С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің терапиялық стоматология кафедрасының даму кезеңдері

Ысқартылған сөздер тізімі

АММИ – Алматы мемлекеттік медицина институты

ММСИ – москва дәрігерлік стоматология институты

ҚазҰМУ –Қазақ ұлттық медицина университеті

CPJTN - (Community Periodontal Index of Treutment Needs)

ЖИТС (СПИД) – жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы

ДДҰ - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

ТПЖ – Тісжегі, пломба, жұлынған

МАЗМҰНЫ

Алғы сөз .................................................................................................................7

I тарау С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің терапиялық стоматология кафедрасының даму кезеңдері..................................................................................................................8

2 тарау

2.1.Тістердің анатомиялық құрылымы..........................................................12

2.2.Тұрақты тістер..............................................................................................15

2.3.Тістердің ауытқулары (аномалиялары)...................................................23

2.4.Тістің қатты тіндерінің гистологиялық құрылысы,химиялық құрамы және қызметі.........................................................................................24

Тарау

3.1.Терапиялық стоматологияда стоматологиялық науқасты тексеру әдістері...................................................................................................................

3.2.Нағыз ауыз ішін көріп тексеру________________________________39

3.3.Тістерді көріп тексеру________________________________________42

3.4.Қағып тексеру (перкуссия - percussio)__________________________45

3.5.Сипап тексеру (ощупывание или пальпация - palpacio)__________46

Тістердің температуралық тітіркендіргіштерге жауабын анықтау

(температурная диагностика – термотест)____________________47

3.7.Тістердің электрқозғыштығын анықтау________________________48

3.8.Рентгендік тексеру әдісі (рентгенологическое исследование)_______50

3.9.Трансиллюминациялық әдіс___________________________________51

3.10. Люминесценттік әдіс________________________________________51

3.11.Түбір өзегінің ұзындығын электрометриялық әдіспен анықтау___52

3.12.Биологиялық әдіс____________________________________________53

3.13.Серологиялық зерттеу әдістері________________________________54

3.14.Аллергиялық зерттеулер_____________________________________54

3.15.Стоматологиялық науқастың медициналық картасы____________56

3.16.Ауыз кілегей қабығына шығатын бөрткендер__________________58

Тарау

4.0.Тістердің тісжегіден басқа аурулары._____________________69

4.1.Тістердің шыққанға дейінгі аурулары.Тістер гипоплазиясы (Гипоплазия зубов).____________________________________________70

4.2.Тістердің шықаннан кейінгі жарақаттары_____________________84

Тарау

5.1.Тісжегі (кариес зубов)____________________________________101

5.2.Тісжегінің даму себептері туралы теориялар__________________114

5.3.Тісжегіні емдеу____________________________________________122

Таруау

Пломбылық материал___________________________________134

6.1.Уақытша қойылатын пломбылар (временные пломбы)________134

6.2.Пломбылық төсемдер_____________________________________137

6.3.Емдік төсемдер____________________________________________140

6.4.Тұрақты пломбылық материалдар_________________________143

7 тарау_________________________________________________________173

7.1.Тіс ұлпасының құрылысы________________________________173

7.2.Ұлпа қабынуының жүйесі____________________________________177

7.3.Ұлпа қабынуын емдеу_______________________________________190

7.4.Периодонттың қабынуы (воспаление периодонта)_______________210

7.4.1.Периодонттың анатомо-гистологиялық құрылымының ерекшеліктері мен физиологиясы_________________________________210

7.4.2.Периодонт қабынуының этиологиясы________________________218

7.4.3.Периодонт қабынуының жүйесі______________________________221

7.4.4.Периодонт қабынуының клиникалық сипаттамасы.Периодонттың жедел қабынуы_________________________________________________222

7.4.5.Периодонттың қабынуын емдеу______________________________230

7.5.Тіс қуыстарының топографиясы______________________________247

7.6.Эндодонттық ұсақ аспаптар___________________________________253

8 тарау_________________________________________________________263

8.0.Пародонт аурулары __________________________________________263

8.1.Пародонттың құрылысы_____________________________________263

8.2.Пародонты сырқат науқасты тексеру ерекшеліктері_____________270

8.3.Пародонт ауруларының жүйесі_______________________________278

8.4.Қызылиек қабынуы_________________________________________279

8.5.Пародонттың қабынуы______________________________________287

8.6.Пародонтоз__________________________________________________293

8.7.Пародонттың идиопатиялық аурулары.................................................294

Пародонтомалар.........................................................................................297

8.9.Пародонт аурулары кезінде болатын әртүрлі асқыну үрдістері........299

8.10.Пародонт ауруларын емдеу ....................................................................306

8.11. Тіс шөгінділері ….....................................................................................

