Кардиология каз
Инфекциялық эндокардиттің үлкен Duke-критерийіне қайсысы жатады:
A) Бұрын өткерген қақпақшалардың протезденуі
B) Регургитацияның жаңа шуылының пайда болуы
C) Өкпе артерияларының эмболиясы
D) Науқас тамырішілік нашақор
E) 38ºС –тан жоғары қызба
52 жастағы ер адам сол қолға берілетін, 150-200 м жүргенде және баспалдақпен 1 этажға көтерілгенде пайда болатын, изокет-спреймен басылатын, төс артындағы күйдіріп ауратын сезімге шағымданады. Об-ті: жүрек тондары тұйықталған, бірен-сараң экстрасистолалар. ЭКГ-да: сол қарыншаның гипертрофиясының белгілері. Стандартты терапия тағайындалған. Бір айдан кейін стенокардияның толық басылуын байқаған. Көрсетілген зерттеу әдістердің қайсысы физикалық күшке толеранттылықтың өсуін анықтауда БАРЫНША ақпаратты:
A) Сцинтиграфия
B) Рентгенография
C) Велоэргометрия
D) Коронарография
E) Электрокардиография
60 жастағы ер адам горизонтальді бағытта күшеетін айқын ентігуге және тұншығуға шағымданады. Анамнезде екі миокард инфарктын өткерген. Об-ті: акроцианоз, өкпесінде әр калиберлі ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек үндері бәсең, галоп ырғағы. ЭКГда: ST V1-V6 элевациясы. Сол қарыншаның толу қысымы 20 мм сб.б.
Көрсетілген миокард инфарктың асқынуларыдың қайсысы БАРЫНША мүмкін?
A) Кардиогенді шок
B) Жедел аневризма
C) Миокардтың жарылуы
D) Тромбоэмболия
E) Өкпе ісінуі
22 жасар жас азамат арқасымен жатқанда күшейетін және отырғанда, анальгетиктерді қабылдаған соң бәсеңдейтін эпигастральді аймаққа және екі қолға берілетін жүрек маңындағы біртекті, ұзаққа созылатын ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі пайда болғаннан бір апта бұрын науқасты қызба, субфебрильді температура және қаңқа бұлшықеттерінің ауырлық және ауру сезімі мазалады. Об-ті науқастың мәжбүрлі отырған қалпы, жүрек аускультациясында аяқ астындағы қар сықырына ұқсайтын шу анықталады. Төменде аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы ықтимал?
A) Миокардит
B) Эндокардит
C) Стенокардия
D) Кұрғақ перикардит
E) Адгезивті перикардит
35 - жастағы әйелді физикалық күштеме кезінде кеуде сарайының сол жағындағы мезгіл – мезгіл қысып ауыру сезімі мазалайды, нитраттарды қолданғанда жағдайы нашарлайды. Жанұясында екі адам жастай жүрек ауруынан қайтыс болған. Қарап тексергенде: АҚ - 120/80 мм с.б.б., ЖСЖ - 70 рет мин. Жүрек ұшы түрткісі күшейген, төстің сол жақ қырының бойында систолалық шуыл естіледі, горизонтальді қалыпта айқындығы азаяды. Эхокардиография: қарыншааралық перде қалыңдығының сол қарыншаның бос қабырғасының қалыңдығына қатынасы – 1:4, сол қарынша қуысы азайған. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы болуы БАРЫНША мүмкін?
A) Аортальді стеноз
B) Күштемелік стенокардия
C) Рестриктивті кардиомиопатия
D) Гипертрофиялық кардиомиопатия
E) Митральді қақпақша жетіспеушілігі
17 жасар жас қызда профилактикалық қарау кезінде жүрек түрткісінің күшеюі және «мысық үні»анықталды. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында және V нүктеде систолалық шу, ырғағы дұрыс. ЖСЖ-84 рет мин. АҚ 100/70 мм сб.б. Селективті вентрикулография жүргізгенде қарыншааралық перденің мембраноздық бөлігі проекциясында контрасттық заттың оң қарынша қуысына лақтырысы, сол қарыншаның гипертрофиясы анықталды.Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы ЫҚТИМАЛ?
A) Фалло тетрадасы
B) Аорта саңылауы стенозы
C) Ашық артериальды өзек
D) Ашық атриовентрикулярлы канал
E) Қарыншааралық перденің ақауы
7 25 жастағы әйел бас айналуға, қысқа уақытты ұстамалы талмаларға шағымданады. Об-ті: төстің оң жағы мен жүрек негізі аймағында, систола ортасында максимальді естілетін және мойын тамырларына берілетін, дөрекі систолалық шу анықталады. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенологияда: жүрек конфигурациясы "жүзген үйрек" тәрізді. Көрсетілген жүрек ақауларының қайсысы БАРЫНША мүмкін?
A) Солжақ атриовентрикулярлы саңлаудың тарылуы
B) Трикуспидальді қақпақшаның жетімсіздігі
C) Митральді қақпақшаның жетімсіздігі
D) Өкпе артериясы саңылауының тарылуы
E) Аорта саңылауның тарылуы
45 жастағы ер адам соңғы айларда 15-20 минуттан кейін өздігінен басылатын, кеуде артындағы ауыру сезімдерінен ояна бастады. Ауыру сезімі кезінде ЭКГда кеуде әкетілерінде ST сегментінің жоғарлауы тіркелді. Эргометринмен сынама жүргізілгенде оң нәтиже анықталды. Көрсетілген дәрілік топтардың қайсысын тағайындау осы дертте БАРЫНША мүмкін патогенетикалық маңызды?
A) Нитраттар
B) В-блокаторлар
C) Дезагреганттар
D) АПФ ингибиторлары
E) Кальций антагонистері
28 жастағы жас әйелді ЖРВИ өткергеннен 3 аптадан кейін ентігу, жүрек аймағындағы сыздаған ауыру сезімі, шамалы физикалық жүктемеден кейін тез шаршағыштық мазалайды. ЭКГ: АВ бөгеме 1 дәрежесі. ЭхоКГ: СҚ лақтырыс фракциясы-48%. Көрсетілген дәрілік топтардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
A) Метаболиктерді
B) Антибиотиктерді
C) АПФ ингибиторларын
D) Жүрек гликозидтерін
E) Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерді
Жүрекшенің фибрилляциясы және жүрек қуысындағы тромбозбен асқынған жүрек қуыстарының айқын дилятациясы бар 44 жасар ер адамға төменде аталған препараттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША ықтимал?
A) Гепарин
B) Варфарин
C) Амиодарон
D) Бисопролол
E) Фраксипарин
Фурункулезді өткерген 46 жастағы ер адам физикалық жүктемеден соң пайда болатын ентігу және жүрек қағуға, жалпы әлсіздікке шағымданады. Кешкі уақытта дене қызуының көтерілуі байқалады. Қарағанда: төмен қабақтың конъюктивасының ауыспалы қатпарында ұсақ нүктелі бөртпелер. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ-102 рет мин, АҚ 110/70 мм сб.б. Көз түбін тексергенде –Рот дақтары.
Төменде аталған топ препараттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША ықтимал?
A) Нитраттар
B) Вирусқа қарсы
C) Антибактериалды
D) В-адреноблокаторлар
E) Кальций антагонистері
30 - жастағы созылмалы ревматикалық ауруымен ауыратын әйелде: ортопноэ, акроцианоз; төменгі бүйір аймақтағы дыбыссыз ылғалды сырылдар; жүрек ұшында қолтық астына берілетін - дөрекі пансистолалық шуыл, тахиаритмия, бауырдың ұлғаюы, аяқтың ісінуі анықталған. Қандай топтың дәрілерін бірінші кезекте тағайындаған барынша тиімді?
