Көрнекі материал: презентация, слайдтар

Дебиет

1.Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология: учебник. – М., 2008. – 768 б.

2.Образцов Ю.Л., С.Н. Ларионов. Пропедевтическая ортодонтия: учебное пособие. – СПб.: СпецЛит, 2007. – 254 б.

3.Персин А.С. Стоматология детского возраста, 2004 ж.

4.Хорошилкина Ф.Я. «Руководство по ортодонтии» М., 1982.

5.Хорошилкина Ф.Я., Френкель «Диагностика и функциональное лечение зубочелюстно-лицевых аномалий» М., 1987 ж.

6.Колесов А.А. « Стоматология детского возраста» М., 1978., стр-485-492.

7.Аболмасов Н.Г., Аболмасов Н.Н Ортодонтия: учебное пособие. М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 424 б.

8.Уразалин Ж.Б. и др. Лечебная физкультура в стоматологии (учебное пособие). – Алматы, 1999. – 88 б.

9.Хорошилкина Ф.Я. Дефекты зубов, зубных рядов, аномалии прикуса, миофункциональное нарушение челюстно-лицевой области и их комплексное лечение.- МИА: Москва, 2006 – 544 б.

10.Дистель В.А., Сунцов В.Г., Вагнер В.Д. Пособие по ортодонтии., М., 2000 ж., .

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

7.

1. Ортодонтия нені оқытады

3. Балалардың жақ сүйектерінің құрылыс ерекшеліктері

4. Төменгі жақ сүйегінің негізгі өсу зонасы

5. Жоғарғы жақ сүйегінің негізгі өсу зонасы

ДӘРІСТІК КЕШЕН

1. Тақырып № 8 «Ортодонтия бөлімінің жұмысын ұйымдастыру. Ортодонтия бөлімінің жабдықтары мен құрал-саймандары. Ортодонт-дәрігердің жұмысын ұйымдастыру»

2. Мақсаты:Дәрігер –ортодонттың, ортодонтия бөлімі жұмысын ұйымдастыруда студенттердің теориялық білімін қалыптастыру, қажетті аспаптар мен құрал-жабдықтар, асептика ережелерін білу.

3. Дәрістің тезисі:

Ортодонтиялық бөлімді аспаптармен, құрал-жабдықтармен және басқа да жекеше және коллективтің қолдануына арналған. Дәрігердің жұмыс орны эргономиканы есепке ала отырып жабдықталған болуы қажет, дәрігердің бөлме ішіндегі қозғалуы физикалық күш пен аздған уақытты қажет етуі керек.

Ортодонтия бөлімінің жұмыс жоспарын құрғанда қажет:

1) Әр түрлі жас топтарының ортодонтиялық көмекті қажет етуін нақталау;

2) ортодонтиялық науқасты емдегенде арнайы көрсетілетін көмектің көлемін анықтау;

3) Штаттық және материалдық резервті тауып, тиімді қолдану;

4) Жұмысты ұйымдастырудың жаңа түрін қолдану –есеп жүйесі, анализдеу және жоспарлау, ортодонт пен көмек көрсететін персоналдың жұмысқа кететін уақытын анықтау.

Аспан пен құрал – жабдық комплекті:

- стоматологиялық кресло;

- кұрал- жабдықтар мен материалдарды орналастыратын стол;

- ұштықтар блогы, турбинадан, микромотордан, скалерден, үш түрлі қызмет атқаратын пистолет;

- жарық бергіш;

- стақанға су толтыратын блок;

- түкіргіші;

- сілекей отратын, шаңсоратын ассистент блогы

- жи комплекті – дәрігермен ассистенттің орындықтары, материалдар мен инструменттерді сақтайтын тумбочкалар

- кептіргіш залалсыздандыратын мерзім сақтай

- залалсыздандырылған аспаптары ұзақ тын ультракүлгін сәулелі қондырғысы бар шкаф

- жуғыш және астындағы тумбочка

Стоматологиялық жиhазға қытылатын талаптар:

- дезинфекция жургізуге қолайлы болуы қажет

- дезерітінділердің әсеріне төзімді болуы қажет.

