Жер қазу немесе жырту

Көңді жерге сіңірудің ең тиімді әдісі – жерді қазған немесе жыртқан кезде топырақпен араластырып жіберу. Ол үшін көңді ашамен біркелкі қалыңдығы 30 – 40 см етіп күзде (жиын терім аяқталғаннан соң) бақшаңызға шашыңыз да тіліктерді екі қабат қазып аударып шығыңыз. Осыны агрономиялық тілмен сүдігер деп атайды. Осы кезде топырақ майдаланады және артық су бөгетсіз сіңіп кетеді. Осы жағдайда өсімдік тамырлары да жақсы дамып, қоректік заттарды топырақтан қалауы бойынша ала алады. Осының бәрі жиыла келіп өсімдіктің дені сау, мол өнім беруіне септігін тигізеді.

Стемелеп азықтандыру

Көп жылдық өсімдіктерді азықтандыру үшін жерді қазбайды, олай істесек тамырларын зақымдап аламыз, сондықтан да оларды жердің бетінен тыңайтамыз. Өсімдіктің қатар аралықтарына қалыңдығы 10 см қылып көң шашамыз, ол су мен күн шуағының әсерінен біртіндеп өсімдіктің тамырына сіңеді. Осы көңнің ішінде шірімеген арам шөптің тұқымдары болмауы керек, әйтпесе қайта шөптейтін жұмыс тауып аласыз. Көңді осылай пайдалануды ылғал сақтау деп те атайды (мульчирование).

Жеміс ағаштары мен көпжылдық көкөністер

Жеміс ағаштары мен көп жылдық көкөністерге көңді еккен кезде ғана салады, ал қалған кезеңде үстемелеп қоректендіріп отырады. Өсімдікті отырғызардың алдында екі қабат жақсылып қазылып, төменгі қабатына көңді аямай салу керек.

Күзде жеміс ағаштарыңыздың жапырақтары түскен кезде жинамаңыз, табиғаттың айналымына бөгет жасамаңыз. Алма бауыңыз бар болса төргі жағына ағаштан жәшік қойып түскен жапырақтарды сыпырып жинап қойыңыз, келесі жылы тамаша тірі тыңайтқыш аласыз.

Ойыртпақ (компост) дайындау

Ағаш жәшіктің немесе қытай бөшкесінің (200 л) түбіне бірнеше бұтақ салыңыз, бұл ауа жақсы бару үшін қажет. Осы ыдысқа біркелкі өсімдік қалдықтарын (жапырақ, жұлып алынған арам шөп, т.б.) салыңыз, әсіресе жаңа жұлынған арам шөптерді. Ыдыстағы жылылықты сақтау үшін бетін пленкамен не ескі төсенішпен жауып қойыңыз. Керегінше малдың көңін қосыңыз, бұл шіруді тездетеді. Аптасына бір қабат араластырып тұрыңыз. Осының ішінде жүретін ағым залалсыздандырып, ал су мен ауа шіруін жылдамдатады. Осы ағым мөлшері үш айдай жүреді, қойыртпақты негізінде күзде бірнеше ыдысқа салып жасап қойсаңыз негізгі бөлігін, ал қолданған бос ыдыстарға жаз бойы тағы да дайындай бересіз.

АШЫҚ ЖЕРГЕ СЕБУ

Сіз көптеген көкеністерді алдын ала өсіріп алмай – ақ ашық жерге себе аласыз. Осының артықшылығы, өсімдік көшіріп отырғызғандағы сияқты аурмайды және тамырлары зақымданбайды.

Себер кездегі басты талап топырақ жақсы өңделіп, доң болмай мап майда үлпілдеп тұруы керек. Ылғалдығы да сәйкес болуы қажет, егер бір уыс топырақты алақаныңызға салып алып жұдырығыңызды жұмып, жерге өз салмағымен тастап жібергенде біркелкі тарыдай шашылып түссе қалыпты ылғалдық болғаны, ал саз балшық болып иленіп түссе онда әлі пыспағанын көрсетеді. Егер топырақ өте құрғақ болса суқұйғышпен суарыңыз. Себердің алдында жер жылы болуы тиіс + 7 градустан кем болмауы керек, немесе топыраққа отырғанда жалаңаш құйрығыңыздан сыз өтпесе, онда жеріңіздің дайын болғаны.

Тұқымға қойылатын талап

Қазіргі сатылатын тұқымдардың көпшілігі талапқа сай, сапасы жақсы болып келеді. Бірақта күннің суықтығы өсу ағымын кешеуілдетуі мүмкін. Егер сатып алатын тұқымға сенбесеңіз, тұқымды өзіңізге де дайындап алуға болады. Есіңізде болсын, гибридттің тұқымдарын сақтап дайындап ала алмайсыз, олар келесі жылы өнім бермейді. Тұқымдар негізінен кішкентай қағаз қорапшалармен сатылады, кейбіреулеріне арнайы жабысқақ заттар жағылған. Бұндай тұқымдарды себу оңай.

Атарлап себу

Қатарлап себу – ең қолайлы әдіс. Кішкентай тесенің (тяпка) не таяқшаның көмегімен тіліктің ішінен ұзынынан не көлденеңінен арықшалар жасалады. Егер топырақ құрғақ болса онда су құяды, көп құймайды. Сонан кейін тұқымдарды мұқият бір бірлеп салып шығып, бас аяғын белгілеп алып, үстін тырманың көмегімен топырақпен жауып шығады. Арықшаның тереңдігі тұқымның мөлшеріне қарай, көбінесе егетін тұқымдар 1 см тереңдікте жақсы өнеді.

Ялап себу

Кейбір көкөністердің жемістері үлкен болып, бір біріне бөгет жасайды. Сондықтан да оларды қатармен сеппейді. Бұндай өсімдіктерді бір ұяға үш – төрт дәннен сеуіп, өскеннен кейін әлсізін алып тастайды. Мысалы: жүгері арасы 70х70 см, ал пастернак 20 см.

Тіліктеп себу

Кейбір өсімдіктер мысалы: бұршақ пен ас бұршақтар жалпақ тілікпен себіледі. Ол үшін тесемен 15 см жалпақ тілік жасап тұқымды екі қатар шахмат тәртібімен орналастырып, үстіне топырақты тырмамен жабады.

Шашып себу

Ең қарапайым әдіс, әсіресе төрт бұрышты алқапты себуге ыңғайлы. Дайындалған жердің бетіне тұқымды қолмен шашып, артынан тырмаман тырмалап тастайды. Сеуіп болғаннан кейін жаңбырлатқышы бар суқұйғышпен су себелеп шығады. Осындай әдіспен жоңышқа егіледі.

Наши рекомендации