A) Диуретиктерді
B) Кортикостероидтарды
C) β-адреноблокаторларды
D) Кальций антагонистерін
E) Антиаритмиялық препараттарды
Қасақана шылымшы 46 жастағы ер адам ентігуге, шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, бас ауыруға, жиі АҚ көтерілуіне шағымданады. Қарап тексергенде: өкпесінде жайылған құрғақ сырылдар, аорта үстінде II үн акценті естіледі, АҚ 170/100 мм сб.б. Қабырға асты доғасынан бауыр 2 см шығып тұрады, тобық ісінуі. ЭхоКГда миокардтың жиырылу қабілеттігінің төмендеуі анықталды.
Көрсетілген антигипертензивті дәрілер тобының қайсысын осы науқасқа тағайындау БАРЫНША тиімді?
A) Диуретиктерді
B) β-бөгемелерді
C) ААФ ингибиторларын
D) Кальций антагонистерін
E) Альфа-адренобөгемелерді
65 жастағы әйел кеуде артындағы ауыру сезіміне, жиі жүрек қағу, ентігу, айқын әлсіздікке шағымданады. Терапевттің тағайындауы бойынша дигоксиннің ½ таблеткасын күнделікті қабылдайды. Қарағанда: тері жабындылары бозарған, суық тер, өкпесінде ылғалды сырылдар және ырғақ бұзылысы, бауырдың ұлғаюы, ісінулер анықталды. АҚҚ 80/40 мм сб.б. ЭКГ: жүрекшелердің жыпылықтауы ЖСЖ 160 рет мин. QT интервалы 0,40 мс дейін ұзаруы. STV1-V4 4 мм элевациясы. Амиодаронды тағайындаудан ұстануда. Көрсетілген қағидалардың қайсысы амиодаронды қолданудан бас тартуда БАРЫНША мүмкін болған себеп?
A) ЖСЖ болуы
B) Кардиогенді шок
C) QT интервалының ұзаруы
D) Дигиталисті улану
E) Синусты түйіннің әлсіз синдромы
Субтотальді перикардэктомияға БАРЫНША мүмкін көрсеткіштер:
A) Констриктивті перикардит
B) Экссудативті перикардит
C) Фибринозды перикардит
D) Іріңді перикардит
E) Жүрек тампонадасы
38 - жастағы ер адам, кардиолог – дәрігерде гипертрофиялық кардиомиопатиямен (сол жақ қарыншаның шығу жолының обструкциясымен) есепте тұрады. Соңғы кездерде физикалық күш түскенде стенокардияға тән ауыру сезімі мазалап, ентігіп, басы айналып, жүрегі қағады. Объективті: акроцианоз. Өкпеде әлсіз тыныс, ТЖ мин.- 21 рет. Жүрек үндері тұйық, төстің сол жақ қыры бойында систолалық шуыл естіледі, тахикардия. Қандай дәрілер шығу жолы обструкциясының дәрежесін ұлғайтып, науқастың жағдайының нашарлауына ықпал жасауы барынша мүмкін?
A) Фуросемид
B) Бисопролол
C) Верапамил
D) Дилтиазем
E) Строфантин
Миокард инфарктісін өткерген 58 жастағы ер адам ентігу мен түнгі уақытта болатын тұншығу ұстамалары шағымдарымен госпитализацияланған. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 64 рет минутына. ЭКГ-ң тәуіліктік мониторлауында миокард ишемияның ауру сезімсіз эпизодтары, жиі «R T-ға» типті ерте қарыншалық экстрасистолалар анықталды. Холестерин 4,2 ммоль/л, қандағы қант 5,1 ммоль/л, ПТИ 96%; ЭХОКГ: сол қарыншаның қуысы кеңейген, қарыншааралық пердеде гипокинез зоналары, лақтырыс фракциясы 42%. Көрсетілген жағдайлардың қайсысына БАРЫНША мүмкін миокард ишемиясының ауру сезімсіз түріне алып келеді?
A) Лақтырыс фракциясының жоғарлауына
B) Дислипопротеидемияға
C) Кенет болатын өлімге
D) Гиперкоагуляцияға
E) Гипергликемияға
35 жастағы ер адам ауыр ЖРВИ өткергеннен 3 аптадан кейін жүрек тұсындағы сыздаған ауыру сезіміне, тыныштықтағы ентігуге, оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Аускультацияда: үндері үнсіз, протодиастолалық галоп ырғағы. Қанда: шамалы лейкоцитоз, тропонин I - 1,926 нг/мл. ЭКГ: АВ бөгеме II дәрежесі Мобиц II. Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША ақпаратты?
A) ЭхоКГ
B) Сцинтиграфия
C) Коронароангиография
D) Эндомиокардиальді биопсия
E) Холтер бойынша тәуліктік мониторлау
45 жастағы ер адам 37,9 гр. қызбаға, қалтырауға, жүрек маңындағы ауырлық сезіміне, жөтелге, даусының қарлығуына және басының, бұлшықеттерінің ауру сезіміне шағымданады. Қарағанда алдыңғы кеуде торының ісінуі анықталады. Жүрек ұшы пальпацияланбайды. Жүрек шекаралары барлық жаққа кеңейген. Жүрек тондары бәсең. Рентгенологиялық: жүрек талиясы «тегістелген». Эхокардиограммада сол қарыншаның артқы қабырғасында 1,5 см эхонегативті кеңістік анықталды. Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы БАРЫНША ықтимал?
A) Кұрғақ перикардит
B) Митральды ақау
C) Адгезивті перикардит
D) Экссудативті перикардит
E) Констриктивті перикардит
19 жастағы ер бала, ентігу, қатты бас ауыруы, көз алдында «шіркейлердің» көрінуі, аяқтарының ұюы мен тез шаршағыштыққа шағымданады. Объективті: кәрі жілік артериясында пульс күшейген, ал сан артериясында әлсіз кернеуі төмен,. Қолында АҚҚ 170/90 мм с.б.б., аяқтарында 100/70 мм с.б.б. Боткин-Эрба нүктесінде және жүрек ұшында паравертебральды аймаққа берілтін әлсіз систолалық шуыл.
Диагнозды анықтауға берілген зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША ақпаратты?
A) Кеуде қуысының рентгенографиясы
B) Бас сүйегінің рентгенографиясы
C) Электрокардиограмма
D) Магнитті резонанс томографиясы
E) Фонокардиография
25 жастағы әйел бас айналуға, қысқа уақытты ұстамалы талмаларға шағымданады. Об-ті: төстің оң жағы мен жүрек негізі аймағында, систола ортасында максимальді естілетін және мойын тамырларына берілетін, дөрекі систолалық шу анықталады. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенологияда: жүрек конфигурациясы "жүзген үйрек" тәрізді. Көрсетілген жүрек ақауларының қайсысы БАРЫНША мүмкін?
