Эпидемиологиялық әдістердің құрылымы

СӨЖ

Тақырыбы: Эпидемиялық процестің әртүрлі халық топтары арасындағы көрінуінің қазіргі кездегі сипаттамасы

Абылдаған: Ильясов Б.Б.

Орындаған: Серик Н.С.

Топ: 304 ЖМ

Астана 2017 ж

Жоспары:

I.Кіріспе:

II.Негізгі бөлім:

· Эпидемиологиялық процесс түсінігі;

· Эпидемиялық процестің әртүрлі халық топтары арасындағы көрінуі;

· Қазіргі кездегі сипаттамасы.

III.Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Кіріспе

Эпидемияның қозғалушы күші, және берілу механизмі, инфекция көзі туралы түсінікті, жалпы эпидемиялогия теориясын алғаш өңдеп жасған Л.В. Громашевский эпидемиялық процесс туралы ілімнің негізін қалаушысы. Л.В. Громашевский анықтамасы бойынша, қоздырғыштың иесі организмінде болуы және оның сыртқы ортаға шығуымен алмасып отыруы эпидемиялық процестің үздіксіз ұласып отыруына жағдай жасайды.
«Эпидемия» деген ұғымды тар мағынада «Эпидемия» деп, кең мағынада «эпидемиялық процесс» деп екіге бөледі. Әртүрлі жұқпалы аурулар эпидемияларының пайда болу себептерін талдау кезінде Л.В.Громашевский (К.Сталлибрасс,1936 сияқты) үш жағдайға көңіл аударды. Эпидемия пайда болу үшін бірінші,ең қажет жағдай ,инфекция қоздырғышының көзі болуы қажет. Инфекция көзі болмаса, ешқандай эпидемия да,тіпті, жеке ауру да пайда болуы мүмкін емес.
Бірақ эпидемиялық процестің пайда болуы үшін міндетті түрде екінші бір қажетті жағдай керек болады. Ол сыртқы ортадағы азды-көпті өзіндік факторлар арқылы қоздырғыштың эстафетамен (үзілмей) берілу мүмкіншілігінің болуы болып табылады.



Негізгі бөлім

Эпидемиялық процесс деп – инфекциялық аурулардың бірінен кейін бірі жүретін ажырамайтын тізбек, яғни ұжымдағы инфекциялық аурулардың таралуы.

Эпидемиялық процесс үш элементтен тұрады:
● Инфекция көзі болып табылатын инфицирленген адам және жануар ағзасы;
● Қоздырғыш тасымалдауын немесе жұққыштық бастамасының берілу факторларын қамтамасыз ететін сыртқы ортаның әртүрлі элементтері, яғни беріліс механизмі;
● Өз кезегінде қоздырғыш айналымының келесі циклінде инфекция көзі болып табылатын қабылдағыш адам ағзасы;

Инфекция көзі – бұл, осыдан адамдардың, жануарлардың немесе өсімдіктердің жұқтырылуы жүретін, қоздырғыштың өмір сүруіне шынайы орта ретінде қызмет ететін объект- жұқтырылған адамның (антропоноздарда) немесе жануарлардың(зооноздарда) ағзасы (организмі).

Эпидемиялық ошақ-бұл инфекция көзі орналасқан орын және оның маңайындағы аумақ. Осы шектелген аумақта нақты жағдайда науқас адамнан сау адамға қоздырғыш берілуі мүмкін. Эпидемиялық ошақ эпидемиялық процестің бір бөлшегі болып келеді және де эпидемиялық процестің таралуын бөгейтін орта болып табылады.Эпидемиялық ошақ жанұялық,өндірістік немесе мекемелік болуы мүмкін. Инфекциялық ауру бір адамнан екінші адамға жұғып отырса, инфекция айлап,жылдап жалғасын тауып отырады, таралу жолын таппаса тоқтап қалады.

