Ысқа мерзімді жоспар 2 страница

Математика Бастауыш мектеп 1-сынып
1В бөлім: Геометриялық фигуралар
Осыған дейін меңгерілуі тиіс білім
Оқушылар сурет салып, геометриялық фигураларды, шаблондарды қолдана білуі, кірпіштермен, кеңістіктік фигуралармен ойнау алуы керек, мысалы, конструкциялау.
Мәнмәтін
Оқу жоспарының бұл бөлігі оқушыларды геометрияны меңгеруге дайындайды: әртүрлі сызықтардың атаулары, жазық және кеңістіктегі геометриялық фигуралардың атаулары енгізіледі. Геометриялық фигуралармен жұмыс істеуде «Көркем еңбек» пәнімен байланыс жасалады.
Осы бөлімдегі пән бойынша геометриялық мақсаттарТиісті ғылыми тілді пайдалану бойынша тілдік мақсаттың үлгісі оқушылар үшін төменде көрсетілген.
Тақырыптар бойынша оқу мақсаттары Оқытудың тілдік мақсаттары Пән лексикасы және терминология Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері
• Кеңістіктік ұғымдарын қалыптастыру (сол жақтан, оң жақтан, жоғарыдан, төменнен, артынан, алдынан, арасында, үстінде) • Қарапайым геометриялық фигуралармен (нүкте, сызық (түзу, қисық) сәуле, кесінді, үшбұрыш, шеңбер, шаршы, төртбұрыш, текше, шар) танысу o Сынып бөлмесінен табылатын фигураларды анықтау, атау o Геометриялық фигураны анықтауға мүмкіндік беретін белгілерді талқылау o Көріністерді, конструкцияларды құруға арналған геометриялық фигураларды қолдану o Ойыншықтарды жинау және оларды геометриялық фигуралардың белгілері туралы білімнің негізінде топтастыру • • Топтағы фигураларды санау және фигуралардың тобын саны, өлшемі және т.б бойынша салыстыру Оқушылар келесілерді орындай алады: • заттардың жиынға белгілерге сай енуін түсіндіру және талқылау     • сол жақтан, оң жақтан, жоғарыдан, төменнен, алдында, артында, арасында, астында • нүкте, түзу, сәуле, кесінді • себептер, критерийлер, ерекшеліктер, белгілер • кеңістіктік фигуралар, үш өлшемді форма, шар, цилиндр, конус, пирамида, призма, текше • жазық геометриялық фигуралар, екі өлшемді форма, үшбұрыш, шеңбер, шаршы, тік төртбұрыш • нүкте, сызық, үзік сызық, тұйық және тұйықталмаған сызық, аймағы және шегі • біріктіру, жою Талқылау:
• Неліктен оларды бірге топтастыру керек? • Бұл фигуралардың ортақ қандай белгілері бар? • Мұндай фигураларды қайда қолдандыңыз? Неліктен… екенін айта аласыз ба? • … дегеніміз шаршы, ал бұл жоқ? • … үш бұрышты дәптерді қолданамыз? Жазу: • Сыныптық бөлмеден көруге болатын жазық фигураларды тізіп шығыңыз. • Сіз таңдаған белгілері бар барлық ойыншықтарды атаңыз. • Өз суреттеріңізде фигуралардың атауларын белгілеңіз.
