Сұйықтықтардың мөлдірлігі мен опалесценция дәрежесін зерттеу нәтижесі

Лабораториялық сабаққа арналған әдістемелік өңдеу

Тақырыбы: Дәрілік заттар сапасын зерттеудің жалпы әдістері мен тәсілдері («Қышқылдығы немесе сілтілігі», рН, «Қоспалардың шекті мөлшеріне сынаулар», «Сұйықтықтардың мөлдірлігі мен опалесценция дәрежесін анықтау», «Сұйықтықтардың боялу дәрежесін анықтау», «Сандық анықтау»).
Курс:  
Мамандық:   5В110300- «Фармация»

Шымкент

Кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама №18а, 20.06. 2016 ж.

Кафедра меңгерушісі __________проф. Ордабаева С.К.

Тақырыбы:Дәрілік заттар сапасын зерттеудің жалпы әдістері мен тәсілдері («Қышқылдығы немесе сілтілігі», рН, «Қоспалардың шекті мөлшеріне сынаулар», «Сұйықтықтардың мөлдірлігі мен опалесценция дәрежесін анықтау», «Сұйықтықтардың боялу дәрежесін анықтау», «Сандық анықтау»).

Мақсаты: Оқытылатын дәрілік заттардың жалпы және жеке қасиеттері негізінде нормативті құжаттар талабына сәйкес сапасына баға беруді үйрету. Дәрілік заттар сапасына баға беруде дәрілік заттар сапасын регламенттейтін мемлекеттік принциптер мен ережелерді қолдана білу.

Оқыту мақсаты:

· Білім алушыларға дәрілік заттардың жасалуы, алынуы, сақталу және қолдану сатыларында фармацевтикалық талдаудың әдістемелерін үйрету;

· Білім алушыларға дәрілік заттарды талдауда жалпы фармакопеялық әдістерді қолдануды үйрету;

· Білім алушыларға дәрілік заттар сапасына және қауіпсіздігіне нормативті-техникалық құжаттар талабына сай фармацевтикалық талдау жүргізуді үйрету және машықтандыру;

· ҚР МФ немесе басқа да НҚ жеке мақалаларындағы «Қышқылдығы немесе сілтілігі», рН, «Қоспалардың шекті мөлшеріне сынаулар», «Сұйықтықтардың мөлдірлігі мен опалесценция дәрежесін анықтау», «Сұйықтықтардың боялу дәрежесін анықтау», «Сандық анықтау бөлімдері бойынша дәрілік заттар сапасын бағалауды үйрету.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Фармацевтикалық талдау, оның өзіндік ерекшеліктері.

2. Фармакопеялық талдау әдістеріне қойылатын талаптар.

3. Дәрілік заттар тобындағы тір типті сынақтарды бірыңғайлау және стандарттау.

4. ҚР МФ талабы бойынша сұйықтықтардың мөлдірлігі мен опалесценция дәрежесін анықтау.

5. «Сұйықтықтардың мөлдірлігі мен опалесценция дәрежесі» көрсеткіші - дәрілік заттар сапасының өзгерісін бағалаудың тазалық критерийі

6. Сынақтарды бірыңғайлау. Қоспаларды анықтаудың жалпы және жеке әдістері.

7. «Сұйықтықтардың мөлдірлігі мен опалесценция дәрежесі» және «Сұйықтықтардың боялу дәрежесін анықтау» көрсеткіштері бойынша қоспалар мөлшерін анықтау

8. Дәрілік заттар талдауындағы физикалық константалар мәні

9. рН ортасын анықтау.

10. Дәрілік препараттардағы бос қышқылдар мен сілтілер қоспасын анықтау.

11. рН ортасы, «қышқылдығы», «сілтілігі» - дәрілік заттар тазалығын анықтау параметрі.

12. ҚР МФ талабы бойынша сұйықтықтардың боялу дәрежесін анықтау.

13. ҚР МФ бойынша қандай сұйықтық мөлдір және түссіз деп аталады?

14. Сұйықтықтардың боялу дәрежесін анықтауда қолданылатын бастапқы және салыстыру ерітінділерін дайындау.

15. Дәрілік препараттардың сандық мөлшерін титриметриялық әдіспен анықтау.

16. ҚР МФ «Комплексонометриялық титрлеу», «нитритометрия» жалпы мақалалары.

17. Дәрілік заттардың сандық мөлшерін анықтайтын негізгі химиялық әдістер.

Білім берудің және оқытудың әдістері: Дәстүрлі (бастапқы білімін бақылау, лабораториялық жұмыс, талдау хаттамаларын жазу және қорғау)

Оқу объектісі:

1. Тазартылған су

2. Калий хлориді

3. Натрий гидрокарбонаты

4. Натрий пара – аминосалицилаты

5. Резорцин

6. Сульфацил - натрий

7. Анальгин

8. Глюкоза

9. Кальций лактаты

10. Натрий бромиді

11. Натрий хлориді

12. Натрий тиосульфаты

13. Натрий тетрабораты

Лабораториялық сабақты өткізуге 200 минут бөлінген:

№ п/п Сабақ кезеңдері Уақыты, мин
Лабораториялық сабақтың тақырыбы бойынша бастапқы білімдерін бақылау (ауызша)
Жұмыс орнына сәйкес лабораториялық жұмысты орындауға дайындығын тексеру
Лабораториялық жұмысты орындау
Хаттама жазу
Хаттаманы қорғау
Лабораториялық сабақ тақырыбы бойынша білімдерін бақылау (тестілеу)
Қорытынды (баға қою)

Cабақтың мазмұны:

Жұмыс орны № 1

Мына бөлімдер бойынша дәрілік заттарға сынақ жүргізу:

а) мөлдірлігі мен опалесценция дәрежесі

б) сұйықтықтардың боялу дәрежесі

Дәрілік заттардың мөлдірлігі мен опалесценция дәрежесін анықтау нәтижесін кесте түрінде көрсетіңіз.

Сұйықтықтардың мөлдірлігі мен опалесценция дәрежесін зерттеу нәтижесі

Кесте 1

Қазақша, латынша атауы, химиялық формуласы мөлдірлігі мен опалесценция дәрежесі Ерітінді түсі НҚ сәйкестігі туралы қорытынды

Жұмыс орны 2.

«Қышқылдығы н/е сілтілігі» бөлімі бойынша дәрілік заттар сапасын бағалауды жүргізу.

Зерттеу нәтижелерін кестеге енгізіңіз

Наши рекомендации