен, өндірістік басқа да гаптендермен терінің қатынасында дамиды және ол тез, үстірт немесе бірнеше сағаттан соң көрініс береді де қышынған жерді қаысған кезде аталған зиянды заттардың теріде жайыла түскенін байқаймыз. Балалардағы Есекжемде экссудациялық диатездің немесе әртүрлі тағамдарға шамадан тыс артқан сезімталдықтың үстінен ұсақ волдырлердің пайда болады.

Емі:

1. Аллергенмен қатынасты үзу.

2. Антигистаминді дәрілер (аллергиялық дерматитті қараңыз).

3. Гипоаллергиялық диета мен дезинтоксикациялық ем.

4. Микроциркуляцияны жақсарту мен тамырлар қабырғалары өткізгіштіктерін төмендету үшін аскорбин қышқылы мен кальций глюконатын тағайындайды.

5. Кеңірдектің ісінуі немесе абдоминалды синдром байқалса – тері астына 0,5 мл 0,1% адреналин және 1 мл 5% эфедрин, 30-90 мг преднизолон немесе 125 мг гидрокортизон тамырға тамшылап немесе бұлшық етке егеді; кеңірдек маңайында Квинке ісігі дамыса, онда қосымша дегидратациялық терапия қолданылады: 2 мл лазиксті 20 мл 20% глюкозада венаға егеді; асфиксия күшейсе және жасалған емнен көмек болмаса – трахеостомия жасалуы керек.

Сүлелі Есекжемде адамдағы қосалқы ауруларын анықтау және оларды қоса емдеу қажет. Гипосенсибилизациялық емді жүргізу қажет болуы ықтимал: венаға 100 мг 5% аминокапрон қышқылын Натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде тәулігіне бір рет 5 күн бойы құю немесе натрийдің 30%-тік тиосульфатын немесе схема бойынша гистаглобинмен емдеу. Терінің қышуына қарсы аэрозоль түріндегі аллергодилді немесе гистиметті немесе ментолдың 0,5-1% ерітіндісін немесе 1% лимон қышқылының ерітіндісін жағу ұсынылады. Қышынуға қарсы кортикостероидты мазьдар немесе кремдер (элоком), радон ваннасы немесе гипнотерапия да жақсы эффект береді.

Анафилаксиялық шокдегеніміз адам өміріне қауіп тудыратын жағдай. Сол қарыншалық жіті жетіспеушілікпен асқынатын шоктардың кардиовас-кулярлы түрінен (миокард инфарктындағы, аритмиялардағы, өкпе артериясының эмболиясындағы) айырмашылығына анафилаксиялық шоктың бастапқы кезінде тамырлардың жіті жетіспеушілігінің дамуы жатады.

Клиникалық көрінісі: Анафилаксиялық шоктың дамуы аллергендермен қатынастан соң бірнеше секундта немесе минуттарда дмуы ықтимал. Осы асқыну неғұрлым тезірек дамыса, ол соғұрлым ауыр дәрежеде көрініс береді және ол кезде артериялық қысымның кенеттен тез төмендеуі тән болады.

Жеңіл дәрежесінде артериялық қысымның с/б 20-30 мм-ге төмендеуі байқалады; орташа дәрежесінде артериялық қысымның кенеттен үстірт төмендеуі салдарынан жалпылай мазасыздық, қалшылдап тоңу, суық тердің шығуы, жүрегінің қағуы, аритмиялар, ентігу, есеңгіреу белгілері байқалады; ауыр дәрежесінде өте тез дамыған айқын коллапс, кома, көз қарашығының кеңеюі, зәрді ұстай алмауы, жүрегінің немесе тынысының тоқтап қалуы дамиды. Анафилаксиялық шоктың 5 варианты бар: гемодинамикалық, асфиксиялық, церебралық, абдоминалдық және өзіндік (типтік).