9 тарау_________________________________________________________

Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегінің аурулары_________________

9.0.Ауыз кілегей қабығы мен еріндер жиегі ауруларының жүйесі_______

9.1Ауыз кілегей қабығы және еріндер жиегі ауруларының жүйесі______

9.2.Кілегей қабықтың жарақаттаушы әсерлерден зақымдануы_________

9.3.Лейкоплакия___________________________________________________

9.4.Жұқпалы аурулар______________________________________________

9.5.Вирустық аурулар______________________________________________

9.6.Спецификалық инфекциялар. Туберкулез_________________________

9.7.Мерез__________________________________________________________

9.8.Ауыз кандидозы________________________________________________

9.9.Аллергиялық аурулар__________________________________________

9.10.Көптүрлі жалқықты эритема___________________________________

9.11.Ауыздың қайталанбалы афталы қабынуы_______________________

9.12.Бехчет синдромы___________________________________________

9.13.Тұлғаның экзогендік уыттануы кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер_________________________________________________________

9.14.Жүйелі аурулар мен зат алмасуы бұзылыстары әсерінен дамитын аурулар кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер_____________

9.15.Глоссалгия (стомалгия)________________________________________

9.16.Дәм сезудің бұзылуы__________________________________________

9.17.Сілекей бөлінуінің бұзылуы____________________________________

9.18. Ауыз кілегей қабығының дерматоздар кезінде өзгеруі____________

КІРІСПЕ

Мен саған үміт артам келер ұрпақ

(Қасым Аманжолов)

Алғы сөз

Қазіргі заман талаптарына сай Қазақстанда тұрғындарға жоғары санатты стоматологиялық көмек көрсетілуіне үлкен мән берілуде. Осыған байланысты стоматологиялық клиникалар мен кабинеттердің медициналық техниканың соңғы жетістіктеріне сай жабдықталуымен қатар білікті стоматолог-мамандар дайындаудың үлкен маңызы бар.

Мамандықты игеруде негізгі пән болып саналатын терапиялық стоматология пәні бойынша арнайы оқулық – болашақ дәрігер-стоматологтар үшін негізгі білім көзі болып табылады. ҚазҰМУ-да медицина мамандығы бойынша қазақ тілінде білім беру 1989-1990 оқу жылынан бастап жүзеге асырыла басталды. Бұл игі бастама биылғы жылы 50 жылдығы тойланған стоматология факультетінде де қолға алынған. Осы уақытқа дейін әртүрлі белгілі және белгісіз себептерге байланысты терапиялық стоматологиядан қазақ тілінде оқулық басылып шығарылмады, тек оның жеке бөлімдері бойынша дайындалған оқу құралдары ескіре бастады. Осыған байланысты ұсынылып отырған қазақ тілінде жазылған оқулық терапиялық стоматологияның негізгі бөлімдерін толық қамтиды. Олар – ауыз іші ағзалары мен тіндерінің анатомиясы, гистологиялық құрылымы және қызметі, негізгі стоматологиялық аурулар, олардың этиопатогенезі, диагнозын нақтылау және емдеу шаралары. Сонымен қатар қазіргі кезде тістерді реставрациялауға арналған заманауи материалдар туралы да толық мәлімет берілген. Алғы сөздің басында қазақтың ақыны Қасым Аманжоловтың болашақ ұрпаққа деген үміті бекер келтірілген жоқ. Бізде ақиық ақын сияқты болашақ стоматолог-мамандарға үлкен үміт артамыз, ҚазҰМУ-дың стоматология факультеті елін-жерін, өз ұлтын, тәуелсіз мемлекеті Қазақстанды сүйетін білікті, білімді өз істерінің шебер мамандарын дайындайтынына сенеміз.

