Тапсырма. Тест тапсырмалары

Тапсырмалар

1-тапсырма:Төмендегі өлеңде тыныс белгілері қойылмаған, қойып шығып ,ондағы сөйлем мүшелерін анықтаңдар.

Тәтті шөпті таңдап жеп жылқы-сиыр

Тың-тоңы тұяқ кесті емес шиыр

Тай-тана бота тайлақ серкеш – тоқты

Барлығы тояр соның толып бүйір

Тойған мал көтерілді асыр салып

( -Неліктен мына өлең жолдарының тыныс белгілері қойылмаған, неліктен сіздер тиісті жеріне тыныс белгілерін қойдыңыздар, қоймай оқығанда қалай естіледі, қойып оқыған да ше? )

Тәтті шөпті таңдап жеп, жылқы сиыр,

Тың-тоңы, тұяқ кесті емес шиыр.

Тай-тана, бота тайлақ, серкеш – тоқты

Барлығы тояр соның, толып бүйір.

Тойған мал көтерілді асыр салып

Торпақ, бұқа, тай - құнан үйір алып.

Малдың, жанның барлығы көтеріңкі ,

Қыстан көрген зардабы ұмыт қалып.

Алты ай қыс ауырған көп жөтеліп,

Төсек сал , төсек кемпір бас көтеріп.

Қалың қар, қатты боран сары аяздың,

Барлығы бір-ақ күнде кетті өтеліп.

2-тапсырма. «Алтын алма, алғыс ал»

Бұл тапсырмада интерактивті тақтадан нөмірленген ұяшықтар бар. Сол ұяшықтардағы сұраққа жауап берсе, ар жағынан алғыс сөз шығады. Қай топ көп сұраққа жауап берсе, сол топ көп алғыс алады.

1.Пунктуация деген не? (Арлы – ожданды бол!)

2.Тыныс белгілерінің қандай түрлері бар? (Елге деген парызыңды ұмытпа!)

3.Тыныс белгілерін қоюдың қандай принциптері бар?(Намысыңды жастан сақта!)

4.Сөйлем соңында қандай тыныс белгілері қойылады?(Халқыңды алалама!)

5.Нүктенің қойылатын орындары. (Жақыныңды жаралама!)

6.Сұрау белгісі қойылатын орындарды айт.( Қалысыңды қаралама!)

3-тапсырма: Сәйкестендіру тесті
------------------------------ Қасқырдың төлі не?
------------------------------ Мал жайылды.
Хабарлы сөйлем ------- Жүйрік озады
Сұраулы сөйлем ------- Мысық қалай дыбыстайды?
Лепті сөйлем ----------- Өркенің өссін, қарағым!
------------------------------ Тау алыстан көрінеді.

4-тапсырма: «Абай жолы» романынан алынған үзіндінің тыныс белгілерін қойыңыз.

Бүгінгі елдің тірлігін кәсібін көп сынаған Абайға Қадырбай жаңағы бір кезде

Ендеше өзің не дейсің Елді бұдан былай немен ел бол дейсің Сынадың мінедің ғой Ал енді шығар жолың бар ма Соныңды атап көрші деген

5-тапсырма: Төмендегі бағандарды жұптастырыңыз.

Нүкте Автор сөзінен кейін келген төл сөз
Қос нүкте, тырнақша Жалғаулықсыз қарсылықты салалас
Сызықша Екпінсіз айтылған бұйрықты сөйлем
Үтір, сызықша Нақыл сөздердің авторы
Сұрау белгісі, леп белгісі Өз ішінде үтірлері бар айқындауыш мүше
Жақша, нүкте Лепті интонациямен айтылған сұраулы сөйлем

6-тапсырма: Берілген сөйлемдерден соң, қажетті тыныс белгілерді қой.

· Көкек айы.

· Мал төлдеп, жер көгеріп, құс ұялаған кез.

· Шөже ақын емес пе?

· Бүлдірген пісті ме, жоқ па?

· Неткен сұлу, сүйкімді құстар еді!

· Туған жер-ай!

7-тапсырма: Тест сұрақтары

1. Пунктуация латынныңpunctum–«нүкте» деген сөзінен шыққан.

Иә. Жоқ.