A) Солжақ атриовентрикулярлы саңлаудың тарылуы
B) Трикуспидальді қақпақшаның жетімсіздігі
C) Митральді қақпақшаның жетімсіздігі
D) Өкпе артериясы саңылауының тарылуы
E) Аорта саңылауның тарылуы
Аяқтарының терең тамырларының тромбофлебитімен зардап шегетін 65 жастағы әйел кеуде артындағы қарқынды ауыру сезіміне шағымданады. ЭКГда STV1-V3 сегментінің депрессиясы анықталды. 3 күні кенет ентігу, кеудесінде тыныс алғанда ауыру сезімі пайда болды, жөтел және бір реттік қан түкіру болды. Қарап тексергенде: цианоз, оң аяғының ұығаюы; өкпесінде ылғалды сырылдар анықталды. ЭКГда - оңграмма. Әйелде қандай дерт БАРЫНША мүмкін дамыды?
A) Өкпе ісінуі
B) Спонтанды пневмоторакс
C) Нозокомиальді пневмония
D) Аорта аневризмасының ыдырауы
E) Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
Ірі ошақты миокард инфарктысы бойынша емдеуде жатқан 68 - жастағы әйелде 3-ші аптада кеуде торшасындағы ауру сезімі мазалап, дене қызуы көтеріліп, шырышты қақырықты жөтел, ентігу пайда болды. Сол жақ өкпесінің төменгі бөлігінде тыныс әлсіреген. Жүрек үндері тұйық, ЖЖЖ – 100 рет мин, перикард үйкелісінің шуылы. ЭКГ - миокард инфарктысының жеделдеу сатысы.
Қандай дәріні бірінші кезекте тағайындаған барынша тиімді?
A) Кальций антагонистерін
B) Жүрек гликозидтерін
C) Глюкокортикостероидтарды
D) Қақырық түсіретін заттар
E) Шеткі вазодилататорларды
Өкпе туберкулезін өткерген 42 жастағы әйел адамға констриктивті перикардит диагнозы қойылды. Комбинирленген туберкулезге қарсы терапия науқастың жағдайының жақсаруына алып келмеді. Берілген жағдайда қандай ем тағайындау тиімдірек?
A) Субтотальды перикардэктомия
B) Диуретикалық терапияны күшейту
C) Глюкокортикостероидтарды тағайындау
D) Куысты жуумен перикард пункциясы
E) Перикард қуысына антибиотиктерді енгізу
Туа пайда болған жүрек ақауы бар 26 жастағы ер адам инвазивті шарадан кейін 1 айдан соң пайда болған қызбаға, өте күшті қалтырауға құйылған терге шағымданады. Қарап тексергенде: конъюнктиваның өту қатпарында петехиялар, тырнақ астында сызықты геморрагиялар. Қанда анемия, солға ығысқан лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Осы ауруды емдеуге қолданылатын негізгі дәрілер тобы болып табылады:
A) Метаболиктер
B) Антибиотиктер
C) Антиоксиданты
D) Глюкокортикостероидтар
E) Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
20 жасар студенттің балалық шақтан мойын қантамырларына және екі жауырын арасындағы кеңістікке таралатын Боткина-Эрба нүктесінде систолалық шу анықталады. Иығында АҚ - 170/100 мм сб.б., санда - 140/80 мм сб.б. Рентгенологиялық сол қарыншаның ұлғаюы және қабырғалардың төменгі жиегінің оюлануы анықталады. Науқасты жүргізудің қандай жолы дұрыс?
A) Кардиологтың диспансерлі бақылауы
B) Санаторлы-курортты ем
C) Медикаментозды емес ем
D) Медикаментозды терапия
E) Оперативті ем
Бас ауруы, мұрыннан қан кету, қабақтарының ісінуі және бел аймағындағы ауру сезімі шағымдары бар 35 жастағы әйелде кенет жағдайы нашарлаған. Об-ті: тынысы шулы, (клокочущее), ТЖ 26 рет минутына, өкпеде көптеген әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар; жүрек тондары қатты, «аттың шабуылы» ырғағы, АҚ – 180/130 мм с.б. Тексергенде зәр анализінде: белок-3,1 г/л, эритроциттер барлық к\а. УДЗ: екі бүйректің паренхимасының жіңішкерленуі. Қандай препаратты тағайындау ең тиімді болып табылады?
A) Арифон
B) Гипотиазид
C) Фуросемид
D) Верошпирон
E) Индапамид
64 жастағы ер адамда өткерген миокард инфарктісінен кейін іркілісті жүрек жетіспеушілігінің белгілері дамыды. Тексергенде: холестерин – 4,2 ммоль/л. ЭКГ: қарыншалардың жиырылу жиілігі 110 рет минутына болатын жүрекшелердің фибрилляциясы. ЭХОКГ: лақтырыс фракциясы - 35%.Аритмияны емдеуде қандай дәрілерді тағайындаған БАРЫНША тиімді болады?
A) Статиндерді
B) Нитраттарды
C) Диуретиктерді
D) ААФ ингибиторларын
E) В-адреноблокаторларды
Науқас 28 жаста ауыр дәрежелі бронх демікпесімен ауырады, преднизолон 20 мг /тәул мөлшерінде 2 жыл бойы қабылдайды. Преднизолон қабылдап жүргенде түнгі ұстамалар аптасына 1-2 рет, сальбутамолда қажеттілік- күніне 1-2 рет, жағдайы қанағаттанарлық, физикалық жүктемені көтеруі жақсы. Преднизолон мөлшерін төмендету амалында жағдайы нашарлайды – тұншығу ұстамалары жиілейді. Ингаляциялық кортикостероидтар қолданбаған, бірақ эуфиллин таблетка түрінде қабылдайды. Ары қарай қандай емдеу тактикасы ең дұрыс?
A) Преднизолон демікпені бақылауда ұстайды – сол мөлшерде қалдыру
B) Будесонид қосу және жайлап преднизолон мөлшерін төмендету
C) Будесонид ең жоғары иөлшерде тағайындау және преднизолонды алып тастау
D) Демікпе бақылауына жеткенге дейін теотард қосу
E) Преднизолонды төмендету үшін метилпреднизолонмен пульс-терапия өткізу
30. 47 жастағы әйел адам тамақтанғаннан 1,5-2 сағаттан кейін пайда болатын, асқазан тұсындағы сыздап ауыру сезіміне; әсіресе таң ертеңгісінгі ауызға қышқыл келуге; оң жақ қабырға астындағы ауырлау және жайсыздық сезіміне, іш қатуға шағымданады. ФГДС да: асқазанның антральді бөлігіндегі кілегей қабатының ісінуі мен гиперемиясы, бірен саран эрозиялар; асқазан қуысында – шырыш пен өт; шыға берісі аңырайған. Уреазды сынама – теріс. Науқастың жағдайын келтірілген дәрілердің қайсысы БАРЫНША жақсартады?
A) Урсодезоксихол қышқылы
B) Платифиллин
C) Фосфалюгель
D) Сандостатин
E) Рабепразол
31. Әйел 49 жаста, майлы құырылған тамақ ішкеннен кейін эпигастрий және сол қабырға астындағы күшейетін ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі тамақтанғаннан 1 сағат өткеннен кейін басталады, кейбір кездері белдемелі ауру сезімді. Сонымен қатар эпигастрий аймағындағы тартып ауру сезімі, метеоризм, көп мөлшерлі қиын жуылатын үлкен дәрет мазалайды. Тексерген кезде: терісі өте құрғақ, ангулярлы стоматит, іші біраз кепкен, эпигастрий аймағындағы және өң қабырға астындағы ауру сезімі. Копрологияда стеаторея және креаторея анықталды. Науқасқа қандай препаратты тағайындау барынша жөн ?