Басқа да тілдік мақсаттарды құрастыру және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз
Қысқаша шолу
Оқушылар заттар, сызықтар, геометриялық фигуралардың негізгі белгілері бойынша қалайша анықталатынын түсінеді
Оқу бағдарламасына сілтеме Оқу мақсаттары Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері Мұғалімге арналған кеңестер (оқыту әдістемесі бойынша) Оқу ресурстары
4.1 Жиын және олармен жасалатын операциялар 1.4.1.2 жиынды элементтердің белгілері бойынша жіктеу (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті)   Топты құру. Заттардың тобын салыстыру (пішіні, өлшемі, түсі, ұзындығы, массасы, сыйымдылығы бойынша) (С) Заттарды топқа қалай бөле алатынымызды көрсету үшін сақиналар немесе карточкалар жинағын қолданыңыз. Заттардың әр тобы бір критерий бойынша таңдалады, мысалы, қызыл түсті заттар, жұмсақ заттар және т.б. (Т) Оқушыларға қорап беріңіз, оның ішінде ойыншықтар, қарындаштар, контейнерлер, мата кесектері сияқты әртүрлі заттар бар. Олардан бірге жұмыс істеп, белгілі бір заттарды қандай белгі бойынша топтастыру керектігін шешуді сұраңыз.Бұдан кейін олар қораптағы заттарды сұрыптауы керек. (Т, қ) Оқушыларға заттардың қантай критерий бойынша біріктірілгенін көру үшін басқа топтарға «бара алу» мүмкіндігін беріңіз. Бұл амал пайдалы диалогті тудырады. Бұдан қалыптастырушы бағалауға арналған ақпараттың көзін табуға болады. Оқытушы осы әрекет түрінің оқушылардың жеке зерттеу жүргізуге қаншалықты дайын екенін көрсететінін білуі керек. Оқытушы оқушыларға заттардың ортақ белгісі деген не екенін түсіндіруі керек (белгілер бойынша жіктеу: түс, пішін, мөлшер және т.б.)   Ойыншықтардың топтамасы, заттарды критерийлер бойынша сұрыптауға қажетті сынып бөлмесіндегі заттар.     Санауға, ойыншықтарға және сынып бөлмесіндегі заттарға, оларды топтастыруға арналған заттар  
3.1 Геометриялық фигуралар 1.3.1.1 геометриялық фигуралар: нүкте, түзу, қисық, үзік, тұйық және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрыш   1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, шеңбер, шаршы, тік төртбұрыш)/ кеңістіктегі фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида) ажыратужәне оларды қоршаған ортаның заттарымен байланыстыру     Ең қарапайым геометриялық фигуралармен танысу (нүкте, түзу, сәуле, кесінді)   Оқушыларға сызық сызуды ұсыныңыз, бұл сызықтың түзу деп аталатынын, оның басы мен соңы жоқ екенін түсіндіріңіз. Содан кейін осы түзу сызықта оқушыларға нүктені белгілеуді айтыңыз. Оқушыларға нүктеден оң жаққа немесе сол жаққа түскен сызықтың сәуле деп аталатынын, ал нүктенің өзі сәуленің басы болатынын түсіндірңіз. Оқушыларға сәуленің соңы жоқ деген қорытынды жасатқызыңыз. Бұдан әрі осы сызықта оқушыларға екінші нүктені қоюды сұраңыз. Осы екі нүкте арасындағы аралықтың кесінді деп аталатынын, оның басы мен соңы бар екенін түсіндіріңіз. Сызықты зерттеу (С) Сыныптың бөлмесінде және мектептің ауласында көруге болатын сызықтар туралы талқылаңыз. Жаңа терминдерді енгізіңіз (тұйық, тұйықталмаған, түзу сызық; аймағы, шегі) және әр сызықтың ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Сөздер жазылған карточкаларды қолданыңыз (С) Геогебра сияқты графикалық бағдарламалық жасақтаманы тұйық емес, тұйық сызықтарды жасау, аймақ пен шекті анықтау үшін қолданыңыз. Сөздер жазылған карточкаларға қараңыз. (қ) Оқушылардың өздері жасаған сызықтарын көре алуы үшін жеке маркерлік тақталарды қолданыңыз. (К)Оқушылардан тапсырманы жеке маркерлік тақтада жасауын сұраңыз: нүкте қою және ол арқылы бірнеше түзу сызықтарды жүргізу, содан кейін қиылысатын екі түзудің арасын әртүрлі түспен бояу. Оқушыларға қиылысатын түзулердің бір нүктеде бұрыш жасайтынын түсіндіріңіз. (С) Оқушылардың робот ретінде елестеткен сызықтардың бойында саяхаттауы үшін тиісті кеңістікті табыңыз. Мысалы: үзік, тұйық және басқа сызықтар бойынша саяхат жасау. Заттар мен фигуралар (Т)Әртүрлі топтағы үзік сызықтармен жұмысты ұйымдастырыңыз.