Сыртқы құлақтың қабынуы.

Сыртқы отит- сыртқы есту жолы терісінің қабынуы Екі түрі бар – жайылған және шектелген. Аралас қабынуға құлақ ішінің ауруы, қышу, бұлақтың ағуы тән. Сыртқы отит терінің жарақаттануынан туады, мысалы, диабет кезіндегі қасыну. Қазіргі уақытта сыртқы отит кезіндегі микробтың көрінісі өзгерген. Егер 25-30 жыл бұрын негізгі патогенді өсімдік алтын түсті стафилококк болса, қазір көкіріңді таяқша, протей, ішек таяқшасы жиі себіледі. Микробиологиядағы мұндай жетістіктер медицина іс-тәжірибесінде түрлі кокк флорасын басатын және оған сезімтал емес микроорганизмдердің басымдылығына жол беретін антибиотиктерді кеңінен қолданылуымен түсіндірілерді.

Есту тесігінің шиқаны.

Сыртқы отиттің шектелген түрі – шиқан, ол сыртқы есту тесігінің шеміршекті бөлімінде болады. Шиқанға құлақ түйінін басқанда үдейтін құлақ ішінің ауыруы тән. Егер шиқанесту түтігінің алдыңғы қабырғасында болса, аурудың күшеюі шайнау қимылында, самай-төменгі жақ буынымен шектелген қабырғаның орнынан жылжуымен байланысты байқалады. Құлақ түйінінің алдыңғы және артқы аймақтарындағы түйіндер үлкейіп, ауырады. Тез қабыну құбылысы есту тесігі шеміршегінің төменгі қабырғасының ойығы арқылы шықшыт безіне таралып, ауру ісік, секрет есту тесігі саңылауының тарылуымен сипатталады.

Отраңғы құлақтың жіті ауруы.

Ортаңғы құлақ аурулары әртүрлі. Олар қабыну, қабынудан кейінгі (тыртық, жабысып қалу, есту сүйекшелері құрылымының), сонымен бірге дистрофиялық құбылыстар әсерінен (отосклероз) болуы мүмкін. Ортаңғы құлақтың барлық аурулары естудің нашарлауына әкеледі, сондықтан оның маңызы өте зор. Саңырауқұлақтың алдын алу, есту қызметін қалпына келтіру шаралары оториноларингологияның бірден бір маңызды саласы.

Ортаңғы құлақтың жіті отиті.

Ортаңғы құлақтыңжіті қабынуы оның барлық бөлімдерінің (есту түтігі, дабыл қуысы, емізікше өсіндінің ауа тасығыш клеткалар жүйесі) шырышты қабығын қамтиды. Отит қабыну түріне немесе кезеңіне қарай катаральды не іріңді болады. Ортаңғы құлаққа кіретін инфекция жолына байланысты: а) есту түтігі арқылы жұтқыншақтың мұрын бөлімінен кіретін; б) гемотогенді – жұқпалы ауру кезінде қан арқылы; в) зақымдаған дабыл жарғағы арқылы өтуін ажыратады. Ортаңғы құлаққа инфекция, қызылша, грипп кезінде есту түтігі арқылы өтеді, кірпікшелі эпителий өзінің қызметін тоқтатады. Ортаңғы құлақтың жіті ауруы, әсіресе балаларда өте кең таралған ауру. Оның пайда болуына жоғарғы тыныс жолы ауруы, аденоид, мұрын қуысы мен мұрын қуысы маңының қабынулары, организмнің жалпы қорғану қабілетінің төмендеуі әсер етеді.

Ортаңғы құлақ қабынуын тудыратын флора кокк (стрептококк, пневмококк) түрінде болады. Ауру бірнеше кезеңде өтеді: І. Тесілгенге (перфорация) дейін; ІІ. Тесілу және ірің ағу; ІІІ.Ірің ағудың тоқтауы және жазылу сатысы. Әр кезең өзіне тән құбылысымен (климатикалық, патологиялық) сипатталады. Сонымен бірге әр кезеңнің емдік әдісі әртүрлі.

