Оқытудың соңғы нәтижелері. Фармацевтикалық пәндер кафедрасы (химико-токсикологиялық пәндер курсы)

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНІНІҢ CИЛЛАБУСЫ

«Мамандық 5В110300 - фармация»

Фармацевтикалық пәндер кафедрасы (химико-токсикологиялық пәндер курсы)

Оқу формасы– күндізгі

Курс– 5

Семестр – 10

Оқу сағатының көлемі–2 кредит (90 сағат)

Бақылау формасы–емтихан

Алматы 2016 ж.

Жұмыс бағдарламасы фармацевтикалық пәндер кафедрасының мәжілісінде талқыланды

Хаттама № _____ «______» ___________ 2016 ж.

Кафедра меңгерушісі,профессор Датхаев У.М.

Жұмыс бағдарламасы фарамцияның ОД және КОП мәжілісінде талқыланды

Хаттама № _____ «______» ___________ 2016 ж.

КОП Төрағасы, доцент Саякова Г.М.

С.Ж. Асфендияров атындығы ҚазҰМУ орталық әдістемелік кеңеспен (ОӘК) мақұлданды

Хаттама № _____ «______» ___________ 2016 ж.

Кеңес Төрағасы, профессор Жумашева Р.Т.

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

ЖОО атауы: С.Ж. Асфендияров атындығы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Кафедра: «Фармацевтикалық пәндер »

Пән:«Жедел уланулардың экспресс диагностикасы»

Мамандық 5В110300 - «фармация»

Оқу сағатының көлемі: 90 сағат (2 кредит)

Курс: 5

Семестр: 10

1.7 Кафедра оқытушылары туралы мәліметтер(пәннің):

Оқытушының Т.А.Ж Лауазымы Ғылыми дәрежесі,ғылыми атағы Ғылыми қызығушылықтар,жетістіктері
Байзолданов Т.Б. Модуль жетеушісі фарм.ғ.д. профессор Токсикологиялық химия саласындағы маман.100- ден аса баспаға шыққан ғылыми жұмыстар
           

1.8 Байланыс ақпараты: Алматы, Төле би көшесі, 88. Оқу корпусы - анатомиялық, цокольды қабат.№20 кабинет. Телефон: 7241 .

1.9 Пәннің саясаты:

Студент міндетті:

· өзінің шығармашылығы мен даралығын көрсете отырып оқу үрдісіне белсенді қатысуға;

· аудиториялық сабақтардың барлық түріне (дәріс,тәжірибелік сабақтар) қатысуға;

· әрбір сабаққа дайындалуға (берілген материалды оқу және ол бойынша тапсырмаларды орындау);

· күнтізбелік кесте бойынша жұмысты уақытылы орындау және тапсыруға;

· орынды себеп бойынша жіберіп алған аудиторлық сабақтарды құжаттармен дәлелдеуге;

· оқытушы белгілеген уақытта жіберіп алған сабақтардың барлығын өтеу;

· сабаққа кешікпеуге;

· сабақ барысында басқа нәрсеге алаңдамауға;

· сабақ барысында ұялы телефондарды уақытша сөндіріп қоюға;

· модульдің оқытушылық және қосымша персоналына сый-құрметпен қарауға

;

· өзін өзі ұстау ережелерін сақтауға;

· модуль мүлкіне ұқыптылықпен қарауға ;

· ұқыпты сыртқы бет бейне мен өзін өзін ұстау тәртібін сақтауға.

Жұмыстың бөлімдерін орындамағанда қолданылатын шаралар:мінденттерін орындамағаны үшін студентке тәрбиелік әсер етумен бірге тәртіптік шаралар қолданылуы мүмкін.

БАҒДАРЛАМА

Кіріспе.

1. Токсикологиялық химиядан оқу бағдарламасын меңгерген және химико- токсикологиялық талдау әдістерін білетін бітірушінің қызмет ету саласы жыл санап кеңеюде. Фарамцевтикалық факультет бітірушісінің қызмет ету саласының бірі тұрғындарға арнайыландырылған медициналық көмекті көрсету қызметіндегі жедел уланулардың зертханалық диагностикасын жүргізу болып табылады.