Оқушылар осы үзік сызықтарды тұйықтауы және қорытынды жасауы керек: нені байқадыңыз? (жаңа фигура пайда болды). Осы фигурадағы бұрыштың санын санаңыз. Келесі ұғымдарды енгізіңіз: үшбұрыш, төртбұрыш, сандар мен фигура арасында қатынасты орнатыңыз (жақтардың, бұрыштардың саны) (С) Оқушыларды төртбұрыштармен таныстырыңыз: тік төртбұрыш, шаршы. Олардың белгілері туралы талқылаңыз. Білімді ойын түрінде бекітіңіз. (С) Оқушыларды кеңістіктік фигуралармен (цилиндр, шар, тік бұрышты призма) таныстырыңыз және оларды үйдің қай жерінен таба алатынымызды талқылаңыз. (С/Ж, ф) Оқушыларды «сиқырлы қапта» жасырылған фигуралардың пішінін сипалап анықтауға шақырыңыз. «Сиқырлы қаптар» ретінде әртүрлі кенеп матадан жасалған қаптарды немесе күңгірт материалдан жасалған қаптарды, сөмкелерді қолданыңыз. Олар пішінді дұрыс дей ала ма? Кеңістіктік геометриялық фигураларды жасау (Д) Тіс тазартқыш, таяқшалар, сіріңке және ермексаздың көмегімен фигураның үлгісін жасау. (С) Кеңістіктік геометриялық фигураларды қарастыру және талқылау кезінде оқушылар әр қырды бөлек қарастырады және осы фигураның қырлары тегіс болады деген шешімге келеді. Осы білімді бекітіңіз және әр кеңістіктік фигураның атауы мен ерекшеліктерін талқылаңыз. (Т) Мүмкіндігінше, мектеп айналасында кішігірім топтарда жазық және кеңістіктік фигуралардың үлгісі болатын нысандарды табу үшін экскурсия жүргізіңіз. Суреттер немесе фотолар жасаңыз. (С) Жазық фигуралардың суретін салу үшін Геогебра сияқты графикалық бағдарламалық жасақтаманы қолданыңыз. Фигураның ұштарын созу арқылы оның пішінін өзгертіңіз. Сұраңыз, мысалы: «Бұл фигура әлі де үшбұрыш болып санала ма? Неліктен?» (Д)Оқушылардың жазық фигураны сызуына мүмкіндік беріңіз (торкөз қағазда төртбұрышты, шаршыны, үшбұрышты сызу). (Т, Ж)Әртүрлі фигуралардың жақтарын, бұрыштарын салыстырамыз. Фигураларды топтарға бөліңіз, әр топтағы фигуралардың санын анықтаңыз, қай топта фигуралардың саны көбірек/азырақ екенін салыстырыңыз. (Т, Ж)Оқушылар фигураға немесе бірнеше фигураға тиісті немесе тиісті емес нүктелерді белгілейді, бұл амал геометриялық фигураны нүктелердің жинағы ретінде түсіндіруге көмектеседі. Осы арқылы фигураларды бөліктерге бөлуге немесе фигураны саналы түрде жасауға мүмкіндік беріледі, яғни қосу, қиылыстыру амалдары бойынша орындауы керек.   Практикалық жұмыс арқылы оқушылардың түзуді, сәулені, кесіндіні тану және ажырату қабілетін дамытыңыз. Оқушылар дәптерлерінде осы фигураларды сызады. Бізді қоршаған ортадан мысалдар беру; қандай заттарды немесе олардың бөліктерін түзу, кесінді, сәуле ретінде қарастыруға болады.   Оқушылар ермексаздан әртүрлі сызықтарды сызады немесе илейді.   Оқытушы парақтарды үлестіреді. Олара әртүрлі сызықтар сызылған. Оқушылар оларға қарап, осы сызықтардың нені еске салатынын айтады, мысалы, қисық тұйық сызық бұлтты еске салуы мүмкін, ал тұйықталмаған қисық сызықтар жыланды және т.