Пән туралы мәлімет

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.Е.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«Көлік және құрылыс» факультеті

«Теңіз және жерүсті көліктері» кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

«Көлік және құрылыс» факультеті

деканы т.ғ.к., доцент Г.Б. Умарова

_________________________

« ___ » ____________ 2013 ж.

CИЛЛАБУС

«Материалдар кедергісі» пәні бойынша

мамандық: 5В071500 – «Теңіз техникасы және технологиясы»

Оқу түрі: күндізгі

Барлығы - 3 кредит

Курс – 2 Семестр: 3

Дәріс – 30 сағат

Практикалық сабақ – 0 сағат

Зертханалық сабақ – 15 сағат

Барлық аудиторлық сағат – 45 сағат

СӨЖ – 81 сағат Еңбек сыйымдылығы:135 сағат

СОӨЖ - 9 сағат

Емтихан: 3 cеместр

Ақтау – 2013 ж.

Силлабусты құрастырған «Теңіз және жерүсті көліктері» кафедрасының аға оқытушысы Суйеуова Набат Базархановна. Типтік оқу бағдарламасы дайындық бағыты 5В071500 – «Теңіз техникасы және технологиясы» мамандығына арналған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген (Алматы, 2006).

«Теңіз және жерүсті көліктері» кафедрасының отырысында бекітілген.

«_____»___________2013 ж. Хаттама № ____

Кафедра меңгерушісі: ______________ В.В.Кабылбекова

«Көлік және құрылыс» факультеті оқу-әдістемелік бюросымен келісілген

«____ ­­­­­­­­­­­­»_____________ 2013 ж. Хаттама № ____

Төрайымы: ______________ Г.Б.Умарова

1. Оқытушы туралы мәлімет:

Дәріс жүргізетін оқытушы: Суйеуова Набат Базархановна,

«Көлік және құрылыс» факультеті, «Теңіз және жерүсті көліктері» кафедрасының аға оқытушысы, кабинет – Б-0102.

Пән туралы мәлімет

Кредит саны – 3,

Сабақ өткізілетін орын: 32 ш / а, «Көлік және құрылыс» факультетінің оқу корпусы,

Сабақ уақыты бекітілген сабақ кестесіне сәйкес өткізіледі.

Пән коды Пән атауы Курс Семестр Кредит саны Дәріс Практикалық сабақ Зертханалық сабақ ОСӨЖ СӨЖ Барлық сағат саны
МК 2210 Материалдар кедергісі   -

3. Пререквизиттер:Студенттерің «Материалдар кедергісі» курсын оқып зерделеу және меңгеру үшін қажет болатын сабақтас пәндер:

«Жоғары математика»: векторлық алгебра, аналитикалық геометрия элементтері; сызықтық теңдеулердің анықтағыштары мен жүйелері; дифференциалдық және интегралдық есептеу.

«Физика»: қозғалыс, күш, масса, Гук және Ньютон заңдары, энергияның сақталу заңы.

«Теориялық механика»: статика бөлімі, тепе-теңдік теңдеулері, тіреудің түрлері және реакциялары.

«Материалтану»: материалдардың структуралық құрылысы мен қасиеттері.

4. Постреквизиттер: «Материалдар кедергісі» пәні мына пәндермен өзара байланысады және одан алынған мәліметтер мына пәндер үшін пайдаланылады:

«Материалдар кедергісі» пәнінде қарастырылған күш пен деформация арасындағы байланыс «Серпімділік және созымдылық теориясында» терең зерттеледі.

Күрделі конструкцияларды беріктікке, орнықтылыққа және қатаңдыққа есептеу инженерлік жобалауларда қарастырылады.

«Материалдар кедергісінің» негізгі заңдылықтары «Машина бөлшектері» ғылымы мен жобалау есептеулері кезінде қолданылады.

5. Пәнге қысқаша сипаттама: «Материалдар кедергісі» курс бойынша бір семестрге 3 кредит есептелген. Студенттер бір семестр ішінде курс бойынша аудиториялық сағат - 45 сағат, оның ішінде: дәріс - 30 сағат, зертханалық сабақ - 15 сағат бекітілген оқу кестесі бойынша өткізіліп, 2 аралық бақылау және семестрдің аяғында қорытынды бақылау - емтихан тапсыруға тиісті. Студенттердің білімін ағымды және қорытынды бақылаулар оқу үрдісінің бекітілген кестесіне сәйкес өткізіледі.

Оқу семестріне қарастырылған қосымша тапсырмалар: есептеу-жобалау және тәжірибелік есептер.

Курсты оқыту мақсаты:Болашақмамандарды материалдар мен машина бөлшектерінің беріктігі туралы негіздерді үйрету; беріктік есептеулері мен жобалау әдістерін дұрыс таңдау; кернеулік және деформациялық күйлерін тәжірибелік және табиғи сынақтар жүргізу кезіндегі әдістері туралы білім жинақтау.

Пәнді оқудың мәселелері:

1. құрылымдар мен машина бөлшектерін статикалық және динамикалық жүктемелеу кезінде беріктікке есептеудің негізгі әдістерін игеру;

2. құрылымдар бөлшектерін орнықтылық пен қатаңдыққа есептеу әдістерін үйрену;

3. қажетті беріктік қоры бар құрылымдар бөлшектерінің материалдарын және оңтайлы өлшемдерін ұтъмды таңдау;

4. жобаланған немесе қолданыстағы құрылымдар мен машина бөлшектерін өлшемдерінің жеткіліктілігін тексеру.

«Материалдар кедергісі» пәнін оқу нәтижесінде студенттердің инженерлік ойлау қабілеті қалыптасады және олар мыналарды:

1. материалдардың механикалық қасиеттерін, деформация мен кернеу, оларды анықтау әдістерін білуі қажет;

2. құрылымдар мен машина бөлшектерін беріктікке, қатаңдыққа және орнықтылыққа есептеудің негізгі әдістерін білу қажет;

3. беріктік қорына сәйкес бөлшектердің материалдарын және тиімді өлшемдерін, ұтымды және үнемді құрылымды таңдап, құрастыра білу қажет;

4. құрылымдардың, машиналардың қауіпсіздігі мен сенімді қызмет атқаруын қамтамасыз етуді білуге міндетті.

6. Студенттердің білімін бағалау туралы ақпарат:

Студенттердің білімі, дағдылары мен біліктілігі төмендегі жүйе бойынша бағаланады:

Пайыз Әріптік баға Балдар Дәстүрлік түрдегі баға
95-100 A 4,0 өте жақсы
90-94 A- 3,67
85-89 B+ 3,33 жақсы
80-84 B 3,0
75-79 B- 2,67
70-74 C+ 2,33 қанағаттанарлық
65-69 C 2,0
60-64 C- 1,67
55-59 D+ 1,33
50-54 D 1,0
0-49 F қанағаттанарлықсыз

7. Курстың саясаты мен талаптары:

Міндетті талаптар:

- сабаққа міндетті қатысу керек,

- барлық бақылау түрлері бойынша өз мерізімінде тапсыру керек,

- қалған сабақтарды тапсыру керек.

Рұқсат етілмейді:

- сабақтан кешігуге немесе себепсіз қалуға болмайды,

- сабақ кезінде бөгде істермен айналысуға болмайды,

- тапсырмаларды мерізімінен тыс тапсыруға болмайды.

Наши рекомендации