Міндетті түрде бөлмеде жақ сүйегі диагностикалық моделін жасайтын орын болуы керек. Оның жабыдақтарына жатады:

- ғанышпен жұмыс істейтін стол;

- ғаныш сақтайтын ыдыс;

- ғаныш араластыратын резина тостаған;

- араластыратын шпателдер;

- жақ сүйегі үлгісін құятын вибрациялық орындық;

- үлгілер цоколін қалыптастыратын қалып;

- үлгілерді кесетін ғаныштық пышақ.

Стоматологтың жұқпалы аурулардың вирустасымалдаушымен үнемі контактіде болуы жоғары екенін еске ала отырып, (гепатит В, ВИЧ-инфекция,-ұшық). Мынадай сақтандыру шаралары ұсыналады:

- қолдарды антисептикалық өңдеу;

- резина қолғаппен жұмыс істеу;

- аспаптар, материалдар, сілекейсорғыш және инелер, жеке орамал немесе бір рет қолдануғ арналған салфеткалар.

- Мұқият залалсыздандыру және дезинфекция жасап қайтадан қолданатын материалдар мен аспаптар

4. Көрнекі материал: презентация, слайдтар

5. Әдебиет:

1.Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология: учебник. – М., 2008. – 768 б.

2.Образцов Ю.Л., С.Н. Ларионов. Пропедевтическая ортодонтия: учебное пособие. – СПб.: СпецЛит, 2007. – 254 б.

3.Персин А.С. Стоматология детского возраста, 2004 ж.

4.Хорошилкина Ф.Я. «Руководство по ортодонтии» М., 1982.

5.Хорошилкина Ф.Я., Френкель «Диагностика и функциональное лечение зубочелюстно-лицевых аномалий» М., 1987 ж.

6.Колесов А.А. « Стоматология детского возраста» М., 1978., стр-485-492.

7.Аболмасов Н.Г., Аболмасов Н.Н Ортодонтия: учебное пособие. М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 424 б.

8.Уразалин Ж.Б. и др. Лечебная физкультура в стоматологии (учебное пособие). – Алматы, 1999. – 88 б.

9.Хорошилкина Ф.Я. Дефекты зубов, зубных рядов, аномалии прикуса, миофункциональное нарушение челюстно-лицевой области и их комплексное лечение.- МИА: Москва, 2006 – 544 б.

10.Дистель В.А., Сунцов В.Г., Вагнер В.Д. Пособие по ортодонтии., М., 2000 ж., .

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Стоматологиялық қондырғыдағы аспаптар комплекті

2. Стоматологиялық жиһазға қойылатын талаптар

3. диагностикалық үлгі жасайтын аспаптар

4. Сақтандыру шаралары

5. Эргономиканы анықтау

ДӘРІСТІК КЕШЕН:

  1. Тақырып: № 9. Балаларда эмбрион кезеңі бұзылыстарына байланысты тістердің, тіс қатарының және жақтың аномалиялары және эмбрионнан кейінгі кезеңге байланысты тіс жақ аномалиялары.
  1. Мақсаты:Балаларда эмбрион кезеңі бұзылыстарына байланысты тістердің, тіс қатарының және жақтың аномалиялары және эмбрионнан кейінгі кезеңге байланысты тіс жақ аномалиялары туралы студенттерде теориялық білімді қалыптастыру.
  1. Дәрістің тезисі:

Пайда болған аномалиялары бұл – эмбрион дамуының әр түрлі кезеңіндегі құрлысының немесе фомасының қалыптасуының бұзылуы. Бұл бұзылыстар туған кезде нормадан ауытқу түрінде немесе ағзаға бітіп кейінгі уақытта көрінуі мүмкін.

Деформациябұл – тіс жақ жүйесінің дамуы мен функция үрдістерінен дамитын, дұрыс пішінінен ауытқу.

