Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының мақсаты мен міндеттерінің мәнін ашыңыз.

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пән және денсаулық сақтау жүйесінің іс – тәжірибелік саласы ретінде өсіп келе жатқан ұрпақтардың денсаулығын сақтап, нығайтуға бағытталған профилактикалық шараларды өңдеп, негіздеуге арналған ғылым.

Бұл пән өсіп келе жатқан организмге қоршаған ортаның әртүрлі факторларының әсер етуін зерттеумен және болашақта осы факторлардың организмге әсерін болжаумен айналысады. Сонымен қатар ғылыми мәліметтер негізінде гигиеналық, санитарлық-гигиеналық және санитарлық індетке қарсы ережелер мен нормаларды өңдеп, аурушаң-дықты азайтуға, организмнің қызмет қабілетін жоғарлатуға, балалар мен жасөспірімдердің қалыпты дамуына бағытталған емдеу-профилактикалық және салауаттандыру шараларын қарастырады. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің құрамына ене отырып, гигиена ғылымының жеке бөлімі болып табылады. Балалар организмінің морфофункционалдық жетілу дәрежесіне байланысты, олардың өсіп, дамуының әр кезеңіне қоршаған орта факторларының әсеріне жауап ретіндегі физиологиялық реакцияларының өзіндік ерекше деңгейі сәйкес келеді, сондықтан, гигиеналық нормалар олардың жас ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы өз алдына жеке ғылым ретінде денсаулықты сақтап, нығайтуға, сонымен қатар организмнің үйлесімді дамуын қалыптастыруға бағытталғандықтан, бұл саладағы гигиеналық нормалар организм мен қоршаған ортаның тек сол мезеттегі қолайлы әсерлесуін ғана емес, организмнің дұрыс өсіп, дамуына қажетті жағдайларын да қарастыруы тиіс.

Қоршаған орта факторларын нормаландыру кезінде балалардың іс-әрекетінің түрлері, еңбегінің сипатымен қатар мерзімдік, климаттық жағдайлар да ескерілуі керек. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пәнінің негізгі ерекшелігі сонда, ол ересек адамдардың организмінен сандық жағынан ғана емес, сапалық жағынан да айырмашылығы бар, өсіп-даму кезеңдеріне байланысты, толық қалыптасып бітпеген организмді зерттеп, оқытады. Басқа сөзбен айтқанда, гигиенаның бұл саласын өсіп келе жатқан жас ұрпақтардың жас мөлшерлерінің гигиенасы деп қарауға да болады.

Сондықтан, балалар мен жасөспірімдер гигиенасының құрамына өсіп келе жатқан организмнің ерекшеліктерін ескере отырып көптеген зерттеулер жүргізетін қосалқы пәндердің бөлімдері енеді: (тағам тану,еңбек, коммуналдық, әлеуметтік гигиена, эпидемиология). 1959 жылы барлық ғылыми зерттеу жұмыстарды біріктіретін ССРО МҒА (ме-дициналық ғылыми академиясы) жүйесінде балалар мен жасөспірімдер гигиенасы ғылыми зерттеу институты ашылды. Осы кезден бастап балалар мен жасөспірімдер гигиенасы медициналық жоғары оқу орындарының санитарлық-гигиеналық факультетінің құрамына кірді. Қазақстанда осындай оқу орны Қарағанды мен Алматы қаласында бар.

Қазақстанда алғашқы санитарлық-гигиеналық факультет Алматы мемелекттік медицина институтында 1943 жылы ашылған болатын. 1948 жылы мектеп гигиенасы кафедрасы өз алдына жеке кафедра болып құрылды. Оны ұйымдастырған және 1960 жылға дейін басқарған м.ғ.к., доц. В.А.Смирнов болды. Кейіннен 1964 ж бұл факультет Қарағанды мемлекеттік медицина институтына ауыстырылды және сол жылдан бастап балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасы коммуналды гигиена кафедрасының құрамына кірді, осы біріккен екі саланың меңгерушісі м.ғ.д., доц. Ботенко Э.К. болды.

