Абылдау бөлімшесінің жұмыс шарттары
Қабылдау бөлімі – бұл аурухананың ұйымдастыру деңгейі мен мәдениетін көрсететін мекеменің айнасы болып табылады. Қабылдау бөлімі күту залынан, кезекші медбике кабинетінен, дәрігерге қаралуға арналған бөлмелерден, ем көрсетілетін кабинеттен (жара таңу бөлмесі немесе кіші оталау бөлмесі), оңаша бөлмелерден, кезекші дәрігер кабинетінен, санитарлық өңдеу бөлмесі, диагностикалық бөлмелерден, рентген кабинетінен, зертханадан тұрады.
Күту залы науқастар мен олардың туыстарына арналған. Бұл жерде орындықтардың жеткілікті саны болуы тиіс. Стендтерге бөлімшелердің жұмыс істеу тәртібі, пациенттерге рұқсат етілетін тамақ өнімдерінің тізімі және т.б. ілінеді.
Кезекші мейірбике бөлмесі/тұрағыкүту залының қасында орналасқан. Мейірбике түскен пациенттерді тіркейді және қажетті құжаттарды рәсімдейді, антропометриялық өлшеулерді, термометрияны өткізеді.
Аурухананың әлеуеттілігіне байланысты қабылдау бөлімінде бір немесе бірнеше дәрігерге қаралуға арналған бөлмелержұмыс атқарады.Ол жерде кезекші дәрігер пациенттерді бақылаумен, алдын-ала диагноз қоюмен,бағыт берумен, науқасты қандай бөлімге бағыттауды шешумен айналысады. Стационарлық емдеуді қажет етпейтін пациентке көмек көрсетіледі және тұрып жатқан мекен-жайына байланысты емханаға жіберіледі. Аурудың түріне және науқастың жағдайына байланысты дәрігер тасымалдау түрін анықтайды.
Ем-шара бөлмесі/кіші оталау бөлмесі жедел медициналық жәрдем көрсетуге арналған.
Санитарлық тазалықтан өткізу бөлмесіндетүскен науқастарды санитарлық өңдеуден өткізеді: бастың шашты бөлігі- педикулезге, тері- іріңді бөртпенің барлығына, қол мен аяқ таз ауруына тексеріледі. Жағдайына байланысты науқасқа гигиеналық ванна, душ немесе ең кірленген жерлердің ысушылық ұсынылады. Санитарлық тазалықтан өткізу бөлмесінденауқасты өңдеуден өткізуге арналған барлық құралдармен жабдықталуы керек: жастықты тақтай төсек-кушетка, таза киім-кешекке арналған шкаф, кір киім кешекке арналған күбішелер, санитарлық өңдеуге арналған құралдармен жабдықталған шкаф немесе үстел. Санитарлық өңдеуге міндетті түрде қажет етілетін заттар: клеенка, сабын, жеке қолданылатын жуыну жөкелері,шаш кесуге арналған машинкалар, ұстара жабдықтары, қайшылар, ауа және су температурасын өлшеуге арналған термометрлер, ваннаны санитарлық өңдеуден өткізуге арналған жөкелер мен қылшақтар, шелектер, еден жууға арналған құралдар, сонымен қатар дезинфекциялық құралдардың жеткілікті саны.
Диагностикалық палаталардынауқастарды белгісіз диагнозы, инфекциялық ауру қауіпі бар кезінде бақылау және тексерулер жүргізу үшін қолданылады.
Аурухананың қабылдау бөлімінің негізгі қызметтері:
1. науқастарды қабылдау және тіркеу;
2. қарау, науқастарды біріншілік тексеруден өткізу және көрсеткіштері бойынша лабораториялық экспресс-диагностика жүргізу;
3. науқастарды сұрыптау;
4. шұғыл мамандандырылған медициналық көмекті көрсету;
5. санитарлық өңдеуден өткізу (толық немесе жартылай);
6. медициналық құжаттарды толтыру;
7. науқастарды аурухананың емдеу бөлімшелеріне тасымалдау.
Қабылдау бөлімінде кезекші мейірбике барлық түскен науқастарға біріншілік құжаттарды толтырады.
