Дипломдық жұмыстың құрылымы

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

В060600 – «Химия» білім беру бағдарламасы бойынша дипломдық жұмысты орындау мен рәсімдеуге арналған

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Астана, 2015

5В060600 – «Химия»мамандығы бойынша дипломдық жұмысты орындау мен рәсімдеуге арналған әдістемелік нұсқауларды х.ғ.к., доцент Джакупова Ж.Е. және х.ғ.к., доцент Жатқанбаева Ж.К. құрастырған: ҚР 5.04.019-2011 жылғы МЖББС негізінде: «Бакалавриат. Негізгі ережелер», Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңына сәйкес (2004 ж. 9 қарашасынан № 603-II ЗРК), Жоғары оқу орнында білім алушыларды аралық және қорытындылау аттестациясы, үлгерім бойынша аралық бақылауды өткізудің үлгі ережелері (ҚР БҒМ 2008 жылдың 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы», ҚР МЖББС 5.03.016 – 2009 «Жоғары оқу орнында дипломдық жұмысты (жобаны) орындау ережелері. Негізгі талаптар».

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Ғылыми әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілген

№___ Хаттама «___»______________2015 ж.

Мазмұны

1 Жалпы ережелер

2 Дипломдық жұмыстың құрылымы

2 Дипломдық жұмыстың орындалу кезеңдері

Рәсімдеу ережесі

3. 1 Мұқаба және титул парағы

3.2 Дипломдық жұмысты орындауға арналған тапсырма

3.3 Мазмұны

3.4 Кіріспе

3.5 Негізі бөлім

3.5.1 Әдеби шолу

3.5.2 Жұмыстың тәжірибелік бөлімі

3.5.3 Нәтижелер және оларды талдау

3.5.4 Қорытынды

3.5.5 Әдебиеттер тізімі

3.5.5 Қосымшалар

4 Рәсімдеу ережесі

5 Дипломдық жұмысты қорғау рәсімі

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар……………………………………………………………………..

Қосымша А. Өтініш үлгісі

Қосымша Б. Дипломдық жұмысты орындауға арналған тапсырманың үлгісі

Қосымша В Мұқабаны толтыру үлгісі

Қосымша С Титул парағын толтыру үлгісі

Қосымша Д Мазмұның толтыру үлгісі

Қосымша Е Әдебиеттер тізімін толтыру үлгісі

Қосымша Ж Нормобақылау үлгісі

Қосымша З Пікір жазудың үлгісі

Қосымша И Дипломдық жұмысқа пікір берушіге ….

1 Жалпы ережелер

5В060600 – «Химия»мамандығы бойынша химия бакалаврының дипломдық жұмысы толық тәжірибелік зерттеу жұмысы болып саналады, ол бітірушінің өзінің зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерге талдау жасау, жұмыстың тәжірибелік (негізгі) бөлімін жоспарлау және жүргізу, алынған нәтижелерді талқылау және негізделген қорытындылар жасауды істей білуін қамтып көрсетеді. Қолжазба түрінде ұсынылған дипломдық жұмыс химия бакалаврының білім алу үдерісін аяқтайды және алдына қойылған ғылыми мәселені өздігінен шеше алатын мүмкіндігін көрсетеді.

Химия бакалаврына қойылатын негізгі талаптар:

- ғылыми-көмекші тәжірибелік жұмыстарды орындауға (берілген әдістеме бойынша тәжірибелік зерттеулерді орындау, техникалық құралдарды және сынау әдістерін таңдау, тәжірибелік нәтижелерді өңдеу, зерттеу нысандарын дайындау және шығармашылық ұжым құрамымен бірге жаңа әдістерді жетілдіру);

- магистратурада әрі қарай білім алу үдерісін жалғастыру;

- кәсіби қызметінің саласын өзгерту барысында өзінің жалпыға бірдей білім беру және арнайы білім деңгейін өздігінен арттыруға;

