Химиялық ыдыстар жӘне олармен жұмыс істеу тӘртібі.
Химиялық тәжірибелердің көпшілігі өте жұқа шыныдан жасалған ыдыстарда жүргізіледі. Бұндай шынылар кәдімгі шыныға қарағанда температураның тез ауытқып кетуіне төзімді келеді. Өте көп қолданылатын ыдыстарға жататындар:
шыныдан жасалған сынауық, стакан, колбалар (Вюрц, конус тәрізді, түбі дөңгелек, түбі жалпақ колбалар) мен реторталар. Сонымен қатар шыны ыдысқа кристаллизаторлар, әр түрлі воронкалар немесе құйғылар, сағат шынысы, аллонж жатады. (3-сурет).
7 3-сурет
1- сынауық, 2- колба,3- құйғы, 4- стакан, 5-тамшуыр, 6- склянка, 7- отбақыраш
Ірі кристалл заттарды еріту алдында оларды ұнтақ күйге дейін үгітеді. Ол үшін фарфордан,шыныдан, металдан жасалған табақшалар мен келішелер қолданылады. (4-сурет)
1 2 3
4-сурет
1-шыны, 2- фарфор,3- металл үгіткіштер
Күйдіргіш сілтілерді және күшті улы заттарды үгіту үшін бетке маска мен респиратор, ал қолға- резина қолғап киеді. Өте улы заттарды ауа сорғыш шкафта жүргізеді. Еріткіштердің көлемдері өлшеуіш цилиндрлар мен мензуркалар (5-сурет) арқылы өлшеніп алынады және миллилитрмен (мл) өрнектеледі. Еріткіш пен затты стаканға салғаннан кейін шыны таяқшамен араластырады. Бұл үдерісті тездету үшін ерітіндіні қыздырады(6-сурет). Сулы ерітінділер дайындау үшін міндетті түрде дистильденген су пайдаланылады.
5-сурет 6- сурет
Өлшеуіш ыдыстар Қатты заттардың суда еруі
Осы және басқа да химиялық ыдыстар мен құралдардың атқаратын қызметімен, қолданылатын орнымен жұмыс барысында біртіндеп танысамыз.
Мұнай лабораториясындағы зерттелетін шикізат немесе өнім жұмыс барысында тұтануға өте бейім келеді. Сондықтан мынадай қауіпсіздіктерді сақтау талап етіледі:
- мұнай өнімі бар ыдысты (колбалар, қабылдағыштар, бюреткалар) жалынға жақын ұстауға болмайды;
- сұйықтарды, газдарды немесе буларды шығынға ұшыратпас үшін қондырғы бөліктерін мекем етіп бекіту қажет;
- жылдам тұтанатын сұйықтарды (бензинді, бензолды және спиртті) қыздырғанда, ережеге сәйкес жабық жерде қыздыру керек. Бензинді стандартты айдау сияқты ашық жалында қыздыру қажет жағдайда жанып жатқан от жалынын реттеп, колбаны аса қыздырып жібермеу керек.
Егер еріткіш бензин фракциясына жататын болса, ұшпалы еріткіштерді айдау барысында, оның қайнау темперасын білу керек.
Моншаның температурасын еріткіштің қайнау температурасынан асып кетпеуі қажет; мысалы – 80,1С-та сулы моншада бензолды айдағанда ойдағыдай жүреді, күкірт эфирін айдауда сулы моншаның температурасы 50С-та ұсталады;
- тез тұтанатын өнімдерді айдау кезінде прибордың астына жиегі биік 8-10 см темір ыдыстарды қою қажет.
Мұнай өнімдері тұтанған жағдайда өшіруге суды қолдануға болмайды. Жанып жатқан өнімді құммен немесе көмірқышқылы ағысымен өшіру қажет.