Бақылау сұрақтары. ДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ Тақырыбы: Кофеинді алу (жартылай синтетикалық әдіс) Курс: Пән:

ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚҚА АРНАЛҒАН

ДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Тақырыбы: Кофеинді алу (жартылай синтетикалық әдіс)
Курс: Пән: Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы
Мамандығы: 5В074800 - Фармацевтикалық өндірісінің технологиясы

Шымкент

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

Хаттама № 16, 18.04.2016 ж.

Кафедра меңгерушісі __________ проф. Ордабаева С.К.

Тақырыбы: Кофеинді алу (жартылай синтетикалық әдіс).

Мақсаты:Органикалық заттарға синтез жүргізуді үйрену. Кофеинді алу (жартылай синтетикалық әдіс).

Оқыту міндеті:

· органикалық заттарды талдау, синтездеу әдістері, жалпы принциптерді сипаттауды үйрену;

· дәрілік заттардың фармакологиялық және химиялық, физикалық қасиеттеріне талдау жасауды оқыту;

· берілген топтағы дәрілік заттардың сапасын талдауды оқыту.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Пиримидин-тиазол туындыларының химиясы мен технологиясы.

2.Пиримидинді және тиазолды құрам бөліктерді конденсациясымен жүзеге асырылатын, тиамин мен пиримидин циклы молекуласының құрылымын қарастыратын синтездеу әдістерінің сипаттамасы. Өндіріс үшін рациональды әдісті таңдау.

3. Пурин туындыларының химиясы мен технологиясы.

4. Пуринды алкалидтер құрылымы және олардың теофилин, теобромин қатарындағы фармакологиялық белсенділігі, Траубе тәсімі бойынша моно- және 3-диметилмочевинаны цианосірке қышқылымен конденсациялау. Өндірістің технологиялық тәсілі, жабдықтық рәсімделуі.

5. Пурин туындыларының химиясы мен технологиясы. Кофеинді теофеллиннен және Траубе тәсілімен синтездеудің салыстырмалы айырмашылығы.

6. Кофеин өндірісінің технологиялық тәсімі. Синтездеу сатысын бақылау. Синтездеу сатысын бақылау. Сапасы мен сароаптау әдісіне қойылатын талаптар.

7. Пурин туындыларының химиясы мен технологиясы. Траубе тәсімі бойынша моно- және 3-диметилмочевинаны цианосірке қышқылымен конденсациялау арқылы теофеллинді синтездеу. Цианосірке қышқылын қолданумен техника қауіпсіздігі.

Білім берудің және оқытудың әдістері:білімін бақылау, зертханалық жұмыс, жұмыс нәтижелерін рәсімдеу.

Оқыту обьектісі:

Кофеин

Зертханалық жұмысты орындауға 300 минут беріледі, жұмыс ретіне төмендегідей уақыттар мен орындалады:

Лабораториялық сабақты өткізуге 300 минут бөлінген:

п/п Сабақ кезеңдері Уақыты, мин
Лабораториялық сабақтың тақырыбы бойынша бастапқы білімдерін бақылау (ауызша)
Жұмыс орнына сәйкес лабораториялық жұмысты орындауға дайындығын тексеру
Лабораториялық жұмысты орындау
Хаттама жазу
Хаттаманы қорғау
Лабораториялық сабақ тақырыбы бойынша білімдерін бақылау (тестілеу)
Қорытынды (баға қою)

Сабақтын мазмұны:

№1зертханалық жұмыс

Кофеинді алу

Реактивтер: 2,25г теобромин

5г (3,9мл) диметилсульфат

Құрал-жабдықтар: конусты колба (сыйымдылығы 25мл)-1 дана

бөлгіш шұңғыма (сыйымдылығы 100-200 мл)-1 дана.

Кофеинді алу әдістемесі

2,25г теоброминді 15 мл 15% сілтілі ерітіндіде (күйдіргіш натр) ерітеді және реакция толық өткенше 5г диметилсульфатымен шайқайды. Бірнеше сағат тұрған соң, кофеин тұнбаға түседі. Кофеин кристалдарын сіңдіреді, кофеин қалдықтарын өндіру үшін, сілтілік ерітіндіні хлороформмен шайқайды. Хлороформы айдайды, ал кофеин ыстық су ерітіндісінің әсерінен қайта кристалданады. Шығымы шамамен 80%. Сапасын бақылауда органикалық қосылыстар мен сульфаттардың жоқтығына назар аудару керек.

Ескерту! Сілтілік ерітіндіні тұз қышқылымен қышқылдандырғанда реакцияланбаған теобромин түзіледі.

Жұмыс нәтижелерін безендіру

Зертханалық жағдайда кофеин алу әдістемесін жазу.

Бақылау сұрақтары

1. Пурин туындылары қатарында химиялық құрылым мен факрмакологиялық белсенділігі арасындағы байланыс.

2. Мочевина қышқылынан кофеинді, теоброминді және теофиллинді синтездеудің тәсілін жазыңыз.

3. Пурин туындыларынан қандай қоспалар анықталады?

4. Пурин туындылары препараттарының қышқылды және негізгі ортасынан бөліп алу.

Теоброминді пергидроль және хлорсутекті қышқылдың бірнеше тамшысымен буландыра отырып, ары қарай аммиак ерітіндісін қосады, соның нәтижесінде күлгін- қызыл түс пайда болады. Реакция теңідеуін жазыңыз. Бұл реакцияны ерекше деп атауға болады ма?

5. Пурин туындылары суда ерігіштігі бойынша айырмашылыққа ие ма? Пурин туындыларының қандай құрылымдық элементтері олардың ерігіштігіне әсер етеді?

6. Кофеин–натрий бензоатынан бензой қышқылын алудың реакциясы қандай?

7. Теоброминдегі кофеин, 3-метилксантин қоспаларын қалай анықтайды?

8. Теоброминдегі басқада пурин негізіндегі қоспаларды қалай анықтайды?

9. Пурин туындыларын сандық анықтау әдісінің ерекшелігі неде? Реакция теңдеуін жазыңыз.

Наши рекомендации