A) Фестал
B) Креон
C) Ксеникал
D) Силимарин
E) Ацидин-пепсин
32. Ер адам 28 жаста, оң мықын аймағындағы толғақ тәрізді ауру сезіміне шағымданады. Соңғы уақытта ауруы күшейген, тәулігіне 10-12 реттік көп мөлшерлі сұйық көпіршікті нәжіс, құсу, дене салмағының 7 кг азаюы, дене қызуының 38,50С дейін көтерілуі, балтырларындағы ісік, бел аймағындағы ауру сезімі пайда болды. Зерттеу кезінде макроцитарлы анемия, гипопротеинемия анықталды. Биопсияда: ішектің шырышты және шырыш асты қабатынан гранулемалар анықталды. Өткізілген емдік терапия – месалазин, будесонид, азатиоприн – тиімді болмады, науқас жағдайы нашарлады.Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған дұрыс?
A) Метилпреднизолон
B) Циклоспорин А
C) Инфликсимаб
D) Меропонем
E) Тиенам
33. 55 жасар науқас 4 апта бойы созылмалы вирусты гепатит С, В бойынша пег-интерферон және рибавиринмен стандартты вирусқа қарсы терапия қабылдайды. Ем барысында гемоглабиннің келесі өзгерісі байқалады: 132-114-88-72 ( г/л ). Вирусты жүктеме деңгейі: емге дейін – 3,8х105 көшірме/мл, 4-ші аптада – 7,2х102 көшірме/мл. Ары қарай қандай тактика дұрыс?
A) Гемоглобин деңгейі тым тез төмендеуде – емді тоқтату
B) Тез вирусологиялық жауапқа қол жеткізілді – емді жалғастыру
C) Гемоглобин деңгейі төмендеуде – пег-интерферонды тоқтату
D) Гемоглобин деңгейі төмендеуде – рибавиринді тоқтату
E) Емді жалғастыру, бірақ эритропоэтин тағайындау
34. 26 жастағы жүкті әйел ОРВИ эпидемиясы кезінде инфекциядан сақтайтын препарат жайлы ақыл сұрап келіп отыр. Жүктілік 22-23 апта. Төмендегі препараттар ішіннен осы жағдайда ең талдамышы қайсысы?
A) Рибомунил
B) Виферон
C) Ликопид
D) ИРС-19
E) Деринат
35. 19 жастағы әйел 20 апта мерзіміндегі жүктілікпен ауруханаға шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, дене температурасының 38,20С дейін көтерілуіне, ентігуге шағымданып түсті. Обьективті: перкуторлы дыбыстың қысқаруы және оң жақта жауырын ұшынан төменгі аймақта везикулярлы тыныстың әлсіреуі. ТАЖ – 22 рет мин, ЖСЖ 90 рет мин. Осы науқастың емінде аталған препараттардың қайсысын қолданады?
A) Ципрофлоксацин
B) Амоксициллин
C) Левофлоксацин
D) Эритромицин
E) Гентамицин
36. Ер адам 35 жаста, ауруханадан тыс пневмония бойынша тәулігіне 3,0 гр амоксициллин қабылдауына қарамастан дене температурасының 380С дейін көтерілуі, жөтелдің шырышты-іріңді қақырықпен үдеуі байқалды. Ары қарай қандай емдеу тактика барынша тиімді ?
A) Гентамицин қосу
B) Амоксициллинің дозасын көбейту
C) Амоксициллинді экстенциллинге ауыстыру
D) Амоксициллинді азитромицинге ауыстыру
E) Амоксициллинді амоксициллин/клавуланатына ауыстыру
37. Жүйелі қызыл жегімен ауыратын әйел алдағы уақытта ритуксимабпен жүргізілетін ем қабылдауы керек. Бірақ биологиялық терапия тағайындалғанға дейін ол тұмауға қарсы вакцинация жасатқысы келеді. Қандай вакцина таңдайсыз?
А) Науқасқа тұмауға қарсы вакцинация жасауға болмайды
В) Ең тиімді ем ретіндегі плит-вакцина
С) Иммуногенді деп саналатын тірі вакцина
D) Ең төмен мөлшерде реактогенді деп саналатын қосалқы жеке (субъединичная) вакцина
Е) Кез келген вакцина, бірақ иммуноадьюванттарды қолдана отырып
38. 38 жастағы науқас қолдарының бұлшықеттеріндегі әлсіздікке, жуынудың және таранудың қиындауына шағымданады. Бір айдын ішінде жүрісінің бұзылылып, аяғының сүйретілуін байқаған, жастықтан басын бөтен адамның көмегінсіз көтере алмайды. Қарап тексергенде: жоғарғы қабағында,бетінде, «декольте» аймағында эритематозды бөртпе. Қан анализінде: ЭТЖ-45 мм/сағ; креатинфосфокиназа-260 Бірлік/л, лактатдегидрогеназа-600 МЕ.
Келтірілген препараттардың қайсысын науқастың емінде тағайындаған ЕҢ тиімді?
A) Гидроксихлорохин
B) Сульфасалазин
C) Метотрексат
D) Вольтарен
E) Делагил
39. Ревматоидты артритпен ауыратын науқасқа төменде көрсетілген препараттардың қайсысын қолдану кезінде белсенді туберкулез процесінің (басқа қауіп-қатер факторларына тәуелсіз) пайда болу қаупі жоғары?
A) Анакинра
B) Этанерцепт
C) Ритуксимаб
D) Тоцилизумаб
E) Инфликсимаб
40. 30 жастағы науқас, БСА 5 сатысы, полиурия, никтурия. Аз белокты емдәм қабылдайды. ААФи - фозикард 10 мг қабылдайды, АҚҚ 160/105мм с.б. Көзге көрінетін ісінулері жоқ. Артериялық гипертониямен күресуде қандай тактика барынша тиімді?
A) Гемодиализ
B) Перитонеальді диализ
C) Гипотиазид қосу
D) АҚҚ және креатинин бақылауымен амлодипин тағайындау
E) Коллоидты ерітінділермен инфузия
41. Науқас 31 жаста. Балалық шақта туа болған бүйрек аномалиясы фонында қайталамалы ЗШЖИ-мен зардап шеккен. Бала кезінде ота жасалынған. Қазіргі уақытта сүйектеріндегі ауру сезіміне шағымданады. Зәрінде: ақуыз-0,3г/л, лейкоциттер-3-4 к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШФЖ- 45мл/мин. Қанда: кальций мен фосфор деңгейі қалыпты ал ПТГ жоғары (200 пг/л). Төменде аталған препараттардың қайсысын тағайындау қажет?
A) Кальцитриол
B) Фосфор препараттары
C) Кальций препараттары
D) Поливитаминдер
E) Бифосфанаттар
42. Жедел лейкозбен ауырытын науқаста жұлын сұйықтығында лейкемиялық (бластты) жасуша анықталды. Нейролейкозды интратекальды жолымен емдеу үшін кандай препарат барынша тиімді?
A) Цитозар
B) Винкристин
C) Метотрексат
D) Преднизолон
E) Циклофосфан
43. Әйел адам 46 жаста, гемограммада: лейкоцит- 82х109/л, промиелоцит-4%, миелоцит-9%, метамиелоцит-11%, т/я-20%, с/я–40%, базофилдер–3%, эозинофилдер–6%, лимфоцит–8%, тромбоциттер–584х109/л, Нв–112 г/л. Миелограммада: жасушалардың көбеюі, миелокариоциттер мен мегакариоциттердің ұлғаюы, гранулоцитарлы қатардағы барлық элементтер анықталады, миелоидты жасушалардың эритроидты жасушаларға қатынасы – 28:1. Ph-хромосома бойынша позитивті жасушалар анықталды. Емнің тиімділігін жоғарылату үшін қандай препаратты ертерек қосу керек ?