5В060600 – «Химия»бағыты бойынша дайындалатын бакалавр біліктілігіне (дәрежесіне) ие бітіруші тәжірибелік білім бағдарламасының мақсаты мен кәсіби жұмысының мәселелеріне сәйкес келесі құзыреттіліктерге ие болу керек:

а) аспаптық

- әлемнің заманауи ғылыми бейнесі мен ғылымдағы болып жатқан өзгерістердің ең сонғы үрдістері; теория мен тәжірибенің бірлігі идеясына сүйене отырып жаратылыстану ғылымдарының (химия, физика, математика, тіршілік қауіпсіздігі мен экология) саласындағы заманауи алдыңғы қатарлы білімдерді және, сондай-ақ ғылыми және тарихи әдебиеттердің талдауына шығармашылықпен жүгінуді түсіну қабілеттілігі және оны химиктердің білім алу мен кәсіби қызметтерінде қолдану; қоғам саясатының, әлеуметтік, құқықтық, экономикалық және моральдық негіздерінің маңызын түсіну.

- химиялық пәндердің оқу материалдарының шеңберінен тыс, онымен аралас пәндер мен ғылыми бағыттарды мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде дер кезінде қабылдау, талдау және интерпретациялау қабілеттілігі, сондай-ақ дәлелдерді айқындау мен негіздеу арқылы шешім қабылдау және мәселелерді шешу қабілеттілігі, бірегей тәсілдер мен әдістерді пайдалану; қазақ пен орыс тілдеріндегі диалогты және монологты тілдерді тұрмыстық, ғылыми және кәсіби тілдесуге репродуцирлеу және продуцирлеуді білу.

- білім және ғылыми-зерттеу саласында нақты тапсырмаларды шешу үшін техникалық құралдарды пайдалана отырып оқу, әдістемелік және ғылыми мәліметтерді іздеуді жүзеге асыру қабілеттілігі, ақпараттар пен идеяларды, мәселелер мен олардың шешімдері мен алмастыруды жүзеге асыру, ақпараттық технология аймағында білімдерді меңгеру және ғаламтор ресурстарымен жұмыс істеу дағдысын үйрену.

б) тұлға аралық;

тұлға аралық қарым-қатынас пен эмоционалды өздігінен реттелудің этикасын басқару; интернационалды ортада іскерлік қарым-қатынас әдістерін басқару, ауызша және жазбаша тіл табысудың дағдыларын басқару мемлекеттік, орыс тілі мен шет тілдерін ұлтаралық қарым-қатынас ретінде меңгеру; отаншылық көрсету, жоғары азаматтық бағыт пен толеранттылық,қоғамдағы әртүрлі мәдениеттер арасындағы ерекшеліктердің дұрыс қарым-қатынасын, әртүрлі халықтардың этникалық және мәдениетті құндылықтарындағы қарым-қатынас, дені дұрыс қоршаған орта туралы әлеуметтік-маңызды мәселелерді басқару; экологиялық қауіпсіздіктің сұрақтарын шешу үшін байланыстың әртүрлі түрлеріне дайын болу; қоршаған ортаның қауіпсіздігі мен сақтаудың заңды және нормативті құқықтық актілерін кәсіби қызметте өздігінен пайдалану қабілетіне ие болу.

- нақты және абстрактілі мәселелерді шешу кезінде өзіне жауапкершілік алуға дайын болу және білу; көшбасшылық қасиет көрсете білу; әріптестерге, басшыларға және тұтынушыларға өзінің түсінушілігі мен көрегенділігін білдіру; өз пікірін растай алу, дәлелдеу және білдіре алу, қорытынды жасау, мақсатқа жету үшін бірлескен және жеке жұмыс істеуге қабілетті болу; топты жобаларды іске асыру барысында кәсіби дағдыларды дамытуға дайын болу; көптілдік және көпмәдениетті социумдарда қарым-қатынас мәселелерін шешу үшін тілдік және лингва-мәдениеттік білімді бейімдеу және құзіретті түрде пайдалана білу;

