Ветеринариялық және санитариялық паразитогия

Мен бұл пәнен "Дария", "Океан", "Тайга" және тағы басқа базарларда, "Городская ветеринарная клиника", емханасында, және мал сою пунктерінде машықтану өттім.

Базарларда машықтану өту барысына мал ұшаларынан эхинококкоз көпіршіктері табылыды. Қатты зақымдалған бауырды өтелдеуге жіберілді. Эхинококкоз қоздырушысы – Echinocooccus granulosus. Қазіргі кезде көп таралған аурулардың бірі болып саналады.

Базарлардың ветеринариялық – санитариялық зертханаларының деректері бойынша бойынша 2015 жылғы тіркеу журналдарында трихинеллез, ірі қара цистицеркозы, шошқа цистицеркозы, балықтың описторхоз аурулары кездеспегенін білдім.

Балық паразитті ауруларда описторхоз, лугелез ауруына тексердім. Описторхозға зерттеу үшін балықтың сыртындағы қабыршағын тазарып кейін арқа бұлшық етін төртбұрыш болатындай ақырын жұқа қабығын скальпельмен құрсақтың ақ сызығынан сәл жоғары жерінің бұлшық етінен компрессорийдің 24 кесіндісіне кесінді жасап трихинеллоскоппен немесе микроскоп астында т әрбір кесіндіні қарап шықтып. Қарау барысында описторхоз табылмады. Лугелез тоған суларында тіршілік ететін балықтардың ішінде жиі кездесетін, қоздырушысы ленталық құрт тудыратын ауру. Қосымша иесі шағала мен жабайы үйректер, аралық иесі шаян және карп жанұсына жататын балықтар. Ленталық гельминттің жұмыртқасы құстардың саңғырығы арқылы суға түсіп, корацидиге айналады, оны шаяндар жұтқан соң олардың денесінде процеркойдқа айналады. Ал шаяндарды жеген балықтардың құрсағында плероцеркойдқа айналып, ұзындығы 10 см және 1м дейін балаңқұрттары өсіп жетіледі. Соның салдарынан балықтың құрсағы қатты қампиып, жарылады да ішіндегі личинкалар суға түсіп, балық өледі.

Санитарлық бағасы Жақсы және жоғарғы қондылықтығы балықтарды және бұлшық ет тіндерінде гидремин болмаса балықты өнделген күйінде пайдаланады. Ал азып-тозған балықты жарамсыз деп санайды немесе азық мақсатында терісі бағалы аңдарға береді.

Базарларда балық ауруларының зертеу түрлерін көріп, жасап көрдім. Олар:

- Сезімдік зерттеулер;

- Балаңқұрттарының кездесуіне байланысты дене бөліктерінен сынама алып, микроскопиялауды;

«Городская Ветеринарная клиника» емханасында мысықтағы отодектоз кенелерін анықтадық.

Otodectes cynotis кенесі ит, мысық, бағалы терілі аңдардың құлақ қышыма қоздыратын ауруы кездеседі. Кене дамуы 10 күнде аяқталады. Олардың құлақ қалқаншасының ішкі қабаты, есту жолы мен дабыл жарғағы қабынып, қытты қышып, мазасыздандырады. Емханалар бойынша тәжірибеден өту барысында, гельминтоздар, пироплазмоз, оқиғалары кездесті, оларға ветеринариялық дәрігер дәрі тағайындап, жануарлар иелеріне санитарлық жағдайды сақтау керектігін ескертті. Жануарларға дегельминтизация жұмыстарын көбіне жануар иелері жүргізеді, кейде ветеринариялық дәрігерлер жүргізеді.

Ветеринариялық станцияда иттеге, мысықтарға дегельмитизациялау жұмыстарын жүргізеді. Мен Бұлақ ауылы округінде мал дәрігермен бірге жүріп әр үйге дегельминтизациялау жұмысын жүргіздім. Ветеринариялық станцияда антигелменттік препараттар бар. Олар: Новамек-паразитті ауруларға( псараптоз, аскаридоз, телезиос), Празив-к препарраты және геподоктин препараттары қолданылады. Гепадоктин препаратты гиподерматоз, телязиоз, ІҚм диктокаулезі және шошқа цефенолиозына қолданылады.

