Беткей және жер асты су көздеріне сипаттама беріңіз

Су – өмір көзі. Сусыз атмосфера оттегімен толықтырыла алмайды. Су үлкен (геологиялық ) және кіші (биохимиялық ) зат айналымына қатысады. Қазіргі көзқарас бойынша өмір суда пайда болған. Адам ағзасында 60%- дай су болады.БҰҰ мәліметтері бойынша ХХІ ғасырда ғаламдық жылынудан гөрі судың жетіспеуі өткір мәселе болады. Су қорының жетіспеуі тек кедейлік пен мешеулікке ғана әкеліп соқпай, этникалық және мемлекетаралық қақтығыстардың себебі болады.Адам су үшін тек биологиялық емес, әлеуметтік те фактор болып келеді. Биологиялық мақсат үшін адам тәулігіне 5л жұмсаса, одан басқа тағы 1500-2000 жұмсайды.Араб әмірлігінде 1л ауызсуды 1л шикі мұнайға айырбастауға болады.Табиғи ауызсу ұлт байлығына айналып барады. Дүкендерде ауызсудың сатылуы қалыпты жағдайға ұласты.Жер ғаламшарындағы су қоры – 1, 400 000 кмз , бірақ оның көбі ащы.Су қорын пайдаланғанда оның айналым жылдамдығын ескерген жөн.Тұщы судың 70%-дайы мәңгі мұздық пен мәңгі қардың үлесінде, бірақ адам ол суды пайдалана алмайды. Бұл «өлі» табиғи су қоры. Жердің терең қойнауындағы суды да пайдалану қиын. Сондықтан адамның қолы жететін су қорының 0,001 % ғана ішуге жарамды.Қазақстан Республикасының тұщы су қорлары орасан көп, алайда оның аумағы бойынша судың орналасу деңгейі біркелкі емес.Өзендер – республиканың негізгі су көздері. Қазақстанның көптеген өзендері,әсіресе, олардың салалары суының аздығынан жазғы уақытта кеуіп, жеке көлшіктерге айналады және қар еріген кезде ғана тасиды.Республикада ірі көлдер (Балқаш, Теңіз, Қорғалжын, Құсмұрын, Зайсан, Марқакөл, Алакөл) және мыңдаған кіші көлдер орналасқан. Республикада барлығы 50 000 таяу көлдер бар, олардың 32 % тұщы сулы, қалғандарының суы жоғары минерализацияланған.

Қазақстандағы суды аса көп тұтынушы – ауылшаруашылығы, екінші орында – өнеркәсіп пен энергетика, үшінші орында – қалалардың коммуналдық шаруашылығы.

Жер асты суы – жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су.[1]

Ол шөгінді және борпылдақ тау жыныстары бөлшектерінің арасын, ұсақ кеуектерін, магмалық және метаморфтық жыныстардың жарықтары мен жіктерін, гипс, доломит, әктас жыныстарындағы карст қуыстарын толтырып жатады. Жер асты суы қалыптасу жағдайына, тереңдігіне, арын күшінің мөлшеріне қарай қалқыма су, грунт және артезиан сулары болып 3 топқа бөлінеді.

Қалқыма су – кішігірім ойпаттарда, құм-шағылдар арасында жауын-шашын немесе тасыған өзен, көл суларының топыраққа сіңуінен уақытша пайда болған, жер бетіне ең жақын жатқан арынсыз жер асты суы. Оның қорына, химиялық құрамы мен температурасына ауа райының өзгерістері үлкен әсер етеді. Сондықтан су қорын құрайтын негізгі көз жойылғанда, бұл су құрғап қалады. Жауын-шашын мол жылдары, өзен қатты тасығанда, қыста қар қалың жауғанда қайтадан пайда болады.