- сынға және өзіндік сынға қабілетті болу, әріптестердің талқылауына және көзқарастарына шыдамды болу, тәжірибені сын түрінде, оның ішінде жеке өзіндік сынды жан-жақты қарастыру; химия саласында химия мен онымен шектес ғылымдардың әртүрлі бөлімдерін толық қабылдау өнімі ретінде білімін көрсету;

в) жүйелік құзіреттерге ие болу

- әлеуметтік әрекеттің процестері мен құбылыстарын, заттарын зерттеудің жалпы ғылыми және философиялық әдістерін игеру; химия саласындағы білімін химия мен онымен шектес жатқан ғылымдардың әртүрлі бөлімдерін тұтастай қабылдау нәтижесі сияқты көрсету қабілеттілігі;

- химия саласындағы маңызды теориялық және қолданбалы мәселелерді айқындау қабілетіне, ізденісті жүзеге асыру, әлеуметтік, этикалық, ғылыми және экологиялық факторларды есепке ала отырып қорытындылар жасау үшін жаңа мәліметтерді талдау және интерпретациялау кабілеттеріне ие болу; тарихи эволюция заңдары негізінде тарихи дәлелдемелерді зерттеу қабілетіне ие болу; адамның тіршілік ету ортасының негізгі қауіптіліктерін ұқсастыру, оларды жүзеге асырудың тәуекелін бағалау, тіршіліктегі іс–әрекеттің қауіптіліктен қорғау әдістерін және жайлы жағдаймен қамтамасыз ету әдістерін таңдау; қазақ және орыс тілдерінде концептуалды ұйымдастырылған филологиялық білімді ұдайы өндіру қабілеттілігіне.

- барлық химиялық, физикалық құбылыстар мен процестердің алуан түрлілігін жүйелі түсіну қабілеттілігін көрсету, сын түріндегі анализ әдістерін меңгеру және күрделі физика-химиялық процестерді түсіндіру; жаңа білім мен дағдыларды оқу және болашақ кәсіптік қызметінде өз бетінше меңгеру қабілеттілігіне; политологиялық білімнің теориялық және қолданбалы компоненттерін бөле алу, оларды саяси шешімдерді саяси басқармаларда, қоғамдық-саяси өмірде енгізуді қамтамасыз етуде дайындау мен енгізудің ролі мен функциясы; психологиялық және әлеуметтік білімді өзара байланысқан ғылыми және методологиялық түсінік ретінде өндіре алу; әртүрлі мәдениетке қабылдау қабілеттілігін көрсету, өз тілінде және өзге тілді мәдениеттердің өкілдері арасындағы делдал ролін орындай алу.

- ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданбалы және инновациялық мәселелерді шешу үшін теориялық химия саласында қазіргі заманғы білімді пайдалануға жаңа идея қосу қабілеттілігіне; ғылыми-техникалық түрлену жағдайларында бейімделуге мүмкіндік беретін жеке, шығармашылық, креативті қабілеттілік көрсете білу; Қазақстан экономикасын дамытудағы маңызды мәселелерді бағыттай білу; биосфераны функциялаудың негізгі заңдылықтары туралы білімді пайдалана алу мен кәсіби іс әрекеттердің тапсырмасын шешу үшін табиғатты жүйелі пайдалану қағидаларының негізгі заңдылықтарын пайдалана алу;

г) пәндік:

- Қазақстан тарихы, философия, экономикалық теория, химия бойынша алынған негізгі білімдерді нақты және түсінікті жеткізе білу; химияның негізгі іргелі классикалық заңдары, пәннің тарихы бойынша білімдерді меңгеру және көрсете білу қабілетіне ие болу; кәсіптік қызметінде табиғат пен қоғамның тұрақты дамуының негізгі қағидалары туралы білімді пайдалана білу; экономика, тұрмыс нысандарында, қоршаған ортадағы кездейсоқ жағдайлардың қауіпсіздігін ұйымдастыру бойынша білімдерін қолдану, қазақ, орыс және шет тілдердің жүйесі мен құрылымын білу, оларды басқалармен байланыс орнату мақсатында кәсіби көзқарастың қалыптасуына жету үшін пайдалана білу.