A) Трансретинойлы қышқыл
B) Иматиниб (Гливек)
C) Альфа-интерферон
D) Аллопуринол
E) Винкристин
44. ЖРВИ ауырғыннан кейін 2 аптадан соң 16 жастағы жасөспірімде салмағының төмендеуі, шөлдеу, жиі зәр шығаруы байқалады. Терісі мен тілі құрғақ. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығып тұр. Гликемия ашқарында 12,7 және 16,6 ммоль/л.Зәрдіңменшікті салмағы - 1030.
Қандай емдеу әдісі ең тиімді?
A) сиофор 1 таблетка кешке
B) диабетон МР 2 таблетка таңертең
C) 6 бірлік қысқа инсулин бір рет
D) инсулинотерапия 1,0 бірлік/кг дене салмағына
E) инсулинотерапия 0,3 бірлік/кг дене салмағына
45. 25 жастағы әйел орташа ауырлық дәрежелі диффузды токсикалық жемсау бойынша келесі ем қабылдайды: мерказолил 30 мг/тәу., обзидан 60 мг/тәу., феназепам 2 мг/тәу. Ем барысында жағдайы жақсарған, бірақ айқын лейкопения дамыды. Лейкопения дамуына БАРЫНША мүмкін себебті атаңыз?
A) Феназепамды қабылдау
B) Мерказолилді қабылдау
C) Обзиданның жоғары мөлшері
D) Қалқанша без көлемінің ұлғаюы
E) Аурудың ары қарай үдеуі
46. 35 жастағы әйел жалпы әлсіздікке, айқын шаршағыштыққа, тәбетінің жоғалуына, лоқсуға, есінен тануға шағымдалып келді. Анамнезінде: Иценко-Кушинг ауруына байланысты адреналэктомия. Объективті: бойы 165 см, салмағы 42 кг. Тері мен шырышты қабаттардың гиперпигментациясы. АҚ - 70/40 мм с.б.б. Қанда: эритр-3,5 млн., лейк-4,5 мың., НВ-75 г/л, ЭТЖ-13 мм/сағ, қанда қант деңгейі 8.00- 2.9 ммоль/л.
Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
A) Адренокортикотропты гормонды
B) церукалды
C) сорбиферді
D) левотироксинді
E) гидрокортизонды
47. 67 жастағы әйел кезеңді турде жиі жүрек соғу ұстамаларына, ентігуге шағымданады. Зерттеу кезінде ЭКГ серияларында пароксизмальді жүрекшелердің жыпылықтауы, сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының субэндокардиальді ишемиясы тіркелді. Изокет, конкор, аспиринді тағайындағаннан кейін науқас жағдайы жақсарды, жыпылықтаушы аритмияның пароксизмдері азайды. β – адреноблокаторлардың көрсетілген қандай құрамы БАРЫНША мүмкін науқас жағдайының жақсаруына себеп болды?
A) СА түйіннің автоматизмінің төмендеуі
B) АВ түйін бойынша қозудың жүру өтімділігінің төмендеуі
C) Ишемияланған миокардта жыпылықтау табалдырығының жоғарлауы
D) Кардиомиоциттер рефрактерлігіне барынша әсердің болмауы
E) Миокардта өткізу жылдамдығына барынша әсердің болмауы
48. Триглицеридтердің деңгейі мына дәріні қабылдағанда БАРЫНША мүмкін нәтижелі төмендейді:
A) Пробуколды
B) Эссенциалені
C) Колестиполды
D) Симвастатинді
E) Ципрофибратты
49. Ер адам 43 жаста, стенокардияға байланысты күн сайын изосорбид динитрат қабылдауға мәжбүр, бірақ препаратқа тұрақтылық дамыды. Анамнезінде обструкциялы бронхит. Пациентті оптимальды жүргізу тактикасы қандай?
A) Нитраттарды емнен алып тастау
B) Нитрат дозасын жоғарлату
C) Қосымша β-блокаторлар тағайындау
D) Нитраттарды қабылдауда 8 сағаттық үзілісті қамтамасыз ету
E) Изосорбид динитратты изосорбид – 5 – мононитратқа алмастыру
50. Миокард инфарктісін өткерген 78 жастағы әйел баспалдақтың бір деңгейіне (пролет) көтерілгенде төс артында пайда болатын қысып ауратын ауру сезіміне, ентігуге, жүрек соғысы мен аритмияға, бас айналуға шағымданады. Объективті: өкпеде іркілісті ылғалды сырылдар, аяқтарындағы ісіну. Қарыншалардың жиырылу жиілігі 106 рет минутына болатын жыпылықтаушы аритмия. АҚ – 170/100 мм с.б.
Көрсетілген дәрілердің қайсысы БАРЫНША «ұрлау» синдромына және коронарлы қан ағысының нашарлауына алып келуі мүмкін:
A) Капотен
B) Небилет
C) Эуфиллин
D) Фуросемид
E) Кардиомагнил
51. Кардиологиялық бөлімшеге 76 жастағы ер адам ангинозды ұстамамен жеткізілді. ЭКГде ST сегментінің III aVF депрессиясы анықталды. Екі реттік тексеру барысында тропонин теріс. Төменде аталған тағайындаулардың қайсысы инфаркт миокарды және өлімнің жоғарылау қатеріне алып келуі БАРЫНША ықтимал?
A) Нитраттар
B) В-блокаторлар
C) Тромболитиктер
D) Антикоагулянттар
E) Кальций антагонисттер
52. Кеуде артындағы қарқынды аурыру ұстамасымен 69 жастағы әйелде морфин енгізген кезде тыныс алу орталығының әлсіреу белгілері пайда болды.
Көрсетілген дәрілердің қайсысын енгізу БАРЫНША тиімді?
A) Изадрин
B) Атропин
C) Налоксон
D) Эуфиллин
E) Адреналин
53. 44 жасар науқас ауыр ағымды бронхиалды демікпемен 25 жыл бойы ауырады. Преднизолон 30 мг тәулігіне, беклометазон дипропионаты 600 мкг/тәул және сальметерол қабылдайды. Сальбутамолда қажеттілік – күніне 3-4 рет, тұншығу ұстамасы аздаған физикалық жүктеме кезінде пайда болады, өткір иістер, шаң, температура өзгерістері теріс әсер көрсетеді. Сонымен қатар, науқаста созылмалы гастрит, артериалды гипертензия 2 деңгей, қауіп тобы 3, ДМИ – 32. Қандай емдеу тактикасы ең дұрыс?
A) Преднизолон мөлшерін жоғарылату
B) Беклометазон дипропионатының мөлшерін жоғарылату
C) Емге пролонгирленген теофиллин қосу
D) Беклометазонды флюнисолид немесе будесонидпен ауыстыру
E) Преднизолон дозасын азайту үшін бетаметазон суспензиясын б\і
54. 26 жастағы ер адам ашты тамақ пен ішімдік қабылдағаннан 30 - 40 минуттан кейін асқазан тұсындағы басып ауру сезіміне; сода қабылдағаннан кейін азаятын, қатты мазалайтын қыжылға; қышқылмен кекіруге шағымданады. Қарап тексергенде: тілі ақ жабынмен жабылған, терең пальпацияда асқазан тұсындағы жайылмалы ауырсыну сезімі. ЭФГДС да: асқазан кілегейлі қабаты қызарған және ісінген, антральды бөлігінде – бірен саран геморрагиялық эрозиялар. Науқасқа төменде келтірілген дәрілердің қайсысы БАРЫНША көретілген?
