Ядро заряды – элементтің негізгі сипаттамасы екенін ұмытпау қажет.

Периодтық жүйенің маңызы

1. Ол қазіргі химия ғылымының дамуының бастамасы болды.

2. Периодтық заңның ашылуымен жаңа элементтерді алдын – ала болжау, сипаттау мүмкін болды. Инертті газдар мен басқа элементтер осылай ашылды.

3. 20 элементтің атомдық массасы түзетілді.

4. Табиғаттың жалпы заңдарын – сандық өзгерістен сапалық өзгеріске көшу, қарама – қарсылықтардың күресі мен бірлігі, жоққа шығаруды жоққа шығару заңдарын растайды.

5. Периодтық заң мен периодтық жүйе негізінде атом құрылысы теориясы дамыды.

6. Атом құрылысы теориясы атом энергиясын ашуға, оны адам қажетіне жаратуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар отыз екі клеткалық кесте де (ұзың вариантты) пайдаланылады.

Элементтер мен олардың қосылыстарының

Асиеттерінің периодты түрде өзгеруі

Элементтердің ядро зарядының өзгеруі осыған байланысты электрон сандарының өзгеруі элементтер мен олардың қосылыстарының қасиеттерінің периодты түрде өзгеруіне әкеледі. Оны төмендегі мысалдардан көруге болады.

Ядро заряды, сыртқы энергетикалық қабатындағы электрон саны, тотығу дәрежесі

Период
топ ns1 ns2 ns21 ns22 ns23 ns24 ns25 ns26
+11Na+ +13Mg+2 +13Al+3 +14+4 +15Р+5 +16S+6 +17Сl+7 +18Аr0
+19 К+
+37 Rb+
+55Cs+

Топ және период бойынша атомдарының ядро заряды өседі. Ядро заряды өскен сайын сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрон саны артып отырады. Сыртқы энергетикалық қабаттардың электрондық құрылысы олардың химиялық қасиеттерінің ұқсастығын анықтайды. Топ бойынша элементтердің сыртқы деңгейінде электрон саны бірдей болғандықтан, олардың тотығу дәрежесі мен химиялық қосылыстарының қасиеттері ұқсас болады.

Кіші периодтарда элементтердің ядро зарядтары өседі, осыған байланысты олардың сыртқы қабатындағы электрон сандары да өседі, бұл элементтердің тотығу дәрежесінің өсуіне әкеледі.

Үлкен периодтарда тотығу дәрежесінің өзгеруі жалпы заңдылыққа бағынады, бірақ кіші периодтарға қарағанда күрделі болады.

Атомдық және иондық радиус

Элементтердің қасиеттерінің өзгеруі (жоғарлауы не төмендеуі) олардың атомдық радиустарының өзгеруіне байланысты. Атомдық радиустарды қарастырғанда жай заттардың кристалдарындағы шартты (эффективті) радиустарын айтады. Сыртқы қабатындағы электрондар ядромен ең төмен энергиялы байланысады. Олар сыртқы энергетикалық деңгейден үзіліп, оң зарядталған бөлшектер түзе алады, оларды катиондардеп атайды.

Сонымен қатар, сыртқы деңгейдегі электрондар басқа атомдардың сыртқы деңгейіне қосылып теріс зарядталған бөлшектерді түзеді, оларды аниондар дейді. Бұл кезде бөлшектердің эффективті радиустары өзгереді. Мысалы,

2-ші кесте.

  К Rb
Атомдық радиус, нм 0,155 0,189 0,236 0,248
Иондық радиус, нм 0,068 0,098 0,133 0,149

Бұл кестеден атомнан катионға ауысқанда эффективті радиус төмендейтіндігін көруге болады. Аниондарда атомнан аниондарға ауысқанда иондық радиус жоғарлайды.

3-ші кесте.

  F Cl Br J
Атомдық радиус, нм 0,064 0,099 0,114 0,133
Иондық радиус, нм 0,133 0,181 0,196 0,220

Негізгі топшаларда ядро заряды өскен сайын атомдық және иондық радиустар артады.

Қосымша топшаларда атомдық және иондық радиустар жалпы артады. Бірақ V және VI периодтағы элементтердің радиустары бірдей болады. Бұл құбылыс осы периодтарда орналасқан элементтердің 4f және 5f қабатшаларының толтырылып, электрондық сығылу пайда болуымен түсіндіріледі. Элементтердің қасиеттерінің қосымша топшаларда осылай өзгеруі екіншілей периодттық деп аталады.

Екіншілей периодтықты төмендегі кестелер мәліметтерінен көруге болады.

4-ші кесте. ІВ топ элементтерінің атомдық және иондық радиустарының өзгеруі.

  Cu Ag Au
Атомдық радиус, нм 0,128 0,144 0,144
Иондық радиус, нм 0,098 0,113 0,137

5-ші кесте. IV В топ элементтерінің атомдық және иондық радиустарының өзгеруі.

  Ti Zr Hf Ku
Атомдық радиус, нм 0,146 0,160 0,159 0,160
Иондық радиус, нм 0,064 0,082 0,082 0,078

Айтылған заңдылықтарға скандий топша элементтері бағынбайды.

Наши рекомендации