I ТАРАУ

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің терапиялық стоматология кафедрасының даму кезеңдері

Стоматология грек тілінен алынған (stoma – ауыз, logos-ілім) – жалпы медицинаның бір саласы болса, ал оның негізі бір үлкен бөлімі – терапиялық стоматология (терапевтическая стоматология). Ол тістердің, ауыз іші ағзалары мен тіндері ауруларының этиологиясы мен патогенезін анықтау, диагнозын нақтылау, емдеу және аурудың алдын алуымен айналысады.

Қазақстанда стоматологияның даму кезеңі өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан басталды. Оған тікелей себеп – 1959 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтында (қазіргі кезде Қазақ Ұлттық медицина университеті) биыл 55 жылдық мерейтойы аталайын деп отырған стоматология факультетінің ашылуы. Институтта стоматология факультеті 1958 жылы ашылуға тиіс болған, бірақ оқу базасының және оқытушы мамандардың жетіспеушілігінен факультетке қабылданған алғашқы 40 абитуриент Ресейдің үш қаласына (Калинин, Пермь және Омск) оқуға жіберілді. Стоматология мамандығы бойынша алғаш Ресейде білім алған түлектердің біразы қазір ҚазҰМУ-де еңбек етуде. Олар – профессорлар Тулеуов Қ.Т., Уразалин Ж.Б., Мезгілбаева Д.М., доцент Телебаева Г.Т.

Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрлігінің 1959 жылғы тамыз айындағы № 245-ші бұйрығына сай стоматология факультеті ашылып, оған алғаш рет 100 студент қабылданды. Бұл оқиға Республикада стоматология ғылымының қалыптасуының негізгі арқауы болды.

Құрылғаннан кейінгі 55 жыл ішінде факультет 040400-стоматология мамандығы бойынша 7250 дәрігер-стоматологтарды дайындап шығарды.

1989/1990 оқу жылында факультетте стоматологияны мемлекеттік тілде оқытатын бөлім ашылды, 2012/2013 оқу жылында факультет негізінде стоматология институты құрылды.

Бүгінгі таңда стоматология институтының құрамында факультеті 4 кафедрадан тұрады: терапиялық стоматология, хирургиялық стоматология, ортопедиялық стоматология, балалар жасындағы стоматология.

Терапиялық стоматология кафедрасы Қазақ ССР Денсаулық сақтау министрлігінің 07.05.1962 жылғы № -203 бұйрығы негізінде құрылды.

Кафедраның тұңғыш меңгерушісі м.ғ.к. доцент Фефелев А.И.болды.

Кафедраның алғашқы ұстаздары Алматы қаласының стоматологиялық емханаларынан шақырылған Е.Н.Житковская, Э.С.Никурадзе (Бритова), Л.А.Бузникова, В.М.Чапала, және оларды осы кафедраның негізін қалаушылар деп санауға болады.

1963-1964 оқу жылында кафедра ұжымы Е.И.Гончарова (Ташкент медицина институтында істеген), С.З.Зихерман (Қазан медицина институтында істеген), ММСИ аспирантурасының түлектері В.М.Купцова, И.И.Жукова, Омск мемлекеттік медицина институтының түлегі Д.М.Мезгілбаева (институттың алғашқы стоматологиялық емханасының ең бірінші дәрігер-стоматологы), Мұқашев Т.Қ. (Қазан мемлекеттік медицина институтының аспирантурасын бітірген) сияқты ассистенттермен толықтырылды.

1968 жылы кафедра меңгерушісі болып бұрын хирургиялық стоматология кафедрасының доценті қызметін атқарған м.ғ.д. Корытный Д.Л. тағайындалды және өмірінің соңына дейін (1984 жылдың шілдесіне дейін) бұл қызметті үлкен абыроймен атқарды.

Алғаш рет Д.Л.Корытныйдың басқаруымен оқытушы-мамандарды ординатура, аспирантура арқылы дайындау кезеңі басталды.