- науқасты қабылдау және госпитализациядан бас тартқан науқастарды тіркеу журналы;
- шұғыл түрде түскен және шығарылған науқастарды тіркеу журналы;
- қате жолдамалар журналы
- қабылдау бөлімі бойынша медикаменттерді тіркеу журналы;
- кеңес беру журналы;
- госпитализациядан бас тартқандарды тіркеу журналы;
- егу бөлмесін кварцтау уақытын тіркеу журналы;
- шұғыл хабарламаларды тіркеу журналы;
- инфекциялық ауруларды тіркеу журналы;
- қорытынды тазалау жүргізу журналы;
- туберкулезге күдік туған науқастарды тіркеу журналы;
- педикулез және қышымаға науқастарды қарау журналы;
- алғаш рет онкологиялық аурулар анықталған науқастарды тіркеу журналы.
Әрбір стационарға түскен науқасқа ауру тарихы (стационарлық науқастың картасы) және ауруханадағы алғашқы медициналық құжат болып табылатын статистикалық талон толтырылады. Қабылдау бөлімінде ауру тарихының алғашқы парағында науқас туралы келесі мәліметтер толтырылады: аты-жөні, туған жылы, үйінің мекен-жайы, жеке құжатының нөмірі немесе сериясы, жұмыс орны, қызметі, жұмыс және үй телефонының нөмірі (қажет болған жағдайда жақын туыстыраның телефон нөмірі), түскен кездегі тура уақыты, жолдама берген мекеменің диагнозы көрсетіледі.
Егер науқас ауыр жағдайда болса, оған алғашқыда медициналық көмек көрсетіледі, тек содан кейін ғана оны тіркейді. Егер науқас ес-түссіз халде болса оны әкелген адамдардан мәлімет жинайды. Ауру тарихынан басқа госпитализациялау журналына тіркейді. Егер науқастың ес-түсі және қасында адамдар болмаса оның аты-жөнін «белгісіз» деп белгілеп полицияға хабарлайды. Егер науқастың жағдайы өте ауыр халде болса оны реанимациялық бөлімшеге тасымалдайды.
Науқас тіркелген соң, дәрігерлік тексеруден өту үшін, қарау бөлмесіне бағытталады. Кезекші дәрігер науқасты қандай бөлімшеге жіберуін шешеді. Науқаста жедел жағдай кезінде (температураның көтерілуі, ҚҚ көтерілуі, тырысу), дәрігер тез арада дәрігерлік тағайындалулар жасайды.Егер диагноз түсініксіз болса, дәрігер қосымша зерттеу (жалпы қан анализі, рентгенография жәнет.б.) тағайындайды немесе басқа мамандарды кеңеске шақырадынемесе консилиум ұйымдастырады.
Бөлімшедегі науқастарды орналастырғанда жаңадан түскен науқастарды ауруынан жазылған пациенттердің немесе ауруы асқынған науқастардың палатасына жатқызбайды. Мүмкіндігінше палатаны бір мезгілді толтырып бір мезгілде босатуға тырысады.
Науқаста жұқпалы ауруға күдік болса, санитарлық өңдеуден кейін, қабылдау бөлімінің диагностикалық палатасына немесе инфекциялық ауруханаға жолдайды.Ауруханалық ем қажет емес болған жағдайда, науқасқа көмек көрсетіліп, мекен-жайы бойынша тіркелген емханасына емделуге бағытталады.
Паицентті дәрігер қарап және оның жағдайын бағалап болғаннан кейін мейірбике дәрігердің тағайындауын орындайды, қосымша тексерілулердің орындалуын қадағалайды және пациентті қабылдау және санитарлы-гигиеналық өңдеу бойынша іс-шараларды жүргізеді.
ü шашты педикулезге тексеру
ü теріні қарау – іріңді бөртпелердің болуын анықтау
ü саңырауқұлақ ауруларына қарау үшін қол-аяқтарын тексеру
ü гигиеналық ванна, себезгі қабылдау немесе терінің былғанған аймақтарын тазалау
ü антропометриялық көрсеткішерді анықтау: бойы, дене салмағы
ü дене қызуын өлшеу – функциональды жағдайын анықтау үшін және АІИ алдын-алу үшін
ü медициналық құжаттарды толтыру: дене қызуын белгілеу, емді жүргізуге және т.б.пациенттің келісімін алу.
ü бөлімше палатасына пациентті тасымалдау. Тасымалдау түрін пациенттің ауруына және жағдайына байланысты дәрігер анықтайды, тасымалдау түрін алғашқы парақта көрсетіледі: «жүре алады», «орындық-арбамен», «каталкамен».