Тұндырып титрлеу әдістері

Тұндырып титрлеу әдісінің мәні

Тұндыру әдісінде титрлеуге тұнба алу реакциялары пайдаланылады. Пайдаланылатын реакциялар титриметриялық әдістердегі реакцияларға қойылатын жалпы шарттарға жауап берулері керек, бірақ тұндыру әдісінде мұндай реакциялардың саны аз. Ол- күмістің нашар еритін қосылыстарын алу – аргентометрия:

Ag+- Тұндырып титрлеу әдістері - student2.ru AgГ¯ , Г- CI-, B- , I- , SCN- т.б.

Галогенидтерді анықтауға олардың нашар еритін сынапты тұздарын алу реакцияларын да пайдалануға болады: Hg2CI2$, Hg2I2 т.б. (меркурометрия). Титриметрияда Zn2+ иондарын K4[Fe(CN)6] ерітіндісімен тұнбаға түсіру K2Zn3[Fe(CN)6]2$ реакциясы да пайдаланылады. Кейде SO42- иондарын анықтауға BaSO4 тұнбасын алу реакциясын пайдалануға болады, бірақ қоса тұну нәтижесінде тұнба ластанып, анықтау қатесі ~3% шамасында болады.

Титрлеу қисықтары

Тұндыру әдісінде титрлеу қисығының маңызы зор, себебі бұл қисық әдісті анализге пайдалануға болатынын не болмайтынын анықтайды және қажетті индикаторды таңдап алуға мүмкіндік береді. Тұндырып титрлеуде, мысалы аргентометрияда титрлеу қисығы мына координаттарда салынады: Тұндырып титрлеу әдістері - student2.ru , Тұндырып титрлеу әдістері - student2.ru не Тұндырып титрлеу әдістері - student2.ru , Тұндырып титрлеу әдістері - student2.ru .

25,00 мл 0,100М NaCI ерітіндісін 0,100М AgNO3 ерітіндісімен титрлеуді қарастырайық:

1) Титрлегенге дейін СІ- концентрациясы алынған NaСІ –дың жалпы концентрациясына тең:

[CI-]=CNaCI =10-1 , -lg[CI-]=pCI=1; pCl= – lg[Cl-]=1,0.

2) Титрлей бастағанда эквивалентті нүктеге дейін ерітіндіде NaCI-дың артық мөлшері жүргендіктен:

[Cl-] = Тұндырып титрлеу әдістері - student2.ru -lg[Cl-] = pCl

[Ag+]·[Cl-]=EKAgCl=1.78·10-10 болғандықтан, ертіндідегі Ag+ концентрациясы [Ag+] = Тұндырып титрлеу әдістері - student2.ru Тұндырып титрлеу әдістері - student2.ru не pAg + pCl = pEK=9,76.

pAg = pEK – pCl .

3) Эквивалентті нүктеде AgCl тұнбасының қаныққан ертіндісі пайда болады, сондықтан:

[Cl-] = [Ag+] = Тұндырып титрлеу әдістері - student2.ru , pCl = pAg = рEKAgCl/2.

[Cl-]=[Ag+]=1,33×10-5M; pAg=pCl=4,88.

4) Эквивалентті нүктеден кейін ерітіндіде AgNO3 артық мөлшерде пайда бола бастайды, сондықтан Ag+ иондарының концентрациясы артық құйылған AgNO3 концентрациясымен анықталады:

[Ag+] = Тұндырып титрлеу әдістері - student2.ru ; -lg [Ag+] = pAg, pCl = pEK-pAg .

Титрлеуге сәйкес сандық мәндер 12.1 – кестеде келтірілген.

12.1 – кесте

Мл 0,100 M NaCI ерітіндісін 0,100 M AgNO3 ерітіндісімен титрлеу нәтижесі

VAgNO3, мл [CI-] pCI [Ag+] pAg
0,00 1,00·10-1 1,00    
20,00 1,11·10-2 1,95 1,60·10-8 7,81
24,00 2,04·10-3 2,69 8,73·10-8 7,07
24,90 2,00·10-4 3,70 8,90·10-7 6,06
24,99 2,00·10-5 4,70 8,90·10-6 5,06
25,00 1,33·10-5 4,88 1,33·10-5 4,88
25,01 6,16·10-6 5,21 2,89·10-5 4,55
25,10 8,90·10-7 6,05 2,00·10-4 3,71
26,00 9,08·10-8 7,04 1,96·10-3 2,72

Қышқылды-негіздік титрлеудің анализіндегі сияқты бұл титрлеуде де пайдаланатын ерітінділердің концентрациясы артқан сайын титрлеу қисығының эквивалантті бөлігі кеңейеді. Эквивалентті бөлімінің кеңеюіне алынатын тұнбаның ерігіштік көбейтіндісінің азаюы да әсер етеді (12.1-сурет, 2-қисық ). 12.1 – суреттегі 1 және 2-қисықтарды салыстырғанда, КІ ерітіндісін AgNO3 ерітідісімен титрлегенде (ЕКAgI=8,3·10-17 ) эквивалентті бөлім рІ=4,70 Тұндырып титрлеу әдістері - student2.ru 11,38 аралығында жатыр, ал NaCI –ды титрлегенде рСІ=4,70 Тұндырып титрлеу әдістері - student2.ru 5,21. Мұндай айырмашылық AgI тұнбасының ерігіштігінің AgCI тұнбасына қарағанда 106 есе төмен болуында.

20 40  
рГ    
     
 
          Тұндырып титрлеу әдістері - student2.ru  

    12.1. – сурет. 1– 25,00 мл 0,100 М NaCI ерітіндісін 0,100 М AgNO3 ерітіндісімен титрлеу; 2 – 25,00 мл 0,100 М KI ерітіндісін 0,1М AgNO3 ерітіндісімен титрлеу қи­сық­­тары.    

Наши рекомендации