Эпидемиологиялық талдаудың мақсаты эпидемиялық процеске әсер ететін факторларды, оның таралу заңдылықтарын және індетке қарсы шаралардың тиімділігін анықтау. Эпидемиологиялық талдаудың қорытындысына қарай инфекциялық ауруларға қарсы шаралардың жоспары жасалады. Эпидемиологиялық талдауды жасау үшін аймақтағы табиғи жағдай, санитарлық жағдай, экономикалық, демографиялық даму туралы, инфекциялық аурулармен сырқаттану, қоздырғыштардың патогенділігі, атқарылған эпидемияға қарсы шаралар туралы мәліметтер қажет. Ауылшаруашылық жануарларының саны, инфекциялық аурулар туралы мәліметтерді ветеринарлық қызметкерлерге береді.Халық саны,жасы, кәсіптері туралы мәліметтерді статистикалық бөлімдер береді. Эпидемиологиялық талдауды жасау үшін жергілікті аймақтың картасы әр бөлшектердің кесіндісі керек. Дәрігер эпидемиологтың көмекшілері мәліметтерді жинауға, Эпидемиологиялық талдауды жасауға, қауырт құжаттарды сақтауға белсенді түрде қатысады.

Эпидемиологиялық процестің белгілері «симптомдары» интенсивті және экстенсивті көрсеткіштер болып саналады, яғни уақыт боиынша, аумақтағы таралу бойынша және әрбір халық топтары арасында көріністері бойынша сипатталады. Статистикалық көрсеткіштер эпидемиялық процестің сандық және сапалық белгілері арқылы сипатталады.

Эпидемиялық процестің сандық белгілері:

· Сырқаттанудың даму динамикасы;

· Инфекцияның ошақтық көрінісі (пайда болған уақыты, ошақтардың саны, т.б);

· Сырқаттанушылық деңгейі (өлім-жітім, тасымалдаушылық);

· Жыл ішінде таралуы (маусымдық жоғарылауының қарқыны).

Сапалық белгілері:

· Әр түрлі кәсіптік топтар бойынша (жұмыс орнында науқастардың саны, ұйымдастырылған балалар мемкемелерінде);

· Аумақтар бойынша (әлем, мемлекет деңгейі немесе жеке аймағы, республика, облыс, аудан);

· Қала және ауыл тұрғындары арасы бойынша;

· Әр түрлі жас топтары бойынша;

· Жынысына қарай.

Эпидемиялық процесс сандық таралуына сәйкес 4түрлі болып келеді:

Спорадиялық,кездейсоқ,бірен Саран сырқаттанушылық-бір белгілі аймаққа тән, белгілі сырқаттанушылық деңгейі, бір- бірімен байланысы жоқ инфекциялық ауру.

Өршу-шектелген аумақта,жеке ұжымда немесе ұжымдардағы топтарда бір мезгілде адамдардың науқастануы

Эпидемия-инфекциялық аурулардың бүкіл халық,үлкен аймақ,қала,аудан ішінде жаппай науқастануы.

Пандемия-инфекциялық аурудың жаппай, елден елге таралуы

Эпидемиялық процесстің аумақтық таралуы бойынша:

А) әлемдік

Б) аймақтық

Әлемдік нозоареал- деп науқастың бүкіл дүниежүзінде таралуын айтады. Мысалы: туберкулез, бруцеллез, дизентерия, грипп т.б.

Аймақты нозоареал- деп-аурудың кейбір шектелген аумақтарда таралуы. Мұндай жағдай табиғи-ошақтық зоонозды инфекцияларға тән.мысалы: тырысқақ ошақтары оңтүстік шығыс азия аумақтарымен шектеледі, өйткені осы жерлерде тиісті әлеуметтік табиғи жағдай тырысқақ қоздырғышының өніп-өсіп таралуына ыңғайлы болып саналады.Одан басқа экзотикалық сырқаттанушылық және эндемиялық сырқаттанушылық деген ұғымдар ажыратылады.

Экзотикалық сырқаттанушылық-деп қоздырғышты басқа жерден әкелгенде,осы жерге тән емес аурудың пайда болуын айтады.

