Патофизиология пӘнінен тест тапсырмалары
1. Патологиялық физиология - бұл, туралы ғылым
A) +Аурудың пайда болуы, ағымы және аяқталуының жалпы заңдылықтары
B) Физиологиялық жағдайдағы организмнің тіршілігі
C) Аурулардың жіктелуі мен аталуы
D) Аурудың клиникалық көріністері
Е) адам организміне дәрілік заттардың әсері
2. Патологиялық физиологияның міндеттеріне жатады
A) +жалпы этиология және патогенезді зерттеу
B) белгілі бір науқаста ауру өтуінің ерекшеліктерін зерттеу
C) аурудың нақтылайтын аңғарымын зерттеу
D) ауруды зертханалық аңғарымдау сұрақтарын өңдеу
E) ауруды аспаптық аңғарымдау сұрақтарын өңдеу
3. Жануарларда тәжірибеде зерттеу мүмкін болмайды
A) аурудың алғашқы кезеңін
B) организмге жаңа дәрі-дәрмектердің әсерін
C) аурудың емделмеген түрін
D) +аурудың тұлғалық белгілерін
Е)ауру дамуына орта жағдайларының ықпалын
4. Патофизиологиялық тәжірибеде міндеттісі
A) +жануарларда адам ауруларын үлгілеу
B) қызметтік көрсеткіштерді зерттеу
C) тіндер мен ағзаларда морфологиялық өзгерістерді зерттеу
D) биохимиялық көрсеткіштерді зерттеу
E) аурудың клиникалық көріністерін зерттеу
5. Жалпы нозология - бұл:
A) аурулар пайда болуының себептері және жағдайлары туралы ілім
B) аурулардың даму тетіктері туралы ілім
C) біртектес дерттік үрдістер туралы ілім
D) организм реактивтілігінің дерттанудағы маңызы туралы ілім
E) +ауру туралы жалпы ілім
6. Аурудың нышандарына жататыны
A) +науқастың шағымдары
B) +аурудың дамығанын көрсететін тексерудің дәлелімді мәліметтері
C) жұмысқа қабілеттілігінің жоғары болуы
D) +организмнің қорғану-бейімделуінің төмендеуі
E) әлеуметтік және жан-дүниелік сәттілік
7. Денсаулықтың нышандарына жататыны
A) +организм тіршілігінің қалыпты көрсеткіштері
B) жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі
C) әлеуметтік және жан-дүниелік сәтсіздік
D) жүктемеге бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуі
E) денеде физикалық ақаулардың болуы
8. Жұқпалы аурулардың даму сатыларының дұрыс бірізділігі
A) аурудың аяқталуы 4
B) инкубациялық кезең 1
C) аурудың айқындалуы 3
D) хабаршы кезең 2
9. Аурудың бейнақты белгілері тән
A) жасырын кезеңіне
B) +хабаршы кезеңге
C) инкубациялық кезеңге
D) аурудың айқындалу кезеңіне
E) аурудың аяқталуына
10.Аурудың арнайы белгілері байланысты
A) +аурудың себептеріне
B) ауру дамуына септесетін жағдайларға
C) ауру дамуына кедергі жасайтын жағдайларға
D) организмнің реактивтілігіне
E) науқастың жасына.
11. Дерттік үрдіс аталады
A) организм үшін бейімделулік маңызы жоқ қалыптан тыс тұрақты ауытқу
B) сыртқы орта жайттарымен ағзалар және тіндердің зақымдануы
C) түрлі ықпалдарға организмнің, тіндердің, ағзалардың сәйкессіз жауабы
D) +зақымданған тіндер, ағзалар немесе организмде зақымдану және қорғану-бейімделу әсерленістерінің жиынтығы
E) бейімделу сипаты бар қалыптан тыс ауытқу
12. Біртектес дерттік үрдістерге жатады
A) буынның қозғалмай қалуы
B) +қызба
C) көз күйігі әсерінен соқырлық
D) тісті жұлғаннан кейінгі қуыс
Е) отиттен кейінгі кереңдік
13. Дерттік жағдайға мысал болады
A) инсулинді артық енгізгеннен кейінгі гипогликемия
B) өспелер
C) +тісті жұлғаннан кейінгі альвеолалық өсіндінің атрофиясы
D) өкпе артериясының тромбозындағы жүрек артериолалырының спазмы
E) ісіну
14 . Дерттік әсерленіске мысал болады
A) +жағымсыз эмоциялар әсерінен АҚ төмендеуі