Кафедраның алғашқы ординаторы Омск мемлекеттік медицина институтының түлегі Ташимова Б.Ғ., ал аспиранттары АММИ стоматология факультетінің түлектері Құнанбаева Т.С., Асқарова Ш.Н. болды. Оқу мерзімі аяқталып, кандидаттық диссертацияларын жемісті қорғаннан кейін олар кафедраға оқытушылық қызметке қабылданды. Келесі жылдары кафедраға Сулейменова Р.А., Стародубцев Е.Н., Мергембаева Х.С., Никитина К.П., Уразалина Е.А., Қабылбеков А.А., Нурғалиева Ш.М., оқытушылық қызметке алынды. Кафедра штатын толықтыру үшін тәжірибелік салада қызмет атқарып жүрген дәрігер-стоматологтар Бритова А.А., Долгих Р.А., Құлманбетов И.А., Климова С.В., Баяхметова Ә.А., Үмбетаелиев Ғ.А., Пилат Т.Л., қызметке шақырылды.

Профессор Д.Л.Корытныйдың жетекшілік етуімен кафедрада ғылыми жұмыстар жоғары деңгейде жүргізілді. Тісжегі ауруы стоматологияда осы күнге дейін шешімін таппаған мәселелердің бірі. Ассистенттер Э.С.Бритованың, Т.С.Құнанбаеваның, Б.Ғ.Ташимованың ғылыми зерттеулері әртүрлі сыртқы және ішкі факторлардың (ортаның жоғарғы температурасы, аллергизацияланудың, жыныс бездері қызметінің бұзылуы) тістің тісжегімен жарақаттануындағы патогенездік рөлін анықтады. Ғылыми зерттеулердің біразы (Р.С.Стародубцева, Р.А.Сулейменова) созылмалы одонтогендік ошақтар көзінің адам организмінде созылмалы аурулардың туындауындағы рөлін анықтауға арналды. Профессор Д.Л.Корытныйдың жетекшілік етуімен республикада өнеркәсіптік стоматологияға көңіл бөліне бастады. Өнеркәсіптің зиянды факторларының стоматологиялық аурулардың жиілеуіндегі маңыздылығы, бұл ауруларды емдеу және алдын алу жолдары шешімін таба бастады (Л.Я.Зазулевская, Д.М.Мезгілбаева).

Ұлпа мен периодонт қабынулары, олардың этиопатогенезі және емдеу әдістері де назардан тыс қалған жоқ (Ш.М.Нурғалиева, С.Б.Бақтығалиев, Е.И.Гончарова).

Алматы қаласы оқушыларының арасында тісжегінің таралуы және ас суындағы микро және макроэлементтердің тісжегіні тежеудегі рөлі туралы диссертацияны ассистент В.М.Чапала қорғады.

Д.Л.Корытный кафедра меңгерушісі қызметін атқарған жылдары (1968-1984) төмен қарқынды лазерді медицина саласында қолдану бағытында тиімді ғылыми зерттеулер жүргізілді. Олар қазір дүние жүзінде қолданыла бастаған стоматологиядағы жаңа бағыт – стоматологиялық ауруларды лазермен емдеу. Көптеген ізденістердің нәтижесінде төмен қарқынды лазер сәулесінің биологиялық әсер ету механизмі анықталды және негізгі стоматологиялық ауруларды: пародонт қабынуларын (Л.Я.Зазулевская) ауыздың қайталама афталы қабынуын (С.Ж.Байгурина), тіс ұлпасы қабынуларын (А.А.Бритова) лазермен емдеу әдісі қалыптасты.

Кафедраға 1984-2003 жылдары аралығында профессор Л.Я.Зазулевская жетекшілік етті (проф.Д.Л.Корытный қайтыс болғаннан кейін).

Зазулевская Лидия Яковлевна – медицина ғылымының докторы, профессор, Ресей федерациясы лазер ғылыми академиясының және Қазақстан Республикасы профилактикалық медицина академиясының академигі. Л.Я.Зазулевскаяның «Применение света гелий-неонового лазера при лечении и профилактике болезней пародонта» тақырыбында қорғалған (1986ж) диссертациясы төмен қарқынды лазер сәулесінің емдік әсерінің механизмін анықтауға және оны кең қолдануға арналған көп жылдық зерттеулерінің нәтижесі болып табылады.