1989 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтында қайтадан санитарлық-гигиеналық факультет ашылып, алғашқы 100 студент қабылданып, оның 30 ең алғаш мемлекеттік тілде дәріс алды. 1991 жылы ашылған коммуналды гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасы студенттерді санитария, гигиена, эпидемиология саласынан екі тілде оқыта бастады. Оның ұйымдастырушысы, әрі меңгерушісі Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, м.ғ.д., профессор Б.А.Неменко болды. Осы кезең Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезеңге тура келді және өткен Кеңестер одағы кезіндегі осы саладағы заңдылық, нормалық құжаттардың барлығы м.ғ.д., проф. Неменко Б.А. басшылығымен, Республикамыздағы осы саладағы басты мамандардың қатысуымен елімізде қабылданған жаңа Конституцияға сәйкес қайта қаралып, бекітіліп, басылып шықты. Аталған пән бойынша өте қысқа мерзім ішінде оқу бағдарламасы өңделіп, екі тілде дәрістер курсы дайындалды. Қазіргі кезде коммуналды гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы кафедрасы мақсатты бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып отырған, шығармашылық әлеуеті кеңінен дамып келе жатқан, болашағы зор ұжымдарЕліміздегі балалар мен жасөспірімдер гигиенасында, денешынықтыру тәрбиесінің мақсаты - қандай да бір спорттық нәтижелерге жету емес, жоғары деңгейдегі денсаулық көрсеткішіне жету. болып табылады. Бұл мақсат жеке адамдармен қатар, жалпы қоғамның мүддесіне де сәйкес келеді. Көпшілік қауым баланың чемпион титулына талаптануына тиым сала алмайды, бірақ оны денсаулығына әсер ететін қауіптен қорғауға міндетті. Көрсетілген мақсатқа жету үшін, денешынықтыру тәрбиесінің міндеттері оның жетістіктеріне байланысты біршама өзгертілді және әлі де өзгертілуде. Жастардың әлеуметтік іс-әрекеттерге жарамдылығы негізінде жүргізілген есептеулер бойынша бұл өзгертулердің тиімділігі өте көптеген факторларға байланысты.

Денешынықтыру тәрбиесінің негізгі міндеттеріне: денсаулықты нығайту, функционалдық мүмкіндіктер мен дене бітімі дамуының үйлесімділігін жетілдіру; қимыл-қозғалыс дағдыларын, бұлшық ет күшін дамыту; жылдамдық, төзімділік, ептіліктің негіздерін құрып, жетілдіру; еркіндік пен тәртіп саласын дамыту; гигиеналық дағдыларға тәрбиелеу; т.с.с. жатады.

Денешынықтыру тәрбиесін салауттандырудың тиімділігін төмендегі жағдайлардан көруге болады: организмнің қоршаған ортаның әсеріне төзімділігі артады; өсу мен даму процесстерінің жақсаруына жағдай жасайды; жылуреттеуші механизмдер жетіледі; организмнің салқын тигеннен пайда болатын ауруларға қарсы төзімділігі жоғарылайды т.б.; Адам эволюциясы қимыл-қозғалыс белсенділігімен үзбей байланыста болады. Қимыл-қозғалыс тіршіліктің белгісі және организмнің биологиялық қажеттілігін қамтамасыз етудің, әлемді танып, білудің құралы. Қимыл-қозғалыс белсенділігі дегеніміз - белгілі уақыт аралығындағы дене қозғалыстарының жиынтығы.

Қимыл-қозғалысқа биологиялық қажеттілік, баланың өмірге алғаш келген күнінен бастап пайда болады, бірақ, ол әлеуметтік факторларға байланысты өзгеріп отырады. Тіршілік жағдайы мен тәрбие жүйесі тәуліктік қимыл-қозғалыс белсенділігін шұғыл төмендетіп, не болмаса, жоғарылатып жіберуі мүмкін. Ол ерте жаста биологиялық (генетикалық) механизммен ал одан кейінірек, ересек жастарда әлеуметтік механизм бойынша реттеледі. Бірақ казіргі кезде денешынықтыру тәрбиесінің өсіп келе жатқан жастардың тілегі мен мүмкіндіктерін ескеретін, көптеген жаңа түрлері пайда болып жатыр. Бұлар, спорт-тық билер, ырғақты гимнастикалар "аэробика", қытай гимнастикасы "ушу" және т.б. Олардың көбі, өзінің жаңалығымен, қолайлылығымен арнаулы бөлмелер мен арнаулы құралдарды қажет етпейді. Сондықтан денешынықтыру тәрбиесінің қосымша түріне қатал регламентация сақталмаса да болатын сияқты. Олардың негізі еркін таңдау, қолайлылық және формалды түрде болмауы керек. Балалар мен жасөспірімдердің денешынықтыру тәрбиесінде оқытудың үш тәсілі кеңінен қолданылып жүр: қатал регламентация тәсілі, ойындар және жарыстар өткізу. Балалар мен жасөспірімдердің денешынықтыру тәрбиесінің әрбір жас топтарына және мекемелердің типтеріне қарай бөлінген мемлекеттік бағдарламасы бар. Бағдарламалар балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің төменде көрсетілген типтеріне арнап өңделген: балалар бақшасы; жалпы білім беретін мектеп; кәсіпттік - техникалық білім беретін мекеме; балалар мен жасөспірімдердің спорттық мектебі.

Наши рекомендации