б. Тапсырма оқушыларға идеялармен бөлісу мүмкіндігін береді. Бұл, әсіресе, тұйық сызықтар сияқты әртүрлі сызықтарға қатысты айтылған. Осы кезеңде сіздердің міндетіңіз келесідей болады: оқушыларды қоршаған жағдайдағы геометриялық бейнелерді көруге, олардың ерекшеліктерін айыруға, фигураларды құрастырып, қайта жасап, біріктіруге үйрету. Назар аударыңыз! Оқушылардың өмірдегі тәжірибесіне негізделетін болсаңыз, оқушылардың білімі орнығады. Оқушылардан жазыңқы фигуралардың атауларын есте сақтауды сұрамаңыз (шар, цилиндр, конус, пирамида, призма, текше). Оқушылар оларды қоршаған ортадан таба білуі керек, олар жазыңқы фигураның әр шекарасы жазық фигураны беретіндерін түсінуі керек. Жазық фигураларды (үшбұрыш, шеңбер, шаршы, төртбұрыш) және жазыңқы фигураларды (шар, цилиндр, конус, пирамида) ажырата білу. Осы пішіндердің орамаға неліктен қолданылатынын сұраңыз. Оқушылар осы жазыңқы геометриялық фигураларды мектептің қай жерінен көрді? Мектептің пішіні қандай? Сұрақтарды конус пен текшені қосу үшін кеңейтіңіз: осы пішіндердің ерекшелігі қандай? Осы заттың пішінін айтқандарына неліктен сенімді екенін талқылаңыз. Осылайша, әр жазыңқы геометриялық фигураның түйінді ерекшеліктері анықталады. Болжамның дұрыстығын тексеру үшін фигураны көрсетіңіз. Фигураларды салыстырып, қарсыластыруға ерекше назар аударыңыз (мысалы, дөңгелек- шеңбер, шаршы- текше, дөңгелек-шар). Геогебра бағдарламасы қолжетімсіз болса, металл білікке толы тақташаларды қолдануға болады немесе оқушылардың өздері жіптерді, резеңкелерді созу арқылы фигураларды жасайды. Осындай жұмыс барысында оқытушы оқушыларды фигуралардың белгілері туралы қорытынды жасауға жетектеуі керек. Жазық фигураларды кеңістіктік фигуралардың қырларында көрсеткен дұрысырақ болады немесе тақтада көрсету керек: пластмасса жазық фигуралар кеңістіктік фигуралардың қырлары болып табылады. Тік бұрышты призма мен текшенің, шаршы мен тік төртбұрыштың арасындағы айырмашылықты нақты түсіндіру керек. Оқытушының өзі фигуралардың үлгісін құрастыруды көрсетуі керек. Жазық және кеңістіктік фигураларды, фигуралар, түрлі карточкалар, үлгілер салынған суреттерді де пайдалануға болады. Оқушылар дәптерлерінде жазық фигураларды сызады. Фигура жақтарының ұзындығын көрсетуді сұраңыз (мысалы, торда). Оқушыларға мектеп ауласына саяхат жасау барысында фигуралардың орнын анықтай алатынымызды еске салыңыз. Бұл әрекет фигуралардан қоршаған ортаның көрінісін салуға мүмкіндік береді. Оқушыларға жазық фигураларды қолмен алу мүмкін емес екенін еске салыңыз. Олар біз өмір сүріп жатқан кеңістіктегі ортаны түсіндіру үшін ғана қажет. Диаграммалар мен көріністерді де тақтада және мониторда жасауға болады. Қазіргі өнерде пішінді қолдануға сілтеме жасалуы мүмкін. Мысалы, В.В.Кандинский, П.К.Мондриан жұмыстары. Геометриялық фигуралардың түстері әртүрлі әрі әдемі болуына назар аударыңыз. Бұл үшін қағаздың парағын қию, жапсыру, үлгілеу, жайманы қию, желімдеу, бүктеуді қолдануға болады. Көріністі шамалап жасағаннан гөрі сізге қажетті фигураларды жоспарлау және жасауға назар аударыңыз. Жұмысты көрсетуге көрме ұйымдастырыңыз және олар туралы талқылаңыз. Геометриялық фигуралардың пішіні әртүрлі болуына ғана емес, түсі мен өлшемі бойынша ажыратылуына да назар аударыңыз. Оқушылардың кішігірім топтардағы жұмысын ұйымдастырыңыз. Заттарды қандай критерий бойынша біріктіру керектігі туралы келісуін айтыңыз. Критерийлер, яғни бекітілген ережелер анық болуы керек. «Барлығы өзім туралы» тақырыбының контексінде осы оқу мақсатымен жұмыс істеу көрсетілуі мүмкін.   Интерактивті тақта арқылы қолданылатын геогебра сияқты бағдарламалық жасақтама Жеке маркерлік тақталар немесе ламинатталған карточкалар, маркерлер Сызықты жүргізіңіз: http://nrich.maths.org/2907 Сызықтардан болатын өрнектер мен суреттер: http://nrich.maths.org/7009   Сөздер жазылған карточкалар Маркерлік тақталар Сызбаны орындауға арналған бағдарламалық жасақтама – Гугл SketchUp.   Кеңістіктік фигуралардың үлгілері, орама қорапшалар және т.б Жазық геометриялық фигуралар «Сиқырлы қаптар» «Фигураларды сұрыптауға» берілген тапсырма: http://nrich.maths.org/5997   «Көркем еңбек» пәнінен алынған материалдар, түрлі-түсті қағаз, қағаз түтікше. «Геометрия» бағдарламалық жасақтамасы, интерактивті тақтаның бағдарламалық жасақтамасы   Геометриялық фигуралардың жиынтығы     Ойыншықтардың топтамасы, геометриялық фигуралардың жиынтығы, сызуға және сурет салуға арналған заттар (сызғыш және қарындаш)