- заманауи ақпараттық технологияны меңгеру; пәнаралық жобалармен жұмыс істеуге дайын болу; нақты практикалық жағдайларда құқықтық норма мен теорияларды пайдалану; әлеуметтік мәселелерді талдау барысында олардың себептері мен болашағын кешенді түрде көру үшін социологиялық концепцияларды пайдалану қабілетіне ие болу; психологиялық білімдерін оқу және зерттеу жұмыстарын атқару барысында мәселелік жағдайларды шешу үшін пайдалана алу.

- химияның жалпы құрылымы мен оның әртүрлі бөлімдері мен бағыттарының өзара тығыз логикалық байланысын түсінетінің көрсету; бейорганикалық химияның, химиялық элементтердің сандық және сапалық сипаттамаларының және оларды алу мен пайдаланудың, аналитикалық химия мен сирек элементтер химиясының негіздерін, қоршаған орта экологиясының химиясы, классикалық тепе-теңдік және тепе-теңдік емес термодинамика заңдарының, химиялық және фазалық тепе-теңдік негіздерінің химиялық кинетика және электрохимия заңдарының теориялық және қолданбалы негіздерін білу; тәжірибені жүргізу барысында техника қауіпсіздігін сақтай отырып зертханалық құрал жабдықтарды білімді пайдалана білу; ғылыми мағлұматтарды жинақтау және интерпретациялауды жүзеге асыру, алынған мәліметтер, туындаған идеяларды, сұрақтар мен жауаптарды қызметкерлер мен әріптестерге баяндама, презентация және талқылау түрінде жеткізу.

- органикалық химия, коллоидты химия және нанохимия, полимерлер химиясы, жалпы химиялық технология, зерттеудің физикалық әдістері, химиялық молекула мен жүйелерді модельдеу, кванттық химия негіздерінің теориялық және қолданбалы бағыттарының түсінуін көрсету; тәжірибені жүргізу барысында техника қауіпсіздігін сақтай отырып зертханалық құрал жабдықтарды білімді пайдалана білу; ғылыми мағлұматтарды жинақтау және интерпретациялауды жүзеге асыру, алынған мәліметтер, тұындаған идеяларды, сұрақтар мен жауаптарды қызметкерлер мен әріптестерге баяндама, презентация және талқылау түрінде жеткізу.

- зерттеудің қазіргі заманғы физика-химиялық әдістерін және әртүрлі физика-химиялық нысандар мен процестердің анализін меңгеру және білу; алынған тәжірибелік мәліметтер негізінде химиядағы теория мен концепцияның қазіргі заманғы білімдері мен сыңи түсініктерін пайдалана отырып қорытынды жасай алу; тәжірибені өздігінен жоспарлау және жобалау қабілеті; лабораториялық зерттеулердің технологиясын білу; әдістемелердің негіздері мен олардың аттестациясының ретін білу; зерттеу нәтижелерін жалпылау және презентациялау үшін қазіргі заманғы ақпараттық жүйелерді пайдалану.

Дипломдық жұмыс білім беру бағдарламасына сәйкес 4 курста 5В060600 – «Химия» мамандығы бойынша білім алудың соңғы сатысында орындалатын студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты:

1) химия бойынша теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды жүйелеу, бекіту және кеңейту, сондай-ақ, оларды нақты ғылыми мәселелерді шешу барысында пайдалану;

2) өз бетімен жұмыс жүргізу дағдыларын дамыту және қойылған зерттеу мәселелерді шешу барысында ғылыми зерттеу және тәжірибені жүргізу әдістемелерін игеру;

3) студенттің өндіріс, химия ғылымы және техникасының заманауи жағдайында өзіндік жұмыс жасауға дайындығын, сондай ақ оның кәсіптік құзіреттілігінің деңгейін айқындау.

5В060600-Химия мамандығы бойынша дипломдық жұмыс ғылымның химиялық саласындағы өзекті мәселелерін өз бетімен оқу және зерттеу нәтижелерінің қорытындысы болып табылады.

