Бактериологиялық зерттеу
Зерттеу үшін материалдар: жаңа өлген өлексе тұтасымен (мал өлгеннен кейін 12 сағат кем емес). Жаңа өлген өлекседен бауыр өт жолымен, талақ, бүйрек, зақымдалған өкпе бөліктерін,он екі иелі ішек және тоқ ішек бөліктерін (лигатурамен байланған), кіндігін, лимфа түйіндерін, жүрек қанын, жілік сүйегін, зақымдалған буындарды тұтасымен жібереді. Зерттеуге арналған буындарды балауса түрінде немесе 30% стерилді глецирин ерітіндісіне консервілеп жібереді. Жіберген уақытта патологиялық материалдарды паренхиматозды органдармен бір банкіге салуға
болмайды; соңғыларын бөлек ыдысқа салу қажет. Серологиялық зерттеулерге қан немесе қан сарысуларын жібереді. Мерзімі – жеті күнге дейін.
Зерттеу реті:
1. ЕПА және ЕПС (рН=7,4) жүрек қанынан, паренхиматозды органдардан, өттен, ішектен, лимфа түйіндерден (мезентериалдыдан міндетті түрде) және жілік сүйегінен (әсіресе балауса емес материалдан) егінділер жасайды. Одан басқа петри аяқшасына түрлі – түсті дифференциал ортасына (Эндо, висмут сульфит агарға және т.б.) жүрек қанынан, талақтан, өттен және ішектен егінді жасайды. Қажет болған жағдайда жиынтық орталарын (Мюллер, селенитті және магний және т.б.) қолданады. Екі күндік бұзаулардан қосымша ЕПБА және ЕПБС шажырқай лимфа түйіндерінен, талақтан, бауырдан және транссудаттардан (бруцеллезге) егінділер жасайды. Диплококк індеттерін, пастереллез және пиогенді індеттердің ерекшелігі үшін себіндіні ұйыған қан сарысуына лимфа түйіндерінен, талақтан, ішектен және зақымдалған мүшелерден жасайды.
2. Жағындыны жүрек қанынан, паренхиматозды мүшелерден және басқа торшалардан (Грам, Романовский – Гимза және т.б. бойынша бояйды); микроскопия (сол күні) дайындалады.
3. Бөлінген өсінділерді қарау және зерттеу (қозғалмалығы, Грам бойынша бойалуы, морфология, шыны айнекшеге өзгеше сальмонеллез қан сарысуы белгілі агглютинация реакциясына); қажет болғанда – аяқшаға бөлшек егінділер, көмірсулар мен көп атомды спирттерді ала – құла қатарға егінділер (лактоза, глюкоза, сахароза, дульцит, маннит, арабиноза және басқалары); күкіртті сутегі, индол, Штерна сорпасына, Биттер ортасына рамнозамен, сүтке, желатин мен лакмус сүтіне егу; сальмонеллезді агглютиндеуші сарысуды пробиркалық әдіспен агглютинация реакциясын қою (бір титрге дейін); бөлінген өсінділерді серологиялық типтеу үшін - О- және Н- монорецепторлы агглютиндеуші сарысулы реакциясын қою; қажетті жағдайда өзгеше бактериофаг сынамасын – зертханалық жануарларға биологиялық сынама; типтік емес штамдар бөлінген кезде - өт орталарынан бірнеше пассаждау арқылы; ал қажет болғанда ақ тышқан организмдері арқылы.
4. Қортынды есебін морфологиялық, өсінді – биохимиялық, серологиялық және биологиялық зерттеулер арқылы.
Зерттеуге алынған патологиялық материалдарды сол күні залалсыздандырады; ал қыс айларында өлексе (материалдар) толығымен ерігеннен кейін ғана толық өңделу жүргізеді.
Диагностиканы тездету үшін келесі зерттеу схеманы қолдануға болады:
1. Жіберілген материалдарды түрлі – түсті дифференциалды ортаға егу.
2. Келесі күні ЕПС және Рессел ортасында күдікті тізбектер бөлінеді.
Рессел ортасы. 1– 1,25%агарға(трипсинмен қайнатылыпдайындалған, 1:5 араласқан), 50°С ерітілген және салқындатылған, 4% Андредэ индикаторын қосады. рН = 7,4 анықталғаннан кейін 0,1% глюкоза және 1% лактоза қосады. Ортаны 10 – 15 мл пробиркаларға құып 30 минут бойы үш күн қатарымен стерилдейді.