Оқу бағдарламасында 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің негізгі концепциялары көрсетілген.

Бағдарламада потенциалды улы қосылыстардың негізгі топтарының номенклатурасы, физико-химиялық және токсикалық қасиеттері және детоксикация тәсілдері мен тірі адамдардың химиялық этиологиялы жедел уланулар кезінде зертханалық диагностикасын өткізу спецификасын,сонымен бірге клиникалық токсикология шарттарына қолданыла алатын химико-токсикологиялық талдауларды жасауға деген заманауи талаптар берілген.

2.Пәннің мақсаты: берілген улану жағдайына байланысты биосұйықтықтар мен өзге объектілердің химико-токсикологиялық талдауын жасауға қажетті теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.

3. Пәннің міндеттері:

· адамдардың жедел уланулары кезіндегі зертханалық диагностиканы жасауға қажетті химико-токсикологиялық талдаудың негізгі принциптері мен әдістерін меңгеруге байланысты білімдерді қалыптастыру;Тиісті зертханалық тәжірибенің– GLP;

· жедел уланулар кезінде зертханалық диагностика объектілері мен зерттеу әдістерін дұрыс таңдау туралы білімдері мен қабілеттерін қалыптастыру.

· химико-токсикологиялық талдаудан алынған нәтижелерді дұрыс интерпретрлеу қабілетін қалыптастыру;

· тірі адамдардың биологиялық сұйықтықтарын экспресс диагностикалаудың замануи әдістерін зерттеу;

Оқытудың соңғы нәтижелері

Студенттер білуі тиіс:

· кәсіби тапсырмаларды орындау үшін анықтамалық және ғылыми әдебиеттердің номенклатурасын;

· потенциалды улы қосылыстардың номенклатурасын (әсіресе, дәрілік препараттардың ішінен) және химиялық этиологиялы токсикалық жағдайдың туындау шарттарын;

· токсикалық заттармен уланудың түрлерін;

· химико-токсикологиялық зерттеуге объектілерді таңдау принциптерін;

· зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек беру әдістерін;

· детоксиканттар және олардың номенклатурасы мен классификациясын;

· химико-токсикологиялық талдауда зертханада қолданылатын негізгі экспресс тәсілдер

Студент білуі тиіс:

· кәсіби тапсырмаларды орындау үшін анықтамалық және ғылыми әдебиеттерді қолдануды;

· химико-токсикологиялық зерттеуге берілген объектілерді дұрыс таңдауды;

· химико-токсикологиялық зерттеуге берілген объектілерді зерттеу әдістерін дұрыс таңдауды;

· зерттеу әдістемелерін кәсіби орындау және алынған нәтижелерді дұрыс интерпретрлеу;

Студент мына дағдыларды меңгеруі тиіс:

· химик-токсикологтың жұмыс орынын ұйымдастыру,берілген объектілердің (қан,зәр,асқазан шайындысы,шаш,тырнақ және болған оқиға орынынан өзге де заттық айғақтар) ерекшеліктерін ескере отырып тәжірибелерді жоспарлауды;

· химиялық реактивтерді,зерттелетін заттардың жұмысшы стандартты үлгілерін дайындау және олардың күйін бақылауды ;

· зертханада қолданылатын өлшегіш ыдыстардың ,аппараттар мен құрылғылардың күйін бақылау және оларды уақытылы тексеру,аттестациясын;

· салауатты өмір салтын насихаттауға қатысу,уланулардың алдын алуға қатысты шараларды өткізу.

2.5. Пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері

Пререквизиттері: токсикологиялық және фармацевтикалық химия

Постреквизиттері: клиникалық токсикология.

Пәннің сағаттарын бөлу:

Жалпы сағат саны Аудиторлық сағаттар СӨЖ
Дәрістер Тәжірибелік сағаттар ОЖСӨЖ
 

2.7 Тақырыптық жоспар:тақырыптар,өткізу түрі және әрбір сабақтың ұзақтығы(дәрістер,тәжірибелік сабақтар,оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы,студенттің өзіндік жұмысы)

Наши рекомендации