Кафедраның 1985 жылдан басталған ғылыми зерттеу жұмысының бағыты – лазерлік медицина аппараттарын жасау және олардың емдік қасиеттерінің механизмін зерттеу. Осыған байланысты Үкіметтің қаулысы бойынша 1991 жылы профессор Л.Я.Зазулевскаяның жетекшілік етуімен лазерлік технология зертханасы ашылды. Нобель сыйлығының лауреаты А.И.Прохоров басқарған КСРО ғылым академиясы институты, Г.С.Седов басқаратын кванттық генераторлар шығаратын зертхана қызметкерлерімен бірге бұл жаңа лаборатория (қызметкерлері проф. Л.Я.Зазулевская, ассистент Р.А.Долгих, лаборанттар А.И.Бардаков, Н.Бледных) өнеркәсіптік үлгідегі лазерлік медицина қондырғыларын (Галомед, эрмед, Ламед-03 және б.) жасап шығарды. Бұл қондырғылар халықаралық көрмелерге қойылды және Халық шаруашылығы «Наука в СССР» жетістігі көрмесінің (ВДНХ) және Пекиндегі халықаралық көрменің алтын медальдарына ие болды. Лазер сәулесін стоматологиялық ауруларды кешенді емдеуде қолдану бойынша зерттеулер кеңінен жүргізіле бастады. Мысалы, лазер сәулесін өсімдіктерден алынған дәрілермен (лазерофорез) тұрақты магнит өрісімен қатар қолдану (Г.В.Коган, М.Т.Мустапаева), төмен жиілікті ультрадыбыспен (С.С.Жолдыбаев), озонмен (А.Ж.Сағатбаева, Ж.Ғ.Танкибаева), химиялық адаптогендермен (Ж.Х.Жумашева), энтеросорбенттермен (Т.М.Сухачева) үйлестіре қолдану әдістері кеңінен зерттелді.

Лазер сәулесінің түрлі диапозондары кеңейтіліп, олардың қабынуға, бактерияларға қарсы, антиоксиданттық, биологиялық үрдістерді ынталандырушы қасиеттеріне салыстырмалы зерттеулер жүргізілді (С.Г.Хауадамова, А.Б.Сыздықова, Б.Орымбаева, С.Ж. Абдикаримов).

Жеткіншіктер мен екіқабат әйелдер арасындағы негізгі стоматологиялық ауруларды анықтау және емдеу әдістері жетілдірілді (А.Т.Құмарбаева, Б.Орымбаева).

Стоматологиялық ауруларды емдеуді оңтайландыру үшін апипрепараттар, шунгит, АБС майы, микроэлам, қазақстан прополисі ұсынылды (И.В.Баскакова, И.А.Чапала, А.М.Суманова).

Денсаулық сақтау тәжірибесіне өсімдіктен жасалған дәрілерді енгізу қажеттілігі ескеріле отырып, кафедрада стоматологиялық ауруларды емдеу үшін көптеген өсімдіктен алынған дәрілердің (долана, қызыл май, алхидин, дала қырықбуыны, мелисса, тополин, қарағай шайыры-живица сосновая) емдік қасиеттері зерттеліп, дәрігерлік тәжірибеге енгізілді (Н.Ғ.Сапаева, А.К.Рахимова, Е.Н.Смағұлова).

Ұлттық ғылым академиясының академик Б.А.Жұбанов жетекшілік еткен полимерлер синтездеу зертханасы және Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің табиғи қоспалардың органикалық химиясы кафедрасымен (кафедра меңгерушісі проф.Ж.А.Абилов) бірлесе отырып кафедра ассистенті Г.М.Садықова пародонт қабынуларын емдеуге тиімді, құрамында гепарин және линкомицин бар синтетикалық жарғақ ойлап тапты және емдеу сынағынан өткізді. Емдеудің нәтижесі жоғары болды және автордың емдеу әдісі 4 патентке ие болды.