B) тіннің тыртықтық өзгерісі
C) аяқты алып тастағаннан соңғы тұқыл
D) митралды тесіктің тарылуы
E) фурункулез
15. Өлу кезеңдерінің дұрыс бірізділігі:
A) +агония алды, ақтық үзіліс,агония, клиникалық өлім
B) ақтық үзіліс, агония алды, агония, клиникалық өлім
C) агония алды, агония, ақтық үзіліс, клиникалық өлім
D) агония алды, ақтық үзіліс, агония, биологиялық өлім
E) агония алды, агония, клиникалық өлім, ақтық үзіліс
16. Жалпы этиология – бұл
A) + ауру пайда болуының себептері және септік жағдайлары туралы ілім
B) аурудың даму тетіктері туралы ілім
C) ауру туындауындағы жағдайлар туралы ілім
D) ауру туралы жалпы ілім
E) өлу тетіктері туралы ілім
17. Ауру себебінің 2 негізгі сипатын анықтаңыз
A) +аурудың пайда болуына қажет жайт
B) +Ауруды дамытып, оған арнайы көрініс беретін жайт
C) аурудың ауырлығы мен ұзақтығын анықтайтын жайт
D) аурудың жиілігіне әсер ететін жайт
E) аурудың арнайы емес көріністерін анықтайтын жайт
18. Ауру себебі бола алады
A) +механикалық жайттар
B) организмнің конституциялық ерекшеліктері
C) жас мөлшері
D) балалық шақ
E) жыныс
19. Физикалық этиологиялық жайттарға жатады
A) ауыр металл тұздары
B) вирустар
C) пестицидтер
D) гельминттер
E) +иондаушы сәуле
20. Аурудың пайда болуына
A) бір себептің әсері жеткілікті
B) себеп болмаса да жағдайлар жиынтығы қажет
C) +ауруды туындататын себеп те, септік жағдай да қажет
D) себептер жиынтығы әсер етуі қажет
E) тұқым қуалауға бейімділік міндетті түрде қажет
21. Сыртқы этиологиялық жайттарға жатады
A) дерттік тұқым куалаушылык
B) +микроорганизмдер, вирустар
C) жыныс
D) конституция
E) жас мөлшері
22. Ауруды туындататын ішкі жағдайға жататыны
A) гиподинамия
B) +конституция
C) жағымсыз әдеттер
D) суықтау
E) тамақтанудың бұзылыстары
23. Сыртқы этиологиялық жайттарға жататыны
A) қарттық шақ
B) +сапасыз тамақтану
C) конституцияның қалыптыдан ауытқуы
D) өзгерген тұқым қуалауышлық
E) ерте балалық шақ
24. Ятрогендік аурулардың себебі болуы мүмкін
A) жұқпа
B) +медицина қызметкерлерінің қателері
C) науқастың мінез-құлқы теріс болуы
D) организм реактивтілігінің төмендеуі
E) қарқынды дерттік жайттың төтенше әсері
25. Механикалық этиологиялық жайттарға жатады
A) + қысылу
B) сілтілер
C) төмен температура
D) электр ағымы
E) иондаушы сәуле
26. Ауруды туындататын ішкі этиологиялық жайтқа жататыны
A) +жыныс
B) бактерия
C) вибрация
D) иондаушы сәуле
E) шу
27. Тұқым қуалаушылықтың этиологиядағы маңызы
A) ауру тек себебі бола алады
B) ауру пайда болуының тек жағдайы бола алады
C) +ауру пайда болуының себебі де, жағдайы да бола алады
D) этиологияда ешқандай маңызы жоқ
E) тек ауру патогенезінде маңызы бар
28. Бір топ саяхатшы нөсер жаңбыр астында қалды. Бір күннен кейін біреуі пневмониямен ауырды. Аурудың себебін анықтаңыз.
А) мұздау
В) +жұқпа
С) гипоксия
D) организм төзімділігінің төмендеуі
Е) жүктемелік зорығу
29. Гипертониялық ауру (А.Бочковтың жіктеуі бойынша) жатады:
A) нағыз тұқым қуалайтын ауруларға
B) +полигендік ауруларға
C) тек сыртқы орта әсерінен дамитын ауруға
D) моногендік ауруларға
E) хромосомдық ауруларға
30. Аурудың даму жолдарын зерттеу мына сұраққа жауап береді
A) ауру неге пайда болды?
B) ауру пайда болуының себебі не?
С) ауру дамуына не септеседі?
D) ауру дамуына не кедергі келтіреді?
E) +ауру қалай, қайтіп дамиды?