A) Платифиллин
B) Фосфалюгель
C) Лансопрозол
D) Домперидон
E) Но-шпа
55. Әйел 27 жаста, жүктілігінің 28-29 аптасы, УДЗ кезінде өт қапшығында өт шығу жолының ј жауып тұратын өттастары анықталды. Көп майлы тамақ жегеннен кейін ішінде белдемелі ауру сезімі, жүрек айну, 1 рет жеген тамағы аралас құсу болды. Жүктілік кезінде төменде көрсетілгендердің ішінде қайсысы берілген патологияның даму қауіпін жоғарлатады?
A) Жатырдың ұлғаюы кезінде іш қуысының қысымының жоғарлауы
B) Жүкті әйелдің тамақтану сипаты өзгерген кезде
C) Эстрогендердің жоғары деңгейі
D) Кеш токсикоздың пайда болуы
E) Жүктілердің құсуы
56. Әйел 36 жаста , іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауру сезімге шағымданады. Улкен дәреттен кейін ауру сезімі азаяды. Тәулігіне 4-5 реттік жағымсыз иісті ботқа тәрізді нәжіске, тенезмдер. Дене қызуы – 37,50С, соңғы айларда 5 кг арықтаған. Буындары ауру сезімді. Ирригоскопияда : ішектері біркелкі емес тарылған, шырышты қабат рельефінің көрінісі «булыжная мостовая» тәрізді. Емдік терапия сульфосалазинмен басталды. Еміне қандай антибиотикті қосқан дұрыс?
A) Амоксициллин
B) Тетрациклин
C) Офлоксацин
D) Рифампицин
E) Олеандомицин
57. 33 жасар әйел созылмалы вирусты гепатит С, 1 генотип бойынша пег-интерферон және рибавиринмен вирусқа қарсы терапия қабылдайды. Емнің басынан 4 айда таңғы құрысу сезімі мен проксималды фалангааралық, білек-фалангалық және білезік буындарда ауыру сезімі, 37,7-37,9°С дейін дене қызуы пайда болды. РФ – емге дейін 24 МЕ/мл, емнің басынан 12 аптада – 125 МЕ/мл, АЦЦП – оң. Вирусты жүктеме динамикасы: HCV РНК емге дейін – 6,4х106 МЕ/мл, 12 аптада – 2,3х102 МЕ/мл. Ары қарай қандай тактика дұрыс?
A) Емді тез арада тоқтату
B) Пег-интерферонды тоқтату, рибавиринді жалғастыру
C) Пег-интерферонды 2 аптаға тоқтату, РФ деңгейі төмендегенге дейін
D) Пегинтерферонды қысқа әсерлі интерферонмен ауыстыру
E) Емді преднизолон (10 мг\тәул) қосып жалғастыру
58. 29 жастағы жүкті әйел грипп эпидемиясы кезінде екі жақты пневмониямен ауыр күйде ауруханаға жатқызылды. Жүктілік 28-29 апта. Емдеуші дәрігер вирусқа қарсы ем қосуды ұйғарды. Төмендегі препараттар ішіннен осы жағдайда БАРЫНША таңдамалы қайсысы?
A) Интерферон альфа
B) Осельтамивир
C) Ронколейкин
D) Зидовудин
E) Задаксин
59. Әйел адам 67 жаста. Суықтағаннан кейін 7 күн көлемінде шырышты-іріңді қақырықпен қатты жөтелге, дене температурасының 38,00С көтерілуіне шағымданады. Қарау кезінде: ТАЖ – 22 рет мин, өкпесінде қатаң тыныс, шашыранды ысқырықты сырылдар. Рентгенде: өкпе суретінің күшеюі. Аталған препараттардың ең тиімдісі қайсысы?
A) Цефепим
B) Ципрофлоксацин
C) Гентамицин
D) Линкомицин
E) Азитромицин
60. Әйел 33 жаста, пневмонияға байланысты кларитромицин 1,0 г/тәу тағайындалды. Динамикада науқаста субфебрильді температура, интоксикация симптомдары, жөтелдің жасыл түсті қақырықпен үдеуі байқалды. рентген көрінісінде оң өкпенің ортаңғы бөлігінде ошақты инфильтрат анықталды.
Қандай антибактериалды әдіс ЕҢ тиімді?
A) Гентамицин қосу
B) Кларитромицин дозасын жоғарылату
C) Кларитромицинді имипинемге ауыстыру
D) Кларитромицинді амоксициллинге ауыстыру
E) Кларитромицинді левофлоксацинге ауыстыру
61. Ревматоидты артритпен ауыратын, делагил және НПВС базистік емін қабылдап жүрген 67 жастағы науқас бір жылдың ішінде екі рет пневмониямен ауырған. Осы жағдайда респираторлық инфекцияның алдын алу үшін қандай профилактикалық шара жасау қажет?
А) С витаминін үнемі қабылдау
В) Haemophilus influenzae-ға қарсы вакцинация
C) Пневмококты вакцинаны егу
D) Превентивті антибактериалды терапия
E) Бронхомуналды немесе рибоминулды қолдану
62. Науқас Ж., 28 жаста, қолының майда буындарындағы, омыртқаның мойын бөлігіндегі қатты ауыру сезіміне,1сағаттан көп таңертеңгілік құрысуға, әлсіздікке, дене қызуының 37,7С дейін жоғарылауына шағымданып келді.Буындарының ауыруы екі айдан бері мазалайды. Қол саусақтарының рентгенограммасында буын маңылық остеопороз, буын саңылауының тарылуы, бірен-саран эрозиялар. Қан анализінде: лейкоцитытер -4,6 х109 /л, эритроциттер -3,2 х1012 /л, тромбоциттер -250 х109 /л, ЭТЖ – 54 мм/сағ. С-реактивті белок ++. АЦЦП- оң. Төменде келтірілген қандай препарат науқастың емдеу жоспарына ЕҢ тиімді болады?
А) Сульфасалазин
В) лорноксикам
С) Преднизолон
Д) D-пеницилламин
Е) Метотрексат
63. 35 жастағы науқас өзін ЖРВИ-н кейін қызбаның қайталануы, анық байқалатын әлсіздік, артралгия мен миалгия, екі жақ өкпедегі өзгерістерден кейінгі (бұл белгілер бойынша дәрігер пневмония, Рейн феномені деп диагноз қойған) 5 жылдан бері ауырып жүрмін деп есептейді. Кейіннен жүрек тұсында ауыру және дисфагия пайда болған. Объективті тексеру нәтижелері: терісінде – тығыздалу ошақтары және атрофиялар. Жалпы қан анализі: Л-4.2 тыс, Эр – 3.5, Нb- 129 г/л, ЭТЖ- сағатына 30 мм. SCL70 анти денелер анықталған. Осы жағдайда қандай ем тиімді болып табылады?