2. Пунктуация жазу тіліне қызмет етпейді.

Иә. Жоқ.

3. Егер тыныс белгілері дұрыс қойылмаса, мәтінді оқу қиын.

Иә. Жоқ.

4. Нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі сөйлемнің ішіне қойылады.

Иә. Жоқ.

5. Үтір, қос нүкте, жақша, тырнақша, сызықша ерекшелеуші қызмет атқарады

Иә. Жоқ.

3.Пунктуациялық ережелерді меңгертуге арналған аралас

сабақ жоспарын жасау

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер. Үтір Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға үтір туралы толық ақпарат бере отырып, үтірдің қойылу ерекшеліктерімен таныстыру.Дамытушылық: Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру Тәрбиелік: Бірін-бірі тыңдай білуге, өзгенің пікірімен санаса білуге баулу Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, баяндау, түсіндіру, с.т.о(сыни тұрғыдан ойлау) стратегиясы.
Көрнекіліктері: слайд, интерактивті тақта, карточкалар.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
6. Оқушыларды түгендеу;
7. Сабаққа дайындықтарын бақылау;
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 157-жаттығу. ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері қандай қызмет атқарады? (ерекшелеуші)
Қыстырма сөйлем дегеніміз не?
Қаратпа сөз дегеніміз не?
Одағай сөз дегеніміз не?
Бірыңғай мүшелер дегеніміз не?
Айқындауыш мүше дегеніміз не?
Төл сөз дегеніміз не?
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер ерекшелеуші қызмет атқарады. Үтір қаратпа, қыстырма, одағай, төл сөздер мен біріңғай және айқындауыш мүшелер қолданылып тұрған сөйлемдерде қойылады.
1. Үтір (,) Шешендік сөз шешендікке, адамгершілікке тәрбиелейді.
2. Қос нүкте (:) Ел деген мұз сияқты: ақырын ұстасаң, - түсіп кетеді.
3. Жақша () Жақсылық–кісінің табандылығында. (М. Әуезов)
4. Тырнақша (“”) Қазыбек биден бір адам “кім жақын, не қымбат, не қиын?” деген үш сұраққа жауап беруін сұрапты.
5. Сызықша (-) Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос.
6. Нүктелі үтір (;) Ақылды ісіне сенеді; Ақымақ күшіне сенеді;Әңгүдік түсіне сенеді. Қазыбек, бір қолың ұрыс бастаса, екінші қолың арашашы болсын.
Ойбай, білсем Құдай ұрсын, - деп Зейнеп те әзілдей жауап берді.
Сен, Еменәлі, бір кезде алды-артына қарамайтын сотқар болып едің.
Әли, менің ойымша, мемлекет отбасынан басталады. Біріңғай сөйлем мүшелерінің арасында қойылады Қаратпа сөздер (сөйлем басында, соңында, ортасында) Қыстырма сөздер
(сөйлем басында, соңында, ортасында) Оңашаланған айқындауыш сөздер Одағай сөздер
(сөйлем басында, соңында, ортасында) Құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдердің аражігіне қойылады Қаратпа сөздерден кейін қойылады
(сөйлем басында, соңында, ортасында) Қыстырма сөздерден кейін қойылады
(сөйлем басында, соңында, ортасында) Оңашаланған айқындауыш сөздерден кейін қойылады Құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдердің аражігіне қойылады
Менің ғашығым бота көзді, қыр мұрынды, шие ерін, ақ құба келген аққу қыз. Жігіттер, ойын арзан, кұлкі қымбат.
Менің сырым, жігіттер, оңай емес.
Ендігі кезек сенде, қарағым. Меніңше, сенің айтқаның дұрыс.
Бұларды, әрине осы жерде жасауға болмайды.
Өзі осында келген шығар, сірә. Сен, Қазыбек би, бұл елдің соты.
Осы елдің алға ұстары сен, Батыр Баян. Пай! Пай! Пай!
Киелі неткен жер!
Ел көшсе, жайлау жетімсірейді, құс көшсе, көл жетімсірейді. . Жігіттер, ойын арзан, кұлкі қымбат.
Менің сырым, жігіттер, оңай емес.
Ендігі кезек сенде, қарағым. Меніңше, сенің айтқаның дұрыс.
Бұларды, әрине осы жерде жасауға болмайды.
Өзі осында келген шығар, сірә. Сен, Қазыбек би, бұл елдің соты.
Осы елдің алға ұстары сен, Батыр Баян. Ел көшсе, жайлау жетімсірейді, құс көшсе, көл жетімсірейді.