31. Патогенездің бастапқы тізбегі– бұл
A) + алғашқы зақымдану
B) аурудың асқынуы
C) созылмалы түрге ауысуы
D) салдарлық зақымдану
E) кері айналып соғу шеңберін түзуі
32. Жасушалық деңгейдегі зақымданудың мысалы
A) орақ тәрізді жасушалы анемия кезінде глобиннің бета-тізбегіндегі глутамин қышқылының валинге алмасуы
B) +иммундық тромбоцитопения
C) қантты диабет кезінде вазопрессин түзілуінің бұзылуы
D) гемофилия А кезінде VIII жайттың тұқым қуалайтын тапшылығы
E) жүрекшелік-қарыншалық тесіктің тарылуы
33.Аурулар патогенезіндегі кері айналып соғу шеңбері– бұл
A) аурудың өршу және ремиссия кезеңдері бар созылмалы түрге ауысуы
B) аурудың қайталануы
C) + аурудың үдеуіне септесетін, патогенездің жекелеген тізбектері арасында, оң кері байланыстың пайда болуы
D) патогенездің негізгі тізбегі
E) аурудың асқынуы
34. Қантты диабет патогенезінің негізгі тізбегі
A) стресс
B) +инсулиннің жеткіліксіздігі
C) гипогликемия
D) полидипсия
E) полиурия
35. Қансырауда оттегінің тасымалдануының бұзылуы жүрек қызметінің бұзылысына әкеледі, бұл оттегі тасымалдануы бұзылуын одан әрі тереңдетеді. Бұл мысалы:
A) патогенездің негізгі тізбегінің
B) +кері айналып соғу шеңберінің
C) үрдістің жайылып кетуінің
D) патогенезде жергілікті және жалпы әсерленістердің арақатынасының
E) қорғаныстық икемделістік тетіктері қосылуының
36. Қабынудың этиотропты емдеуіне жатады
A) глюкокортикоидтармен емдеу
B) антиоксиданттарды қолдану
C) антигистаминдік дәрілерді қолдану
D) +бактерияларға қарсы ем қолдану
E) физио ем
37. Биіктік ауруы кезінде көгеру патогенезі қанда артық болуына байланысты
A) оксигемоглобиннің
B) карбгемоглобиннің
C) карбоксигемоглобиннің
D) +дезоксигемоглобиннің (тотықсызданған гемоглобиннің)
E) метгемоглобиннің
38. Патогенездің негізгі тізбегі - бұл
A) +патогенездің басқа тізбектерінің өрбуіне әкелетін тізбек
B) патогенездің бастапқы тізбегі
C) алғашқы зақымдану
D) салдарлық зақымдану
E) патогенездің кейбір тізбектерінің арасында теріс кері байланыстың қалыптасуы
39. Патогенездік емнің негінде жататыны
A) аурудың жекелеген көріністеріне әсер ету
B) аурудың пайда болу себептеріне әсер ету
C) +ауру патогенезінің негізгі тізбектеріне әсер ету
D) организмнің реактивтілігіне әсер ету
E) аурудың пайда болу жағдайларына әсер ету
40. Биіктік ауруы кезінде қорғану бейімделулік маңызы бар
A) көгерудің
B) селкілдектің
C) +эритроцитоздың
D) қозғалыстар үйлесімділігі бұзылуының
E) брадипноэнің
41. Әрбір тұлғаның бірегейлігі анықталады
A) түрлік реактивтілікпен
B) топтық реактивтілікпен
C) +даралық реактивтілікпен
D) арнайы емес реактивтілікпен
E) организмнің төзімділігімен
42. Арнайы дерттік реактивтілікке мысал болады
A) +аллергия
B) түрлік реактивтілік
C) наркоз жағдайындағы реактивтілік
D) сілеймедегі реактивтілік
E) жұқпалы аурудан кейінгі иммунитет
43. Арнайы физиологиялық реактивтілікке жатады
A) аллергия
B) иммунотапшылықты жағдайлар
C) аутоиммундық үрдістер
D) +иммунитет
44. Жануарлардың қысқы ұйқысы мысал болады
A) +түрлік реактивтілікке
B) топтық реактивтілікке
C) даралық реактивтілікке
D) арнайы реактивтілікке
E) патологиялық реактивтілікке
45. Организмнің төзімділігі– бұл
A) біртұтас организмнің қоршаған ортаның әсеріне тіршілігін өзгертуімен жауап беру қасиеті
B) тітіркендіргішке организмнің жауабы
C) тітіркендіргішке организмнің әлсіз жауабы
D) +ауру туындататын ықпалдарға организмнің тұрақтылығы
E) организмнің қоршаған ортаның жайттары әсеріне сезімталдығы
46. Белсенді төзімділіктіңмысалы болады
A) құрт-құмырсқалар, тасбақалардың қатты жабындылары
B) микробтардың түсуіне кедергі келтіретін тері және шырышты қабықтар
C) сүйектер мен тірек-қимылдық мүшелерінің тіндері
D) +фагоцитоз
E) гистогемдік тосқауылдар
47. Бейнақты төзімділіктің мысалы болады
A) уды бейтараптандыру үрдісі
B) «жедел кезеңнің» жауабы
C) егу
D) аурудан кейінгі иммунитет
E) +асқазан сөлінде НCl мөлшері
48. Балалық шақ реактивтілігінің ерекшеліктері
A) +биологиялық тосқауылдардың жоғары өткізгіштігі
B) аурудың созылмалы өтуі
C) биосинтез үрдістердің тежелуі
D) өспелердің үлкен жиілігі
E) аурудың көп болуы
49. Гиперстениктерге тән
A) өкпенің тіршілік сыйымдылығының салыстырмалы жоғары болуы
B) +қанда глюкозаның жоғары деңгейі, АҚ аса жоғары болуы.