Бет жақ өсуі мен қалыптасу кезінде көптеген бұзылыстар пайда болу мүмкін, бұл бұзылыстар пайда болуына қарай 4 топқа бөлінеді:

1. тіс жақ аппаратының эмбриональды қалыптасу мен өсуіндегі аномалиялар.

2. тіс жақ аппаратының өсуі кезінде эндогенді факторлардың әсерінен пайда болатын деформациялар.

3. тіс жақ аппаратының өсуі кезінде экзогенді факторлардың әсерінен пайда болатын деформациялар.

4. сәулелі терапия, операциядан кейінгі, патологиялық бұзылыстар мен зақымдалу салдарынан дамитын екіншілік деформация.

Эмбрион беті бірінші жаберді доғаның жеті тармағынан дамиды: бір маңдайдың, екі мұрынның, екі жоғарғы жақтың және екі төменгі жақтың. Бет бөлігінің қалыптасуы эмбрион дамуының екінші жұмасында басталады.

12 күндік эмбрионда жеке бас ішек жұтқыншақ тығынының ойығы пайда болады. Мезинхимальды мұрындық, жоғарғы және төменгі жақ өсінділерін ауыз тесігі шектейді.

Эмбрион дамуының екінші айында жақ өсінділерінің қыры бойымен эпителидің қалындауы пайда болып, уақыт өте екі бөлікке бөлінеді: сыртқы – одан ұрт және ерін және ішкі – одан тіс қалыптасады.

Екінші айда жақ сүйектері қалыптаса бастайды. Жоғарғы жақ алты сүйек ядроларынан қалыптасады. Олардың бесеуі құрсақ ішілік өмірдің төртінші айында қосылып, альвеолярлы өсіндінің үлкен бөлігіен құрайды. Алтыншы ядродан күрек тістер дамитың жақаралақ жекеше сүйек қалыптасады. Әр таңдай сүйегі бір орталық сүйектіліктен түзіледі.

Құрсақ ішілік өмірдің 3 ші айында ауыз бөлігі мұрын бөлігінен бөлінеді. Тоғызыншы аптада қатты таңдай, он екінші аптада жұмсақ таңдай қалыптасады.

Осы кезеңдердегі бұзылыстар салдарына жұмсақ және қатты таңдайдың, альвеолярлы өсіндінің, жоғарғы жақ ерінінің ақаулары пайда болу мүмкін.

Ағзаның эмбрионнан кейінгі өмірдің дамуындағы кезенде тіс жақ дефоормацияларының дамуы жалпы және жергілікті факторларға

Тістің қатты тіндері табиғи жылтырлығын жоғалтады, нәзік болады,тістің үйкелімі жоғарлайды,

Жалпы факторлар:

1.Жасанды тамақтандыру

2.Ерте балалық шақ аурулары

3.Эндокринопатия

4.Мұрынмен дем алудың бұзылуы

5.Жаман әдеттер

6.Баланы ұйықтау кезінде дұрыс жатқызбау

Жергілікті факторлар:

1.Сауыттардың біркелкі мүжілмеуі

2.Сүт тістердің ауысуының кешігуі

3.Тіс жегі және оның асқынуы

4.Остеомиелит

5.Ауыз кіре берісі мен беттің күйіктері

6.Жақ сүйектері мен ауыз қуысы ағзаларының ісіктері.

4. Көрнекі материал: презентация, слайдтар.

Дебиет

1.Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология: учебник. – М., 2008. – 768 б.

2.Образцов Ю.Л., С.Н. Ларионов. Пропедевтическая ортодонтия: учебное пособие. – СПб.: СпецЛит, 2007. – 254 б.

3.Персин А.С. Стоматология детского возраста, 2004 ж.

4.Хорошилкина Ф.Я. «Руководство по ортодонтии» М., 1982.

5.Хорошилкина Ф.Я., Френкель «Диагностика и функциональное лечение зубочелюстно-лицевых аномалий» М., 1987 ж.