Біріңғай мүшелерде қойылатын үтір.
Біріңғай мүше жалғаулықсыз келгенде Да, де, әрі, я, яки, не, немесе, әлде, жалғаулық шылаулары біріңғай мүшеде қайталанып келгенде Мен, және жалғаулық шылаулары қайталанбайды Да, де, әрі, я, яки, не, немесе, әлде, жалғаулық шылаулары біріңғай баяндауыштар арасында қайталанбай келсе, шылаудан соң үтір қойылады
Айгүл, Әсел, Әдемілер келді. Асыл да, Әсел де не үйге кірерлерін, не кері кетерлерін білмей дал болды. Айнур мен Асыл, Айдын мен Асхат келді. Қоңырау соғылды да, сабақ басталды.

Жаттығулармен жұмыс:
1. Сөйлемдерге тыныс белгісін қойып шық.
Өсе келе Ердос тап – тақыр жерде өсіппіз ғой деп ойламасын.
Сол кешегі ұстаздары яғни біздер соншама ақылды да білімді де емес екен.
Шіркін бұрынғының әндері-ай.
Әрбір ән тұтас тарих.
Соларша қайғырып соларша сүйе білер ме еді шіркін.

2.«Қазақ тілінің мұңы»
Мәтінмен танысу, түсінгенін айту, қазіргі заманмен салыстыру,тыныс белгілерінің қойылу себебін анықтау.
Мен заманда қандай едім? Мен ақын, шешен, тілмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Жардай соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім. Енді қандаймын?
Кірленіп барамын, былғанып барамын.
Жасыдым, мұңалдым.
Мен не көрмедім?
Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, бұлдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келетіндер де бар. Өліде үш бақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді, алдымен айналып кетейін, осы күнгі Ахмет (Байтұрсынұлы. Ред.) деген кісіден ғана естідім.
Сабақтың қорытындысы, ой қорыту (рефлексия).
IV.Бекіту
1. Сөйлемнің ішіне қойылатын тыныс белгілерін ата.
2. Үтір қандай жағдайда қойылады?
3.Карточкамен жұмыс
1. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талда. Бастауыштарын қаратпа сөзге айналдырып, тиісті орынға тыныс белгісін қой.
2. Қаратпа сөздерді бірде сөйлемнің алдына, бірде ортасына, бірде аяғына қойып, оларды тыныс белгілерімен айырып жазыңдар.
3. Одағай сөздерді тыныс белгілерін қойып көшіріңіздер.
V. Үйге тапсырма беру: 159-жаттығу.
VІ. Бағалау

Тіл дамыту, байланыстырып сөйлеу және жазу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі

№4 лабороториялық жұмыс

1. Байланыстырып сөйлеу мен жазуды дамытуға арналған жаттығулар мен тапсырмаларды дайындау;

1.Тұрақты тіркестердің мағынасын жазыңдар

1.Қой аузынан шөп алмас –

2.Жүрек жалғап алу –

3.Төбе шашы тік тұру –

4.Қас пен көздің арасында –

5. Бетінен оты шықты –

6. Ағаштан түйін түйген –

7. Қырғи қабақ болу –

8. Тонның ішкі бауындай болу –

9. Бармағын тістеу –

10. Аузына құм құйылу –

2.Төмендегі сөздердің дыбыстарын мүмкіндігінше өзгерте отырып, олардың сөз мағынасына тигізетін әсерін бақылаңдар.

Сал, жат, тас, тық, қаш, жан. Мысалы, сал – жал, тал, қал

1.Жат –

2.Тас –

3.Тық –

4.Қаш –

5.Жан-

3.Берілген сөздердің қанша дыбыстан, қанша әріптен тұратынын дәлелдеңіз және де дыбыс пен әріпке анықтама беріңіз:

1.жұмыс, тіл, сызығы.