3.2 Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы 1.3.2.3 композицияларды жазық фигуралардың үлгілерінен және олардың бөліктерінен жасау Кеңістікте бағдарлану. (Ж)Жұмыс істеуге сай орынды тауып оқушыларға жұппен, кезекпен, белгіленген бағытта жұмыс істейтінін айтыңыз. Мысалы, серігіңіздің алдына тұрыңыз, оның оң жағына тұрыңыз. Терминологияны кейде нақты ұғына алмайтын оқушыларды бақылаңыз және қажет болған жағдайда, сөздердің мағынасын қайтадан түсіндіріп шығыңыз. (Ж, Д, қ) Геометриялық фигуралар жинақтарын таратып шығыңыз. Фигураларды нұсқаулыққа сәйкес қойып шығуларын сұраңыз, мысалы: қызыл үшбұрыш көк шаршының оң жағында, сары шеңбер үшбұрыштың үстінде, т.с.с. (С) Пайдаланылатын әрбір сөз бен тіркесті түсіндіріп шығыңыз. Қажетінше, терминдердің мағынасын көрсету үшін күйін / бағытын ойыншықтар (қуыршақ, ойыншық аңдар, т.с.с.) арқылы тиісті орнында (мысалы, ойыншық үйшік) бейнелеңіз. Бұл келесілерді қамтиды: сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, артында, алдында, арасында, үстіне (Ж, Д, қ) Геометриялық фигуралар жинақтарын таратып шығыңыз. Фигураларды нұсқаулық бойынша қойып шығуды сұраңыз. Сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, артында, алдында, арасында, үстіне Геометриялық фигуралармен ойнаймыз және жасаймыз (С) Фигуралардың қалай жасалатыны туралы талқылаңыз: бейнеленген, қағаздан немесе картоннан қиып алынған, сабаннан немесе ағаш бұтақтарынан құрастырылған. (Ж)Оқушыларға геометриялық фигуралар бейнеленген парақтарды таратып шығыңыз. Оқушылар шығармашылық танытуы керек - бір зат жасау үшін (мысалы, парақтарда екі шеңбер бар, оқушылар көзілдірік, аққала, екі доп, т.с.с. жасап шығаратындай сурет салуы керек) фигураларға қосымша элементтердің суретін салады. Немесе қағаздан қиып алынған әртүрлі геометриялық фигураларды таратып шығыңыз (мысалы, кез келген бір жануар, үйшік, ағаш, т.с.с.). (Ж)Оқушылар әртүрлі геометриялық фигуралар жасап шығара алатындай оларға конструкторларды таратып шығыңыз. (Ж, Д, қ) Оқушылардың олардан аппликациялар жасауын сұраңыз. (С, Ж/Т) Геометриялық фигуралар жинақтарын таратып шығыңыз (үлгілер немесе суреттер). Оқушылардан белгіні таңдауды сұраңыз және сол белгінің негізінде әртүрлі геометриялық фигуралар тобын жасауды сұраңыз. (С, қ) Әртүрлі геометриялық фигуралардан құралған топтарды қарап шығыңыз және заттарды топтастырған тәсілдері мен критерийлері туралы сөйлесіңіз. Қалай жасалғанын, үлкенірек топтарға қалай біріктіруге болатынын көрсетіңіз.    
Математика Бастауыш мектеп 1-сынып
1С бөлім: Шамалар және олардың өлшем бірліктері
Үсынылатын бастапқы білім
Оқушылардың балабақшада үйренген сандар мен санауды оқу тәжірибесіне сүйену қажет.
Мәнмәтін
Математикада, ғылымда және инженерияда қолданылатын практикалық икемділік ретіндегі өлшеу ; өлшеу мен санау арасындағы байланыс оқушыларға сандар туралы толық түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Математика» пәні бойынша тілдік мақсаттар оқу жоспарының осы бөліміндеОқушыларға арналған тиісті ғылыми тілді пайдалану бойынша тілдік мақсаттың үлгісі төменде берілген.