Дипломдық жұмыс ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады және келесі талаптардың біреуіне сәйкес келуі қажет:

- химик-ғалымдарымен жүргізілген зерттеу және жобалық шешімдерді нәтижелерін жинақтау және қорытындылау;

- зерттеу нысаны бойынша ғылыми-негізделген теориялық қорытындылардан тұруы тиіс;

- нақты тапсырмаларды шешуде қолданылатын ғылыми-негізделген нәтижелерден тұруы тиіс.

2 Дипломдық жұмыстың орындалу кезеңдері

Дипломдық жұмыс тақырыбы өзекті болуы керек және химия ғылымы мен технологияның қазіргі заманғы күйі мен даму болашағына сәйкес келуі тиіс.

Дипломдық жұмыс тақырыбын анықтау барысында химия ғылымының нақты тапсырмалары мен мәселелері ескерілуі тиіс.

Дипломдық жұмыс тақырыбы 5В060600 – «Химия» мамандығы және химия бакалаврын дайындау бейініне сәйкес болуы керек.

Дипломдық жұмыс тақырыбы бітіруші кафедрада құрастырылып, жаратылыстану факультетінің кеңесінде қарастырылады және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің Ғылыми кеңесінде бекітіледі.

Дипломдық жұмыс тақырыбының жалпы тізімі жыл сайын 30%-дан кем емес жаңарып тұруы тиіс.

Дипломдық жұмыстар ғылыми-зерттеу жұмыстар түрінде орындалады, сонымен бірге теориялық және тәжірибелік бөлімі болуы тиіс.

Студент дипломдық жұмыс тақырыбын бекітілген тақырыптардың ішінен берілген өтініш негізінде таңдайды (Қосымша А).

Дипломдық жұмыс тақырыбы студентке бітіруші курс басында беріледі және жоғары оқу орнының ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Диплом алдындағы іс тәжшрибе аяқталуына орай диплом жұмысының тақырыбы қажет кезінде бітіруші кафедраның өкімі бойынша өзгертілуі, дәлденуі, түзетілуі мүмкін.

Дипломдық жұмыс жаңалық элементтерінен тұруы тиіс және студенттің жалпы ғылыми және арнайы дайындығын, оның тәжірибелік дағдыларын айқындауы керек, сондай-ақ, диалектикалық тұрғыда ойлай алу және теориялық білімді тәжірибемен байланыстыра алу керек.

Дипломдық жұмыстардың негізін құрайтын зерттеу жұмыстар өзіндік ғылыми-зерттеу жұмыстар түрінде оқу жылы бойы немесе бірнеше жылдар бойы кафедра тағайындаған ғылыми жетекшінің басшылығымен жүргізіледі.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі ретінде химия кафедрасының профессорлары, доценттері, тәжірибелі оқытушылары және ғылыми қызметкерлері немесе 5В060600 – «Химия»мамандығы бойынша ғылыми еңбектері сәйкес келетін басқа ұйымның ғылыми қызметкерлері мен жоғары маманданған қызметкерлері бола алады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі:

1) дипломдық жұмыстың орындалуы үшін тапсырма береді;

2) студентке дипломдық жұмыстың барлық кезеніне сәйкес орындалуына орай күнтізбелік кестесін құруға көмектеседі;

3) студентке тақырып бойынша қажетті басты әдебиеттерге, анықтамалық және архивті материалдарға, типтік жобалар мен басқа көздерге нұсқау береді;

4) студенттің дипломдық жұмысының күнтізбелік кестесін сақтауын бақылауды жүзеге асыратын кеңес беру кестесін орнықтырады;

5) дипломдық жұмыстың барлық бөлімдерінің көлемін орнықтырады және диплом жасаушы мен кеңес берушіні байланыстырады.

Дипломдық жұмыс тапсырмасы студент жасаған бастапқы материалдар мен әдебиет көздерден, сұрақ тізімдерінен, нұсқалған әдебиеттер тізімінен, графикалық материал тізімдерінен (кесте, диаграмма, сызбанұсқа және т.б), дипломдық жұмыстың толық күнтізбелік кестесінен тұрады (Қосымша Б).