2.домбыра, совхоз, кезек.

3.зерттеу, туралы, ми

4.ит, институт, саялы.

ою, қоян, университет.

2. Интерактивті тақтаға арналған мазмұнды тапсырмалар әзірлеу;

1-тапсырма. Әңгіме құруға арналған тапсырма.Мына суреттерді байланыстыра әңгіме құрыңдар.

тапсырма. Тест тапсырмалары - student2.ru тапсырма. Тест тапсырмалары - student2.ru

тапсырма. Тест тапсырмалары - student2.ru

тапсырма. Тест тапсырмалары - student2.ru

тапсырма. Тест тапсырмалары - student2.ru

2-тапсырма. Мына сұрақтарды басшылыққа ала отырып, әңгіме құрыңдар.

-Сен кімсің? Ол кім?

-Әжең үлкен бе? Атаң үлкен бе?

-Қайда тұрасыңдар?

-Сендер нешеусіңдер?

-Сіздің ағаңыз бен апаңыз кім?

-Олар не істейді?

3-тапсырма. Ойын «Диалог — әңгіме». Бір оқушы ойдан шығарып, бір әңгімені бастайды. Келесі оқушылар оны жалғастырады.

Динара: Көктем айлары – наурыз, сәуір, мамыр

Гаухар: Көктемде күндер ұзақ болады

Мақсат: Көктемде түндер қысқа болады

Гулмира: Жылы жаңбыр жауады

Раушан: Құстар ұшып келе бастайды.

4-тапсырма. Диалог құруға арналған сұрақтар.

-Ләззат мектептен келді ме?

-Мектепте қандай қызықты үйірмелер бар?

-Қандай аспапта ойнай аласың?т.б.

5-тапсырма. «Жанды сөздер» дидактикалық ойыны.

Шарты: әр ойыншы бір сөз ойлайды: бір бала «қоян» десе, екінші бала «сәбіз»дейді Үшінші бала мазмұны алдыңғы екі сөзге сәйкес келетіндей сөзді тауып байланыстырады.Мысалы «Қоян сәбізді жақсы көреді».Мәтінде кейбір сөздерді жасырып қою керек, балалар оны ойлап табады. Оған «Кейбір сөздері өшіп қалған хат» ойыны ойнатылады.

3. Тіл дамыту сабағының жоспарын жасау.

Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту жұмыстары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін нығайту, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: талдау, сұрақ - жауап
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, кезекші мәліметімен танысу. Класс тазалығына мән беру.
Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
І топ «Білімділер»
ІІ топ «Алғырлар»
ІІІ топ «Тапқырлар»
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
352 - жаттығу
І топ Мәтінді оқып, «Абай Құнанбаев жайында не білеміз?» деген тақырыпта сөйлеу.
ІІ топ Екпін ерекше түсетін сөздерді табу.
ІІІ топ Мәтіннен тасымалданбайтын сөздерді табу.
Сонымен оқушылар, «Екпін» дегеніміз не? Олардың түрлерін атаңдаршы.
Оқулықпен жұмыс
353 - жаттығу Суреттер топтамасындағы 2 - суретке қарап, түлкінің, қоянның, үйректің мінез - қылығына лайық диалогтар құрап, әңгіме жазу.
Үш топ үздік деген әңгімелерін оқиды.
Топтың басшысы құрамындағы оқушыларын бағалайды.
Білекті бірді жығады,
Білімді бірді жығады.
Мақалдың бірінші жолына математикалық дыбыстық талдау жасау.
Ал, енді балалар сабағымызды әдебиет пәнімен байланыстырайық. Әдебиет оқулығының 141 - бетін ашыңдар. Өлеңді («Ғылым таппай мақтанба») көз жүгіртіп оқып, екпін түспейтін қосымшалы сөздерді тауып, мәнерлеп жатқа айтуға дайындалыңдар.
І «Білімділер» тобынан 1 оқушы өлеңді жатқа айтады.
ІІ «Алғырлар» тобынан 1 оқушы тақтаға шығып, «құмарланып» сөзіне фонетикалық талдау жасау.
ІІІ «Тапқырлар» тобы екпін түспейтін сөздерді (таппай, мақтанба, жесеңіз, білсеңіз) атап шығады.
Сабақты қорытындылау
«Алма ағашы» берілген. Алмаларда сұрақтар жасырылған. Әр топтан 1 оқушы шығып, сұрақтарға жауап береді.
1 алма. Фонетика жайлы не білесің?
2 алма. Тіл білімінің салаларын ата.
3 алма. Дауысты дыбыс деген не?
4 алма. Дауыссыз дыбыс деген не?
5 алма. Буын деген не?
«Біздің үйіміз»
Үйдің бөліктері берілген. Әрбір бөліктерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтарға жауап бере отырып, үйді орнатамыз.
Ашық, қысаң дауыстыларды ата.
Еріндік, езулік дауыстыларды ата.
Әке сөзіне фонетикалық талдау жаса.
Тасымал деген не?
Үйге тапсырма
354 - жаттығу. Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасау.
Бағалау