C) ішектің қимылы мен сіңірулік қабілетінің төмендігі
D) бүйрек үсті бездерінің қызметі мен қанда глюкоза деңгейінің төмен болуы
E) эпигастр бұрышының сүйір болуы
50. Астеникке тән белгілер:
A) эпигастр бұрышы доғал
B) +негізгі алмасудың деңгейі жоғары жөне қанда глюкоза мен холестерин деңгейі салыстырмалы түрде төмен
C) негізгі алмасудың деңгейі төмен
D) гиперхолестеринемия және жүректің көлденең орналасуы
E) артериялық гипертензияға, өт-тас ауруы дамуына бейім
51. Ісіну – бұл
A) сірі қуыстарда сұйықтың жиналуы
B) +қан және тіндер арасында су алмасуының бұзылуынан тіндерде және тін аралық кеңістікте сұйықтың дерттік жиналуы
C) лимфа түзілуінің жоғарылауы
D) қантамырлық сұйықтың көбеюі
E) гиперволемия
52. Ісінудің патогенезінде маңызы бар
A) +қан тамырлары өткізгіштігі жоғарылауының
B) әлдостерон мен ДҚГ түзілуі азаюының
C) тіндерде онкотикалық және осмостық қысым төмендеуінің
D) қанның онкотикалық қысымы жоғарылауының
E) қылтамырішілік қысым төмендеуінің
Ісіну – бұл
A) ауру алды
B) аурудың нозологиялық түрі
C) дерттік жағдай
D) +дерттік үрдіс
E) дерттік әсерленіс
54. Іркілулік ісінудің патогенезінде аса маңыздысы
A) +гемодинамикалық жайт
B) онкотикалық жайт
C) қан тамырлық жайт
D) тіндік жайт
E) жүйкелік-ішкі сөлденістік жайт
55. Аллергиялық ісінудің патогенезінде аса маңыздысы
A) тіндік жайт
B) гемодинамикалық жайт
C) жүйкелік-ішкі сөлденістік жайт
D) онкотикалық жайт
E) +қан тамырлық жайт
56. Ренин-ангиотензин-әлдостерондық жүйенің әсерленуі (РАӘЖ) ісінулер дамуында маңызы бар
A) қабынуда
B) +жүрек жеткіліксіздігінде
C) аллергияда
D) лимфа жеткіліксіздігінде
E) ашығуда
57. Жүректік ісінудің патогенезіндегі бастапқы тізбек болып табылады
A) қанда ДҚГ мөлшерінің жоғарылауы
B) бүйректің ШМҚ (ЮГА) ренин шығуының жоғарылауы
C) +жүректің минөттік көлемінің азаюы (ҚМК)
D) қан тамырлары өткізгіштігінің жоғарылауы
E) бүйрек өзекшелерінде натрий мен судың кері сіңірілуінің күшеюі
58. Онкотикалық фактор ісінудің патогенезіндегі негізгі рөл болып табылады
A) лимфа ағып кетуінің қиындауында
B) аллергияда
C) қабынуда
D) жүрек жеткіліксіздігінде
E) +нефроздық синдромда
59. Қан тамырлары қабырғасы өткізгіштігінің жоғарылауы, ісіну патогенезінің негізгі рөлі болып табылады
A) жүрек жеткіліксіздігінде
B) ашығуда
C) бауыр жеткіліксіздігінде
D) +ара, сона шаққанда
E) іркілулік ісінулерде
60. Ісінудің жүйкелік-ішкі сөлденістік жайты – бұл
A) +ДҚГ мен әлдостерон түзілуінің екіншілік артуы
B) әлдостеронның салдарлық тапшылығы
C) диурезге қарсы гормонның (ДҚГ) жеткіліксіз түзілуі
D) гиперинсулинизм
E) симпатикалық-адреналдық жүйенің әсерленуі
61. Бауырда гликогенез гликогенолизден басым болады
A) +гликогеноздарда
B) гипоксия кезінде
C) гепатиттерде
D) қантты диабетте
E) қызбада
62. Бауырда гликогенолиздің күшеюі байқалады
A) гликогеноз кезінде
B) симпатикалық жүйке жүйесі тонусы төмендегенде
C) кортизол өндірілуі төмендегенде
D) +адреналин өндірілуі жоғарылағанда
E) инсулин артық түзілгенде
63. Көмірсудың аралық алмасуының бұзылуы артық түзілуіне әкеледі
A) глутамин қышқылының
B) +пирожүзім және сүт қышқылының
C) арахидон қышқылының
D) глютамин мен аспарагиннің
E) бета-окси май қышқылының
64. Гипогликемияны, артықтығы туындатады
A) адреналиннің
B) тироксиннің
C) глюкокортикоидтардың
D) соматотропты гормонның
E) + инсулиннің