Дипломдық жұмыстың тапсырмасы және оның аяқталу мерзімі кафедра меңгерушісімен расталып, дипломдық жұмысқа тігіледі.

Жұмыстың күнтізбелік кестесі бүкіл мерзімге жеке бөлімдердің орындалу кезегінің көрсетілуімен құрастырылып, ғылыми жетекшімен келісіледі. Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісінің ұсынуы бойынша қажетінше кафедра дипломдық жұмыстың уақыт есебінен жеке бөлімдер бойынша кеңесшілерді шақыра алады. Кеңесші ретінде профессорлар, доценттер, оқытушылар және ЖОО-ның ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ басқа ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызметкерлері бола алады. Кеңесшілер студент орындаған бөлімдерді тексеріп, қол қояды. Кафедрада дипломдық жұмыстың орындалуының басталуына дейін әдістемелік нұсқауларды өңдеп студенттерді олармен қамтамасыз ету керек, әдістемелік нұсқауларда мамандықтың жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес дипломдық жұмысқа қойылатын талаптар орнықтырылады.

Кафедра меңгерушісі студенттің дипломдық жұмысының орындалуы бойынша мерзімдік есеп беру уақытын бекітеді. Осы мерзімде студент ғылыми жетекшісі мен кафедра меңгерушісі алдында есеп беріп, дипломдық жұмысқа дайындық дәрежесін көрсетеді, сондай-ақ ол туралы факультет деканына хабарлайды.

Дипломдық жұмыс мамандық бойынша әдебиеттерді (кітаптарды, оқу нұсқауларын, монографияларды, мерзімді әдебиеттерді, дәрістік курстарды, оның ішінде шет тілдерінде, нормативті әдебиеттерді және т.б. терең зерттеу негізінде орындалады.

Әрбір дипломдық жұмыс жеке перспективті теориялық және тәжірибелік сұрақтар әдістемесінің тапсырмасымен сәйкес болуы керек. Дипломдық жұмыстың негізгі мәтіні шығармашылық біліммен, пайдаланылған зерттеу әдістерінің негіздемесімен, ереже бойынша, компьютерлік технологияны пайдалана отырып, есептеудің қабылданған әдістерімен және есептеудің өзімен, жүргізілген тәжірибелердің сипаттамасымен, олардың анализі және сол бойынша қорытындысымен, графиктермен, диаграммалармен, сызбанұсқалармен және т.б жан-жақты айқындалуы керек.

Дипломдық жұмыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің жаратылыстану факультетінің химия кафедрасында, сондай-ақ басқа да ғылыми ұйымдардар мен зертханаларда орындалуы мүмкін.

Дипломдық жұмыстың құрылымы

Дипломдық жұмыс мазмұны бойынша 5В060600 – «Химия»мамандығы бойынша бітіруші курсының студенті өздігінен дайындаған қолжазба түріндегі ғылыми-зерттеу жұмыс болып табылады. Дипломдық жұмыстың көлемі 60-90 беттен құралуы керек (беттер саны титул парағымен басталып әдебиет тізімінің соңғы бетімен аяқталады). Дипломдық жұмыстың мәтінің студент өзі жазады. Плагиат немесе басқа авторлармен дайындалған мәтіндерді көшіруге рұқсат етілмейді. Дипломдық жұмыстағы келтірілген мәліметтерге, логикалық пікірлердің растығына, пайдаланған статистикалық мәліметтер мен жасалған қорытындыларға дипломдық жұмыстың авторы жауапты.

Дипломдық жұмысқа міндетті түрде пікір берілу керек.

Дипломдық жұмыстың қорғалуы Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының ашық отырысында өткізіледі.

Дипломдық жұмыстың құрылымдық элементтері төмендегідей:

- мұқаба;

- титул парағы;

- дипломдық жұмысты орындауға арналған тапсырма;

- мазмұны;

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды (тұжырымдар);

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

- қосымшалар.

Наши рекомендации