Жедел қан тамыр жетіспеушілігі.

Қан айналым жетіспеушілігі кезінде ішкі мүшелер мен ұлпаларды қажетті

коректік заттармен қамтамасыз ету және метоболизмнің заттарын сыртқа

шығару функциясы төмендеуі. Қан айналым жетіспеушілігі миокардтың

жиырылуы күшінің төмендеуі мен тамырдың бұлшық ет қабатының то-

нусының төмендеуіне байланысты болады.

Жүрек және тамыр компоненттері әр ауруда әр түрлі түрде бұзылады.

Кей науқаста тамыр компоненті басым болады. Кейде жүрек тамыр жетіспеушілігі қатар кездесуі мүмкін .

Тамыр жетіспеушілігі жедел және созылмалы болады.

Созылмалы тамыр жетіспеушілігі гипотониямен байқалады.

Жедел тамыр жетіспеушілігін клиникада алатын орны зор .

Жедел тамыр жетіспеушілігі :

1.Естен тану.

2. Коллапс.

3. Шок

Оның себептері:

Депоға немесе басқа тамыр саласына қанның ауысуы салдарынан айналымдағы қан мөлшерінің азаюы

Сұйықтық немесе қанның азаюы .

Қанның сұйық бөлігінің ұлпаларға өтуі.

Осы себептердің әсерінен жедел тамыр жетіспеушілігі дамиды. Ол көп ауруларда кездеседі. Мысалы:

инфекциялық ауруларда , күшті қан кетуде,зақымдануларда, анафилактикалық шокта, тамақтармен улануда, өте күшті ауруларда, қорыққанда .

Естен тану - бұл мидың қан айналымының бірден азаюынан дамитын тамыр жетіспеушілігінің бір формасы. Бұл кезде қан бірден құрсақ артерияларына ауысып кетеді.

Себептеріне қарай түрлері:

1. Вазоматорлы түрі- өткір тамыр жетіспеушілігі түрінде өтеді.

2. Вагусты түрі- жүрек ритмінің сиреуімен кейде жүрек жұмысының тоқтауымен өтеді.

3. Гомеостаздық түрі-гомеостаз бұзылысымен байланысты түрі.

4. Жүректік түрі- жүрек жұмысының бұзылысымен байланысты түрі.

Естен танудың вазоматорлы және вагустық түрі тамырлардың жүйкелік басқарылуының бұзылуы салдарынан дамиды. Естен тану әлсіз жүйелі адамдар қорыққанда, адам өз қалпын бірден өзгерткенде (жатқан жерінен бірден көтерілсе ), ұзақ уақыт аяқта тік тұрғанда,қатты күшенгенде,кеуде ішілік қысым жоғарылағанда (м:жөтелгенде,несеп бөлгенде,физикалық жүктеме кезінде,жүктіліктің соңғы уақыттарында) стрестерде,инъекция жасағанда,қан көргенде,ауру сезгенде дамиды.М:бүйрек,бауыр шаншуы.

Жүректік естен тану-жүректің систолалық және минуттық көлемінің төмендеуінен дамиды және бұл түрі толық атриовентрикулярлық блокадаларда, экстрасистолияларда, қарыншалық пароксизмдік тахикардия ұстамасында,миокард инфарктында, қолқа стенозында байқалады.

Естен танудың дамуына әкелетін факторлар:

1.Астениялы констиуция.

2.Ұйқының дұрыс болмауы.

3.Психоэмоционалды күйзелістер.Жүдететін аурулар,инфекциялар.

4.Қан аздық.

5.Құнарлы тамақтанбау.

6.Цереброваскулярлық бұзылыстар-ұйқы артерияларының стенозы,ұсақ артериялардың спазмы.

7.Эпилепсия,истерия.

8.Гипогликемия.

Бұл кезде науқаста төмендегі белгілер байқалады: кенеттен болатын жалпы әлсіздік,бас айналуы,құлақтағы ызың шу, көз алдының қараюы, аяқ-қолдарының мұздап және жаны кетіп қалғандай сезінуі,жүрек айну, терісі бозарады, суық тер басып науқас уақытша есінен танады.

Қарағанда:

1.Терісінің түсі бозғылт.

2.Терісін мұздай тер басқан.

3.Аяқ-қолдары мұздай.

4.Пульс әлсіз,сирек-брадикардия.

5.Қан қысымы төмен.

6.Тыныс алуы үстіртін,брадипноэ

7.Көз қарашығы тарылған.

8.Тері сезімталдығы төмендеген.

9.Конъюнктивальды рефлекс жоқ.

Жедел көмек:

-Дәрігерді шақыру.

-Ыңғайлы етіп жатқызу, аяқ жағын бас деңгейінен сәл жоғары етіп орналастыру керек. Ол миға қан ағуын күшейтеді.

-Тар киімнен босату керек.

-Таза ауамен қамтамасыз ету.

-Вазомоторлық орталықты тітіркендіру үшін аммиак ерітіндісіне малынған мақта шаригін иіскету керек,сонымен самайларын сүрту.

-Есіне келгенде шай,кофе ішкізу.

-Көмектеспесе тері астына 10% кофеиннен 1-2 мл ,1% мезатоннан 1 мл немесе 25 % кордиаминнен 1 мл егу керек.

Коллапс-тамыр тонусының регуляциясы бұзылғандықтан дамитын тамыр жетіспеушілігі.