6.Колесов А.А. « Стоматология детского возраста» М., 1978., стр-485-492.

7.Аболмасов Н.Г., Аболмасов Н.Н Ортодонтия: учебное пособие. М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 424 б.

8.Уразалин Ж.Б. и др. Лечебная физкультура в стоматологии (учебное пособие). – Алматы, 1999. – 88 б.

9.Хорошилкина Ф.Я. Дефекты зубов, зубных рядов, аномалии прикуса, миофункциональное нарушение челюстно-лицевой области и их комплексное лечение.- МИА: Москва, 2006 – 544 б.

10.Дистель В.А., Сунцов В.Г., Вагнер В.Д. Пособие по ортодонтии., М., 2000 ж., .

6. Бақылау сұрақтары:

1.Аномалияларды анықтау

2.Деформацияны анықтау

3.Беттің эмбриогенезі

4.Жақ бет жүйесінің аномалияларының дамуына әкелетін жалпы факторлар

5.Жақ бет жүйесінің аномалияларының дамуына әкелетін жергілікті факторлар

ДӘРІСТІК КЕШЕН:

Тақырып: № 10. Балалардың тіс- жақ аномалияларының жіктелуі. Балалардың тіс – жақ аномалияларының негізгі және арнайы диагностика әдістері.

2.Мақсаты:Балалардың тіс- жақ аномалияларының жіктелуі. Балалардың тіс – жақ аномалияларының негізгі және арнайы диагностика әдістері туралы студенттердің теориялық білімін қалыптастыру.

3. Дәрістің тезистері: балалардың тіс- жақ аномалиялары мен деформацияларының жіктелуі.

Қазіргі кезде де пайдаланатын ең бірінші жіктелулердің бірін Энгль 1889ж. ұсынған. Негізіне жоғарғы жақтың үлкен азу тісінің орналасуын салды. Оның ойынша жоғарғы жақтың үлкен азу тісі әр дайын тұрақты орында орналасқан, баолық өзгерістер қозғалмалы төменгі жақпен байланыстырады. Энгль оклюзия кілті деп – төменгі және жоғарғы жақтың үлкен азу тістерінің түйісуін айтады.

Энгль бірінші үлкен азу тістерінің түйісуін 3 класқа бөлді.

1 КЛАСТА - жоғарғы жақтың үлкен азу тісінің бұдыры төменгі жақтың үлкен азу тісінің бқдыраралық фиссурасында орналасады.

2 КЛАСТА - төменгі жақтың үлкен азу тісінің бұдыраралық фиссурасы жоғарғы жақтың үлкен азу тісінің мезиальды ұрт бұдырының артында орналасқан.

3 КЛАСТА - төменгі жақтың үлкен азу тісінің бұдыраралық фиссурасы жоғарғы жақтың үлкен азу тісінің мезиальды ұрт бұдырының алдында орналасқан.

Екінші класс екі подкласқа бөлінеді:

Жоғарғы күрек тістері ерін жаққа шалқайған

Жоғарғы күрек тістері таңдай жаққа шалқайған

Сонымен қатар Энгль жеке тіс аномалияларының түрлерін жіктеген: лабильды окллюзия, лингвальды окллюзия, медиальды окллюзия, дистальды окллюзия, тортоокллюзия, супраокллюзия.

Жіктелудің артықшылығы:

Тіс қатарының қатынасындағы негізгі дәлдікті тура табудың оңайлығы.

Кемшіліктері:

1.жоғарғы жақтың үлкен азу тісі барлық кезде тұрақты орын сақтамайды (әсіресе сүт тістерді жұлған кезде)

2.жоғарғы жақ бас қаңқасында әр түрлі бағытта орналасу мүмкін, ол үлкен азу тістің орналасуына әсер етеді.

3.жіктелу тек қана тістесудің сагитальды бағытта ғана өзгеруіне негізделген.

4.жіктелу үлкен азу тістің жоқ болған жағдайында қолданылмайды.

Наши рекомендации