Жауын-шашын мол жылдары, көктемде қар ерігенде, күзгі көп жауын кезінде бұл судың деңгейі едәуір жоғары көтеріледі, ал құрғақшылық жылдары, қыс пен жаз айларында оның деңгейі төмендеп, тереңдеп кетеді. Грунт суы неғұрлым тайызда жатса, оның көтеріліп-төмендеу мөлшері де соғұрлым көп болады. Тайыз жердегі грунт суының деңгейі бір жыл ішінде 1,5 – 2 метр және одан да көп мөлшерде өзгеріп отыратын болса, тереңдегі сулардың деңгейі тек бірнеше см-ге ғана өзгереді. Су деңгейінің өзгерісіне, жыл маусымдарының ауысуына байланысты бұл сулардың минералдылығы, химиялық құрамы мен температурасы да өзгеріп отырады.

Жер үсті сулары— жер бетінде таралған түрақты, не уақытша қалыптасқан сулардың барлық түрлері (өзен, көл, мұхит т.б.).Жер шарының әр түрлі аймақтарының сумен қамтамасыз етілуі көрсеткіштері -ондағы орналасқан халықтың санымен жөне табиғи қорлардың орналасуымен, өнеркәсіп пен ауыл шарушылығының қажеттілігімен әркез үйлесе бермейді. Еуропа мен Азияда әлем халықтарының 77%-ы орналасқан, ал осы аумаққа жылма-жыл айналымға түсетін өзен, көл жөне бөгендердің ғана суларын есепке алатын болсақ, онда жер бетіндегі әрбір адамға орташа есеппен жылына 11,6 мың м3 су тиесілі.

Шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелері: орталықтандырылған, орталықтандырылмаған су көздерінің айырмашылығын атаңыз

Ауыз су эпидемиялық және радиациялық жағынан қауіпсіз болуы тиіс, екіншіден, химиялық құрамы жағынан зиянсыз болуы керек, үшіншіден, органолептикалық қасиеттері (түсі, исі, т.б.) жағымды болуы керек. Бұл талаптар келесі іс-шаралар кешенін орындау нәтижесінде жүзеге асырылады:

- заңнамалы гигиеналық шараларды орындау;

- су көзін таңдау;

- су көзінің санитарлық-қорғаныш аймағын (ЗСО) ұйымдастыру;

- суды тазарту, зарарсыздандыру және өңдеудің арнайы әдістерін қолдану;

- су құбыры жүйесін санитарлық қорғау.

Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету жүйесінің екі түрі бар:

· орталықтандырылған жүйесі – бұл, су көздерінен механикаландырып су алуды, оның сапасын жақсартуды (тазарту, зарарсыздандыру және өңдеу) немесе онсыз, суды сақтауды, ауыз су пайдаланатын орындарға беруді қарастыратын, елді мекендерді сапалы ауыз сумен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуге арналған шаралар мен құрылғылар, құрылыстар және су құбырларының кешені болып табылады.

· орталықтандырылмаған (жергілікті) жүйесі – бұл, ауыз суды тұтынатын орындарына жеткізіп бермейтің, жалпы халық пайдалану үшін ашық немесе жеке адамдардың пайдалануындағы құрылыстардан тұрғындардың өз бетімен су алуына арналған жүйе.

Сумен қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесі су құбырларын орнату арқылы жүзеге асырылады. Су құбырлары деп, су көздерінен механикаландырып су алуды, оның сапасын жақсартуды (тазарту, зарарсыздандыру және өңдеу) немесе онсыз, суды сақтауды, ауыз су пайдаланатын орындарға беруді іске асыратын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге арналған инженерлік құрылыстар кешенін айтады. Қазіргі кездегі су құбырлары ашық және жер астылық су көздерінің суын пайдалана алады. Ашық су көздерінің суымен қамтамасыз ететін құбырлар:

а) су алатын құрылыстан;б) суды жоғары көтеретін сору қондырғысынан;в) судың сапасын жақсартуға арналған құрылыстан;г) су құбырлары жүйесінен тұрады.

Құрылыстардың су құбырлар жүйесіне дейінгі бұл кешенінің барлығы бас құрылыстар деп аталады. Суды су көздерінен алу үшін, өзен ағысының бойымен елді мекеннен жоғары ұйымдастырылатын арнайы су қабылдағышты қолданады.