65. Қауырт гипогликемияның себебі болып табылады
A) ашығу
B) бүйрек үсті безінің созылмалы жеткіліксіздігі
C) гликогеноздар
D) +инсулинді артық енгізу
E) инсулинома
66. Гипогликемиялық кома патогенезінің негізгі тізбегі
A) +мый нейрондарының көмірсулық және қажымдық «ашығуы»
B) миокардтың көмірсулық «ашығуы»
C) қанның гиперосмиясы
D) теңгерілмеген кетоацидоз
E) теңгерілген ацидоз
67. Гормондық гипергликемия дамиды
A) инсулиннің артықтығында
B) глюкокортикоидтардың тапшылығында
C) + глюкагонның артықтығында
D) адреналиннің тапшылығында
E) соматотропиннің тапшылығында
68. Инсулиннің ұйқыбездік жеткіліксіздігі дамиды
a) инсулинге антиденелер түзілгенде
b) инсулин плазма нәруыздарымен берік байланысқанда
c) +Лангерганс аралшықтарының бета-жасушалары бүлінгенде
d) инсулинге қарсы гормондардың сөлденісі төмендегенде
e) бауыр инсулиназасының белсенділігі жоғарылағанда
69. Инсулиннің ұйқыбезінен тыс жеткіліксіздігінің себебі болуы мүмкін
A) Лангерганс аралшықтарының бета-жасушаларына аутоантиденелер түзілуі
B) Лангерганс аралшықтарының аймағында қанайналымы бұзылуы
C) панкреатитпен ауырған соң
D) ұйқы безінің өспелермен зақымдануы
E) +контринсулиндік гормондардың (АКТГ) мөлшері жоғарылауы
70. Инсулиннің ұйқыбезінен тыс жеткіліксіздігінің патогенезінде маңызы бар
a) Лангерганс аралшығы бета-жасушаларына антидене түзілуінің
b) инсулин түзілуінің тектік ақауының
c) бауыр инсулиназасының белсенділігі төмендеуінің
d) +инсулиннің рецепторлары бөгелуінің
e) ұйқы безінде қанайналымы бұзылуының
71. Бүйректен тыс глюкозурия салдары болып табылады
A) гиперлактатацидемияның
B) кетонемияның
C) + гипергликемияның
D) гиперлипидемияның
E) полиурияның
72. Тәуліктік диурез – 5,5л, гликемия - 4,5 ммоль/л, несептің салыстырмалы тығыздығы – 1008. Сіздің тұжырымыңыз:
A) қантты дибет
B) +қантсыз диабет
C) бүйректік глюкозурия
D) қалыпты
E) Фанкони синдромы
73. Тәуліктік диурез – 3,5 л, гликемия -3,2 ммоль/л, несептің салыстырмалы тығыздығы– 1030. Сіздің тұжырымыңыз:
A) қантты дибет
B) қантсыз диабет
C) +бүйректік глюкозурия
D) қалыпты
E) гипостенуриямен қабаттасқан полиурия
74. Тәуліктік диурез – 4,5 л, гликемия -10,2 ммоль/л, несептің салыстырмалы тығыздығы– 1030. Сіздің тұжырымыңыз:
A) +қантты дибет
B) қантсыз диабет
C) бүйректік глюкозурия
D) қалыпты
E) гипостенуриямен қабаттасқан полиурия
75. Диабеттік синдромның дұрыс бірізділігі:
A) Гипергликемия – полиурия- полидипсия – глюкозурия.
B) Полиурия – полидипсия – глюкозурия – гипергликемия.
C) Полидипсия – полиурия – глюкозурия – гипергликемия.
D) Глюкозурия – гипергликемия – полидипсия – полиурия.
E) +Гипергликемия – глюкозурия – полиурия – полидипсия.
76. Қантты диабеттің ерте кезеңіндегі глюкозурияның даму себебі:
A) Кетонемия
B) +Гипергликемия
C) Гиперлипидемия
D) Полиурия
E) Гиперлактатацидемия
77. Гиперлактатацидемияның патогенезінде маңыздысы:
A) гликогенездің күшеюі
B) гликогенолиздің күшеюі
C) липолиздің әсерленуі
D) +анаэробты гликолиздің әсерленуі
E) Кребс орамында тотығудың күшеюі
78. Эмоциялық гипергликемияның патогенезінде маңызды
A) бүйректе глюкоза реабсорбциясының артуы
B) гликогенездің артуы
C) глюконеогенездің тежелуі
D) жасушалармен глюкоза пайдаланылуының бұзылуы
E) +гликогенолиздің күшеюі
79. Исулиннің ұйқы безінен тыс жеткіліксіздігін дамытатыны
A) +исулин рецепторларының бөгелуі.