Типтік (өзіндік) вариантында құлағындағы шуылдың естілуі мен басының айналуы, терісінің қышуы мен нашып ауыруы, ішінің күйіп тұру сезімі мен тыныс алуының қиындау сезімі, жүрегінің қысып ауыруы, ішінің бүруі мен жүрегінің айнып құсулары тез дамиды. Асфиксиялық варианты ларингобронхоспазмнің үдеуінен және жұтқыншақтың ісінуінен жіті тыныс жетіспеушілігінің өкпе аурулары бар адамдарда дамуымен сипатталады. Абдоминалдық варианты тағамдық аллергиясы бар адамдарда немесе аллергендердің ішке түсулері кездерінде (дәрілердің, тағамдардың) іш құрсағындағы қатты ұстамалы ауырсынулармен, жүрегінің айнуы мен құсулармен, диареямен сипатталады. Церебралдық варианты есінен айрылумен, эпилепсиялық тартылулармен, мидың ісіну синдромымен сипатталады және анафилаксиялық шоктың ең ауыр түрімен қабаттас болады.

Анафилаксиялық шокты ІІІ кезеңдегі демікпелік статуспен, сепсистік немесе жарақаттық шоктармен, рентгенконтрастты заттар немесе транквилизаторлар немесе альфа-адреноблокаторлар секілді гистамино-либераторларды енгізгенде дамитын анафилактоидты жалған аллергиялық реакциялармен салыстырмалы ажыратулар жүргізу керек.

Емі:

1. Аллергендерді алып тастау;

2. Вазоконстрикторлық, кардиотоникалық және бронхолитиктік әсерлер беретін дәріні енгізу (адреналин);

3. Алмастыру емін беретін және қабынудың алдыңғы және соңғы фазалары медиаторларының бөлінуін тежейтін дәріні енгізу (глюкокортикостероидтар);

4. Айналымдағы қанның көлемін қалпына келтіру (тамшы түрінде қан алмастырғыштарды енгізу).

Алғашқы емдік шаралар: организмге аллергендердің түсулерін тоқтату – шаққан жәндіктің инесін алып тастау, сол жерге суық басу, шаққан жерден проксималды жгут салу немесе қатты таңып тастау, науқас адамды шалқасынан Тренделенбург позасында жатқызу, жоғарғы тыныс жолдарын тазалау және ашу, оксигенотерапия, адреналин енгізу (0,04-0,11 мкг/кг/мин). Адреналинді енгізу ерекшеліктері:

- Егер артериялық айқын гипотония дамымаса, онда 0,3-0,5 мл 1% адреналинді тері астына егу;

- Егер артериялық айқын гипотония болса, онда 1 мл 30,1% адреналинді (1000 мкг) 400 мл изотониялық ерітіндіде венаға тамшылап енгізу керек;

- Осындай қоспаны дайындап үлгермеген жағдайда 0,2-1,0 мл 0,1% адреналинді 20 мл изотониялық ерітіндіде артериялық қысымның көтерілуіне сәйкес 30-60 секунд аралықта венаға баяу енгізіп отырған жөн;

- Егер адреналинді венаға енгізу мүмкіндігі болмаса, онда оны интратрахеалық жолмен немесе сүйек ішіне немесе асистолия кезінде – жүрек ішіне енгізуге болады.

Ауыр ағымдағы науқас адамдарға адреналинмен қатарлас қанның көлемін ұлғайту мақсатында кристаллоидты коллоидты ерітінділерді және венаға глюкокортикостероидтарды да (метилпреднизолонды 120-130 мг дозада) енгізген жөн. венаға тамшылап

Егер адреналинді енгізгеннен кейін минутына 120 соғудан артатын тахикардия дамыса немесе артериялық қысымның бей-берекетсіз артуы байқалса, онда норадреналин қолданылуы тиіс.

Метаболизмдік ацидозды реттеу үшін венаға тамшы түрінде 250-500 мл 4% натрий бикарбонаты ерітіндісін енгізу керек.

Ұстамды бронхоспазм дамыған кезде сальбутамол немесе теротек немесе венаға эуфиллин 2,4% - 5-10 мл қолдану керек.

Коллапс тұрақтанып қайтпаған кезде адералинді қайталап титрді түрде (0,04-0,11 мкг/кг/мин) және мезатон немесе норадреналинді енгізу керек және гиповолемияға қарсы емдік шараларды жүргізу қажет.

Анафилаксиялық шоктың басқа да аллергиялық реакцияларға (эозинофильді инфильтраттар, қайталанбалы есекжем, т.б.) айналып кетпеуі мақсатында энтералық әдіспен глюкокортикоидтармен емдеу жүргізіле беруі тиіс және емге антигистаминді дәрілерді қосу қажет.

Наши рекомендации