Нұсқа –«В» дәрілік тырнақгүл

1 КЕЗЕҢ Дұрыс жауап эталоны:

1. Өндірілетін өсімдік – Дәрілік тырнақгүл

Planta productivа- Сalendula officinalis.

2. Дәрілік өсімдік шикізаты–дәрілік тырнақгүл гүлдері

Materia vegetabilis medicinalis- Flores Calendulae officinalis

3.Тұқымдасы-Күрделігүлділер

Familia –Asteraceae

ДӨШ морфологиялық сипаттамасы: диаметрі 5см дейін бүтін немесе себілген себеттер, гүлшоғыры жоқ немесе ұзындығы 3см аспайтын қалдық гүлшоғыры бар. Орамасы сұр жасыл бір екі қатарлы; жапырақшалары сызықты, ұшталған, қалың салынған.Гүлтабаны аздап дөңес, жалаңаш. Шеткі гүлдері тілше тәрізді, ұзындығы 15-28мм, ені 3-5мм, майысқан қысқа түкті түтікше, 3 тісті жазылады, орамасын екі есе асыратын және 4-5 талшықтары бар. Түкті еместердің гүлдері 2-3 қатарда орналасқан, ал түкті формаларында қатар саны 10-15-ке дейін болады. Аналығы төменгі иілген байламы бар бір ұяда жұқа тізбекпен және екі күректік тозаңда орналасқан. Орталық гүлдері түтікшелі, бес тістік тәжі бар. Шеткі гүлдерінің түсі қызыл – сарғыш, сарғыш, ашық немесе бозғылт сары; Ортаңғылары – сарғыш, сары – қоңыр немесе сары. Иісі - әлсіз, дәмі тұзды ащы.

2 КЕЗЕҢ (нұсқа –«В» дәрілік тырнақгүл) Дұрыс жауап эталоны:

1.Гүлі - диаметрі 5см дейін бүтін немесе себілген себеттер, гүлшоғыры жоқ немесе ұзындығы 3см аспайтын қалдық гүлшоғыры бар. Орамасы сұр жасыл бір екі қатарлы; жапырақшалары сызықты, ұшталған, қалың салынған.Гүлтабаны аздап дөңес, жалаңаш. Шеткі гүлдері тілше тәрізді, ұзындығы 15-28мм, ені 3-5мм, майысқан қысқа түкті түтікше, 3 тісті жазылады, орамасын екі есе асыратын және 4-5 талшықтары бар. Түкті еместердің гүлдері 2-3 қатарда орналасқан және түкті формаларында 10-15. Аналығы төменгі иілген байламы бар бір ұяда жұқа тізбекпен және екі күректік тозаңда орналасқан. Орталық гүлдері түтікшелі, бес тістік тәжі бар.

2. Химиялық құрамы - Дәрілік тырнақгүл химиялық құрамында әсер етуші заттар- каротиноидтар (3% дейін) : α - β- каротиндер, ликопин, лютеин және каротиннің оттекті қосылыстары: виолаксантин, цитроксантин, рубиксантин, флавоксантин т.б.; аскорбин қышқылы, флавоноидтар (0,33-0,88%), изорамнетин, кверцитрин; кумариндер; илік заттар (6,4%); полисахаридтер (шырыш 2,5-4,0 %), эфир майы ( 0,02%), ащылар

(календен), смола (3,4 %жуық), тритерпен қосылыстары, органикалық қышқылдар, алкалоидтар іздері.

3.Микроскопиясы.Ұсынылғандәрілік тырнақгүлді калий гидроксидінің 2,5 % ерітіндісінде 5 минут қайнатады, Петри табақшасына ауыстырып, бірнеше рет ағын сумен жуады. Препаровалдық иненің көмегімен нысан заттық шыныға көшіріледі. Жарықтандыру үшін хлоралгидрат ерітіндісінен 1 тамшы тамызылады, жабынды шынымен жабады және микроскоптың кіші және үлкен өлшемімен қаралады. Дәрілік тырнақгүл препаратының микроскопиясында келесідей диагностикалық элементтерді табады: тілше гүлдерін беткейлік қарағанда қызыл сары дөңгелектенген хромопластары бар созылыңқы эпидермис клеткалары көрінеді; тісшелерінде эпидермис емізіктерімен бірге, кейде лептесігі бар; аналық түтікшесі жай және безді бір екі қатарлы түктері бар қалың жабындымен жабылған; байланысқан жері де түктелген, дөңес жағында бездері, ойыс жағында шетінде жай екі қатарлы түктері бар. Безді түктерінің басында 2,4 не 8 жасушалары болады. Түтікшелі гүлдерінің эпидермисі тілшелілерге ұқсас, бірақ оның тісшелерінде емізіктері ұзындау; аналық түтігінің төменгі бөлігі және байланысқан жері түкті, бір екі қатар бездері бар, сирек жай екі қатар түктері бар. Кутикула қыртысы жай қатар орналасқан (түктермен жабылған) хромопластармен жабылған, жеке бөліктерінде ғана көрінеді, тозаңы дөңес, тікенекті оралма жапырақшаларының эпидермисі шетінде тіке қабырғасы бар ұзын клеткалары бар, ортаңғы бөлігінде иілген қабырғалар мен лептесігі бар; оралма жапырақшалары түкті, шетінен ұзын, бір – екі қатар жай түкпен; екі қатар бездер және бұтақталған түкті, орта бөлігі – тек безді талшықтар.