Тақырып бойынша оқу мақсаттары Оқытудың тілдік мақсаты Пәндік лексика және терминология Диалог/ жазылым үшін пайдалы тіркестер сериясы
· Санау дағдыларын қалыптастыру; бастапқыда 10-ға дейін, содан кейін 20-ға дейін, ондықтармен 100-ге дейін санау · Сандарды оқу, цифрларды жазу, цифрды сәйкестендіруді білу, цифр атауы және заттардың сәйкес саны (0 саны мен цифры, 6-дан 10-ға дейінгі сандар мен цифрлар, сандар құрамы) · Заттарды өзгерту және оларды салыстыру (ұзындығы, массасы, сыйымдылығы бойынша) Заттарды "Менің мектебім" тақырыбының контекстінде санау, салыстыру және өлшеу.   Оқушылар: · толтырылған ыдыстың сыйымдылығы 1 литрден артық, 1 литрден кем немесе 1 литрге тең болуы мүмкін екенін талқылай алады · ұзындық, массаның өлшем бірліктерінің арақатынастарын талқылай алады Бұл келесілерді қамтиды: • жиынтығы, сыйымдылық, саны, • …қарағанда артық; …қарағанда кем; тең, шамамен, айналасында • салыстырыңыз; салыстыра отырып тексеріңіз; сынақ алыңыз; Килограммды бейнелеңіз. Талқылау: • Үйренгеніңізді көрсетіңіз … • Бір-бірлеріңізге ойларыңызды айтыңыз … • 1 литр сыйымдылығы бар барлық заттардың түрлері бірдей ме? • Бізге ішу үшін 1 литр су жеткілікті ме? • 1 литрлік құмның ыдысы күріштің 1литрлік ыдысымен бірдей ме? Себебін айта аласыз ба...? • … мұнда 1литрлік ыдысқа қарағанда құм көбірек? • … сыйымдылық... және ... шамамен бірдей ме? • … қарағанда ..., ...мұнда азырақ па? Жазылым: • Өзіңіз жасаған өлшемнің нақты жазбасын жасаңыз. • Нәтижелеріңізді көрсету үшін кесте жасаңыз.
Басқа да тілдік мақсаттарды құрастыру және тілді оқыту мақсаттары бойынша ғылыми тілді оқыту мен оқуға қатысты қосымша нұсқаулар беру үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» бөлімін қараңыз
Қысқаша шолу
Оқушылар әртүрлі тақырыптар контекстінде, сонымен қатар, "Бізді қоршаған әлем" тақырыбында да өлшемді зерттейді. Олар тиісті өлшеу құралдарын пайдаланудың практикалық дағдыларын дамытады, жазылым тәсілдерін дамытып, көлемдерді салыстыру үшін сандар мен санау туралы өз түсінігін қолданады.
Оқу бағдарламасына сілтеме Оқу мақсаттары Сабақта ұсынылатын іс-әрекет түрлері Мұғалімге арналған кеңестер (оқыту әдістемесі бойынша) Оқу ресурстары
5.1 Есептер мен математикалық үлгі. 1.5.1.2 **заттарды, тауар бағасын салыстыру барысында қолданылатын түсініктерді пайдалану   Жалпы сомасын және қалдығын табуға арналған есептер (С)Балаларға суреттерді қарап шығып, жазылымға сәйкес болатын әңгіме құрастырып жазуды ұсыныңыз: Ысқа мерзімді жоспар 2 страница - student2.ru + Ысқа мерзімді жоспар 2 страница - student2.ru = Ысқа мерзімді жоспар 2 страница - student2.ru Ысқа мерзімді жоспар 2 страница - student2.ru Ысқа мерзімді жоспар 2 страница - student2.ru Ысқа мерзімді жоспар 2 страница - student2.ru Ысқа мерзімді жоспар 2 страница - student2.ru Ысқа мерзімді жоспар 2 страница - student2.ru Ысқа мерзімді жоспар 2 страница - student2.ru Ысқа мерзімді жоспар 2 страница - student2.ru - Ысқа мерзімді жоспар 2 страница - student2.ru = Ысқа мерзімді жоспар 2 страница - student2.ru Құрастырма төсемнің үстіне бірнеше әртүрлі заттарды қойып шығыңыз, мысалы, 5 алма, 4 лимон. Оқушылардан сұраңыз: алма мен лимонның жалпы санын. Содан кейін математикалық өрнекті жазып шығыңыз. Оқушылардан қандай компонент