Топырақтағы карбонаттардың кездесуі және оны анықтау.
Зерттелініп отырған топырақтарда карбонаттардың таралуы біртекті емес. Ең аз карбонаттардың жиналуы А1 қабатында – 0,04% қоңыр құмды топырақта, ең жоғарғы мөлшерде С1 қабатында – 2,62% топырақ мөлшерінен.Одан соң урбанизем сұр-қоңыр және шабындықты сортаң топырақтарында мөлшері жоғарылай береді.
А1 қабатында урбаниземнің карбонаттар мөлшері 3,97%, тереңдеген сайын оның мөлшері арта түседі,максимлды кездесуі аналық жынысқа дейін С 65-85см – 8,34%. Сұр-қоңыр қалыпты топырақта, карбонаттардың максималды кездесуі В1 -12-20 см - 11,92% және ВС 20-54 см – 10,73% қабаттарында, оның мөлшерінің төмендеуі төмен жатқан қабаттарда С 54-70 см – 7,95% болып келеді.Сұр-қоңыр әлсіз дамыған топырақтарда карбонаттар мөлшері жоғарғы қабаттарда 7,15 % және 11,12% -ды,сонымен қатар астыңғы қабаттарда сәйкесінше В 15,10% және 8,74 %-ды құрайды.Өте жоғары карбонаттылығы бойынша шабындықты сортаң топырақтар ерекшеленеді: А1 - 11,92%, В1 – 15,10%, В2 – 13,51% и С – 13,51%,басқа да еңбектерде айтылғандай (Стороженко Д.М.,1952).
Топырақтың сіңіру кешеніндегі ауыспалы катиондардың құрамы топырақ құрылымына айтарлықтай әсерін тигізеді (физико-механикалық қасиетіне,ауа және су қасиеттеріне,сіңіру қабілетіне,алмаспалы катиондардың көлеміне,топырақ ортасы реакциясына және буферлігіне,қоректік заттардың сіңуіне,және топырақ құнарлығын анықтайтын жалпы топырақтың қоректік режиміне ). (Муха, 2004).
Сіңірілген негіздердің мөлшері ,Балқаш көлі жағалаулық топырақтарда, 5-15 мг-эквшамасында болып келеді 100 г топыраққа. Зерттелініп отырған барлық топырақтарда бұл көрсеткіштің біртіндеп төмендеуі байқалады.
Қоңыр құмды топырақта ауыспалы негіздердің мөлшері жоғарғы қабаттарда А1 6,93 мг-экв шамасында 100 г топырақта,төменгі қабаттарға қарай төмендеуі байқалады Д – 1,32 мг-экв шамасында 100 г топырақта.
Бірқалыпты жүйелілік сұр қоңыр қалыпты топырақтарда да байқалады,мұнда А1 қабатында катиондар мөлшері 5,72,төменгі қабаттарда В1 – 2.88; ВС – 3,10; С – 4,52мг-экв шамасында 100 г топырақта. Кальциймен қанығуы беткі жыртылған қабатта 43,30% тең, кескін бойынша төмен қарай оның мөлшері 10,50%-ға дейін төмендейді.Бұл төменгі қабаттарда топырақтың сіңіру кешенінде басқа катиондардың көбейетінін көрсетеді (Мg2+, Na+) .
Сұр қоңыр әлсіз дамыған топырақтарда ауыспалы негіздердің мөлшері жоғарғы қабаттарда 11,85 тен 14,98 мг-экв шамасында болып келеді 100 г топырақта. Одан төмен В1 қабатында айтарлықтай ерекшеленеді : 12,17 ден 8,62 мг-экв 100 г топырақта сәйкесінше. Ауыспалы негіздердің құрамында екі топырақта да кальцийдің мөлшері жоғары (82,10 – 76,30%), ал төменгі 6-7 см тереңдікте кальций мөлшері төмендейді 52,58 – 60,90%-ға дейін,натрий мөлшері жоғары 14,36 - 14,15%,және магний мөлшері 33,06 – 24,94%.
Шабындықты сортаң топырақтарда катиондар мөлшері барлық кескін бойынша бірқалыпты таралған және А1 қабатында оның мөлшері 9,91 мг-экв 100 г топырақта, төмен қарай азая отырып, С қабатында 7,50 мг-экв құрайды 100 г топырақта . Топырақтың сіңіру кешенінде орташа мөлшерді кальций алады айта кетсек (~44 - 60%)шамасында ,магний мөлшерінің артуына қарай ( ~ 42 – 30%) ,және натрийдің мөлшері ( ~ 13 – 6%) болып келеді , бұл топырақтың сортаң екендігін көрсетеді.
Урбанизем топырағаның жоғарғы қабататында қарашірінді мөлшерінің жоғары болғандығынан,ауыспалы катиондардың көбеюі байқалды (12,77 мг-экв 100 г топырақта), кальциймен қанығуы 59,30 %. Жоғарыда топырақтың морфологиясын сипаттағандағыдай катиондардың мөлшері төменгі қабаттарда екі есеге азаяды,және сәйкесінше оның ішінде кальцийдің үлесі 41%-ға тең,бірақ магний мен натрийдың үлесі бірден көбейеді .
Топырақтағы қоректік элементтердің мөлшері көптеген факторларға байланысты: гранулометриялық және минералогиялық құрамына, қарашірінді мөлшеріне,биологиялық активтілігіне,топырақ ортасының реакциясына,сіңіру кешеніне және катиондардың түріне,уытты заттардың және өсімдікке қиын сіңімді қоректік элементтерді біріктіретін қосылыстарының болуына,құрамы мен құрылысына,ылғалдану режимі мен температуралық режиміне байланысты.
1-кестеде топырақтың қоректік элементтермен қанығуы көрсетілген.
Зерттеулер нәтижесі бұл топырақтардың қасиеттері комплексті түрде орташа алғанда жақсы екені белгілі болды,мұнда қоректік элементтердің жалпы, сонымен бірге жылжымалы түрлерінің жиынтығы жоғары. Шиханов Тра-Тау және Юрак-Тау бұл жерлерде гумусты-аккумулятивті қабаттарда жалпы азоттың мөлшері өте үлкен көлемде өзгереді: 0,8-0,9 дан 1,5-2,0% аралығында,сонымен қатар осы аймақтағы жазық жерлердегі топырақтардағы мөлшерімен салыстырғанда мұндағы ең аз мөлшерінің мәні екі есеге жоғары. Жалпы фосфор мөлшері де,жалпы азоттың мәніндей,барлық шихан топырақтарында өте жоғары(400–900 мг/100 г топырақта), ал шихан Воскресенка аймағындағы мал жайылымдық жерлерде оның мәні 1500–2000 мг/100 г,содан кейін аймақтардағы топырақтардағы секілді бірден 200 мг/100 г топырақта жоғарылайды. Бірақ жалпы фосфор мәніне оның жылжымалы түрінің мәні әрқашан сәйкес келе бермейді.Карбонаттардың көп болғандығынан фосфор қиын еритін қосылыстар түрінде кездесетіні айқын. Себебі топырақтың астыңғы қабатына қарай фосфордың жылжымалы түрінің бірден төмендеуі байқалады,сонымен қатар әлсіз сілтілі топырақтарда да оның мәні азая түседі.Жалпы алғанда,шихан топырақ жамылғысының көп аумағында жылжымалы фосфордың мәні орташа және жоғары деп бағаланады,сондықтан табиғи өсімділік ешқандай жеткіліксіздікті сезінбейді.