B) Лангерганс аралшықтары бета-жасушаларының вирустармен зақымдануы
C) панкреатитпен ауырған соң
D) ұйқы безінің өспесі.
E) Лангерганс аралшықтары бета-жасушаларына антидене өндірілуі
80. Қантты диабеттің ерте сатысындағы полиурияның себебі:
A) бүйректің микроангиопатиясы
B) +Глюкозурия.
C) Кетонурия.
D) Гипостенурия.
E) шөлдеу және полидипсия.
81. Газдық ацидоз дамиды
a) асқазан сөлін көп мөлшерде жоғалтқанда
b) +тыныс алу орталығы тежелгенде
c) өкпе гипервентиляциясында
d) гипокапнияда
e) биіктік ауруында
82. Газдық ацидоздың себебі
a) +өкпе гиповентиляциясы
b) тыныс алу орталығы қозуы
c) атмосферада рО2 азаюы
d) экзогендік гипобариялық гипоксия
e) өкпе гипервентиляциясы
83. Газдық емес ацидоздың себебі болып табылады
A) +органикалық қышқылдардың организмде тым артық түзілуі
B) биіктік жағдайда болу
C) өкпе гипервентиляциясы
D) бикарбонаттардың организмде жиналуы
E) толастамайтын құсу
84. Метаболизмдік ацидозға тән
a) гиповентиляция
b) қанда рСО2 жоғарылауы
c) гипокалиемия
d) гипокәлцийемия
e) +сүйектің кәлцийсізденуі
85. Газдық алкалоз дамиды
A) есірткімен уланғанда
B) өкпе эмфиземасында
C) +биіктік ауруында
D) асфиксияда
E) қанайналым жеткіліксіздігінде
86. Газдық емес алкалоз дамиды
A) өкпе гипервентиляциясында
B) ішек жыланкөзінде
C) несеппен негіздерді жоғалтқанда
D) +толастамайтын құсуда
E) бүйрек жеткіліксіздігі кезінде ацидогенез және аммониогенез үрдісінің төмендеуінде
87. Алкалоз дамиды
A) ашығуда
B) қантты диабет кезінде зат алмасу бұзылғанда
C) бүйрек жеткіліксіздігінде
D) гипоксияда
E) +толастамайтын құсу кезінде асқазан сөлін көп мөлшерде жоғалтқанда
88.Қанда рН 7,49 тең болуы көрсетеді
A) теңгерілген алкалозды
B) теңгерілген ацидозды
C) + теңгерілмеген алкалозды
D) теңгерілмеген ацидозды
E) қалыпты рН мөлшерін
89. Әлвеолалық гипервентиляцияның салдары болып табылады
A) + газдық алкалоз
B) газдық емес алкалоз
C) газдық ацидоз
D) қышқылдық-сілтілік үйлесімге әсер етпейді
E) гиперкапния
90. Әлвеолалық гиповентиляцияның салдары болып табылады
A) гипероксемия
B) газдық емес алкалоз
C) +газдық ацидоз
D) газдық алкалоз
E) гипокапния
91. Экзогендік-конституциялық семіру дамиды
A) гипотиреозда
B) гиперинсулинизмде
C) +әдеттегідей артық тағам қабылдағанда
D) гипоталамустың вентромедиалды ядроларын тітіркендіргенде
E) гиперкортицизмде
92. Эндокриндік семіру түрі дамиды
A) соматотропин артық өндірілгенде
B) бүйрек үсті безінің толық жеткіліксіздігінде
C) +глюкокортикоидтардың артық болуында
D) гипертиреозда
E) бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының гипофункциясында
93. Семірудің салдарынан дамиды
A) +атеросклероз
B) теміртапшылықты анемия
C) артериялық гипотония
D) пиелонефрит
E) менингит
94. Алиментарлық гиперлипидемияның патогенезінде маңызы бар
A) қорлардан майдың көп шығуы
B) + майлы тағамды қабылдау
C) майлардың қаннан тінге ауысуының қиындауы
D) гипоальбуминемия
E) қанда липопротеидлипаза белсенділігінің төмен болуы
95. Ішек жолдарында майлардың сіңірілуінің бұзылуы байланысты
A) трипсин белсенділігінің жоғарылауына
B) ұйқы бездік липаза белсенділігінің артуына
C) + ахолияға
D) пепсин белсенділігінің жоғарылауына
E) амилазаның түзілуінің төмендеуіне
96. Ішекте майлардың сіңірілуі бұзылуының салдарына жататыны
A) липидурия
B) гиперлипидемия
C) +стеаторея
D) сарғыштану
E) гипопротеинемия
97. Организмде липидтер жеткіліксіздігінің салдары
a) + простагландиндер мен лейкотриендер түзілуінің бұзылуы
b) Қанның онкотикалық қысымының төмендеуі