І. Шағымы: құлақ бітіп қалады қатты ауыру шекеге беріледі, ұйқы бұзылып, жалпы көңіл-күй төмендеп, температура көтереріледі. Отоскопия: дабыл жарғағы өз келбетін жоғалтады, тәнді құрылымдары – балғаша сабы, оның қысқа өсіндісі, жарық конусы жоғалады.

Жарғақ қоңыр түске еніп есту тесігі саңылауына оның тоспайып шығып кетуі байқалады.

Емдеу.

Емізікше өсіндісі аймағын қыздыру (бірнеше қабат бүктеліп өсімдік майы немесе спирт, әтірге батырылған дәке). Дәкені тесіп құлақ қалқанына кигізіп, емізікше өсіндінің үстіне, құлақ қалқанының үсті мен алдына қойып полиэтиленмен, мақтамен т.б. орайды, мұрынға тамырды тарылтатын тамшылар тамызады. Аналгин, баралгин, антибиотиктер, сыртқы есту тесігіне тамшылар (камфора майы, глицерин) тағайындайды. Егер екі тәулік ішінде ауыру саябырламай қайта ұлғайса дабыл жарғағы өз бетінше жарылмаса және асқыну белгілері пайда болса (менингит, дене қызуының жоғарлауы) парацетез жасайды яғни дабыл жарғағын тіліп, дабыл қуысын ашады. Оны дабыл жарғағының артқы төменгі бөлігінде жасайды. Парацентез ортаңғы құлақтағы қабынуды қайтарып қана қоймайды, сонымен бірге жарғақтың өзінше жарылуынан, тесілуден сақтайды, өйткені кескен жердің тегіс шеттері өте тез бітіп кетеді.

ІІ. Шағымы: есту қабілеті төмендейді. Құлақтан бұлақ ағып, ауыруы бәсеңдейді, біртіндеп жойылады. Отоскопия: есту тесігінде іріңді зат жиналған, ол пульспен бірге соғып тұрады (қан тамырлары кеңейгенде іріңді секрет оның қабырғасына жанасып, тарылғанда орнынан жылжиды). Тесілу көрінбеуі мүмкін, өйткені ол саңылау түрінде болады, сондықтан іріңнің қай жерден аққанына қарап қана тесік орнын анықтайды. Жарғақ қалыңдап, қызарған одан тәнді құрылымдары көрінбейді.

Емдеу. Қыздырғыш компресті қолдануды әрі қарай жалғастыру, мұрын қуысына тамыр тарылтатын тамшылар, антибиотиктер, сезімталдықты төмендететін препараттар. Құлақ зонды мен мақта арқылы есту тесігінен іріңді сору. Политцер немесе катетер әдісімен құлақты үрлеу.

Политцер бойынша құлақты үрлеу. Аурудың мұрын қуысына баллоны бар резеңке түтік жалғастырылған оливаны кіргізеді. Дәрігер мұрынның екінші жартысын жабады, ол үшін мұрын қанатын саусақпен мұрын пердесіне басады. Ауруға «бір», «екі», «үш» деген сөзді айтқызады. «Үш» деген сөзде баллонды қатты басады да, ауа одан мұрын қуысына, жұтқыншақтың мұрын бөлігіне өтеді. «Үш» деген сөзді айқанда таңдайды жұмсақ бөлігі артқа және жоғары кетіп, жұтқыншақтың мұрын бөлігі ауыз бөлігінен алшақтайды, сондықтан жұтқыншақтың мұрын бөлігіне қысыммен өткен ауа есту түтігінің сағасымен ортаңғы құлаққа өтеді.

Мастоиидит.

