Еліктеуге болатын үлгілер

Талантты және дарынды балаларға жағдай жасау: мүмкіндіктер ауқымын кеңейту

Англияның Бас оқу кеңесінің веб-сайтындағы тақырыптық зерттеулер дарынды және талантты оқушыларға тиімді қолдау көрсетуді қамтамасыз ету жөніндегі жалпымектептік тәсіл мәселесін талқылауға негіз болып отыр.

http://www.gtce.org.uk/tla/rft/gifted0607/gifted0607cs/

Біз білім беру бағдарламасына толықтыру енгізілуіне байланысты туындаған мүмкіндіктердің пайда болуына байланысты, оқушылардың ынтасын арттыруды растайтын нақты осы мысалды таңдадық. Зерттеуші-мұғалім 11-ден 18-ге дейінгі жастағы жоғарғы сынып оқушыларына жаратылыстану циклі пәндері бойынша оқудан тыс қосымша сабақтарға қатысу қандай артықшылық беретінін анықтады. Қосымша сабақтар:

  • жергілікті университеттерге, атап айтқанда – ондағы дәрістер, таныстырылымдар және іс-шараларға баруды;
  • жергілікті өнеркәсіп объектілерімен өзара қарым-қатынаста жұмыс істейтін жергілікті ғылыми орталықтарға баруды;
  • университеттерден тұратын орын ұсына отырып, ұлттық деңгейдегі оқу курстарынан өтуді;
  • жаратылыстану циклі пәндері бойынша ұлттық сайыстарға қатысуды;
  • химия пәнінің үйірмесіне қатысуды;
  • мектептегі жаратылыстану циклі пәндері бойынша дәріске қатысуды қамтиды.

Жалпы алғанда, жаратылыстану циклінің пәндері бойынша қосымша іс-шараларға 7-12 сыныптардан 430 оқушы тартылды. 230 оқушы арасында сауалнама жүргізуден және 18 дарынды оқушыдан сұрау алудан кейін алынған пікірлер бұндай іс-шаралардың ұтымды жағы төмендегідей екенін көрсетті:

  • тапсырманы үнемі қиындатып отыруға ықпал етеді;
  • белсенді оқу үшін көп мүмкіндік ұсынады;
  • еліктеуге арналған үлгілермен танысуға мүмкіндік береді;
  • шынайы өмірмен жаратылыстану циклі пәндерінің байланысын түйсінуге көмектеседі;
  • мамандықты сезініп таңдауға ықпал етеді.

Тапсырмаларды қиындату

Дарынды және талантты оқушылар мектепте орындаған практикалық жұмысты мектептен тыс практикалық жұмыспен салыстырды. Олар мектептегі эксперименттерді оңай болжауға болатындықтан, олар әдетте қызықсыз болатынын айтып шағымданды. Мысалға, 10-сыныптың дарынды және талантты оқушыларының тобы олар оқшаулағыштардың қандай түрі жақсы екенін бастапқыда-ақ дәл білсе де, үш жыл бойы суды ыстық күйінде ең ұзақ сақтайтын оқшаулағышты табу талап етілген жылу оқшаулағыш сынақтар өткізілгенін ерекше айтып өтті.

Керісінше, 8-сыныптың кейбір дарынды және талантты оқушылары оларға саусақ таңбасындағы тұздарды анықтау үшін хроматография және химиялық сынақтарды пайдаланып, жұмбақты шешу ұсынылған жергілікті университетке жаратылыстану циклінің пәндері бойынша экскурсияға барған өте ұнағанын атап өтті. Қатысушылардың біреуі мұғалім оның жұмыс үдерісін басқармағандықтан, тапсырманы орындау оған ерекше ұнағанын айтқан. Оның орнына оқушылар кітапшада берілген нұсқаулыққа сүйеніп отырды. Ол мұғалім не істеу керек екенін алдын ала көрсететін жаратылыстану ғылымы пәндері бойынша практикалық сабақтардың ұнамайтынын атап өтті, себебі ол мұғалім көрсетуді бастамастан-ақ соңында не болатынын біліп отырады.

Белсенді оқуға арналған мүмкіндіктерді арттыру

Көптеген дарынды және талантты оқушылардың жауаптарында жаратылыстану ғылымы пәндері бойынша сыныптағы тапсырмаларға қарағанда, қосымша сабақтардың «пайдалы» практикалық тәжірибе алуға, пәнге деген оң қарым-қатынас қалыптастыруға ықпалы көбірек екендігі туралы пікірлер жиі кездеседі. Мысалға, 10-сыныптың оқушыларына арналған іс-шаралардың бірі ғылыми апталық кезінде жергілікті университетте физика бойынша интерактивті семинарға қатысу болды. Оқушылар осы шарада кернеуі жоғары электр тізбектері үшін оқшаулағыштар жобалады және жоғары кернеу мен ұшқынның шығуын өз көздерімен көрді. Оқушылар осындай іс-шара түрінен қандай әсер алғандығымен бөлісті:

«Маған оларды (оқшаулағыштарды) өзіміздің жобалай алатынымыз, содан кейін оларды тестілеп, олардың істейтінін, сондай-ақ қандай кернеуге шыдайтынын тексеру ұнады».

Еліктеуге болатын үлгілер

Оқушылардың «Өзін-өзі танытуға арналған конференция» сияқты конференцияларға қатысуы өздерінің зерттеулерін өңірлік және ұлттық деңгейлерде таныстыра отырып, әртүрлі ғылым салаларында еңбек етіп жатқан ғылыми зерттеушілермен кездесуге және танысуға мүмкіндік берді.

Оқушылар олардың медицина, спорт, космология және т.с.с. салаларда маңызды жұмыс істейтін, беделді, «нағыз» ғалымдар – еліктеуге болатын занамауи, жаңа үлгілер екендігін көрді. Осындай конференцияларға қатысқаннан кейін дарынды және талантты оқушылар, мектепте зерделейтін ғылымның дами алатынын және оны барынша жоғары деңгейде зерделеуге болатынын анық түсіне алады.

Наши рекомендации