3 КЕЗЕҢ (Нұсқа –«В» дәрілік тырнақгүл ) Дұрыс жауап эталоны:

1. Дәрілік тырнақгүл химиялық құрамында әсер етуші заттар- каротиноидтар

(3% дейін) : α - β- каротиндер, ликопин, лютеин және каротиннің оттекті қосылыстары: виолаксантин, цитроксантин, рубиксантин, флавоксантин т.б.; аскорбин қышқылы, флавоноидтар (0,33-0,88%), изорамнетин, кверцитрин; кумариндер; илік заттар (6,4%); полисахаридтер (шырыш 2,5-4,0 %), эфир майы (0,02%), ащылар (календен), смола (3,4% жуық), тритерпен қосылыстары, органикалық қышқылдар, алкалоидтар іздері.

Қажетті лабораториялық құралдар (өлшеуіш колба, воронка, келі мен келсап, сүзгіш қағаздар, таразылар, өлшегіш тастар, пробиркалар, елеуіш, пробиркалар, елеуіш, реактивтер, су моншасы, тазартылған су) таңдап алынады. Дәрілік өсімдік шикізатын келіге салып ұнтаққа дейін үгеді.1г. жуық ұсақталған дәрілік шикізатын сиымдылығы 100мл колбаға салады. Өлшенген шикізатқа 10мл экстрагент кұяды. Су моншасында (50-60 оС) қыздыра отырып қайнатады. Қағазды сүзгіш арқылы сүзіп, бөліндіні алады.

2.Сан көрсеткіштері. Әсер етуші зат - β каротиннің мөлшері 3% төмен емес, 70%спиртпен бөліп алынған экстрактивті заттар35 % кем емес; ылғалдылығы 14 %; жалпы күлі 11 %; себеттен бөлініп қалған гүл сабақтары 6 %; тілше және түтікшелі гүлдермен толтырылған себеттер 20 %; өсімдіктің басқа да бөліктері 3 %; органикалық қоспалар 0,5%; минералды қоспалар 0,5%.

4 КЕЗЕҢ (Нұсқа –«В» дәрілік тырнақгүл ) Дұрыс жауап эталоны:

1. Дәрілік тырнақгүл химиялық құрамында әсер етуші заттар- каротиноидтар (3% дейін) : α - β- каротиндер, ликопин, лютеин және каротиннің оттекті қосылыстары: виолаксантин, цитроксантин, рубиксантин, флавоксантин т.б.; аскорбин қышқылы, флавоноидтар (0,33-0,88%), изорамнетин, кверцитрин; кумариндер; илік заттар (6,4%); полисахаридтер (шырыш 2,5-4,0 %), эфир майы ( 0,02%), ащылар (календен), смола (3,4 %жуық), тритерпен қосылыстары, органикалық қышқылдар, алкалоидтар іздері.

2.Сандық анықтау. Дәрілік өсімдік шикізатының әсер етуші заты - β каротиннің мөлшері 3% төмен емес, 70%спиртпен бөліп алынған экстрактивті заттар35 % кем емес;

· Қажетті лабораториялық құралдар (өлшеуіш колба, воронка, келі мен келсап, сүзгіш қағаздар, таразылар, өлшегіш тастар, пробиркалар, елеуіш, пробиркалар, елеуіш, реактивтер, су моншасы, тазартылған су) таңдап алынады.

· Дәрілік тырнақгүл гүлінің тесіктерінің диаметрі 2 мм елеуіш арқылы елейді.

· Дәрілік тырнақгүл гүлін 5 г нақты өлшемін алып, көлемі 100 мл кең мойынды дөңелек колбаға салады.

· Шикізатқа 50 мл гексан: этил спирті 96% (1:1) қоспасын құяды, 2 сағат шайқап ұстайды.

· Қоспаны араластырып, бөліндіні сүзіп алады.

· Алынған сүзіндіден қажетті мөлшерін алып, қалындығы 10мм кюветаға құяды.

· Ерітіндіні 450нм толқын ұзындығында оптикалық тығыздығын өлшейді, салыстырушы ерітінді ретінде гексан - этил спирті 96% (1:1) қоспасын пайдаланады.

· Параллельді түрде СҰ калий бихроматы ерітіндісінің оптикалық тығыздығын өлшейді.

· β - каротиннің мөлшерін мына формула бойынша анықтайды:

X= D1×0,00208×25×50×100×100/D0×m×15×(100-W)

мұндағы, D1 – 450нм зерттелетін ерітінді толқын ұзындығы;

D0 – 450нм, калий бихроматы СҰ ерітіндісінің оптикалық тығыздығы;

0,00208 – β каротиннің мөлшері,мг

m – ДӨШ массасы;

W – ДӨШ кептіргендегі салмағын жоғалуы, %.

5 КЕЗЕҢ (Нұсқа –«В» дәрілік тырнақгүл) Дұрыс жауап эталоны:

1.Медицинада қолданылуы:бактерицидтік және түрлі қабынуға қарсы пайдалынады.Жоғарғы тыныс алу жүйесінің жолдары қабынғанда және ауыз уылғанда (стоматит) тамақты және ауызды шаю үшін, спазмолитикалық, өт айдаушы, қармаушы зат ретінде қолданылады

2.Препараттар: тырнақгүлдің себет тәрізді гүлінен дайындалған тұнба және әртүрлі іріңді жараларға, күйікте, фурункулде қолданылатын жағылма, тағы да тонзиллитте, ангинада, пародонтозда шаюға арналған тұндырмалары қолданылады. Ішке асқазан жарасы және өт айдағыш ретінде қолданылады.

«КН» тырнақгүл мен никотин қышқылынан жасалған таблеткалар, АІЖ қатерлі ісігінде қолданылады.

«Каферид» тотыққан темір оксидімен қоспасы, қан аздықта, сәуле ауруында, қатерлі ісктің кейбір формаларында қолданылады.

«Калефлон» өсімдіктің тазартылған экстрактісі, созылмалы және жедел гастритте, ойық жарада қолданылады.

Наши рекомендации