Эндемиялық сырқаттанушылық деп табиғи және әлеуметтік жағдайға байланысты осы жерде тұрақты қалыптасқан ауруларды айтады.Эндемиялық аурулар бір белгілі аймақта таралған,сол аймақтың әлеуметтік табиғи жағдайына тән инфекциялық аурулар.Мыс: белгілі аймақтың табиғатында кенелер өмір сүрсе, сол жерде кене энцефалиті аурулары таралады.

Қоздырғыштың берілу механизмдері мен оны іске асыратын факторлар қауіп қатерлі топтарды анықтайды. Аэрозольді механизмімен таралатын аурулар үшін (тұмау,менингит),ұйымдасқан ұжымда өте көп кездеседі(фабрика зауыттар)және т.б

Эпидемиологиялық әдістердің құрылымы

              ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДІСТЕР Эпидемиологиялық тексеру мен қадағалау а) инфекция ошағын тексеру б)аумақты барлаумен сараптау в) микробиологиялық. Серологиялық. Иммунологиялық. Паразитологиялық, энтомологиялық, санитарлық-химиялық әдістер Аналитикалық әдістер а)оқиға – бақылау түрінде зерттеу б) когортты зерттеу(біркелкі топты зерттеу) Статистикалық әдістер     Эксперименталдық әдіс     Математикалық үлгілеу Зерттеу мақсаты Инфекциялық аурулардың пайда болу жағдайын мен себебін анықтау:қауіп- қатердің алдыңғы себебін анықтау:эпидемиологиялық диагноз қою; аурудың этиологиясын дәлелдеу, эпидемиялық процеске қатынасатын буынаяқтылар түрі, кеміргіштер: аумақта инфекциялық аурулардың пайда болу мүмкіндігін, эпидемиялық жағдайды асқындырмау шараларын анықтау. Қауіп қатер факторларын болжап бағалау, қорытынды жасау. Эпидемиологиялық дигноз қою; қауіп-қатер факторға байланысты індетке қарсы шаралардың бағытын анықтау   Сырқаттанушылық деңгейінің дұрыс дәрежесін сандық бағалау;індетке қарсы және алдын алу шараларының тиімділігін анықтау Болжауды дәлелдеу; індетке қарсы жұмысқа және алдын алу шараларына қолданылған жабдықтар мен әдістердің сандық тиімділігін бағалау   Эпидемиялық процестің көрінісін болжау

Эпидемиялық процестің әртүрлі халық топтары арасындағы көрінуі.

Жасқа байланысты критерилерге әсіресе балалардың инфекциялық ауруын айтуға болады.Осы ауру ауа тамшылы тарайтын ауруға жатады.Қазіргі кезде ең жоғары көрсеткіште балаларда тарайтын инфекциялық ауруларға:полимиелит,гепатит А, дизентерия. Осы аурулар жасы кіші балаларда болатыны, өйткені олардың иммунитеті төмен. Және жасөспірімдер арасында фекальды-оральды жолмен беріледі.

Басқаша инфекциялық аурулар сипатамасы бойынша професияға байланысты аурулар: бруцеллез, лептоспирозы.

Осы тұрғындар көп қоныстанатын аймақтарда әсіресе нозологиялы формалы инфекциялық аурулар жатады,әсіресе қалада көп кездеседі.Кейбір қоздырғыштар тұрғындар аз қоныстанатын жерлерде кездеседі.

Эпидемиялық процестің көрінуі, сипаттамасы

Эпидемиялық процестің ішкі реттелу заңдылықтары, яғни қоздырғышпен ие арасындағы әрекеттестік түрлі сыртқы көріністермен сипатталады.Оған тікелей ішкі реттелу механизмдерінің ықпалымен қатар әлеуметтік — табиғи факторлардың әсері мол болады, эпидемиялық процестің қосымша қозғаушысы болып табылады.