Өсіндінің өсуін тездету үшін 37°С термостатқа салады (микроб әдетте 4 – 6 сағат аралығында өсуін бастайды).
3. 4 – 6 сағаттан кейін Рассел агарының бетіндегі қиғаштан жағынды жасайды, қайта егу, агглютинация реакциясын (шыны айнекшеге және пробиркаға) және лактоза мен глюкоза ферментациясының есебімен жүргізеді. Лактоза ыдыраған кезде ортаның қиғаш беті қызыл түске боялады. Глюкоза ыдыраған кезде тек қана ортаның бағанасы ғана боялады, ал газ түбінде жиналады. Сорпа өсіндісінен «ала - құла» қатарына қайта егеді. 20 – 24 сағаттан кейін «ала - құла» қатарының және агглютинация реакциясының нәтиже есебі. Соңғы жауабы. Атиптік штамдар болса онда оларды әрі қарай зерттейді.
Сальмонеллездің бактериологиялық диагностикасының ерекшелігі:
1. Байыту ортасын (селенитті, магний) және висмут сульфит
агарын қолдану.
2. Висмутсульфитті агардан қара тізбектерді бөліп алып және Олькеницкийдің жартылай көміртек ортасына егеді.
3. Кауфман – Уайт кестесі бойынша сальмонелланың сероварын және серотоптарын анықтау үшін Гисса және АР адсорбияланған О- сарысуына, содан кейін монорецепторлы Н-сарысуын қояды.
4. Ақ тышқандарға биологиялық сынама.
Сальмонеллезды ажырату кезінде колибактериозға көңіл бөлуқажет, ол да энтериттің пайда болуымен өтеді. Мұнда
ауырғандардың жасына көңіл бөлу қажет: сальмонеллезбен 10 күннен бір айға дейінгі; ал колибактериозбен алғашқы 3 – 5, әрі кетсе 8 күндік бұзаулар ауырады. Жіті сальмонеллезге жоғарғы температура, тыныс іш сүзегі, ауру ағымы ақырын және ішегінің бұзылуымен сипатталады. Керісінше колибактериоз кезінде, энтериттің басында температура қалыпты, ауру ағымы өте жіті. Профузды, сулы, медикаментозды емге жатпайтын, қалжыратып іш өтетін тек қана колибактериозға тән. Патологоанатомиялық зерттеулерде сальмонеллез кезінде талақ күрт ұлғайған, ал колибактериоз кезінде шамалы ісінген. Бауыр, талақ, бүйректегі аздаған ошақтар апеляциясыз сальмонеллезге жатқызуға болады. Диплококкты індет кезінде жоғарғы қызбамен, сүттен бас тартады және ішек – қарын жолдарының бұзылуымен сипатталады. Сол себепті, сальмонеллездің жіті формасы мен диплококкты індеттің клиникалық белгілері өте ұқсас, ал тірі кезінде , әсіресе аурудың басында оларды ажырату мүмкін емес. Бірақ та, сойып зерттегенде кейбір мәліметтер дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік береді. Аурудың бірінші күндері ауру бұзаудан қоректі ортаға қаннан егінді жасайды немесе өлексені бактериологиялық зерттегенде дұрыс диагноз қоюға болады.
Бақылау сұрақтар:
1. Сальмонеллез қоздырғыштары қандай биологиялық қасиеттерге ие?
2. Сальмонеллалар қандай патогенді факторларға ие?
3. Кауфман – Уайт кестесі бойынша сальмонелла типтігі неге негізделген?
4. Сальмонелланы эшерихиоздан қандай биологиялық тестер арқылы ажыратуға болады?
5. Сальмонеллалар қандай патогенді факторларға ие?
6. Сальмонеллездің зертханалық диагностикасы қалай жүргізіледі?
96 сурет. Сальмонеллалардың микроскоптық көрінісі
97 сурет. S. typhimurium
98 сурет. Капсула түзуі
99 сурет. Грам әдісімен боялған жағынды
100 сурет. Сальмонелланың Эндо ортасындағы тізбектері
101 сурет. Ішектің клегейлі қабығының қабынуы
102 сурет. Бауырдың капсуласының астында қанталаулар
103 сурет. Сальмонеллезбен ауырған балапанның бауырының ұлғаюы
104 сурет. Сальмонеллезбен ауырған (1) және сау тауықтың (2) фолликулдары