Клиникалық жағдайы бойынша жауаптар эталоны

Қадамдарды бағалау критерийлері
Шағымдарды жинау Шағымдарды нақтылау үшін барлық сұрақтар қойылды ма? Кезеңді және жүйелі түрде жүргізілді Шағымдарды негізгі және қосымша сұрақтармен нақтылады
Анамнезін жинау Анамнезді, соның ішінде жанұялық анамнезді айқындау үшін барлық сұрақтар қойылды ма? Анамнезді анықтауға және жинауға барлық сұрақтар қойылды
Физикальді қарау (терісін, шырышты қабаттарын және т.б.) Дене салмағының азайғанын анықтады
Тыныс алу жүйесін зерттеу ТАЖ есептеп және өкпе аускультациясын жасады
Жүрек қан-тамыр жүйесін зерттеу   Жүректің салыстырмалы тұйықтығын анықтады
Жүрек нүктелерін тыңдау ережесін сақтап, жүрек аускультациясын жасады
Ережені сақтап АҚ өлшеді
Іштің пальпациясын жүргізу Беткей және терең іштің пальпациясын жасады. Эпигастрийде (оң жақтан көбірек) ауру сезімін анықтады
Асқазан шекараларын анықтау Асқазан шекараларын анықтады
Алдын ала қойылған диагнозды құру және негіздеу Тамақтанғаннан кейін 2-3 сағат өткен соң, аш қарынға және түнде, тамақты, әсіресе сүтті қолданғаннан кейін басылатын эпигастрийдегі (көбірек оң жақтағы) сыздаған ауру сезімін, сонымен қатар қыжылдау, қышқылмен кекіру, кейде жеңілдікке алып келетін құсу шағымдарын ескере, науқаста он екі елі ішектің мүмкін ойық жарасы.
Лабораторлы – құралдық зерттеу жоспарын тағайындау 1. Жалпы қан анализін, жалпы зәр анализін, биохимиялық қан анализін (АЛТ, АСТ, билирубин, глюкоза), ЭФГДС, хеликобактер пилориді анықтау үшін тынысты уреазды тестті тағайындау
Лабораторлы зерттеу – жалпы қан анализін, жалпы зәр анализін, биохимиялық қан анализін интерпретациялау ЖҚА, б/х қан анализі, ЖЗА қалыпты
Жасырын қанға нәжісті анализін интерпретациялау Нәжістегі жасырынды қан сынамасы – қорытындысы теріс  
ЭФГДС мәліметтерін интерпретациялау Он екі елі ішек пиязшығының алдыңғы қабатында ойық жара анықталады.
H.pylori инфекцияны анықтайтын тесттерге сараптама беру Уреазды тынысты тест - +++ (оң)  
Қорытынды диагнозды тұжырымдау және оны негіздеу Алдын ала қойылған он екі елі ішектің ойық жара диагнозын ескере. Тынысты уреазды тест (кенет оң), ЭФГДС мәліметтерінің: Асқазанның антральді, пилорикалық бөлігінің қабынуы. Он екі елі ішек пиязшығының шырышты қабырғасының қабыну белгілері. Алдыңғы қабатында ойық жарасын ескере негізделіп қойылған диагноз: Он екі елі ішектің ойық жарасы, өршу сатысы. Созылмалы атрофиялық гастрит, өршу сатысы.
Емдеу тәсілін анықтау Түзім, ем дәм Эрадикациялы терапия
Өмір сүру және ем дәмді өзгерту бойынша ұсыныстар Темекіден, алкогольдан бас тарту. Тамақтануы - бөлшектеп, жиі; Ащы, сүрленген, майлы және маринадталған тағамдарды, газдалған сусындарды, қою шәй мен кофені азайту.
Базисті терапияны тағайындау Эрадикациялы терапия (Маастрихт – IV) 10 күн: Протон помпасының ингибиторлары: · Омепразол 20 мг х 2 рет/күн (лансопрозол 30 мг х 2 рет/күн, пантопрозол 20 мг х 2 рет/күн) · Амоксициллин 1000 мг х 2 рет/күн · Кларитромицин 500 мг х 2 рет/күн немесе
      Протон опмпасының ингибиторлары: · Омепразол 20 мг х 2 рет/күн (лансопрозол 30 мг х 2 рет/күн, пантопрозол 40 мг х 2 рет/күн) · Амоксициллин 1000 мг х 2 рет/күн · Левофлоксацин 200 мг х 2 рет/күн немесе
    Протон опмпасының ингибиторлары: · Омепразол 20 мг х 2 рет/күн (лансопрозол 30 мг х 2 рет/күн, эзомезопразол 40 мг х 2 рет/күн) · Коллоидты субцитрат висмутын 120 мг 4 рет/күн · Тетрациклин гидрохлоридін 500 мг 4 рет/күн · Метронидазол 500 мг 3 рет/күн
 
Науқаспен коммуникация нәтижелігі Коммуникациясы нәтижелі. Науқас сеніммен қарайды. Дәрігердің барлық сұрақтарына жауап алынды.

Дайындаған:м.ғ.к., доцент Данышбаева А.Б.

Рецензент:Аймаханова Г.Т., №1 терапия бойынша интернатура және резидентура кафедрасының м.ғ.к., доценті

Cценарийлер № 1 ішкі аурулар кафедрасы отырысында талқыланып және бекітілді. 19 қыркүйек 2015ж, хаттама №2

Cценарийлер Ішкі аурулар бойынша БББК мәжілісінде талқыланып және бекітілді. 29 қыркүйек 2015ж., хаттама №1

Наши рекомендации