A) Д-пеницилламин
B) Циклофосфамид
C) Триамцинолон
D) Преднизолон
E) Индометацин
64. 40 жастағы науқас әйел, БСА 5 сатысы. Науқаста полиурия, АҚҚ180/100 мм.с.б., көзге көрінетін ісінулер жоқ. Биохимиялық қан анализінде: креатинин 540 мкмоль/л, К, Na көрсеткіштері қалыпты. ЖЗА: белок – 1,5 г/с. Диуретиктер және нормодипин қабылдау фонында АҚҚ 120/75мм с.б. дейін түсті. Аз белокты емдәмде. БАТ- на дайындау кезеңінде қандай ем тағайындаған дұрыс?
A) Тек аз белокты ем дәм
B) Диуретикалық ем
C) Гемодиализ
D) АҚҚ және креатинин бақылай отырып, эритропоэтин және ААФ тежегіштері
E) Коллоидты ертінділермен инфузия
65. Бүйрек транплантациясы жасалған науқасқа антигипертензивті мақсатта ангиотензин айналдырушы ферменттің тежегіші тағайындалған. Келесі күні креатинин деңгейі күрт жоғарылап, диурез азайған. Трансплантат БЖЗ мүмкін болатын себебін көрсетіңіз?
A) Инфекция
B) Диетаның бұзылуы
C) Жедел ажырау кризі
D) Трансплантаттың бүйректік артериясының тарылуы
E) Емге селқос қарау
66. Қандай препараттан стандартты терапияда протокол бойынша жедел промиелоцитарлы лейкозда 85-96 % науқастар клиникалық және цитогенетикалық ремиссия ала алады?
A) Трансретиноидті қышқыл
B) Иматиниб (Гливек)
C) Циклофосфамид
D) Венкристин
E) Цитозар
67. 62 жастағы ер адамды бірнеше ай бері бел аймағындағы ауру сезімі мазалайды. Ауру сезімі көбіне түнгі уақытта шалқасынан жатқан кезде үдейді. Невропатологқа қаралған, остеохондроздың белгілері анықталған. Стероидті емес қабынуға қарсы препараттардан ауру сезімі басылмаған !!!. Науқас 3 айда 5 кг салмақ жоғалтқан . Қан анализінде: Нв-109г/л, лейкоциттер-7,9х109/л, тромбоциттер-190х109/л, ЭТЖ-56 мм/сағ. жалпы белок–99 г/л. Жалпы зәр анализінде: тығыздығы-1028, Бенс-Джонс ақуызы – 0,8 г/л. Сүйек деструкциясының алдын алу үшін науқасқа қандай препарат тағайындаған дұрыс?
A) Кальций және витамин Д3
B) Кальцитонин
C) Леспенефрил
D) Золендронат
E) Вобензим
68. 50 жастағы ер адамды соңғы 3-4 ай аралығында шөлдеу, әлсiздiк, полиурия мазалайды. Объ-ті: дене салмағы - 106 кг, бойы - 170 см., терісі құрғақ, тырнақ іздері бар, АҚ - 140/85 мм.с.б. Зәр шығаруы жиіленген, ауыру сезімсіз. Гликемиялық профиль: 9,7-14,9-12,3 ммоль/л.
Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
A) Метформинді
B) Глибенкламидті
C) Орташа әсерлi инсулинді
D) Қысқа әсерлі инсулинді
E) Ұзақ әсерлі инсулин
69. 43 жастағы әйел салмағының жоғарылауы, терісінің құрғауы, сөйлеудің қиындауын байқаған. Анамнезінде: созылмалы гайморит. Объективтi: бойы - 168см, салмағы-92кг. Айқын гиперкератоз. Беті ісіңкі, тiлінің қырында тiстер ізі таңбаланған. Жүрек үндері әлсіреген, брадикардия. АҚ 80/50 мм.с.б. Қанда: эритроциттер - 3,5 миллион, гемоглобин - 75 г/л, лейкоциттер - 4, 5 мың, ЭТЖ - 13 мм/с. Қанда қант - 3, 5 ммоль/л. Сары су ақуыздарымен байланысқан йод - 300 ммоль/л. Қандай дәрілік топты тағайындау БАРЫНША тиімді?
A) Витаминдер
B) Йод дәрілері
C) Зәр айдайтын дәрiлерді
D) Тиреоидты препараттарды
E) Қабынуға қарсы дәрi-дәрмектерді
70. Қабылдау бөліміне гипертониялық кризбен (АҚ 280/130 мм.с.б.) 39 жастағы науқас жеткізілді. Ұстама тәрізді АҚ жоғарылауы бір жыл аралығында байқалады, криздер қобалжу, тахикардия, діріл, бұлшықеттік тартылулармен қатар болады. Криз көп мөлшерде зәр бөлумен аяқталады. Криздер кезінде 9,6 ммоль/л дейін гипергликемия анықталған.
Шұғыл көмек көрсету үшін қандай инъекциялық препаратты таңдау қажет?
A) Магний сульфаты
B) Эналаприл
C) Реджетин
D) Клонидин
E) Пропранолол
71. Кардиологиялық бөлімшеге 50 жастағы ер адам кеуде артындағы өте күшті ауыру сезімімен шағымданып ауыр жағдайда түсті. Қарап тексергенде: тері жабындылары боз. Жүрек үндері бәсеңдеген, айқын тахикардия, АҚ 90/60 мм сб.б. ЭКГде: жедел коронарлық қан айналым бұзылысы. Пароксизмальді қарынша үстілік тахикардия диагностикаланды. Ырғақ бұзылысын қалыпқа келтіру мақсатымен жедел жәрдем бригадасында изоптин құйылды, бірақ ырғақ қалыпқа келмеді.Изоптиннен басқа АВ-реципрокты тахикардияны жоюға көрсетілген дәрілердің қайсысы таңдау дәріліріне БАРЫНША МҮМКІН жатады:
A) Атропин
B) Дигоксин
C) Кордарон
D) Аденозин
E) Дилтиазем
72. Асқазанның ойық жарасымен ауыратын 62 жастағы әйел бас айналуға, талмаларға, жалпы әлсіздікке шағымсданады. Қарағанда: жүрек шекарасы солға ығысқан, Боткин-Эрба нүктесінде диастолалық шу естіледі. АҚҚ 140/40 мм сб.б. Қанда: жалпы холестерин – 10,8 ммоль/л, холестерин ТТЛП – 4,9 ммоль/л.
Көрсетілген дәрілік топтардың қайсысын осы науқасқа тағайындау БАРЫНША тиімді?
A) Фибраттарды
B) Гепатопротекторларды
C) Никотин қышқылын
D) ГМГ-КоА-редуктаза ингибиторларын
E) Омега 3-көпқаныққан май қышқылдары
73. Стенокардия ұстамасының айқындығы мен жиілігін бәсеңдету, систолалық АҚҚ-ын бастапқы деңгейден 10-15%-ға төмендету, ЖЖЖ-ін минутына 7-10 –ға жоғарылату және миокардтың ишемиялық көрінісінің жойылу белгілері мына препараттардың қандай тобына Барынша тән:
A) Нитраттарға
B) Кордаронға
C) b-адреноблокаторларға
D) Кальций антагонистеріне
E) Калий каналдарының активаторларына
74. 67 жастағы ер адам төс артындағы қысып ауратын сезімге шағымданады. АГ мен ЖИА-мен 2 жыл бойы аурады. Жағдайының нашарлауы бір апта бойы, ангинозды ұстамалары жиіленіп, ауру сезімінің интенсивтілігі күшейген. ЭКГ-да: ЖСЖ – 74 рет минутына, систоликалық күштемесі бар сол қарыншаның гипертрофиясы. Холестерин 6,4 ммоль/л, қандағы қант 4,2 ммоль/л. Көрсетілген препараттардың қандай тобы липидті және гликемиялық профильдерді нашарлату мүмкін:
A) Нитраттар
B) Дезагреганттар
C) Антикоагулянттар
D) В-адреноблокаторлар
E) Жүрек гликозидтері
75. ST сегментінің көтерілуі жоқ жедел коронарлы синдромы бар ер адамға кешенді емнің құрамына фракционирленбеген гепарин тағайындалды. Науқаста қан кете бастады. Төменде аталған препараттардың қайсысының енгізуі гепарин әсерін бейтарпатауы ЫҚТИМАЛ?
