Тарау. Медициналық гельминтология

87.Гельминтоздардың жалпы сипаттамасы..................................................... 261

88.Жалпақ құрттар............................................................................................. 265

89.Опистархоз.................................................................................................... 265

90.Клонорхоз..................................................................................................... 268

91.Тениаринхоз................................................................................................. 269

92.Эхинококкоз................................................................................................. 272

93.Гименолепидоздар....................................................................................... 276

94.Дифиллоботриоздар................................................................................... 279

95.Жұмыр құрттар............................................................................................. 282

96.Трихинеллез................................................................................................... 283

97.Аскаридоз...................................................................................................... 285

98.Энтеробиоз..................................................................................................... 289

99.Тест………………………………………………………………………… 294

Тарау. Медициналық арахноэнтомология

100.Арнайы және арнайы емес таратушылар ................................................ 299

101.Өрмекшітәрізділер класы..........................................................................300

102.Кенелер және оларды жою әдістері......................................................... 303

103.Жәндіктер класы........................................................................................ 309

104.Тарақандар отряды (Blattodea)................................................................. 310

105.Қандалалар отряды (Heteroptero).............................................................. 312

106.Биттер және оларды жою әдістері............................................................. 313

107.Бүргелер және оларды жою әдістері ......................................................... 315

108.Масалар және оларды жою әдістері.......................................................... 317

109.Шыбындар және оларды жою әдістері..................................................... 320

110.Шіркейлер және оларды жою әдістері..................................................... 323

111.Тест.............................................................................................................. 325

112.Қорытынды................................................................................................ 331

113.Тест тапсырмалары жауаптары............................................................ 332

114.Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................. 333

Кіріспе.

Инфекциялық аурулармен күресуде айтарлықтай жетістіктерге қарамастан, соңғы жылдары олардың алдын алу мен күресуде шешімі табылмаған мәселелер әліде орын алып отырғаны мәлім. Дүние жүзінің біраз аймақтарында, соның ішінде Қазақстанда көптеген инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлап бара жатқаны байқалып отыр. Мәселен, ДДҰ мәліметтері бойынша жыл сайын жаңадан туған 130 миллион баланың12 милионы өледі. Олардың 9 миллионы инфекциялық аурулардың себебінен шетінегендер. Жалпы дүние дүзі бойынша жыл сайын қайтыс болатын 51 миллион адамның үштен бірінің себебі инфекциялық аурулар болып табылады.

Эпидемиология термині (гр. ері- ел іші, demos- халық, logos- ғылым) халық арасындағы құбылысты зерттейтін ғылым деген түсінік береді.

Шын мәнісінде эпидемиология пәні медицинаның бір тармағы ретінде індет туралы ғылым.

Инфекциялық аурулардың басқа аурулардан ерекшелігін айқындайтын екі басты себеп бар:

1) Өзіндік эпидемиологияның болуы, яғни инфекциялық процесті тудыратын себеп ретінде қоздырғыштың болуы.

2) Инфекциялық процестің мәнін анықтайтын микроорганизмнің паразиттік феномені, яғни аурудың залалды жұқтырушылық қасиетінің болуы.

Инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын биология және медицина ғылымдарының микробиология, вирусология, гельментология,т.б. бөлімдері зерттейді. Бірақ микроорганизмдер қалайша және неге адам ауруының қоздырғышы болады, оның таралу аспектілерін эпидемиология ғылымы зерттейді.

Қоздырғыш пен адам организмінің белгілі бір ортада болатын әрекеттестігінің нәтижесінде инфекциялық ауру пайда болады. Бұл құбылыс инфекциялық процесс деп аталады. Осыны медицинаның жалпы потология, имунология, инфектология және басқа салалары зерттейді.

Эпидемиология – адам қоғамындағы инфекциялық аурулардың пайда болуы, таралуы, даму заңдылықтарын зерттейтін және олардың алдын алу мен күресу шараларын іздестіретін ғылым.

Эпидемиология ғылымының қалыптасуы барысында және әртүрлі теориялық көзқарастардың пайда болуына байланысты оның анықтамасы да өзгеріп, жаңа мағына алып отырады.

Белгілі ғалымдардың тұжырымдаған анықтамалары:

· К.Д.Заболотный (1927) – «Эпидемиология – індет туралы ғылым. Ол ғылым мен тәжірибеге сүйене отырып, індеттің пайда болу, даму себептерін, оның таралуына ыңғайлы жағдайларды және күресу шараларының бағытын зерттейді.»

· Л.В.Громашевский (1941) – «Эпидемиология – індет туралы ғылым немесе эпидемиологиялық процестің заңдылықтары туралы ілім.»

· И.И.Елкин (1979) – «Эпидемиология – адам қоғамындағы инфекциялық аурулардың пайда болуы, таралуы, тоқталуы туралы объективті заңдылықтар және осы ауруларды жою мен алдын алу шаралары туралы ғылым.»

Эпидемиология пәнінің зерттейтін объектісі – бұл эпидемиологиялық процесс.

«Тек эпидемиологиялық процесс және оған тиісті зағдылықтар ғана эпидемиологияның объектісі болады» - деп осы ілімнің негізін қалаушы Л.В. Громошевский айтқан.

Эпидемиология мақсаты – халық арасындағы инфекциялық аурулардың пайда болуы мен таралу себептерін білу үшін эпидемиялық процестің теориялық және тәжірибелік жақтарын толық түсіндіру арқылы аурудан сақтану мен күресу шараларын дәлелдеп көрсету.

Эпидемиология міндеті – инфекциялық аурулардың пайда болуын, дамуын, таралуын және реттелуін зерттеу және аурудың алдын алу мен күресу әдістерін іздестіру жіне оларды іс жүзінде пайдалану.

Наши рекомендации