c) майда еритін витаминдердің гипервитаминозы
d) семіру
e) суда еритін витаминдердің гиповитаминозы
98. Транспорттық гиперлипидемия дамуында маңыздысы
A) тағаммен организмге майлардың артық түсуі
B) гипоальбуминемия
C) қанда гепарин мөлшерінің азаюы
D) +майлардың қорлардан артық шығуы
E) ішекте майлар сіңірілуінің бұзылуы
99. Семіру дамуының патогенезі байланысты
A) тағамды аз қабылдауға (майлар, көмірсулар)
B) +энергия көзі ретінде майларды аз жұмсалуына
C) көмірсулардан майлардың аз түзілуіне
D) липогенездің тежелуіне
E) липолиздің әсерленуіне
100. Гиперкетонемия байқалады
A) +қантты диабеттің декомпенсациясында
B) әлдстеронизмде
C) гиперпаратиреозда
D) гипопаратиреозда
E) қантсыз диабетте
101.Теріс азоттық тепе-теңдік байқалады
A) жүктілікте
B) гиперинсулинизмде
C) организмнің өсу кезеңінде
D) +өспелік кахексияда
E) анаболизмдік гормондардың артуында
102. Оң азоттық тепе-теңдік дамиды
A) нәруыз аз түскенде
B) мальабсорбцияда
C) +анаболизмдік гормондар артық түзілгенде
D) қатерлі өспелерде
E) катаболизмдік гормондар артық түзілгенде
103. Салыстырмалы гиперпротеинемия дамиды
A) бауыр циррозында
B) ашығуда
C) +сусыздануда
D) миеломдық ауруда
E) нефроздық синдромда
104. Парапротеинемия – бұл
A) қанда нәруыз алмасуының соңғы өнімдерінің артуы
B) +қанда дертке ұшыраған гамма-глобулиндердің пайда болуы
C) нәруыздар фракцияларының пайыздық қатынасының бұзылуы
D) қанда қандай да бір нәруыз фракциясының болмауы
E) қанда зәрнәсілдің және зәр қышқылының көбеюі
105. Парапротеиндерге жатады
A) протромбин
B) антигемофилдік глобулин
C) комплемент компоненттері
D) +дертке ұшыраған гамма-глобулиндер
E) фибриноген
106. Нәруыз жеткіліксіздігінен дамиды
A) оң азоттық тепе-теңдік
B) гиперпротеинемия
C) +ісіну
D) организм төзімділігінің жоғарылауы
E) семіру
107. Гипопротеинемия – бұл
A) қанда нәруыздардың дерттік түрлерінің пайда болуы
B) қанда нәруыздар мөлшерінің көбеюі
C) +қанда нәруыздар мөлшерінің азаюы
D) қанда нәруыздар арақатынасының өзгеруі
E) қанда қандай да бір нәруыздардың болмауы
108. Гипопротеинемияның дамуы, негізінде қанда азаюына байланысты
A) трансфериннің
B) фибриногеннің
C) +әлбуминдердің
D) глобулиндердің
E) гаптоглобиннің
109. Гипопротеинемия қабаттасады
A) қанда онкотикалық қысымның жоғарылауымен
B) +плазма нәруыздарының тасымалдық қызметінің бұзылуымен
C) қанда гормондардың байланысқан фракциясының көбеюімен
D) ісіну дамуымен
E) қанда гормондардың бос фракциясының азаюымен
110. Қанда нәруыздың кейбір түрінің болмауы аталады
A) гипопротеинемия
B) гиперпрототеинемия
C) парапротеинемия
D) +диспротеинемия
E) дефектпротеинемия
111. Гипоксия – бұл
A) +біртектес дерттік үрдіс
B) дерттік серпіліс
C) дерттік жағдай
D) ауру
E) симптомдар кешені
112. Дем алатын ауада оттегінің үлестік қысымы төмендеуінен дамитын гипоксия аталады
A) эндогендік
B) тіндік
C) қанайналымдық
D) гемдік
E) +экзогендік
113. Экзогендік нормобариялық гипоксия дамиды
A) +желдетілмеген бөлмеде болғанда
B) ауада РСО 2 азайғанда
C) кессондық жұмыстарда
D) ұшақ аппараттарымен көтерілгенде
E) тауға көтерілгенде
114. Нормобариялық гипоксияға тән қан қамының көрнекті өзгерістеріне жатады
A) гиперпротеинемия
B) гиперлипидемия
C) алкалоз
D) гипергликемия
E) + гиперкапния, гипоксемия
115. Экзогендік гипобариялық гипоксия байқалады
A) су асты қайықтарда жүзгенде
B) +теңіз деңгейінен жоғары биіктікке шыққанда
C) наркоздық- тыныстық аппарат бұзылғанда
D) суға сүңгіштерде
E) шахтада болғанда