Профессор Л.Я.Зазулевскаяның жетекшілігімен осы уақытқа дейін зерттелген материалдар бойынша 4 докторлық, 40 тан астам кандидаттық диссертациялар қорғалды және зерттеу жұмыстарынан алынған нәтижелер 27 куәлікке ие болды.

2003-2004 оқу жылында кафедра меңгерушісі қызметін ҚаЗҰМУ-дың стоматология факультетінің түлегі профессор М.Т.Көпбаева атқарды.

2004-2005 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі қызметін м.ғ.д.С.С. Жолдыбаев атқарды. С.С. Жолдыбаев Қарағанды мемлекеттік медицина институтының түлегі, 1992 жылы АММИ-ның терапиялық стоматология кафедрасында аспирантураны, ал 1997 жылы докторантураны бітіріп, профессор Л.Я.Зазулевскаяның жетекшілік етуімен кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғады. Ғылыми жұмыстары негізінде 15 патенттің, 37 ғылыми жұмыстың, 17 рациональдық ұсыныстың иесі.

Кафедра ұжымы халықаралық конференциялар мен симпозиумдарға (Мадрид, Вена, Пекин, Сан-Франциско) қатынасты және олардың стоматология ғылымына қосқан үлестері 33 авторлық куәлікпен, 37 патентпен, 112 рационализаторлық ұсыныспен бағаланды.

2 ТАРАУ

2.1.Тістердің анатомиялық құрылымы

Адамның тістері өмірінде бір-ақ рет ауысады. Алғаш шыққан тістер белгілі бір уақыттан кейін түсіп, тұрақты тістер шығатын болғандықтан уақытша тістер (временные зубы-dentes temporarici) немесе тістердің түстері сүтке ұқсас болғандықтан сүт тістері (молочные зубы- dentes lactici) деп аталады. Уақытша тістер жас нәрестенің 6-7 айында шыға бастап, 2,5-3 жаста толық шығып бітеді де, уақытша тістем (сменный прикус) қалыптасады. Баланың 5-6 жасынан бастап тұрақты тістері (постоянные зубы-dentes permanentes) шыға бастайды (мысалы, бірінші үлкен азу тісі), ал 6-8 жасынан бастап сүт тістері түсе бастайды. Бұл үрдісті қазақтар «тісеу» деп атаған. Уақытша тістердің түсуі 12-13 жаста аяқталып, ақыл тістен немесе үшінші үлкен азу тістен басқа тұрақты тістер шығып, тұрақты тістем қалыптасады.

Уақытша тістем қатарында 20 тіс болады, жақ сүйектің әрбір жартысындағы уақытша тістердің формуласы 2.1.2. немесе 2 күрек, бір сүйір және екі азу тістер (1-сурет) болып келеді.

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің терапиялық стоматология кафедрасының даму кезеңдері - student2.ru

1-сурет. Сүт тістер

1.Екі цифрлы жүйе. Стоматологтардың халықаралық ассоциациясы ұсынған. Осы жүйе бойынша әр тістің алдына квадрант номері қойылады. (1-4).

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің терапиялық стоматология кафедрасының даму кезеңдері - student2.ru

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің терапиялық стоматология кафедрасының даму кезеңдері - student2.ru

2.Әріптік цифрлы жүйе. Бұл формулада әр тістің алдына ең бірінші латын әрпі қойылып белгіленеді. (I—күрек тістер, С —сүйір тістер, Р —кіші азу тістер, М —үлкен азу тістер). Тұрақты тістер бас әріппен белгіленеді. Әр әріптен кейін тістер реттілігін анықтайтын сандық белгі қойылады.

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің терапиялық стоматология кафедрасының даму кезеңдері - student2.ru

Тұрақты тістемде 32 тіс болады, кейде төменгі немесе жоғарғы жақ үшінші үлкен азу тістер шықпай қалса, 28 немесе 30 тіс болады (сирек жағдайларда). Олардың анатомиялық формуласы – 2.1.2.3., яғни 2 күрек, бір сүйір, 2 кіші азу, 3 үлкен азу тістер (2-сурет).

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің терапиялық стоматология кафедрасының даму кезеңдері - student2.ru

Наши рекомендации