| Тексеруді жүргізу | Балдары |
| Екі өлшемді-кеңістікті сезіну. Дәрігер көзі жұмулы науқастың терісіне цифрларды немесе қарапайым геометриялық кескіндерді (крест, шеңбер) салады. Сау адам денесіне жазылғанын айнытпай айтады. Сырқат цифралар мен фигураларды шатастырып ажырата алмауы (графанестезия) немесе оларды қиналып анықтауы (граф-гипестезия) мүмкін. | | 0,5 | 1,0 |
| Дискриминациялық сезімді тексеру үшін екі сирағы ортасында шкала сызықшалары бар қарғаша бекітілген Веберь циркулін пайдалану арқылы дәрігер сырқаттың терісіне сипаты бірдей екі тітіркеніс жолдайды. Әуелі циркуль қадамы 8-10 м болса кейінірек циркуль сирақтарын жақындата отырып оның ұшымен түртеді. Бұл әрекет сырқат екі тітіркеністің ара қашықтығын айыра алмаған кезінде тоқтатылады да қарғашадағы өлшем мөлшері жазылып алынады. Әдетте сау адам циркуль қадамын саусақ ұшында 2 мм және бел тұсында 60 мм дейін ажырата алатындығы белгілі. Дискриминациялық сезім бұзылған кезде бір мезгілде жанасқан екі тітіркеністі сырқат адам ажырата алмайды, немесе ол қалыпты жағдайдан едәуір ауытқиды. | | 0,5 | 1,0 |
| Стереогаостикалық сезім. Тексерілуші адамның алақанына ұсақ-түйек бүйымдарды (кілт, қарындаш, түйме т. б.) ұстатып, оларды сипап білуі өтініледі. Егер бір қолымен сипау арқылы аталған бұйымдарды анықтай алмаса, онда оларды екінші қолына ауыстырып сипатады (ұстатады). Сонда тануы мүмкін. Ұстатылған бүйымдарды сипау арқылы ажырата алмауды астереогнозия. | | 0,5 0,5 0,5 | 1,0 1,0 1,0 |
| Сезімталдықтың тұрақтылығы. Дәрігер қолына бір шөкім мақта немесе шашақша алып сырқат денесінің симметриялы тұстарын нұқу арқылы аталған тітіркендіргіштердің нақтылы әсері сезілген нүктені дәл анықтауы керек. Дені сау адам белгілі нүктені дәл көрсетеді. Ал дертке шалдыққан болса тітіркенген жерін дәлдеп ажырата алмайды, тіпті мүлде баска нүктелерді нұсқауы мүмкін. Мұндай ауытқушылықтар топанестезия немесе топгипестезия деп аталады. Кейбір жағдайда сырқат тітіркенген жерін көрсетем деп, мүлде қарама-қарсы жақты нұсқайды. Бұл құбылыс сирек кездеседі. Мұндай ауытқушылық аллохейрия немесе синестезия деп аталады . | | 0,25 0,25 0,25 | 0,5 0,5 0,5 |
| БАРЛЫҒЫ: | | 3,25 | 6,5 |
Ауырсынуды созу әдісімен анықтау белгілері
| Тексеруді жүргізу | Балдары |
| Ласег симптомы. Шалқасынан жатқан сырқаттың созылып жатқан аяғын өкшесінен ұстап жоғары көтерген кезде белі мен аяғы шоңданай нерві бойымен сыздап ауырады және аяқты созатын бұлшық еттер ширығып қатаяды (бірінші фаза). Осы белгіні айқындай түсу үшін сырқаттың құрсақ маңайын ауырсыну білінген сәтте қолмен сипап байқағанда осы тұстағы бұлшық еттердің ширатыла қатайғаны сезіледі. Мұны Венгеров симптомы деп атайды. Аяқты қылтасынан қайта игенде шонданай нерві босап, қайта өз қалпына келгендіктен ауырсыну сезілмейді (екінші фаза). | | 0,5 0,5 0,5 0,5 | 1,0 1,0 1,0 1,0 |
| Нери симптомы. Шалқасынан жатқан сырқаттың басын дәрігер колымен иіп қозғаса бел-сегізкөз тұсы сырқырап ауырады | | 0,5 0,5 | 1,0 1,0 |
| Ласег симптомына қарама-қайшы немесе Бехтерев симптомы. Сырқаттың сау аяғын жазылған күйінде жоғары көтерсе, қарама-қарсы аяқта және бел-сегіз көз аймағында ауырсыну білінеді. | | 0,25 0,25 | 0,5 0,5 |
| Штрюмпель-Мацкевич симптомы. Етпетінен жатқан сырқаттың аяғын қылтасынан бүккен сәтте санның алдыңғы тұсынан ауырсыну білінеді | | 0,25 0,25 | 0,5 0,5 |
| Вассерман симптомы. Етпетінен жатқан сырқаттың аяғын мүмкіндігінше жазып байқағанда санның алдыңғы жағынан ауырсыну білінеді | | 0,25 0,25 | 0,5 0,5 |
| БАРЛЫҒЫ: | | 4,5 | 9,0 |
Бет нерві қызметін тексеру
| Тексеруді жүргізу | Балдары |
| Қалыпты жағдайда сырқаттың бетін байыптап қарағанда ауытқушылық немесе табиғи әжімдердің жойылуы мүмкін. | | 0,5 | 1,0 |
| «Қабағыңызды көтеріңіз»-маңдай бұлшық етін тексеру | | 0,5 | 1,0 |
| «Қабағыңызды түйіңіз» -қабақ бұлшық етін тексеру | | 0,5 | 1,0 |
| «Көздеріңізді сығырайтыңыз»-көз айналасындағы бұлшық етін тексеру | | 0,5 | 1,0 |
| «Екі ұртыңызды томпайтыңыз»-жақ бұлшық еттерін тексеру | | 0,5 | 1,0 |
| «Тісіңізді ақситыңыз»-күлкіге қатысты бұлшық еттерді тексеру | | 0,5 | 1,0 |
| «Еріндеріңізді алға қарай түтікше керіңіз»-ауыз айналасындағы бұлшық еттерді тексеру | | 0,5 | 1,0 |
| Тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінде дәм сезуді анықтау, көз алмасының қасаң қабығының түрін анықтау, құлақтағы жаңғырықтың болуын анықтау (гиперакузиюя) | | 0,5 | 1,0 |
| Барлығы: | | 4,0 | 8,0 |
Наши рекомендации