белгісіз екенін атауды сұраңыз. Осындай есептер қалай аталатынын түсіндіріңіз. Оның шығарылу тәсілі мен жауабын жазыңыз. Мысалы, ішінде 7 қарындашы бар, қорапты көрсетіңіз. Ішінен 3 қарындашты шығарып алыңыз. Оқушылардан сұраңыз: қораптағы қарындаштар саны көбейді ме, азайды ма? Есептің шартына қандай сұрақ қоюға болады? Осындай есептер қалай аталатынын түсіндіріңіз. Оның шығарылу тәсілі мен жауабын жазыңыз. (Ж,қ)Оқушыларға жұппен осындай есептер құруды ұсыныңыз (суреттері, бейнелері бойынша). Оқыту барысында үлгілеуді пайдалану абстракциялау, классификация, анализ, синтез, жинақтау сияқты ақыл-ой қызметінің ортақ тәсілдерін қалыптастыру үшін қолайлы орта жағдайлар жасайды, бұл өз кезегінде төменгі сынып оқушыларының білім деңгейін, қабілеттерін және дағдыларын жоғарылатуға оң септігін тигізеді. Үлгілеу қызметі әртүрлі сипатта болуы мүмкін. Символикалық үлгілеу деп - бұл оқушының математикалық белгілер мен символдар көмегімен есепті шығара отырып, арифметикалық әрекетті жазу үстінде шынайы жағдайдың символдық үлгісін құрастыруын айтамыз. Графикалық үлгілеу дегеніміз нысанның (сызба) немесе жағдайдың (схема) графикалық көрінісі. Бейнелі үлгілеу дегеніміз адамның нысанды немесе жағдайды көз алдына елестете алуы және сол үлгіні белгіленген параметрлер (үлкейту, кішірейту, бөлшектеу, орнын ауыстыру, тасу, т.с.с.) бойынша ойша қайта өзгерте алуы.  
1.3 Шамалар мен олардың өлшем бірліктері 1.1.3.1 **шамаларды ажырата білу: ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық); оларды өлшеу үшін өлшемі мен құрал-саймандарды таңдау, өлшеу жүргізу 1.1.3.2 **см/кг/л сияқты өлшем бірліктерін пайдаланып шамаларды өлшеу 1.1.3.3 **ұзындық:см,/ масса:кг/ көлемнің(сыйымдылық):л шамаларының мәндерін салыстыру және шама мәндеріне қатысты қосу және азайту амалдарын орындау   Стандартты өлшем бірліктерін пайдалану (С,қ) Оқушылар білетін өлшем бірліктері туралы және олар не үшін қолданылатыны жайлы талқылаудан бастаңыз. (СК) Талқылау нәтижелеріне қарай, ілгерілемелң оқыту мақсатында өлшем бірліктерін кез келген ретімен оқудың тәсілдерін пайдаланып практикалық зерттеулер үшін стандартты өлшем бірліктерін енгізіңіз. (С) Масса - кг бірлігімен өлшенетінін айтыңыз, оқушыларға заттың массасын физикалық түрде бағалауға мүмкіндік беріңіз. (Т,Ж,ОТ) Оқушыларға өздері ұстап тұрған заттың массасына қарағанда жеңілірек/ауырлау бола алатын заттарды атауды ұсыныңыз және олардан бұны қалай тексеруге болатынын сұраңыз. (Т,Ж, ОТ) Заттың ұзындығын қалай өлшеуге болатынын талқылаңыз. Егер оқушылар сызғышты немесе өлшеу лентасын пайдалануды ұсынатын болса, олардың қалай шектелгенін сұраңыз және оның стандартты өлшем бірлігі ретінде болатын метрмен қатынасын көрсетіңіз. (Ж) Оқушыларға парталарының үстінде жатқан қарындаш пен қаламның ұзындығын салыстыруды ұсыныңыз. Салыстыру барысында қатар қойып көру тәсілі қолданылады. Содан кейін сурет бойынша қалам мен қылқалам ұзындықтарын салыстыруды (қалам қысқарақ, қылқалам ұзынырақ), қызыл қарындаш пен қалам ұзындықтарын салыстыруды (қызыл қарындаш қысқарақ, қалам ұзынырақ) ұсынуға болады. Бейнелерді салумен де, қосымша ретінде берумен де салыстыруға болмайтындықтан, осы жағдайда оқушылар заттардың ұзындықтарын "көзбен" салыстыруды пайдаланады. Әрі қарай оқушылардың көріністері нақтыланады: салынған заттар ұзындық деп аталатын қасиетке ие болады. Кесінділер үлгісі ретінде әртүрлі материалдар, әртүрлі түстер, әртүрлі ұзындықтағы жолақтарды пайдалана отырып, оқушылар кесінділер ұзындығын әртүрлі өлшеуіштер арқылы салыстырады. Өлшеуіштер ретінде қағаздан жасалған енсіз жолақтар, әртүрлі ұзындықтағы таяқшалар, т.