Эпидемиялық процестің осы қырына Л.В.Громашевский көп көңіл бөлген, ол табиғи және әлеуметтік факторларды эпидемиялық процестің қосымша қозғаушы күштері деп санаған. Эпидемиялық процестің даму барысы табиғи және әлеуметтік құбылыстардың әсерінен сандық және сапалық жағынан өзгереді.

Эпидемиялық процестің көрінуі:

§ Эндемиялық сырқаттанушылық

§ Экзотикалық сырқаттанушылық

Кең мағынадағы эпидемиялық сырқаттанушылық:

§ Спорадия

§ Пандемия

§ Эпидемия

Эпидемиялық ошақ — бұл инфекция көзі орналасқан орын және оның маңайындағы аумақ. Осы шектелген аумақта нақты жағдайда науқас адамнан сау адамға қоздырғыш берілуі мүмкін. Эпидемиялық ошақ эпидемиялық процестің бір бөлшегі болып келеді және де эпидемиялық процестің таралуын бөгейтін орта болып табылады.Эпидемиялық ошақ жанұялық,өндірістік немесе мекемелік болуы мүмкін. Инфекциялық ауру бір адамнан екінші адамға жұғып отырса, инфекция айлап, жылдап жалғасын тауып отырады, таралу жолын таппаса тоқтап қалады.

Эпидемиялық процесс сандық таралуына сәйкес 4 түрлі болып келеді: Спорадиялық, кездейсоқ, бірен саран сырқаттанушылық — бір белгілі аймаққа тән, белгілі сырқаттанушылық деңгейі, бір — бірімен байланысы жоқ инфекциялық ауру.

§ Өршу — шектелген аумақта,жеке ұжымда немесе ұжымдардағы топтарда бір мезгілде адамдардың науқастануы.

§ Эпидемия — инфекциялық аурулардың бүкіл халық,үлкен аймақ, қала, аудан ішінде жаппай науқастануы.

§ Пандемия — инфекциялық аурудың жаппай, елден елге таралуы.

Экзотикалық сырқаттанушылық — деп қоздырғышты басқа жерден әкелгенде,осы жерге тән емес аурудың пайда болуын айтады.

Эндемиялық сырқаттанушылық деп табиғи және әлеуметтік жағдайға байланысты осы жерде тұрақты қалыптасқан ауруларды айтады. Эндемиялық аурулар бір белгілі аймақта таралған, сол аймақтың әлеуметтік табиғи жағдайына тән инфекциялық аурулар. Мысалы: белгілі аймақтың табиғатында кенелер өмір сүрсе, сол жерде кене энцефалиті аурулары таралады.

Қоздырғыштың берілу механизмдері мен оны іске асыратын факторлар қауіп қатерлі топтарды анықтайды. Аэрозольді механизмімен таралатын аурулар үшін (тұмау, менингит) ұйымдасқан ұжымда өте көп кездеседі (фабрика, зауыттар) және т.б

Орытынды

Эпидемиялық процесстің инфекциялық аурулардың бірінен кейін бірі жүретін ажырамайтын тізбек, яғни ұжымдағы инфекциялық аурулардың таралуы екенін білдік. Эпидемияның пайда болуын уақыттық белгімен талдаған кезде оның қарқынды және созылмалы деп бөледі. Әдеттегі күшті эпидемия бір мезгілде жұққанда болады. Алғашқы ауру инкубациялық мерзімнің барынша аз кезінде,соңғы ауру барынша көп кезеңінде байқалады. Эпидемиялық аумақтың белгісімен талдағанда:жергілікті (белгілі бір аумақтық және халық тобын қамтыған) және кеңейтілген (қосымша аумақтық және халық топтарын қамтыған) түр деп бөледі. Даму қарқыны бойынша тез және жай өтетін түрлері болады.
Эпидемиялық процесс әртүрлі халықтарда, олардың тұрғылықты жеріне, яғни жергілікті жер климатына, салт- дәстүріне, жынысына, жас ұзақтығына байланысты әртүрлі көрініс беретінін білдік.

Наши рекомендации