Өз ойымды қортындайтын болсам мен паразитология пәнәнен машықтануда көп мәлемет жинап білімімді толықтырдым.

Жануарлар патологиясы

Мен жануарлар патологиясы пәнінен Республикалық ветеринариялық зертханада, мал сою пунктінде және қалалық клиникада машықтану өттім.

Жануарлар патологиясы жаңа эксперименталдық тәсiлдердi қолдану барысында, жалпы организмінде болатын өзгерiстердi және жүйелер қызметтерiнiң бұзылуын қарастырады. Патофизиологиялық үрдiстердiң даму заңдылықтарына көп көңiл бөлiп отырып, олар арқылы пайда болған зақымданулар мен бұзылыстар орын толтырылады және қалпына келедi. Патофизиологиялық эксперименттер арқылы қойылған тәжiрибе қойылған шарт бойынша, мал организмiндегi өзгерiстердi анықтайды. Патологиялық үрдiстердi пайдалану барысында жануарларда аурудың пайда болуын, дамуының өтуiн және жазылу барысын, ауру малдың органдары мен жүйелерiндегi жалпы заңдылықтарын анықтауға болады. Бұл арқылы этиологиялық фактордың рөлiн, аурудың белгiлерiн, патогенезiн, өтуiн, емiн және алдын алуын бiлу болып табылады.

Республикалық ветеринариялық зерханада бактериология бөлімінде болдым. Онда жануарларға биосынама жасалғанан кейін паталогиялық жарып союға қатыстып. Жарып-соярда арнайы киімдер: халат, қалпақ, резеңке қолғап, маска киіп, жұмысқа қажетті барлық құрал – жабдықтарды дайындап алдық. Құралдар стерильді түрде қолданылды. Жұмыс аяқталған соң жұмыс жасаған орынымды жинап, қолымды, пайдаланылған құрал – жабдықтарды арнайы жіғыш ерітінділерімен жуып, спиртпен залалсыздандырдым.

Жарып-союды жүргізгеннен кейін хаттама және зертханаға патологиялық материал жіберілген жағдайда жолдама қағаз толтыруды үйрендім.

Мал сою пунктіне бұқаны сою барысына қатысып, оны сойғаннан кейінгі басы мен ішкі мүшелерінде өзгерістрдің назар аударып қарадым. Бауыр мен өкпе мүшелерінде экиникоккоз ауруна тән белгілер байқалды. Ауру белгілері байқалған мүшелерді залалсыздандырып,өтелдейді және акт толдырылады. Одан соң барлық мәліметтер сараптау актісіне жазылды.

Базарлардың зертханаларына келіп түскен жануар бас, ішкі мүшелері мен ұшаларын тексеру барысында тек бауыр мен өкпелерден өзгерістер табылды. Егер базарларға келіп түкен ұшаның ішікі мүшелерінде яғни бауыр, өкпесіндегі өзгерістер соның ішінде эхинококкпен қатты зақымдалған болса оны өтелдеуге жіберіп, акт толтырады.

Орытынды

Кәсіптік машықтану ауқымды түрде өтті. Оқу барысында өтілген теориялық білімімімді жетілдіріп, практика жүзінде қолдандым. Солтүстік Қазақстан облысы және Петорпавл қаласы бойынша ветеринарлық жағдаймен танысып, қала төнірегінде жүргізілген шараларды жүргіздім. Қолданыстағы кетеринарлық анықтамалармен, сертификаттармен, актілермен, журнал түрлерімен таныстық.

Базар зертханаларында мал ұшларын сараптамадан өткізуді үйрендік. Сүт және сүт өнімдерін сезімдік зерттеу, қышқылдыққа, жалғандылыққа зерттеп көрдік . Ауыл шаруашылық өнімдерін, құс, өсімдік, балық, ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткізуді үйрендік. Республикалық ветеринарлық зертханасында ірі қара мал қан сарысуларын бруцеллезге тексердік.. Құтырықты балау әдістерін меңгердік ашықтану кезінде мол тәжірибелік білім алдық.

Наши рекомендации