Ортаңғы құлақтың жіті іріңді қабынуы. Мұнда емізікше өсіндінің сүйекті элементтері бұзылады. Осыған байланысты ол жіті ортаңғы отиттен ерекшеленеді, өйткені бұл үңгір (пещера) төбесінің, сигма тәрізді синусты үңгірден бөліп тұратын қабырғаның, лабиринттің, бет нервінің әртүрлі асқынуларына әкеледі.

Жіті отиттің мастоиидитке өтуіне микрофлораның жоғары вируленттілігі, дұрыс емдемеу, флораның антибиотиктерге, сульфаниламидтерге сезімсіздігі, организм реактивтілігінің бұзылуы әсер етеді, яғни жіті отиттің жітілеу және созылмалы түрге өтуіне жағдай жасайтын себептер.

Симптомдары.

Ортаңғы құлақтың жіті отиті кезіңде немесе біраз уақыт өткеннен кейін құлақ, құлақарты аймағы ауруы қайтадан күшейеді. Ауру кенет басталып, емізікше өсіндінің төбесінен немесе бүйір бетінен басқанда үдей түседі. Есту қабілеті төмендеп, құлақ шуылдайды, ірің ағу көбейіп, ол қоюланыпсары түсті болады. Дене қызуы көтеріліп 38-39 градусқа жетеді. Аурудың жалпы жағдайы нашарлайды.

Отоскопия.

Мастоиидиттің патологиялық белгісі – сыртқы есту тесігінің сүйек бөліміндегі артқы жоғарғы қабырғасының түсіп кетуі. Бұл сүйек айналасының қабынуы – периостит құбылысына байланысты. Емізікше өсіндінің үңгіріндегі ірің оның қабырғасын бұзып, жан-жаққа жайылып, өсінідінің бүйір бетіндегі периостқа және сыртқы есту тесігінің қабырғасына жетеді. Бұл аймақтардың қалыңдап ісінуі, кейде іріңнің тесіп шығуы мастоиидит диагнозын анықтай түседі. Дабыл жарғағы қанталап қалындаған, тесіктен ірің ағады. Айқын мастоиидитпен ауырған ауруды сырттан тексеріп қарағанда құлақ қалқанының тікерейіп тұрғаны, ісінгені және құлақтың артқы аймағы терісінің қызарғаны көрінеді. Емізікше өсіндінің үстінен басқанда және жайлап ұрғанда ауру сезімі байқалады. Самай сүйегінің рентгенографиясы емізікше өсіндінің ойықтарының қарайғанын, іріңмен толғанын, сонымен бірге ойықаралық сүйекті қабырғаларының бұзылғанын көрсетеді. Ауруды объективті зерттеп жинаған мәліметтер бойынша мастоиидит қойып немесе болжап, диагнозды анықтау немесе хирургиялық көмек көрсету үшін ЛОР- бөлімшеге жедел жіберу керек, өйткені мастоиидит өте ауыр асқынулар беруі мүмкін.

Балалар жіті отиті.

Созылмалы іріңді ортаңғы отит - өте жиі кездесетін ауру, онда есту қабілеті нашарлап, ішкі құлақтың тепе-теңдік (вестибуляр) қызметі бұзылып қана қоймайды, сонымен қатар адам өміріне қауіпті ауыр асқынулар да болады.

Бұл ауру белгілеріне дабыл жарғағының тесілуі, үнемі немесе ауық-ауық құлақтан ірің ағуы, әртүрлі дәрежеде есту қабілетінің төмендеуі жатады. Созылмалы отитті – қалпына келу мен бұзылу күштері арасындағы тепе-теңдік деуге болады, яғни организм инфекциямен күресе алмайды, ал инфекция қабыну процесін қоздыра алмайды. Бұл қабыну ошағында регентативті механизм бұзылған жәнеқұрылымы бұзылған тканьдердің орны толмайды деген сөз. Ортаңғы құлақтың созылмалы отиті диабет, авитаминоз (С,В); зат алмасуының бұзылуы сияқты аурулардың тууына себепші болады, сонымен бірге тұрмысының нашарлығы, ортаңғы құлақ қабынуы кезінде уақытылы тәжірибелі көмектің көрсетілмеуі де әсерін тигізеді. Ортаңғы құлақтың созылмалы қабынуындағы микрофлора әртүрлі және өзгермелі келеді. Созылмалы процеспен мұрын қуысы, жұтқыншақтың мұрын бөлігі, мұрын маңы қуысы аурулары бірге жүреді, әсіресе көбіне есту түтігінің желдеткіш қызметін бұзатын аденоидтар пайда болады.

