YIІ. Ой толғаныс. «Түйінді сөздер» стратегиясы

Барлық араласқан мәліметтерден бүгінгі сабаққа қатысты мәліметтерді теріп көрсету;

 
 

ҮІІІ.Топ басшылары фигуралар (үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш) арқылы оқушыларды бағалайды.

ІХ.Оқушылардан кері байланыс алу.(бәйтерекке өз көңіл-күйлерін жазып жапсырады)

ХІ.Үйге тапсырма: №266, №271

Пән: математика Сынып: 6 Күні: __________

Сабақтың тақырыбы: Координаталық түзуде сандарды белгілеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылар координаталық түзуде сандарды белгілеуді, нүктенің координатасын табуды үйренеді.

Дамытушылығы: Оқушының оң, теріс сандарды жазу мен оқу, координаталық түзуде сандарды жаза білу дағдылары қалыптасады және практикамен ұштастыруға үйренеді, шығармашылығы және ойлау қабілеті дамытылады.

Тәрбиелігі: Оқушы , ұқыпты тыңдауға ,сұрақтарға нақты жауап беруге, топтасып жұмыс істеуге тәрбиеленеді.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар оң және теріс сандарды координаталық түзуде сандарды бейнелеуді үйренді, оң, теріс сандарды жазу мен оқуды, үйренді. Нүктенің координатасын таба білуге дағдыланды. Топпен жұмыс істеуге, өз-өзін және бір-бірін бағалауға үйренді.

Ресурстар:Компьютер , Карточка, Слайдтар, интербелсенді тақта, электронды оқулық, плакаттар, маркерлер

Типі: аралас сабақ

Түрі:Сыни тұрғыдан ойлау арқылы дамыта оқыту.

Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

І. Топқа бөлу: Үш топ оқушыларына әр топ өздері бір-бірден жұмбақ жазып әрқайсысы өз жұмбағының шешімін жазып сандықшаға салады да, оны араластырып, әр оқушы бір-бірден алады да бірдей жауаптар келген оқушылар бір топқа топтасады.

ІІ. Физминутка. (2 мин) «Неге?» тренингі

Оқушылар шеңбер бойымен тұрады да, бір-біріне белгілі бір сөйлем айтады да келесі оқушыға «неге?» деген сұрақ қояды. Ол оқушы ары қарай жауаппен жалғастырады да, «неге?» деген сұрақ қояды. Мысалы, Бүгінгі сабақ ерекше өтеді неге? Келесі оқушы: Өйткені біз сабаққа қызығушылықпен қатысамыз неге? т.с.с. жалғасады.

ІІІ. Өткенді қайталау: «Ыстық орындық» стратегиясы арқылы.

Оқушылар өткен тақырыпқа байланысты бір-бірден сұрақ жазып, конвертке салады. Жеребе арқылы ортаға оқушы шығып, ыстық орындыққа келіп отырып, конверттен сұрақ алады да жауап бере алса, ары қарай жалғастырады, егер жауап бере алмаса, күйіп кетеді де, келесі оқушы шығады.

ІҮ. Жаңа сабақ:

«Ортақ нәтижеге жету» стратегиясы:

Әр топ өз тобында постерге парақшада жазылған тапсырмаларды рет-ретімен орындау арқылы координаталық түзуде сандарды бейнелеп шығады. Тақтаға әр топтан бір оқушы шығып қорғап шығады.

1-топ тапсырмасы:

1. Түзу салыңдар.

2. Түзудің оң жағы стрелкамен шектелген.

3. Түзудың дәл ортасында 0 саны орналасқан.

4. 0-дің екі жағынан бірлік кесінді 2 клеткамен алынған оң және теріс сандар орналасқан.

5. А(3), В(-4), С(1), Д(-3), Е(-1)

2-топ тапсырмасы:

1. Түзу салыңдар.

2. Түзудің оң жағы стрелкамен шектелген.

3. Түзудың дәл ортасында 0 саны орналасқан.

4. 0-дің екі жағынан бірлік кесінді 2 клеткамен алынған оң және теріс сандар орналасқан.

5. М(2), К(-5), С(5), Т(-2), Е(-1)

3-топ тапсырмасы:

1. Түзу салыңдар.

2. Түзудің оң жағы стрелкамен шектелген.

3. Түзудың дәл ортасында 0 саны орналасқан.

4. 0-дің екі жағынан бірлік кесінді 2 клеткамен алынған оң және теріс сандар орналасқан.

5. Р(-2), В(4), Х(1), О(0), Е(-1)

Ү. Оқулықпен жұмыс:

А-деңгей: №268, №270

В-деңгей: №275

С-деңгей: №280

ҮІ. Ой толғаныс. «Сызбадан анықта»стратегиясы.

Слайдта әр түрлі координаталық түзуде бейнеленген нүктелер берілген. Сол бойынша нүктенің координатасын анықтап, жазу керек.

ҮІІ.Топ басшылары өз топтарын бағалайды.

ҮІІІ.Оқушылардан кері байланыс алынады, олар стикерлерге жазып көңіл-күйді білдіретін смайликке жапсырады.

ІХ. Үйге тапсырма:№282, №283.

Пән: математика Сынып: 6 Күні: __________

Сабақтың тақырыбы: Қарама-қарсы сандар. Рационал сандар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылар қарама-қарсы, рационал сандар ұғымымен танысады, қарама-қарсы сандарды жазу мен оқуды, координаталық түзуде қарама-қарсы сандарды белгілей білуге және таңбалар ережесін үйренеді.

Дамытушылығы: Оқушының қарама-қарсы, рационал сандар туралы ұғымы қарама-қарсы сандарды жазу мен оқу, координаталық түзуде сандарды жаза білу дағдылары қалыптасады және практикамен ұштастыруға үйренеді, шығармашылығы және ойлау қабілеті дамытылады.

Тәрбиелігі: Оқушы қарама-қарсы, рационал сандарды тануға үйренеді, ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, топтасып жұмыс істеуге тәрбиеленеді.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар қарам-қарсы, рационал сандармен танысты, рационал сандарды жазу мен оқуды, таңбалар ережесін үйренді. Топпен жұмыс істеуге, өз-өзін және бір-бірін бағалауға үйренді.

Ресурстар:Компьютер , Карточка, Слайдтар, интербелсенді тақта, электронды оқулық, плакаттар, маркерлер

Типі: Жаңа сабақты меңгерту

Түрі:Сыни тұрғыдан ойлау арқылы дамыта оқыту.

Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

І.Топқа бөлу: «Оң сандар», «Теріс сандар», сөздері жазылған парақшаларды таңдау арқылы екі топқа бөлу; (1 мин)

ІІ. Физминутка. (2 мин) «Қызыл өрік»

Наши рекомендации