116. Экзогендік гипобариялық гипоксияға тән қан құрамының өзгерістері
A) қанда лактаттың азаюы
B) + гипоксемия, гипокапния
C) газдық ацидоз
D) гиперкапния, гипоксемия
E) гиперпротеинемия
117. Гипоксияның тыныстық түрі дамиды
A) ауада рО 2 азайғанда
B) +өкпе гиповентиляциясында
C) тыныстық ферменттердің белсенділігі төмендегенде
D) қанда гемоглобин саны азайғанда
E) айналымдағы қан көлемі азайғанда
118. Қан жүйесі бұзылыстарынан дамитын гипоксия аталады
A) +гемдік
B) тыныстық
C) тіндік
D) қанайналымдық
E) экзогендік
119. Гемдік гипоксияны дамытады
A) +темірдің тапшылығы
B) тиреоидты гормондардың тапшылығы
C) тиреоидты гормондардың артықтығы
D) цитохромоксидазаның әсерсізденуі
E) қоршаған ортада оттегінің жетіспеуі
120. Иіс газымен улану дамытады
A) тіндік гипоксияны
B) + гемдік гипоксияны
C) қанайналымдық гипоксияны
D) тыныстық гипоксияны
E) экзогендік гипоксияны
121. Гемдік гипоксия дамуының негізгі тізбегі
A) оттегі бойынша артерия-веналық айырмашылықтың төмендеуі
B) артериялық қанның оттегіге қанығуының жоғарылауы
C) +қанның оттегіге сыйымдылығының төмендеуі
D) қанда рСО 2 жоғарылауы
E) қанағымы жылдамдығы бұзылуы
122. Жүрек-қантамыр жүйесінің дерті кезінде дамитын гипоксия аталады
A) экзогендік
B) тыныстық
C) гемдік
D) +қанайналымдық
E) тіндік
123. Жергілікті және жалпы қанайналымы бұзылуынан дамитын гипоксия аталады
A) аралас
B) вазодилятациялық
C) экзогендік
D) +қанайналымдық
E) тыныстық
124. Оттегі пайдалану жүйесі бұзылуынан дамитын гипоксия аталады
A) экзогендік нормобариялық
B) экзогендік гипобариялық
C) +тіндік
D) қанайналымдық
E) тыныстық
125. Тіндік гипоксия дамуында маңызы жоғы
A) тыныстық ферменттердің әсерсізденуі
B) тыныстық ферменттердің түзілуінің бұзылуы
C) тотығу мен фосфорланудың ажырауы
D) митохондрийлардың бүліністері
E) +тыныс орталығының тежелуі
126. Цианидтермен улану дамытады
A) +тіндік гипоксияны
B) гемдік гипоксияны
C) қанайналымдық гипоксияны
D) тыныстық гипоксияны
E) экзогендік гипоксияны
127. В 1, В2, РР витаминдерінің тапшылығынан дамитын гипоксия
A) +тіндік
B) гемдік
C) қанайналымдық
D) тыныстық
E) экзогендік
128. Қанайналымдық – гемдік (аралас) гипоксия тән
A) организм сусыздануына
B) пневмонияға
C) +жедел қансырауға
D) анемияға
E) иіс газымен (СО) улануға
129.Гипоксия кезінде тез бейімделулік серпілістерге жатады
A) қанның қорға дерттік жиналуы
B) +тахикардия, тахипноэ
C) брадипноэ
D) тыныс бұлшықеттерінің гипертрофиясы
E) эритропоэздің әсерленуі
130. Таулы аймақта ұзақ уақыт тұрған адамда кездеседі
A) +қанда эритроциттер санының көбеюі
B) анемия
C) өкпе гиповентиляциясы
D) нуклеин қышқылдары мен нәруыздар түзілуінің тежелуі
E) тыныс бұлшықеттерінің атрофиясы
131. Экзогенді гипобариялық гипоксияға тән қандағы өзгерістер:
A) Гипергликемия.
B) +Гипокапния.
C) Гиперкапния.
D) қанда лактаттың азаюы
E) Гипероксемия.
132. Қанның оттегіге сыйымдылығы азаюы байқалады
A) экзогенді нормобариялық гипоксияда
B) экзогенді гипобариялық гипоксияда
C) +гемдік гипоксияда
D) тіндік гипоксияда
E) қанайалымдық гипоксияда
133. И.Р. Петров бойынша гипоксияның патогенездік жіктелуіне жататыны
A) қауырт және созылмалы
B) жергілікті және жалпы
C) нормобариялық және гипобариялық
D) Аноксиялық, анемиялық, іркілулік
E) + экзогендік, эндогендік: тыныстық, қанайналымдық, гемдік, тіндік, аралас
134. Гемоглобиннің оттегіге үйірлігі байқалады
A) +алкалозда
B) метаболизмдік ацидозда
C) ысынуда
D) қызбада
E) анемияда
135. Метгемоглобин түзушілермен уланғанда дамитын гипоксияның патогенезі байланысты