с.с. бола алады. Әртүрлі өлшеуіштер арқылы заттар ұзындығын анықтау бойынша жүргізілген практикалық жұмыстардан кейін оқушыларда барлық бірдей кесінділерді өлшеу барысында бірдей нәтижелер алу үшін келісуге қатысты, ұзындықты өлшеуге қатысты мәселе туындайды. Ұзындықтың біртұтас өлшеуіші қажет деген қорытынды жасалады. Өлшеудің осындай бірлігі ретінде сантиметр алынады. (С) Сантиметр үлгісін енсіз қағаз жолағы ретінде көрсетіңіз. Сантиметр саусақтың енімен, дәптердегі екі тордың ұзындығымен салыстырылады. Содан кейін оқушыларды сызғышпен, кесінді ұзындықтарын өлшеу үшін берілген құрал-саймандарды пайдалану ережелерімен таныстырыңыз. Оқушыларды кесінділердің қадамдық құрастырылуымен таныстырыңыз. Содан кейін қалам мен қарындаш ұзындығын өлшеңіз. Өлшем нәтижелері бірдей ме екенін сұраңыз. Қорытынды жасаңыз. (Т/Ж,ОТ) Оқушыларға заттарды дәл өлшеуге және нәтижелерін осы өлшем түрінде ұсынуға мүмкіндік беріңіз. (С) Әртүрлі пішіндегі контейнерлер/орамалар 1литрлік бірдей көлемді қалай сыйдыра алатынын көрсету үшін жеміс шырынының тетра пакеттерін немесе пластмассалық бөтелкелерін пайдалана отырып көлемді қалай өлшеуге болатынын көрсетіңіз. Сыныпта, мектепте заттарды салыстыру (С) Сынып бөлмесінде немесе мектептегі заттарды салыстыру үшін стандарттық өлшем бірліктерін қалай пайдалануға болатынын талқылаңыз. (С)Салыстыру сөздері бар карталарын пайдаланып, оларды оқушылардың әрқайсысы қалай қолдана алатынын түсіндіріңіз. Оқушыларды өз ойларымен бөлісуге шақырыңыз. (Т,Д, қ) Оқушылардан салыстыру сөзі бар картасын таңдап, мектеп туралы сөйлем құрастыруды сұраңыз. Мысалы, "артық" сөзі бар карта. Сөйлем: "Сынып бөлмесінде оқушылар саны мұғалімдерге қарағанда артық". (Д,Жқ)Кішкентай кірпіштерден ғимарат үлгісін құрастыру үшін немесе сахна қойылымдарын ұйымдастыру үшін оқушыларды жұптарда немесе шағын топтарда жұмыс істеуге шақырыңыз және салыстыру тілін пайдаланып осыны талқылаңыз. Мысалы, "Менің үйімнің үлгісінде терезе есікке қарағанда қысқа", "Менің дүкенімде ет нанға қарағанда қымбаттау". (Т) Шағын топтармен мектепті аралатып экскурсия жасаңыз да, салыстыруға болатын заттарға нұсқап отырыңыз және оқушыларға өз ойларын айтуға мүмкіндік беріңіз.   Дыбыс жазу функциясы бар сандық фотоаппаратты немесе роликті түсіруге арналған бейнекамераны пайдалану, содан кейін нысандарды салыстыруды сипаттайтын (кадр артындағы дауыс) "Кадр артындағы дауысты" жасау, сосын оны проектор арқылы орындау - ең тиімді тәсілдер болып табылады       Таразылардың алуан түрлері (электрондық, табақшалы, сандық дисплейі бар таразы)   1килограммдық гірлер 1 кг стандарттық массамен салыстыру үшін 0.5-тен 1.5-ке дейінгі массасы бар әртүрлі заттар   Өлшеуіш ыдыс немесе өлшеуіш саптыаяқ Зерттеуге арналған әртүрлі контейнерлер Көлемді салыстыру үшін құм немесе күріш, судың болуы. Әртүрлі сыйымдылығы бар пластикалық ыдыс.

Наши рекомендации