Коллапс ауыр инфекциялық ауруларда,күшті қан кетулерде, құсу, іш өтулерде және басқада көп мөлшерлі сұйықтықтың азаюымен қатар жүретін жағдайларда кездеседі.

Коллапс кезінде өте әлсіздік байқалады, бірақ естен танбауы да мүмкін. Клиникалық белгілері өте ұқсас келеді. Терілері боз, суық тер, пульсі жиі әлсіз. Қан қысымы төмен, демі үстіртін, жиі. Аяқ- қолы суық.

Коллапс төрт дәрежелі болады:

I дәрежелі- АҚ 90 мм. С. б.б.

ІІ дәрежелі АҚ 90 – 70 мм.с.б.б.

ІІІ дәрежелі АҚ 50 – ге дейін

ІV дәрежелі АҚ 50 мм.с.б.б.

Емі :

І Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек.

1 Ең бірінші коллапсты тудырған себептерін жою.

Ауыз қуысын шырыштан ,құсық массаларынан резеңке балон немесе дәкелік салфеткамен тазарту.

Ұйқы артерияларындағы пульсті, тыныс алуын тексеру,егер олар анықталмаса жасанды дем алу және жүрекке жабық массаж жасау жүргізіледі.

Егер коллапс қан кетуде дамыса онда іс шаралар қан кетуді тоқтатуға бағытталады, тыныс алуы және қан тамырдың соғуы байқалса пациентті бүйіріне жатқызу керек басына мұзды мұйық қою , таза ауа енуін қамтамасыз ету.

ІІ этап

1 Плазма орнына қолданылатын ерітінділер –полиглюкин 200-500 мл,реополиглюкин 400-800 мл көктамырға тамшылатып.

2 Кортикостероидтарды енгізу-преднизолон 90- 120мг.Гидрокортизон 125-250 мг көктамырға.

3 Инфузиялық терапия 0,9%-200 мл натрий хлор ерітіндісін 10 минут бойы көктамырға енгізу.Қан қысымы қалыпты деңгейіне жеткенде осы мөлшерде қайта енгізу.

Әсер етпеген жагдайда:

-дофамин 4% -5 мл(200 мг)

-400 мл реополиглюкин немесе 5%глюкоза ерітіндісін көктамырға минутына 80-100 тамшы жылдамдықпен тамшылатып систолалық қан қысымы көтерілгенше (90-100 мм.с.б) енгізу.

-норадреналин 0,2%-2 мл (2мг) 5%-400 мл глюкоза немесе изотоникалық ерітіндімен көктамырға тамшылатып енгізу, алғашқыда минутына 10-15 тамшы жылдамдықпен,кейін біртіндеп минутына 20-60 тамшыға дейін көбейтіледі.Систолалық қан қысымының деңгейі 100-115 мм.с.б. ұстау керек.

Шок .

Шок дегеніміз ағзаларға өмірге қауіпті қанағымының төмендеуінен, гипоксия және метаболизмдік бұзылыстар нәтижесінде жасушалар қызметінің бұзылуымен айқындалатын патологиялық жағдай.Шок – тамыр жетіспеушілігінің ауыр формасы.

Себептеріне байланысты шок түрлері :

1 Гиповолемиялық шок: себептері-ішкі және сыртқы қан

кетулер, плазма жоғалту ( күйіктер, дегидратация, құсу, диарея, ішектің түйілуі, панкреатит, қант диабеті.

2.Кардиогендік шок : себептері миокард инфаркты, жүрек ырғағының бұзылысы, өкпе артериясының эмболиясы .

3.Септикалық шок : себептері – бактериялар , вирустар.

саңырауқұлақтар т,б қоздырғыштар дамытатын инфекциялық процесстерде, эндотоксиндердің бөлінуі.

4.Нейрогендік шок : себептері бас ми жарақаты, параплегия, вазовагальдық естен тану.

5. Анафилактикалық шок-дәрілік препараттарға немесе бөгде белоктарға организмнің өте жоғары сезімталдығы.

6.Гемотрансфузиялық шок-топ және резус факторы бойынша сәйкес емес қанды құю.

7. Күю шогы-дененің көп көлемді күюі.

8.Жарақаттық шок-жарақат, жаралар.

Клиникалық белгілері:

Шок симптомдары әр түрлі ауруға байланысты болады. Науқас бозарады, қан қысымы төмендейді, систолалық пульс 80 – нен төмен, пульстік қысым 20 мм.с.б. Науқас терісі мәрмәр түске ауысуы мүмкін. Аяқ- қолдары суып, кейде акроцианоз дамиды. Көз қарашықтары кеңейген, суық тер қаптайды. Тілі құрғақ, пульсі жиі, әлсіз. Науқас есі өзгеріп, селқос болады. Кейде олигурия, тіпті анурия дамуы мүмкін.

Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек.

1. Науқастың аяқ жағын көтеріңкі етіп бүйіріне жатқызу.

2. Мұрын маскасы арқылы оттегі беру.

3. Өмірге маңызды ағзалар қызметін бақылау.

4. Қажет жағдайда интубация , жасанды өкпе вентиляциясы ЖӨР . Жүрек өкпелік реанимация.

Науқастың тоңуының алдын алу .

Қан қысымын, пульсті тұрақты бақылау.

Қажет жагдайда қан кетуді тоқтату.

Бұдан кейінгі іс шаралар шок түріне байланысты.

Наши рекомендации