A) Викасол
B) Дицинон
C) Протамин
D) Аминокапрон қышқылы
E) Жаңа қатырылған плазма
76. 67 жастағы ер адамда алтеплазамен жүргізілген тромболизистен кейін жергілікті геморрагиялық реакция пайда болды. Төменде көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
A) Викасолды
B) Дицинонды
C) Тромбомассаны
D) Криопреципитатты
E) Коагуляциялық терапияны жүргізу қажет емес
77.22 жастағы науқаста шөлдеу, кіші дәретінің мөлшерінің көбеюі, дене салмағының азаюы пайда болды. Тұмаудан кейін ауырып қалды. Гликемия деңгейі 20,5 мммоль/л, глюкозурия 52г/л, кетонурия ++++. Төменде берілген диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?
A) қант диабеті 1 тип
B) қант диабеті 2 тип
C) гестациялық қант диабеті
D) қант диабетінің басқа спецификалық типтері (инфекциялар)
E) бүйректік глюкозурия
Науқас 46 жаста 5 жыл бойы гипертониялық аурумен зардап шегеді. Шағымдары: ұстамалы бас ауруына, физикалық жүктеме кезінде ентігу. Әкесі қант диабетімен ауырады. Объективті: бойы 170 см, салмағы 96 кг. Пульс 72 минутына., АҚ- 190/110 мм с.б. Жүректің сол шекарасы 1см солға ығысқан. Жүрек тондары әлсіреген, аортада ІІ тон акценті. Бауыр +3см. Науқасқа қант диабетінен біріншілік алдын алуы шаралары ЕҢ тиімді?
A) артық дене салмағынан арылу
B) артериялық қысымды қалыпқа келтіру
C) бигуанидтер тағайындау
D) гепатопротекторлар тағайындау
E) селективті β-адреноблокаторлар тағайындау
24 жастағы ер адам, жүдеу (бір ай ішінде 9 кг), ауызының құрғауы, шөлдеу, жиі зәр шығару, жүрек айну, тәбетінңің төмендеуіне шағымдарнып аймақтық дәрігерге қаралды. Қарап тексергенде: тері жабындысы құрғақ, алақандары және табандары сарғыш және шиқаны бар. Зәр анализінде қант 2,9% және ацетонурия. Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
A) Бигуанидтерді
B) Секретагогтарды
C) Инсулинді қоспаны
D) Кысқа әсерлі инсулинді
E) Ұзақ әсерлі инсулинді
47 жастағы ер кісі, жұмыстан келісімен шаршағанына шағымданған. Диванға жатқан бойынша ұйықтап қалған. Анамнезінде: 5 жыл көлемінде қант диабетімен ауырып, инсулин қабылдайды. Бір сағаттан кейін әйелі күйеуінің бетінің бозарғанын, тер тамшыларын, шынайы ұйқы емес екенін байқаған.
Берілген жағдайда қайсы емдеу тәсілі БАРЫНША тиімді?
A) Регидратация жасау
B) Адреналинды тері астына енгізу
C) Актрапидті 10 Б тері астына енгізу
D) 30 мл 40% глюкоза ертіндісін к/т ағызып, енгізу
E) 20 мл 1% метилен көгі ертіндісін к/т тамшылатып енгізу
Әйел 22 жаста жиі жүрек қағуларына, эмоциональды тұрақсыздық, агрессивтілік, 2 айда 8 кг дене салмағының төмендеуі. Әйел астеникалық қалыпта, терінің гипергидрозы, «телеграфты баған» симптомы. ЖЖЖ-120 минутына. Қалқанша безінің біркелкі ұлғаюы, аз ғана экзофтальм. Бірінші кезекте төменде аталған препараттардың ЕҢ тиімдісі?
A) Тиреостатиктер
B) β – блокаторлар
C) Калия препараттары
D) Тиреоидты препараттар
E) Седативті препараттар
Пациент Ж. 48 жаста әлсіздікке, жүрек аймағында периодты түрде болатын күйіп ауыру сезіміне шағымданады. Валидол және седативті микстура қабылдағанда басылады. Жиі ыстық құйылу сезімімен жүретін гиперемия, жоғары дәрежедегі тершеңдік, ауа жетпеу сезімі мазалайды. Аменорея басталғанына 6 ай болған.Тері жабындыларында гиперемия және гипергидроз байқалады. Жүрек тондары тұйықталған, ритм дұрыс, тахикардия. ЖЖЖ – 96 рет мин. АҚҚ- 140/80 мм.с.б. ЭКГ: синусты тахикардия, эос вертикальды бағытта. V1-4 кеуде тіркемелерінде Т тісшесінің инверсиясы.. Анаприлинді сынама оң. Кольпоцитограмма – 100/0/0. Көрсетілген топ препараттарының қайсысын барынша тағайындау керек?
A) Гипотензивті
B) Седативті препараттар
C) Нитраттар
D) Эстрогендер
E) Имидазол туындылары
20 - жастағы бойжеткен шөлдеуге, дене салмағының артуына шағымданады. Объективті: бойы - 162 см, салмағы - 94 кг. Дене салмағының индексі - 35,8 кг/м2. Ашқарынға гликемия 5,9 ммоль/л, жалпы холестерин – 5,2 ммоль/л, триглицеридтер – 2,4 ммоль/л. Төмендегі дәрілік заттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
A) Манинилді
B) Метформинді
C) Диабетонды
D) Новонормды
E) Симвастатинді
26 жастағы әйел, жарақат алғаннан кейін басының ауыруына, АҚ 150/90 мм с.б., дене салмағының жоғарылауына шағымданады. Қарап тексергенде: теріасты шел қабаты әркелкі дамыған, беті қызарған. Денситометрияда остеопороз белгілері анықталады. Қандағы кортизол мөлшері - 1500 нг/л (қалыпты жағдайда 260-720 нг/л), ашқарынға гликемия– 6,0 ммоль/л. Бүйрек үсті безінің УДЗ: екі жақты гиперплазия. Төменде келтірілген дәрілердің қайсысы БАРЫНША тиімді?
A) Парлодел
B) Коринфар
C) Метипред
D) Д3 - кальцийі
E) Глюкофаж
Науқас соңғы 1.5-2 жылда дене салмағының ұлғаюы, ауыздың құрғауы, бас ауруы және етеккір ағымының бұзылысына шағымданады. Қарап тексергенде: бойы 160 см, дене салмағы 130 кг, тері асты қабаты диспластикалық тип бойынша орналасқан, іш терісінде созылған сызықтар бар. АҚҚ 170\110 мм.с.б.б. Қант деңгейі-7,05 ммоль\л. Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
А) Иценко-Кушинг синдромы
B) Гипертониялық ауру
C) Қант диабетінің ІІ типі
D) Менопауза синдромы
E) Конституциональды семіру