3.Стилистикалық нормаларды қалыптастыруға бағдарланған жаттығулар мен тапсырмалар жүйесін құру

тапсырма. Тест тапсырмалары

1. Жазба тілдің стильдік тармақтарын көрсетіңіз.

А)Ауызекі сөйлеу стильі В) Ғылыми стиль, сөз мәдениеті

С) жүйелі сөйлеу мәдениеті Д) Көркем әдебиет стилі

Е) мақала, баяндама

2. Ауызекі сөйлеу тілінің стильдік ерекшелігін табыңыз.

А)үндемей тыңдау В) қарапайым сөздерді қолдану

С) тіл тазалығын сақтау Д) қыстырма сөздерді қолдану

Е) диалогке құрылмайды

3. Тілдесу үстіндегі қойылатын талаптар қалай аталады?

А)коммуникативтік талап В) грамматикалық талап

С) лексикалық талап Д) мәнерлеп сөйлеу талабы

Е) ғылыми стиль тұрғыда

4. Стильдің қанша түрі бар?

А) 4 В)5 С) 6 Д) 3 Е) 2

5. Бұлт көлеңкесімен түтеген дала үнсіз бағынып, жаңбыр күтуде еді. Жел ұйытқытып қара жолдың күлгін шаңын көкке көтерді.
Мәтін қай стиль үлгісінде жазылған?

А)Ғылыми стиль В) ресми стиль

С) Көркем әдебиет стилі Д) мақала, баяндама

Е) ауызекі сөйлеу стилі

6. Стилистика қай тілдің сөзі?

А)Араб В)Латын С)Орыс Д)грек Е)француз

7. Бірін-бірі бетпе бет көріп отырған екі не одан да көп адамдардың өзара пікір алысуы, түсінісуінде қай стиль қолданылады?

А)Ғылыми стиль В) Көркем әдебиет стилі

С) Жазба тіл Д) ауызекі сөйлеу стилі

Е) мақала, баяндама

8. “Ақуыз синтезі” қай стильге жатады?

А)Ғылыми стиль В) ауызекі сөйлеу стилі

С) Көркем әдебиет стилі Д) публицистикалық стиль

Е) ресми стиль

9. Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ер данасы.......
Өлең қай стильде жазылған?

А) Әдеби стиль В) Көркем әдебиет стилі

С) Ғылыми стилі Д) ауызекі сөйлеу стилі

Е) іс-қағаздар стилі

10. Құрмалас сөйлем дегеніміз кем дегенде екі жай сөйлемнен тұрып, күрделі ойды білдіреді..... Мәтін қай стиль түріне жатады?

А) ресми стиль В) ауызекі сөйлеу стилі

С) әдеби стиль Д) Ғылыми стиль

Е) публицистикалық стиль

11. “Хаттама, мінездеме, хабарлама” стильдің қай түріне жатады?

А) публицистикалық стиль В) Ғылыми стиль

С) ресми стиль Д) әдеби стиль

Е) ауызекі сөйлеу стилі

12. Ресми іс-қағаздар түрін көрсетіңіз.

А) мақала В) роман С) кейіптеу Д)өтініш Е) шығарма

13. Газет журналдар тілі қай стильге жатады?

Стилистикалық нормаларды қалыптастыру әдістемесі

№5 лабораториялық жұмыс

Наши рекомендации