Шырышты қаықта эпителийдің бұзылуы, шырышты қабықтың некрозы мен фибромасы, васкулиттердің болуы, инфильтрациясы, полип грануляциясы сияқты морфологиялық өзгерістер болады. Созылмалы ортаңғы отиттің, клиникалық тұрғыдан екі негізгі түрі болады: мезотимпанит (ортаңғы құлақтың шырышты қабығымен шектелетін созылмалы қабыну процесі), эпитимпанит (шырышты қабық өзгерісінен басқа, процесс ортаңғы құлақтың сүйекті қабырғасына, есту сүйекшелеріне жайылады). Көп жағдайларда бұл белгілер бірге жүреді, оны эпимезотимпанит деп атайды.

Мезотимпанит үшін әртүрлі дәрежеде есту қабілетінің төмендеуі үнемі немесе ауық-ауық шырышты-іріңді секреттің бөлінуі тән.

Отоскопия. Дабыл жарғағында көлемі әртүрлі тесіктер болады, бірақ оның шеттері сүйекті жиекке жетпейді. Тесіктерден көрініп тұратын шырышты қабық қызарған, қалыңдаған, шырышты-іріңмен толған. Көп мөлшерде бөлінетін ірің созылмалы, тұтқыр келеді.

Рентгенограммада емізікше өсінді сүйегінің тығыздалғаны көрінеді. Флорасы – стрептококк, протей, көріңді таяқша.

Эпитимпанит. Шағымы: Әдетте ауру есту қабілетінің қатты төмендегеніне, құлақтан жағымсыз иісті кейде қан аралас іріңнің шығуына, самайға берілетін бас ауруына, құлақты уқалаған кезде бастың айналатынына шағым айтады.

Отоскопия. Есту тесігінде жасыл-сары түстес, қоймалжың шірік иісті, кейде холестеатома аралас ірің жиналған. Тесік жарғақтың керілмеген бөлігінде, оның шеті сүйектің жиегіне дейін жетеді. Дабыл қуысының жоғарғы бөлімінің сүйекті қабырғасының бұзылғаны байқалуы мүмкін – дабылүсті ойығы (аттика). Көп жағдайларда тесік дабыл жарғағы бөлімін алып жатуы мүмкін. Қою іріңнен басқа грануляция, полип және ақшыл түсті холестеатомды массалар көрінеді.

Сүйектегі бұзылу процестері иірімді каналдың горизонтальды бөліміне жайылғанда (оның ампуласы үңгірдің кіреберісіне жақын орналасқан) ірің жарғақты лабиринттің жалаңаштанған қабырғасына өтеді. Бұл жағдайға іріңнен тазартқан кезде аурудың басы айналуы, лоқсуы, тепе-теңдігін жоғалтуы мүмкін. Бұл ішкі құлақтың сүйекті қабырғасының бұзылғанын көрсетеді.

Рентгенограммада мезотимпанитке қарағанда, самай сүйегінің бұзылу ошақтары байқалады. Ортаңғы және ішкі құлақтардың сүйекті тканінің бұзылуы холестеатоманың әсерінен болады.