Жер асты су көздерінен орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесі, негізінен, кішігірім ауылдық елді мекендер, қалалардың жекелеген аудандары, кейде жеке мекемелер үшін ұйымдастырылады. Оның артықшылықтары: бұл жердегі су барлық ластаушылардан сенімді қорғалғандықтан, суды тазартудың қажеттілігі, әдетте, туындамайды; су алатын орның елді мекеннің өзінде немесе оған жақын жерде орналастырады.

Су алу үшін, жер астындағы су тұтатын горизонтқа дейін жететін вертикалды шахталар түріндегі, бұрғылағыш артезиан ұңғымаларын құрады. Бұрғылау кезінде алынған топырақ шахтаға түспеу үшін, шахтаның қабырғаларын бекітетін айналдыра сақиналар қойылады. Ұңғымадан суды тартып алу үшін, оған сорғыш орнатады. Бұндай су құбырларының санитарлық қауіпсіздігінің кепілдігі, жүйенің, әсіресе, айналдыра қойылған сақиналардың қосылған жерінде, жақсы герметизациялануы болып табылады.

Орталықтандырылмаған ауыз су-шаруашылық мақсатында сумен қамтамасыз ету үшін жер асты сулары пайдаланылады. Тұрғындарды және шаруашылық- тұрмыстық нысандарды сумен қамтамасыз ету, су алатын құрылыстарға арнайы құрал-жабдықтарды (тарату жүйесі жоқ ұңғымаларды, шахталық және құбырлы құдықтарды, бастау каптаждарын) орнату арқылы жүзеге асырылады.Ұңғымалар, құдықтар мен бастау каптаждарын орнату үшін қажетті орындар геологиялық, гидрогеологиялық мәліметтер негізінде таңдалып алынады.Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінің су көздерін ластанудан қорғау мақсатында, Қазақстан Республикасының санитарлық заңнамасы бойынша сумен жабдықтайтын су көздерінің санитарлық қорғау зонасы (СҚЗ) орнатылған, СҚЗ су көзінің жанындағы, санитарлық режимі ерекше, аумақ болып табылады.

СҚА үш белдеуден тұрады:

- бірінші белдеу (қатаң тәртіптегі) су алатын орынды және су алу құрылыстарын ластанудан және зақымданудан қорғауға арналған, оған су алатын орындары мен су алу құрылыстары орналасқан аумақтар кіреді;

- екінші және үшінші белдеулер (шектейтін) шаруашылық-ауыз су мақсатында сумен қамтамасыз ететін су көздерінің микробиологиялық және химиялық ластануының алдын алуға арналған аумақтарды қамтиды.

СҚА белдеулерінің шекараларын орнату:

- сумен жабдықтау көздерінің түріне (жер бетілік немесе жер астылық);

- ластану сипатына (химиялық, микробтық);

- жер бетілік ластанудан табиғи қорғалу деңгейіне (жер асты су көзі үшін);

- гидрогеологиялық немесе гидрологиялық жағдайларына байланысты.

Орталықтандырылған сумен жабдықтауда ауыз судың сапасы, су тарату жүйесіне берілер алдында, сонымен қатар, сыртқы және ішкі су құбырлары жүйесінің су алынатын жерлерінде, гигиеналық нормативтерге сай болуы тиіс.

Ауыз судың эпидемиялық тұрғыдан қауіпсіздігі микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері бойынша, 4.3-кестеде көрсетілген нормативтерге сәйкес, бағаланады.

Жалпы микроб саны (ЖМС) бактериологиялық әдіс арқылы зерттелетін 1 мл судағы микроағзалар колониясының өсу санымен анықталады. ЖМС 50- аспауы керек. Жалпы колиформды бактериялар бойынша зерттеу 12 ай (1 жыл) бойына жүргізіледі, бұл кезде сыртқы және ішкі су құбырлары жүйесінің су алынатын жерлерінен алынған су сынамаларының саны 100 –ден кем болмауы керек және олардың 95% нормативтен аспауы керек.

Наши рекомендации