ОТОГЕНДІ АСҚЫНУЛАР

Отогенді бас сүйегі ішілік асқынулар ауыр ауруға жатады, көп жағдайларда оның ақыры өте қауіпті болады. Бас сүйегінің ішіне инфекция оның қуысын ортаңғы құлақ қуысынан бөліп тұратын сүйекті қабырғаның бұзылуы нәтижесінде түседі. Асқынудың негізгі себептері мастоиидит, созылмалы іріңді эпитимпанит. Бұларға отогенді менингит, суб-және эпидуральды абцесс, қабыну, мишық абцесі, сепсис жатады.

Отогенді менингит

Дабыл қуысы төбесінің, үңгірдің зақымдануы инфекцияға жол ашады. Симптомның ауырлығы ми қабығына тараған процеске байланысты. Отогенді менингитке ең тән белгілер мыналар:

1) созылмалы отит не оның күшеюі кезінде болатын жайылған өте қатты бас ауруы;

2) бас сүйегі ішіндегі қысымның көтерілуіне байланысты ешқандай лоқсусыз «атқылап құсу»;

3) желке бұлшықетінің сіресіп қалуы (ауру иегін төс тұтқасына тигізе алмайды және дәрігер аурудың басын төсіне қарай қолымен игенде мойын бұлшықетінің тартылғаны байқалады, бас аурудың денесімен бірге көтеріледі);

4) аурудың төсекке жату қалпы – басын артқа жіберіп, қырынан жатады, аяқтары тізесінен бүгілген, қолдары екі тізесінің арасында болады;

5)

ЛАБИРИНТИТ

Ішкі құлақтың қабынуын лабиринтит дейді. Иірімді каналдар қабырғаларының кариестен, холестеатомадан бұзылуы салдарынан ішкі құлаққа инфекция өтеді. Көбіне сыртқы канал бұзылады, өйткені ол емізікше өсіндінің ұялы құрылымымен бәрінен де жақынырақ жанасқан, аз бұзылу процесі көбіне осы өсіндіде дамиды. Лабиринттің зақымдану белгілеріне бастың айналуы (тыныштық жағдайда немесе қимылдағанда) жүрістің бұзылуы, лоқсу, құсу жатады. Шектелген лабиринтитке фистульды симптомдар тән: құлақты іріңнен тазартқанда кенет аурудың басы айналып, қарсы жаққа басы «лақтырылғандай» сезім пайда болады. Бұл сыртқы иірімді канал қабырғасының зақымдануына байлансыты. Осы аймақты сәл басқанда перилимфа жылжып каналдар рецепторы қозады. Диффузды лабиринтитте аурудың басы айналып, ол бірнеше сағатқа созылуы мүмкін, сонымен қатар үнемі құсу да бірге жүреді. Іріңді лабиринтит вестибуляр аппараты мен дыбыс анализаторлары рецепторларының толық бұзылуына соқтырады яғни сол жақта рефлекс жоғалып, есту қабілеті толығымен жойылады.

Клиникалық көрінісі.Ортаңғы құлақтың іріңді жіті немесе созылмалы отиті жағдайында аурудың басы айналып, жүрісі бұзылады.

Объективті симптомдары: 1) Кенет болатын нистагм, алдымен зақымданған құлаққа бағытталады, кейін осы құлақтың рецепторлары әлсірегеннен немесе өлгеннен кейін, ол өзінің бағытын өзгертіп, оның тез компоненті сау құлаққа қарай бұрылады.

2) Саусақ-мұрын байқауында ауру екі қолымен де нистагмның баяу компонентіне яғни сауц құлаққа қарай жаңсақ кетеді. Бұл ауруды мишық абсцесінен ажырата білу керек.

3) Ромберг қалпына ауру сау құлаққа қарай қисаяды.

Емдеу.Ортаңғы құлақты ірің ошағынан тазарту үшін операция жасау керек. Қабынуға қарсы жан-жақты терапия (антибиотиктер, сульфаниламидтер), дегидрациялық терапия.

Наши рекомендации